Цифрлы күйге алмастырған: Шаймолданова Нурия
Марқакөл-облыстағы мал шаруашылығы басым аудандардың бірі. Колхоздар табыстың едәуір мөлшерін мал өнімдерін дайындаудан енгізеді. Мұнда СОКП Орталық Комитеті қантар Пленумының «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру туралы қаулысын жүзеге асыруға күш- мүмкіншіліктері жеткілікті. Аудан колхоздарын техниканың барлық түрімен жабдықталған екі машина-трактор станциясы қамтиды. Мұның үстіне шөбі шұрайлы, суаты мол шабындық пен жайылымдықта» көп.Алайда, мұнда коғамдық мал жыл санап көбейе түскенімен оның өнімділігі мейлінше төмен болып отыр.
Қазір сиырлардан сүтті мол саууға барлық жағдайлар бар. Мал жайылымға шығарылып, балғын көк шөпке кенеле өрістеуде. Дегенмен сүт өндіру жұмысы қанағаттанғысыз дәрежеде. Аудан бойынша өткен жылғы 1 қазан ең биылғы 1 маусымға дейінгі сегіз ай ішінде небәрі 231 литрден ғана сүт сауылды. Тіпті сауын малының жазғы жайылымға шығарылған мамыр, маусым айлары ішінде өнімділігі онша болмады, Мамыр айында әрбір сиырдан 61 литрден ғана сүт сауылды.
Мұның өзі мемлекетке сүт тапсыруды кешіктіріп отыр. Мұнда сүт дайындаудың жылдың алтыншы жартысына арналған тапсырмасы 34,1 процент қана орындалды. Ал жеке колхоздарда сүт дайыңдау бұдан да нашар.
Сол сияқты мал шаруашылығының басқа өнімдерін дайындауда қанағаттанғысыз. Мәселен, мемлекетке ет тапсыру жоспары 35 процент шамасында ғана орындалды.
Киров атындағы колхозда 415 сиыр сауылады. Артель бұлардың әрқайсысынан сегіз ай ішінде 78 литрден сүт алған. Шаруашыльқ осы мерзімде 362 центнер сүт өндірді. Осының тең жартысынан астамы мемлекетке тапсырылмаған. Мұнда сүттің талан-тараж болу, бүліну фактілері кездеседі. Жуықта колхоз орталығынан 3 километр жердегі Правоусть-Қалжыр унастогіндегі фермада 269 литр сүт уакытында сүт дайындау пунктіне жеткізілмегендіктен бүлініп кеткен. Тормузов жолдас басқаратын Ардынка участогіндегі фермада 53 килограмм кілегей иесіздіктен ысырап болды. Мұндай жағдай колхоздың. №2 сүт фермасынан да кездеседі. Артельде сауылған сүтке тыңтылықты есеп жүргізілмейді, Бірақ колхоз председателі Голубев пен партия ұйымының секретары Смоляков жолдастар жауапсыздыққа салынған ферма меңгерушілерін тәртіпке шақырмайды. Сауыншылар арасында еңбек тәртібі нашар. Үгіт-көпшілік жұмысы жүргізілмейді. Мал мамандары фермаларда сирек болады. Малды жаю, сауу зоотехникалық ережелерге сай ұйымдастырылмаған. Сауын сиырлар қолда көк шөппеп, жеммен қосымша азықтандырылмайды.
Деп осындай кемшілік «Пограничник», Калинин атындағы колхоздарда толығынан орын алып отыр. "Пограничник" колхозы өндірген 222 центнер сүттің 57 центнерін, Калинин атындағы колхоз 360 центнер сүттің 216 центнерін ғана мемлекетке тапсырған. Ал «Алтай» колхозы 360 центнерден астам сүтті мемлекетке тапсырмай, талан-тараж етті.
Бұл ауданда сүт және сүт өнімдерін дайындайтын орындар биыл едәуір кеңейтілді. Олар қажетті машиналармен толық жабдықталды. Бірақ дайындау пункттері жүмысты нашар істеп отырғандығын атап айту керек. Бірқатар сүт қабылдайтын пункттерде колхоздардан жеткізілген өнімдер кезінде қабылданбай қалады. Соның салдарынан сүттің майлылығы төмен болып отыр.
Ауданда қой қырқу жұмысы айдан астам уақыт жүргізілуде. Бірақ бұл әлі аяқталған жоқ. Боран машина-трактор станциясы қой қырқу жұмысын толық механикаландырмады. Оның колхоздарға бөлген электр агретаттары өнімсіз пайдаланылды. МТС дирекциясы тарапынан бұл маңызды іске басшылық жеткілікті болмады. Соның салдарынан осы станция қамтитын «Алтай». Сталин атындағы, Күйбышев атындағы колхоздарда көптеген жүн бұта-бұтаның басында қалып қойды.Ауданда жүн дайындау жөніндегі мемлекеттік тапсырманың тең жартысы орындалған жоқ.
Турасын айту керек, Марқакөл аудандық партия комитеті мен Совет атқару комитеті, аудан басшылары Скалобан және Меңдіғалиев жолдастар аудан өндірісінің осы маңызды саласына жан-жақты басшылық ету дәрежесінде болмады. Рас, аудандық партия комитеті мен Совет атқару комитеті мал шаруашылығы өнімділігін арттыру жөнінде көптеген қаулылар қабылдады, шаралар белгіледі. Бірақ ешқандай ұйымдастыру жұмысымен нығайтылмаған бұл қаулылар мен шаралардың мал өнімін дайындауды жақсартуға пайдасы тиген жоқ.
ҚКП аудандық комитеті мен Совет атқару комитеті бұған тиісті корытынды шығаруы қажет. Олар колхоз басқармалары мен МТС дерекцияларына талапты күшейтіп, малшылардың социалистік жарысына тьңғылықты басшылық етіп, мал өнімдерін дайындауды арттырудың барлық шараларын жүзеге асыруға міндетті.
К. САДЫҚОВ. (Өз тілшіміз).
Южно-Убинск совхозының егіншілері көктемгі егісті қысқа мерзімде, жоғары агротехникалық дәрежеде өткізген болатын. Қазір мұнда егілген дақылдарды күтіп-баптау ісі ойдағыдай ұйымдастырылған. Ыстықтан құрғап кетпеу үшін ылғалдың жеткілікті болуы көзделіп дәнді және малазығындық дақылдарды бір ізде тырмалау жүргізілді. 800 гектар егістік осы әдіспен тырмаланып, 215 гектар пар екі рет культивацияланды, 70 гектар тамыр жемісті егіс пен күнбағыстың қатараралықтары бапталып, арамшөптерден тазартылды.
Жүгеріден мол өнім алу жолындағы жарыс қыза түсуде. Бұл дақылды күтіп-баптауда күнсайын ондаған адам жұмыс істейді. Татьяна Волчанкова басқарган звено қажырлы еңбектің үлгісін көрсетіп жүр. Звено 10 гектар жүгеріні агротехникалық тәсілдерге сай баптады. Бұлардың қарқынынан Нина Освальдтің звеносы да қалыспай келеді.
Егістікті күтуде механизаторлар үздік көрсеткіштерге жетуде. Тракторшы Горд жолдас «У-2» тракторымен күн сайын 18 гектар егістікті өңдеді. Ал тракторшы Илькевич жолдас «КДП» тракторымен бір сменада екі нормаға дейін орындап жүр.
С.ЕРЕМИН
Бұл күндері Крупская атындағы колхоздың мүшесі, комсомолец Шайхымұратов жолдас егісті күтіп-баптап жұмысында қажырлы еңбек етіп, басқаларға үлгі болуда. Ол бекітіліп берілген 75 гектар дәнді дақылдар егістік бірінші рет суаруды аяқтап, екінші рет суаруда.
Шайхымұратов жолдастың егістікті кемінде 3 рет суаруды, онан мол өнім алуды қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек ете беремін деген міндеттемесін аброймен орындап шығатындығына сенімі зор.
Ново-Березовка МТС-і қамтитын Ворошилов атындағы колхоз-Большенарым ауданындағы егіншілігі басым шаруашылықтың бірі. Мұнда үстіміздегі жылы 3 мың гектардан аса егін салынды. Оның 2 мың гектардан астамы аса бағалы азық-түліктік дақыл-бидай. Сол сияқты арпа, тары, сұлы, күнбағыс және овощь дақылдары өткен жылғыдан едәуір ұлғайтылды. Артель биыл тұңғыш рет көлемі 200 гектар жүгері екті. Көктемгі егіс жұмысы қысқа мерзімде, агротехникалық тәсілдерге сай сапалы аяқталды.
Мұның нәтижесінде егін біркелкі бітік өсіп келеді. Күннің сәулесін мол сіңіргеннен егін сабағы барған сайын биіктеп өсе түсуде. Колхозда суармалы егістік жер көп. Су корлары мол. Артель биылғы жылы бір мың гектар егінді суармалы жерлерге орналастырды. Су қорларын дұрыс пайдаланып, егін суаруды үлгілі ұйымдастырғанда суармалы егіннің гектарынан 100 пұттан да астам өнім алуға жағдай бар.
Қазір егін суарудың ең қолайлы мерзімі өтуде. Суармалы жерлерге егілгеп егін күтіп-баптауды, суаруды тілеп тұр. Егінді, уақытымен суару-мол өнім алудың кепілі. Бірақ артельде осы жұмыстың қазіргі барысы қанағаттанғысыз болып отыр. Егін суару дұрыс ұйымдастырылмаған, оның қарқыны баяу. Су қорлары дұрыс пайдаланылмайды. Мұның үстіне егіп суарудың агротехникасы қатаң сақталмайды.
Колхоздың егін суару жұмысына кіріскеніне айдан аса уақыт болды. Бұл мерзімде егінді бір рет емес, екі рет суаруға толық мүмкіншілік бар еді. Бірақ бұлай болмады, егін суарудың графигі үнемі орындалмайды. Небәрі 100 гектар ғана, егін суарылды.
Мұның себебі артель егін суаруға әзірліксіз кірісті. Суармалы жерлерге орналастырылған егіннің едәуір бөлегі бүгінге дейін суаруға әзір болмай отыр. Суары шартын участоктерге дер кезінде тоған, арықтар тарту аяқталмады. Бұл жұмыста мыңдап орын алып отырған жайбарақаттық пен жауапсыздықты атап өту керек. Колхоз басқармасы егін суаруға, суармалы жерлерге орналастырылған егінді суаруға әзірлеуде қолда бар күш-мүмкіншілікті барынша толық пайдаланбай келеді.
Колхоз басқармасы, оның председателі Елеусізов жолдас мол өнім алуға бағытталған агротехникалық шаралардың осы маңызды саласын жүзеге асыруға тыңғылықты басшылық етпейді. Ол бұл жұмыстан өзін аулақ ұстап, егін суаруды ұйымдастыру тек етіс бригадалары бригадирлерінің міндеті деп түсінеді. Ал бригадирлерге талапты күшейту, басшылық, көмекті жақсарту арқылы жұмысты еселеген қардынмен жүргізу оның ойына кіріп шықпайды.
Турасын айту керек, егінді күтіп-баптаушылар арасында партиялық-саяси жұмыс кең өріс алмай отыр. Үгіт-көпшілік жұмысы оқта-текте жүргізіледі. Қабырға газет, жауынгерлік листок шығарылмағанына көп уакыт болды. Егін суарушылар күндік нормаларын қалай орындап, қанша еңбек күн қаратып жүргендерін білмейді. Көрсеткіш тақта күн сайын толтырылмайды. Бұл жұмысты пәрменді ұйымдастырудан бастауыш партия ұйымы, оның секретары Сүлейменов жолдас тыс қалып отыр.
Ново-Березовка МТС-інің, оның директоры Зубков жолдастың артельде егін суаруды үлгілі ұйымдастыруға көмегі жеткіліксіз екенін атап керсету керек. Станция су жүйелерін дайындайтын, техника қуатын өнімді пайдалануға жағдай жасамады. МТС тоған тартуда артельмен жасасқан міндеттемесін орындағаң жоқ. Ол Үштөбе, Қаракемер участоктерінде ұзындығы 10 мың метр екі каналды скренермен тартуға міндетті еді. Бұл жұмыс әлі аяқталмай отыр. Соның салдарынан осы участоктерге егілген жүздеген гектар дақылға су жіберілмей келеді. Су пайдаланылмай, далаға ағуда. Сол сияқты Нарым, Ново-Березовка участокторінде суармалы жерлерге орналастырылған егінді суару, күтіп-баптау жұмыстары баяу жүргізілуде. МТС бұл участоктерде де тоғандар, канал тартуға тиіс. Ол орындалған жоқ. Соның салдарынан ескі тоғандарға су симай оның әр жерінен далаға ағуда.
Ново-Березовка МТС-інің дирекциясы мен Ворошилов атындағы колхоздың басқармасы егін суаруды үлгілі ұйымдастыруға міндетті.
Т. ҚОЙШЫБАЕВ.
Жданов атындағы колхозда (Киров ауданы) егін күтімі нашар ұйымдастырылып отыр. Мұнда әсіресе егінді арамшөптен тазарту жұмысы өте төзбестік жағдайда. 5 мың гектардан астам дәнді дақылдар егісінің 1500 гектарының ғана арамшөбі оталды.
Артельде жүгері мен күнбағыстың қатаралықтарын баптау баяу, сапасыз жүргізілуде. Мұнда 500 гектарын жүгері егілген еді. Осының 360 гектарын екінші рет культивациялау әлі жүргізілмей отыр. Ал, көлемі 737 гектар күнбағыстың тек 123 гектарында ғана қатараралықтар бір рет культивацияланды. Картоп егісін күтіп-баптау, арамшөптен тазарту қолға алынбаған.
Мұның себебі колхоз басқармасы, оның председательі Чувашов жолдас тарапынан егінді күтіп-баптау ісіне жанды басшылық болмады. Басқарма егіннің пісіп жетілуіне көп уақыт бар, үлгереміз деп зиянды жай барақаттыққа салынған. Егінді күтіп-баптаушылар арасында үгіт-көпшілік жұмысы жүргізілмейді. Социалистік жарыс фермальді ұйымдастырылған. Көрсеткіш тақта күнделікті толықтырылмайды. Бастауыш партия ұйымының секретары Власов жолдас осы жұмыстарды шаруашылық міндеттермен ұштастыра пәрменді жүргізуден тыс қалған.
Жданов атындағы колхоздың басқармасы мен партия ұйымы мұндай жайбарақаттықты тезірек жойып, егінді күтіп-баптау жұмыстарының агротехникалық тәсілдерге сай жүргізілуін қамтамасыз етулері керек.
А.ГОРДИЕНКО.
Ауыл шаруашылығындағы еңбекті көп керек ететін жұмыстарды механикаландыруда колхозаралық су электр станцияларының атқаратын ролі өте зор.
Міне осы мақсатпен 1952 жылы Тарбағатай ауданының Ласты өзенінен су электр станциясының құрылысы салына бастады. Алайда, осы өткен үш жыл ішінде құрылыс көлемінің небәрі 60 проценті ғана орындалды. Мұның себебі құрылысты қажетті цемент, ағаш материалдарымен дер кезінде қамтамасыз ету ісі тыңғылықты жолға қойылмады. Осының салдарынан станцияның құрылыс жұмыстарының тоқтап қалу фактілері жиі болып тұрды. Бұған үстіміздегі жылғы соңгы екі айда цементтің жеткізілмеуімен мұнда ешқандай жұмыстың жүргізілмеуі толық дәлел болады. .
Қазір құрылыста бағаналар тарту үшін және басқа қажеттерге жұмсау үшін бір де текшеметр ағаш материалы болмай отыр. Мұның өзі құрылыстың биылғы жылы да пайдаға берілмей қалуына қауіп бар екенін көрсетеді. "Казстройэлектромонтаждың" облыстық құрылыс монтаж басқармасы жұмысты жандандырып карқынды жүргізуге жете көңіл бөлмей отыр. Құрылыс жұмыстарына басшылық ету осы мекеменің инженері Чуклин жолдасқа жүктелген. Алайда, ол өз міндетін тыңғылықты атқармай жүр. Чуклин жолдас құрылысқа барғаннан кейін біраздан соң Өскеменге қайта тартып береді. Сөйтіп, ол екі ортада саяхаттаумен жүр.
Сондай-ақ Тарбағатай аудандық партия комитеті мен Совет атқару комитеті де құрылыстың тездетілуіне нақты басшылық етпей отыр. Олар құрылысты жұмысшы күшімен толық қамтамасыз етуге жете мән бермеуде. Облыстық құрылыс монтаж басқармасы, оның бастығы Петров жолдас ласты су электр станциясы құрылысының биыл пайдаға берілуін қамтамасыз етуге міндетті.
Қ. БАПАТОВ.
Жданов атындағы ауылшаруашылық артелінің колхозшылары шопан Дәнекер Құлатаевқа зор құрмет көрсетуде. Ол бұған өзінің бірнеше жылғы адал еңбегінің нәтижесінде ие болды.
Атақты шопан өткен жылы өзінің қарамағына бекітіліп берілген әрбір жүз саулықтан 115 тен қозы алды және әрбір қойдан 2,1 килограмм жүн қырықты. Ол биыл мал басын кебейтіп, одан алынатын өнімді арттыру жолында бұрынғыдан да қажырлы еңбек етті. Қарамағындағы 450 саулық өткен қыстан шығынсыз күйлі шығарылды.Құлатаев жолдас үстіміздегі жылы олардың әрбір жүзінен 120 дан қозы алуын және әрбір қойдан 2,4 килограмм жүн қырқуын ойдағыдай қамтамасыз етті. Оның қойларынан қырқылған жүн тек бірінші сортпен өтті.
Шопан Құлатаевтың бағуындағы қойлар және олардан биылғы жылы алынған төлдері күйлі, шөбі шүйгін, суы мол жайлауда бағылуда. Ол өзінің қарапайым еңбегімен қаңтар Пленумының қараларына жауап беруде.
А.СҮЛЕЙМЕНОВ.
ПРЕДГОРНЫЙ ауданы.
Колхоз шаруашылығына жан-жақты көмек көрсету Өскемен корғасын-мырыш комбинаты коллективінің тамаша дәстүріне айналып отыр. СОКП Орталық Комитетінің қыркүйек, ақпан-наурыз Пленумдары қараларына жауап ретінде өткен жылдары жүздеген мамандар-тракторшылар, комбайнерлер, слесарьлар, токарьлар, ұсталар облыс колхоздарында тұрақты жұмыс істеуге өз тілектерімен барған болатын. Бұл мерзімге комбийнаттың цехтарында комбайндарға, тракторларға, шөп шабатын және тағы басқа ауылшаруашылық машиналарына запас бөлшектер дайындау қызу жүргізілді. Комбинаттың механикалық құю және котель-ұстальқ цехтарының коллективтері жүзге жуық әртүрлі запас бөлшектерді шығаруды меңгерді. Комбайндарға қажетті бөлшектер, корпусты плугтер дөңгелектерінің втулкалары, тіркеу дискалары, сабан қаққыш валкалары дайындала бастағанына бірнеше жыл болды.
Облыстық қамқорлыққа алынған тағы басқа колхоздарына маңызды ауылшаруашылық науқандарын өткізуде, ауылшаруашылық машиналарын жөндеуде және колхоздардың жүктерін тасымалдауда комбинат металлургтері нақтылы көмек көрсетіп келеді. Өткен жылы облыстық колхоздарында пішен жинауды қысқа мерзімде аяқтауға комбинаттық 200-ден астам жұмысшылары белсенді қатысты. Олар өздері көмек керсеткен колхоздардың шөбін шабу және жинау, оны мал қораларына тасу ісін жылдамдатуға тамаша үлес қосты.
Өткен жылы бітік шыққан егінді жинауға да комбинат коллективі нақты көмек көрсетті. Олар Самар, Ұлан және Предгорный аудандарының егіс даласында қажырлылықпен еңбек етті.Бұл үш ауданның егіс даласында комбинаттың 720 жұмысшысы, инженер-техник қызметкері мен қызметшілері еңбекте табысты болудың үлгісін көрсетті. Олардың басым көпшілігі колхоздарда екі ай және одан ұзақ мерзімде тұрақты жұмыс істеді. Металлургтерден іріктеліп бөлінген үгітшілер тобы колхозшылар арасында үгіт-бұқаралық жұмысты кең өрістетті. Үгітшілер газеттерден жаңалықтарды колхозшылар арасында кең түсіндіріп, жауынгерлік листоктарды мерзімінде шығарып отырды.
Көптеген колхоздардың басқармалары еңбекте үздік шыққан Металлургтерге алғыс жариялап, өте ризалық білдірді. Электролит цехының загрузшысы Бочаров жолдас Самар ауданы «Путь к коммунизму» ауылшаруашылық артелі колхозшыларының зор мақтауына ие болды. Ол түсінікті де Бочаров жолдас жұмыс істеген екі айында 260 еңбек күн қаратты. Соның нәтижесінде оған кеп центнер астық және 1200 сомнан аса ақша берілді. Металлургтер қамқорлыққа алған Ұлан ауданындағы Сталин атындағы колхозда цех нормалаушысы Корнидов, ұсату-шихталау цехының жұмысшылары Тарахин, Круглова, Оконешников өздерінің қажырлы еңбектерімен колхозшылар арасында зор абройға ие болды. Бұл ауданның, «Красный Алтай» ауылшаруашылық аргелінің колхозшылары егіс даласында жұмыс істеген комбинаттың техникалық-бақылау бөлімі және химлаборатория қызметкерлері Русанова, Климова, Мольниченко жолдастарға үлкен алғыс айтты.
Бұл мерзімде комбинат коллекгиві арасында жексенбіліктер арқылы колхоздарға көмек көрсету қозғалысы кең өріс алды. Дәнді және техникалық дақылдарды жыйнау кезінде металлургтердің күшімен 23 жексенбілік жасалды. Бұған 7750 адам қатысты. Комбинат цехтарынан көптеген сменалар қамқорлыққа алынған колхоздарда өзінің толық құрамдарымен 4—5 реттен болып, көмек көрсетіп қайтты. Астық тасуға арналып жабдықталған 35 автомашина маусымда түрақты жұмыс істеді. Автомашиналармен екі айда ғана 200 мың тоннадан аса астық тасылды, 250 мың тонна-километр жүріс жасалды. Шоферлер Банников, Коломнец, Хомов, Радченко, Четвереков, Краснослозодцев жолдастар жұмыстың екі ай мерзімінде 12—15 мың тонна-километрден жүріс жасады.
Комбинат қамқорлығындағы Аблакет МТС-і аймағындағы Сталиц атындағы, Куйбышев атындағы және «Красный Алтай» колхоздарының астығын жинаута 300-ге жуық металлург тікелей қатысты. Сонымен бірге мұнда комбайн агрегатгарын қамтитын 8 ұйымдастырушы жіберілді. Бұл колхоздар егінді қысқа мерзімде жинап болып, мемлекетке астық тапсыруды ойдағыдай орындап шықты. Бұл іске металлургтердің лайықты үлес қосқандығы сөзсіз.
Комбинат партия, кэсіподақ ұйымдары қамқорлыққа алынган колхоздар мен МТС- те үгіт-бұқаралық және мәдени жұмыстарды жолға қою ісінде нақтылы көмек көрсетті. Ұйымдастырылған лекторлар, баяндамашылар тобында насихатшылық тәжірибесі бар Додин, Демурин, Щербаков, Ронькин, Тілеубаев жодастар болды. Олар қамқорлықтағы колхоздарда болып, колхозшылар алдында халықаралық жағдай және СОКП Орталық Комимтінің январь Пленунының қарарлары жөнінде лекциялар оқып, баяндамалар жасады. Комбинат клубының көркем өнерпазшылар коллективі егіс және трактор бригадаларында, мал отар участоктеріне және колхоздардың орталықтарында соңғы кезде 84 концерт қойып берді.
Комбинат металлургтері колхоз кітапханалары қорларын толықтыруға үлкеп назар аударды. Соның нәтижесінде Сталин атындағы колхоздың кітапханасына бір мың кітап, «Красный Алтай» колхозының кітапханасына 1500 кітап жиналып берілді. Металлургтер қамқорлықтағы колхоздардың бригадаларында қабырға газеттерін, жауынгерлік листоктар мен молниялар шығаруға, ұрандар мен плакаттар жазуға, ал СОКП мүшелері колхоз партия ұйымдарының партия шаруашылығын тәртіпке келтіруге нақтылы көмек көрсетті.
Өткен қыста және үстіміздегі жылдың көктемінде комбинат металлургтері колхоз малдарын қыстатуға, тракторларды және тағы басқа ауылшаруашылық машиналарын жөндеуге тікелей қатысып, колхозшылар арасында партия мен үкіметтің қарарларын кең түсіндірумен шұғылданды. Аблакет МТС-і мен оның аймағындағы колхоздардың машиналарын жөндеуге қажетті 30 тоннадан аса металл, ондаған тонна таскөмір мен кокс босатылды. Колхоздардың механизмдерін жөндеуге металлургтер белсенді қатысып жүр. Колхозға құрылыс материалдары да босатылып тұрады. Мысалы, Сталин атындағы ауылшаруашылық артелінің мал қораларын жөндеу Және тағы басқа шаруашылытың қажеттері үшін 15 текшеметр тақтай материалдары берілді, Защита станциясынан бұл колхозға бөлінген 45 текшеметр іс ағашы тілуден өткізіліп болғаннан кейін комбинаттың күшімен жеткізілді.
Үстіміздегі жылдың наурыз, сәуір айларында Сталин атындағы колхоздың жанынан өтетін өзен үстіндегі көпір салынды. Өзіндік құны 30 мың сом тұратып бұл көпірдің құрылысы, негізінде комбинаттың құрылыс материалдарымен салынды. Бұл құрылыста біржарым ай бойы комбинаттың 12 маман тұрақты жұмыс істеді. Көпірді дер кезінде пайдалануға беру козхозшылардың транспорт шаруашылығының жұмысын жақсартуға мүмкіншілік тудырды. Колхоздың шығыс жағында 200 гектар тың жер игерілді.
Көктемгі егіс жұмыстары кезінде қамқорлыққа алынған колхоздарда және «Передовой» совхозында комбинаттың жүздеген жұмысшылары қажырлылықпен еңбек етті. Қазір Сталин атындағы және «Красный Алтай» колхоздарының мал фермаларын механикаландыруға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Комбинат директорының орынбасары Мельников жолдас бір топ фермалардың орындарында болып жұмыстың көлемін анықтады. Монтаждау жұмыстарына маманданған 10 жұмысшы бөлінді. Колхоз облыстың ауылшаруашылық дамыту мекемесінен автоматтық суару аппаратын алысымен оны комбинат жұмысшылары монтаждау жұмысына кіріседі. Комбинат директоры июль айының алғашқы кезінде, осы екі колхозда сұр құрылыстарып салуды бекітті.
Қазір комбинаттың механикалық-құю және котель-ұста цехтарында тракторларға, комбайндарға шөп шабу және тағы басқа ауылшаруашылық машиналарына қажетті запас бөлшектер дайындау үзіліссіз жүргізілуде. Механикалық-құю цехының коллективі бөлшектердің 23 түрін жасау жөніндегі жоспарды үнемі асыра орындап келеді. Дайындалған бөлшектер колхоздар мен МТС- ке дер кезінде жіберіледі.
Комбинат партия комитеті қамқорлықтағы колхоздар мен МТС-те ағымдағы саясат және партия мен үкмет соңғы қарарларын түсіндіру мақсатында лекторлар мен баяндамашыларды жіберу ісімен үнемі шұғылдануда. Үстіміздегі жылы колхозшылар мен механизаторлар үшін әртүрлі тақырыпта 16 лекция оқылды. «СОКП мүшелері Охотников, Чаплыгин жолдастар Сталин атындағы ауылшаруашылық артелінің колхозшыларының алдында СОКН Орталық Комитетінің қаңтар Пленумының карарлары-істің жауынгерлік программасы» деген тақырынта лекция оқыды. Лекторлар тобының мүшелері халықаралық жағдай, Қытай Халық Республикасының табыстары жөнінде және басқа тақырыптарға арнап көп лекция оқыды.
Құрамында 10 адамы бар біздің клубтың мәдени бригадасы Аблакет МТС аймағындағы колхоздарда болып қайтты. Олардың күшімен егіс және мал бригадаларында, колхоздардың орталықтары мен МТС-те 10 концерт берілді. Концерт қоюдың алдында үгітшілер Бедарев, Сергеев жолдастар халықаралық жағдай және партия мен үкметтің карарлары жөнінде мазмұнды әңгімелер өткізіп жүрді. Суреші Грачев жолдас жауынгерлік листоктар мен молнияларды көркем шығаруды ұйымдастырды.
Қазір комбинат кәсіпорындарының коллективтері пішен шабу және астық жинау науқандарына қызу қатысу үшін әзірленуде. Өткен жылдардың тәжрибесін ескеріп, комбинат басшылығы мен партия комитеті колхоздарға тікелей көмек көрсету үшін көптеген жұмысшыларды және инженер-техник қызметкерлерін жібере бастайды.
Комбинат партия комитеті және оның бастауыш партия ұйымдары колхоздарға іс жөнінде көмек көрсетуді ұмыт қалдырмайды. Соңғы кезде партия комитеті өзінің мәжілістерінде қамқорлықтағы колхоздар мен МТС-ке көмек керсету жөнінде екі рет арнаулы мәселе талқылады. Бұл мәселелерді талқылау жалпы партия жиналысына қойылды. Цехтардың коммунистері колхоздардың шаруашылықтарына нақтылы көмек көрсетуді абройлы міндет деп санайды.
СОКП Орталық Комитетініц қаңтар Пленумының қарарлары ауыр өнеркәсіпті онан әрі дамыту негізінде халық шаруашылығының барлық салаларын, оның ішінде ауыл шаруашылығын күрт өркендетудің шұғыл міндетін қойды. Комбинаттың жұмысшылары мен инженер-техник қызметкерлері партия мен үкмет алға қойып отырған міндетті жүзеге асыра атырып, колхоздардың заказдарын мерзімінде орындап, олардың маусымдық жұмыстарына қызу қатысуға берік серт беруде. Олардың серті мүлтіксіз жүзеге асырылады.
И. КУЗНЕЦОВ.
Қорғасын-мырыш комбинаты партия комитеті секретарының орынбасары.