Цифрлы күйге алмастырған: Сүлейменов Азамат
ХЕЛЬСНИКИ, 1 июль. (ТАСС). Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясы комиссиялары баспасөзде жариялау үшін мынадай документтер таратты.
Баяндамада былай деп атап көрсетілген: атом қаруының болуы «осы қаруды құртуды да көздейтін қарусыздандыру мәселесін, елдер арасында сенім мен ынтымақты онан әрі нығайтумен қатар, адамзаттың алдында тұрған, кезек күттірмейтің шұғыл міндетке айналдырып отыр».
Ядролық қарудың барлық запастарын құрту және атом соғысының қаупін жою, делінген баяндамада, адамзатты соғыстан және қарулану ауыртпалығынан құтқару жолындағы қажетті қадам болып табылады.
Бірақ ядролық қаруды тиімділікпен құртуды басқа проблемалардың шешілуінен бөле қарап жүзеге асыруға болмайтындығы кәзірден өзінде-ақ айқын болып отыр. Ядролық қаруды құрту қарсыздандырудың жалпы жоспарының құрамды бөлігі болуға тиіс.
Едәуір мөлшерде жаппай қарусыздандыру оның өзі үшін ғана емес, сонымен бірге қазіргі халықаралық шиеліністі бәсендету және қажетті сенім мен жемісті ынтымақты нығайту мақсаттары үшін де қажет болып отыр.
Баяндамада жаппай қарусыздандыруды жүзеге асыру жоспары баяндалған, бұл жоспарда ядроларды эксперимент ретінде жаруды тоқтату, ядролық қаруды қолданбауға салтанатты түрде міндеттеме алу, ядролық қаруды құрту және, қатаң бақылау жасай отырып, едәуір дәрежеде бірте бірте қарусыздандыруды кезендерімен жүзеге асыру, бақылаудың турашыл системасын орнату көзделген, бұл система қандай елдің болса да мұндай бақылауды елемеуіне мүмкіндік бермейді және ол порттарда соғыс обьектілерінде, соғыс заводтарында атомдық шикізат өндірілетін орындарға таяу жерлерде, атомдық өнеркәсіп орындарында, тағы басқа жерлерде байқаушылар институтын қоюды көздейді.
Осының бәрі, деп атап көрсетілген баяндамада, ағылшын-француз және совет жоспарларында бұған дейін-ақ принціпінде келісілген, бұл жоспарлар қазір БҰҰ-ның қарусыздандыру жөніндегі комиссиясының қаруында жатыр.
Осы жоспарды барлық елдерге тарату мақсатымен БҰҰ-ға мүше және мүше емес барлық үкіметтердің қатысуымен конференция шақыру қажет.
Келісімге жету өте қажет, сондықтан мұндай келісімге ең қысқа мерзімде қол жететін болуға тиіс.
Тиімділікпен қарусыздандыру және атом соғысының қауіпін жою адамзаттың игілінгіне пайдалануға болатын орасан зор мүмкіндіктерді ашып берді.
Төрт ұлы державаның үкімет басшыларының Женевада болатын алдағы кездесуі делінген баяндаманың қортындысында, кең перспективалар ашып отыр. Дүниежүзінің халықтары осы кездесудің табысты болуын талап етуде, ал олар бұған жетеді де.
Комиссия үш көмекші комиссия құрды: бұлар герман мәселесі жөніндегі көмекші комисси, БҰҰ істер жөніндегі көмекші комиссия және Азия мен Таяу Шығыс елдерінің проблемалары жөніндегі көмекші комиссия.
Герман мәселесі жөніндегі көмекші комиссия өзінің ұсыныстарында: Европаның соғыс блоктеріне бөлшектелуі, мұның өзі Париж келісімдерімен байланысты күшейте түскендігі, бейбітшілікке қатер төндіруде деп көрсеткен.
Осы қатерді жою үшін коллективтік қауіпсіздік системасын құру мақсатымен Европаның барлық мемлекеттерді арасында өзара түсінуге жету қажет. АҚШ осы қауіпсіздік системасына қатысуға шақырылуы тиіс.
Германияны біріктіру, делінген ұсыныстарда бұдан кейін, европалық қауіпсіздікті осы жаңаша түсінумен байланысты. Бұл біріктірудің шарттары герман милитаризмін қайта тудыру және Германияның нендей бір соғыс одағына қатысу мүмкіндігін қандайын болса да жоятын болғанда ғана, осындай біріктіруді жүзеге асыруға болады.
БҰҰ істер жөніндегі көмекіші комиссия өзінің ұсыныстарында барлық мемлекеттердің бір-бірін құрметтеу, территорияның тұтастығы мен суверенитетті құрметтеу, бір-біріне тиіспеу, ішкі істерге араласпау, тендік және өзара тиімділік , бейбіт қатар өмір сүру принциптерін басшылыққа алуға келісулерін талап еткен. Бұл принциптер БІріккен Ұлттар Уставының түпкі мәні болып табылады.
Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік үшін басты жауапкершілік жүкетелген бес ұлы держава, Біріккен Ұлттарды құраған кезеңде өздері басшылыққа алған принциптерімен жігерлене отырып, қажетті ынтымақ пен бірауыздылыққа ұмтылған күнде ғана, делінген ұсыныстарда, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтауға болады.
Көмекші комиссия Қытай Халық Республикасына БҰҰ-дағы өзінің заңды орнын беруді талап еткен.
Кейбіреулерді бір-бірінен өте алыс тұратын елдерді қамтыйтын және басқа мемлекеттердің қауіпсіздігіне қарсы бағытталаған томаға-тұйықт соғыс блоктерін, деп көрсетелген ұсыныстарда, БҰҰ Уставы жол беретін регионалдық келісімдер деп қарауға болмайды.
Осы соғыс блоктерімен тығыз байланысты екіжақты соғыс договорларының жүйесі көптеген елдердің территориясында сансыз көп соғыс базаларын құруға әкеліп соқтырды. Осы соғыс блоктері мен базалар-мемлекеттер арасында сенім орнатуға кедергі келтіріп, халықаралық шиеленісті тереңдете түсуде және мемлекеттердің тәуелсіздігі мен суверенитетіне кедергі болып табылады.
Ассамблея Біріккен Ұлттардың мақсттары мен принциптері қорғау жолындағы күреске белсене қатысу қажет екендігіне дүниежүзілік жұртшылықтың назарын аударады.
Азия мен Орта Шығыс елдерінің проблемалары жөніндегі көмекші комиссия өзінің ұсыныстарында былай деп атап көрсеткен: Кореяда және Индо-Қытайда соғыс қыймылдарының аяқталғанына қарамастан, Азиядағы жағдай әлі де қауіпті болып отыр.
Соғыс блоктерінің системасы, делінген ұсыныстарда, азиялықтарды азиялықтарға қарсы соғысуға мәжбүр ету және осы континенттің кейбір халқтары душар болып отырған езушілікті күшейту мақсатын көздейді.
Ассамблея Азиядағы барлық шетелдік әскерлерді әкетуді және барлық шетелдік базаларды құруды талап етеді. Комиссия Гоада орналасқан Португалия әскерлерін әкетуді және бұл мәселені бейбітшілікпен шешу туралы тезінен келіссөздер жүргізуді талап етеді. Біз Батыс Иран туралы мәселені бейбітшілікен шешу үшін Индонезия мен Нидерландтар үкметтері арасында осындай келіссөздер жүргізуді талап етеміз.
Тайваньның Қытай Халық Республикасының біртұтас құрамды бөлігі екендігі күмәнсіз болып отырғандықтан, тек осында орналасқан барлық шетелдік әскерледі кешіктірмей әкету ғана осы аудандағы бейбітшіліктің кепелі бола алады.
Женева келісімдерін қатаң сақтап, Вьетнамда, Лаоста және Камбоджада осы келісімдер бойынша белгіленген мерзімдерде жалпыға бірдей еркін сайлау өткізу қажет.
Кореядағы уақытша бітім шарттары қатаң сақталуға тиіс және корей мәселесін бейбітшілікпен реттеу Кореяны тәуелсіз мемлекет ретінде біріктіру үшін мүдделі елдердің Халықаралық Конференциясы ең қысқа мерзімде шақырылуға тиіс.
Комиссияның ұсыныстарында былай деп атап көрсетілген: Комиссия Бандунг конференциясының принциптерін бірауыздан колдайды және осы принциптер Азия мен Африкада бейбітшілікті сақтап, нығайтудың ең жақсы негізі болып табылады деп санайды.
Ассамблеяға қатысушылар шағын елтер жөнінде қыр көрсетілмеуін, олардың территорияларында соғыс базаларының болмауын, олардың ішкі істеріне ешкімнің ара- ласпауын, экономикалық қысым жасау саясатының қолданылмауын талап етеді.
Біз, делінген ұсыныстарда, бейбітшілікті тек мынадай шарттармен ғана баянды етуге болады деп санаймыз:
1) Малайя, Кения, Алжир, Марокко, Мадагаскар, Британдык және Француздық Камерун, тағы басқалары сыяқты елдерде бейбітшілікке, тәуелсіздікке және бостандыққа ұмтылып отырған отар халықтарға қарсы барлық соғыс операциялары мен жазалау шараларын тоқтатқанда ғана;
2) отар елдерде осы елдердің еркіне қарамастан құрылған және олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін соғыс базаларын құртқанда ғана;
3) өз халықтарының еркіне қарамастан елдерді қолдан бөлшектеудің қандайын болса да құртқанда ғана, ал Гоа, Батыс Ириан, Того және басқалары бұған мысал бола алады;
4) мысалы, Оңтүстік Африкада қолданылып отырған нәсілдік кемсітушіліктің қандайын болса да жойғанда ғана;
5) экономика мен мәдениет саласындағы үстемдіктің қандайын болса да, сонымен катар жергілікті тұрғын халықты бағынышты жағдайға түсіру мақсатын көздейтін шетелдік иммиграциясының үнемі жасалуын жойғанда ғана.
Бейбітшілік мүдделерін көздеп бейбітшіл күштер өкілдерінің Бүкіл дүниежаүзілік Ассамблеясы барлық мүдделі елдерді барлық даулы мәселелерді келіссөздер жүргізу жолымен шешу үшін күш жұмсау саясатының қандайынан болса да бастартуға шақырады.
Бейбітшіл күштер қыймылының мәселелері жөніндегі комиссияның ұсыныстарында былай делінген:
Жұртшылық пікірінің қысымы ғана барлық халықаралық проблемаларды бейбітшілікпен реттеуді қамтамасыз ете алатындығына сенген Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясы ұлттардың, дүниеге көзқарастардың, діндердің, әлеуметтік таптардың немесе ұйымдардың айырмашылығы бейбітшілік мақсатындағы қыймылда еркін ынтымақтасуға бөгет бола алмайды деп мәлімдейді.
Ассамблея қарусыздандыруды және атом қаруына толық тыйым салуды талап ету үшін 6 августа - Хиросима қаласын атомдық бомбалаудың жылдығы күні - бейбітшілік мақсатындағы қыймылдардың Бүкіл дүниежүзілік күнін ұйымдастыруды ұсынады.
Халықтардың тұрмыс дәрежесінің төмендеуі немесе оны арттыру үшін кедергілердің болуы, деп көрсетілген ұсыныстарда, шиеленіскен халықаралық жағдайдың, мемлекеттер арасындағы қатынастардың шиеленісіп отырғандығының, дүние жүзінің бір-біріне дұшпан блоктерге бөлшектелуінің, сонымен қатар жанталаса қаруланудың салдары болып табылады.
Бейбітшілік орнату, барлық елдердегі, әсресе нашар өркендеген елдердегі адамдардың тұрмысы мен еңбек жағдайын тынбастан жақсарту ісіне көмектесуге ұмтылып, Бүкіл дүниежүзілік бейбітшілік Ассамблеясы парламенттер мен үкметтерге: қару-жарақ пен қарулы күштерді азайту жоспарын жасауды және қабылдауды, осының нәтижесінде босайтын қаржыны өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бейбіт салаларын өркендетуге пайдалануды, кемсітушіліктің қандайына болса да тыйым салатын және «тең еңбекке тең ақы төлеу» принципіне сай келетін заңдар қабылдауды ұсынады.
Ұсыныстарды барлық елдер арасында экономикалық және сауда байланытарын өркендету қажет екендігі атап көрсетілген.
Ұсыныстарды барлық елдер арасында экономикалық және сауда байланытарын өркендету қажет екендігі атап көрсетілген.
Комиссия бұдан кейін былай деп көрсеткен: нашар өркендеген елдер туралы мәселе кәзіргі уақытта алда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл елдердің табиғат ресурстары орасан мол, сондықтан оларды өркендету мақсатымен басқа елдер оларға техникалық және финанс көмегін беруге тиіс, сөйтіп бұл елдердің өздері өндіріс құрал-жабдықтарын жасай алатын, индустрияландыруды жүзеге асырып, өз ресурстарын дамыта алатын болуға тиіс.
БҰҰ Уставы сақталғанда ғана, БҰҰ-ның техникалық көмек программасы толығымен пайдаланылғанда ғана бұл көмекті неғұрлым жақсы жүзеге асыруға болады.
Мәдениет байланысы жөніндегі комиссия жалпы декларацияның текстін қабылдаған, онда, атап айтқанда, былай деп атап көрсетілген: ой еңбегінің қызметкерлері, искусство, мәдениет және ғылым қайраткерлері халықаралық шиеленісті бәсеңдетуге, барлық ұлттар арасындағы ең белсенді және достық ынтымаққа бар ынтасымен мүдделі болып отыр.
Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясында болған мәдениет қайраткерлері, делінген декларацияда, ой еңбегінің барлық қызметкерлерін, мәдениет пен искусство қызметкерлерін өз халықтарымен бірге қыймыл жасауға, бүкіл дүние жүзінде түсінісу және келісім жағдайын тудыру ісіне өздерінің мәдениет саласындағы қыймылымен және қоғамдық қыймылымен көмектесуге шақырады.
Декларацияда барлық елдердің әлеуметтік құрылысының қандай екеніне қарамастан, олардың арасында мәдениет байланысын ұлғайтуға шақырылған.
Тәрбие, білім және жастар мәселелері жөніндегі комиссияның ұсыныстарында былай деп көрсетілген: жастар төзімділік, достық және бейбітшілік рухында тәрбиеленуге тиіс. Зорлық пен соғысты дәріптеудің қандайы болса да, нәсілдік, саяси немесе діни кемсітушіліктің қандай формасы болса да мектептердегі оқу практикасынан алынып тасталуға тиіс.
Ұлт мәдениеттері мен ана тіліне қысым жасалмауға тиіс, қайта олар дүниежүзілік цивилизацияны байыту үшін барлық елдерде сақталып, ілгері дамытылуға тиіс.
Ұсыныстарда жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін, соғыс желікпесіне қарсы, зорлық-зомбылықты және жат мінезді дәріптейтін әдебиет шығармаларына, фильмдер шығаруға, радио және телевидение хабарларына қарсы күресу қажет екендігі атап көрсетілген.
Жанталаса карулану, делінген ұсыныстарда, жастарды тәрбиелеуге және оқытуға апатты зардабын тигізуде. Сондықтан әрбір елдің бюджеттерінде соғыс шығындарын азайту есебінен тәрбие мен білімге жұмсалатын қаржыға бірінші орын берілуі қажет.
Сан-Франциско болаған Біріккен Ұлттар Ұйымының мерекелі сессиясына совет делегациясын бастап барған ССРО Министрлер Советі Председателінің Бірінші Орынбасары және Сыртқы Істер Министрі Б. М. Молотов 5 июльде Москваға қайтып келді. (ТАСС).
КИЕВ, 5 июль. (ТАСС). Сан-Францискодағы Біріккен Ұлттар Ұйымының мерекелі сессиясына қатысқан УССР Сыртқы істер министрі Л. Ф. Паламарчук бастаған Украин ССР делегациясы бүгін Киевке қайтып келді.
КИЕВ, 5 июль. (ТАСС). Сан-Францискодағы Біріккен Ұлттар Ұйымының мерекелі сессиясына қатысқан УССР Сыртқы істер министрі Л. Ф. Паламарчук бастаған Украин ССР делегациясы бүгін Киевке қайтып келді.
МИНСК, 5 июль. (ТАСС). Біріккен Ұлттар Ұйымының мерекелі сессиясында болған БССР Министрлер Советі председателінің орынбасары және БССР Сыртқы Істер министрі К. В. Киселев бастаған Белорус ССР-інің делегациясы бүгін Сан-Францискодан қайтып келді.
ПАРИЖ, 5 июль. (ТАСС). Париж радиосының хабарына қарағанда бүгін Женевада БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік советінің 20-шы сессиясы ашылган.
КАРАЧ, 5 июль. (ТАСС). Ассошиэйтед Пресс оф Пакистан агенттігінің хабарлауынша, Пакистан үкметі Афганистан жөнінде бірқатар қатал шаралар қолдануды көздейтін өзінің жоспарын жүзеге асыруға «кай минутта болса да» әзір көрінеді. Бірақ бұл жоспарды жүзеге асыру «Афганистандағы жағдай мен пікірлер анықталғанға дейін қасақана кешеуілдетіліп отыр». Пакистан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, агенттік тілшісінің сұрағына жауап бере келіп, Афганистанмен дипломатиялық қатынастардың үзілуі мүмкін екендігіне назар аударған.
ПАРИЖ, 5 июль. (ТАСС). Франс Пресс агенттігі тілшісінің Дамаскіден берген хабарына қарағанда, Сирияның премьер-министрі Сабри Асали 4 июльде түрік елшісі Аднан Куралмен әңгімелескен.
Хабарға жақсы қанық топтардан мәлім болып отырғанындай, деп жазған тілші бұдан кейін, Пакистан Түрік-Ирак шартына қосылуға ұйғарғаннан кейін түрік елшісінің Сирия премьер-министріне жолығуы Сирия үкметін осы шартка қосылуға көндіру үшін жаңадан әрекет жасау мақсатын көздеген. Сол топтардан мәлім болып отырғанындай, деп көрсеткен тілші, Сирияның Түркия Ирак шарты жөніндегі теріс позициясын өзгертпегенін Асали растап берген.
АНКАРА, 5 июль. (ТАСС). «Улус» газеті түрік агенттігінің хабарын жариялады, бұл хабарда былай деп көрсетілген: «Таяудағы уақытта Түркия мен Иран арасында соғыс келісіміне қол қойылады. Бұл келісім Иранды Түркия арқылы Түркия-Ирак шартымен байлап-матастырады».
Түркия мен Иран арасында бұл мәселе жөніндегі келіссөздер быйылғы сентябрьде немесе октябрьде басталатын көрінеді.
ПЕКИН, 5 июль. (ТАСС). Фране-Пресс агенттігінің хабарына сүйенген Синьхуа агенттігінің хабарына қарағанда, Тайвань бұғазында американ 7-ші флотының маневрлері өткізілген, бұл маневрлер Франс Пресстің хабарлауынша, «соғыс қыймылдарының жағдайына ұқсайтын жағдайда» өткізіліпті-міс.
ПАРИЖ, 5 июль. (ТАСС). Фране Пресс агенттігінің хабарына, қарағанда, 3 июльде Миланның және оның төңірегіндегі ауданның үстінде күшті дауыл болып, бұршақ пен нөсер жаңбыр жауған. Қаланың көптеген көшелері мен алаңдарын су басып, соның салдарынан барлық транспорттың жүрісі біраз уақыт токтап қалған.
ПЕКИН, 5 июль. (ТАСС). Бүгін Пекинде Хуайжэньтан залында ҚХР халық өкілдері Бүкілқытайлық жыйналысының екінші сессиясы ашылды.
Президиумда - Қытай Халық Республикасының председателі Мао Цзэ-дун, КХР председателінің орынбасары Чжу Дә, xaлық өкілдерінің Бүкілқытайлық жыйналысы Тұрақты комитетінің председателі Лю Шао-ци, ҚХР Мемлекеттік советінің премьері Чжоу Энь-лай және Қытай Халық Республикасының басқа да көрнекті мемлекет қайраткерлері.
Қонақтардың арасында Вьетнам Демократиялық Республикасының президенті Хо Ши Мин бастаған Вьетнам үкмет делегациясы болды.
Сессияның күн тәртібінде: Қытай Халык Республикасының халық шаруашылығын өркендетудің бесжылдық жоспарын талқылап, бекіту; Қый Халық Республикасының 1954 жылғы бюджетінің орындалуы туралы есеп және 1955 жылға арналған бюджетті бекіту; Хуанхэ өзеніндегі гидротехникалық жұмыстардың жоспарын қабылдау; әскери міндет туралы заң қабылдау және баска мәселелер.
Қытай Халық Республикасының халық шаруашылығын өркендетудің бесжылдык жоспары туралы бүгінгі мәжлісте ҚХР Мемлекеттік советі премьерінің орынбасары және Мемлекеттік жоспарлау комитетінің председателі Ли Фу-чунь баяндама жасады.
БЕРЛИН, 5 июль. (ТАСС). АДН агенттігінің хабарына қарағанда кеше кешкілік Герман Демократиялық Республикасыныц үкмет делегациясы герман-поля мемлекеттік шекарасы туралы договорға қол қоюдың 5 жылдығымен байланысты салтанаттарға қатысу үшін Берлиннен Варшаваға жүріп кеткен.
Үкмет делегациясын басқарушы ГДР премьер-министрі О. Гротеволь. Делегацияның құрамына: ГДР премьер-министрінін орынбасары және Сыртқы істер министрі Л. Больц, статс-секретарь және сыртқы істер министрінің орынбасары Г. Хандке, ГДР халықтық полициясының генералмайоры Р. Деллинг, еркін неміс кәсіподақтары Бірлестігінің Орталық басқармасының секретары Р. Хирхнер және басқалары кірген.
ВАРШАВА, 5 июль. (ТАСС). Премьер-министр О. Гротеволь бастаған Герман Демо- кратиялық Республикасының үкмет делегациясы бүгін Варшаваға келді. Негізгі вокзалда делегацияны Польшаның біріккен жұмысшы партиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Б. Берут, Министрлер Советінің председателі 10. Циранкевич, Польшаның біріккен жұмысшы партиясының Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшелері, үкмет пен Мемлекеттік советтің мүшелері, поляк эскерлерінің генералдары, Варшава жұртшылығының өкілдері, сонымен қатар халықтық демократия елдері елшіліктерінің басшылары қарсы алды.
Бірнеше мың варшавалықтар келгендерді жылы шыраймен құттықтап қарсы алған вокзал жанындағы алаңда митинг болып, онда Ю. Циранкевич пен О. Гротеволь сөз сөйледі. Герман Демократиялық Республикасының үкмет, делегациясы поляк-герман мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы договорға қол қоюдың бес жылдығымен байланысты салтанаттарға қатысады.
БЕРЛИН, 5 июль. (ТАСС), Совет Одағы мен Герман федералдық республикасы арасында дипломатиялық, экономикалық және мәдени қатынастар орнату туралы Совет үкметінің ұсынысы Батыс Германияның кәсіпкер топтары арасында кеңінен қосталып қарсы алынды. Бұл топтарда былай деп саналуда: Совет үкметінің нотасы Герман федералдық республикасы мен Совет Одағы арасында экономикалық қатынастарды ұлғайтуға зор мүмкіндіктер береді, ССРО-мен және халықтық демократия елдерімен сауданы ұлғайту талаптары кәсіпкер топтардың мүдделерін білдіретін баспасөздің беттерінде де кеңінен бейнеленуде.
«Вест-ост-виртшафтединет» бюллетнінің хабарына қарағанда, батысгерманиялық өнеркәсіп иелері мен саудагерлер Боннды Шығыспен саудаға саботаждық жасаудан бастартуға және басқа батысевропалық державалардың өнегесі, бойынша осы сауданы өркендетуге күш жұмсауға батыл шақыруда.
Бюллетень және былай деп хабарлаған: Батыс Германияныц тоқыма өнеркәсі иелерінің одағы өзінің жуырда болған мәжлісінде үкметтің сыртқы сауда саласындағы саясатын қатты сынаған, Өнеркәсіптің осы саласындағы кәсіп иелері Совет Одағымен және халықтық демократия елдерімен сауданы ұлғайтудан тоқыма товарларының экспортын молайту мүмкіндіктерін көруде.
«Хандельсблат» газеті Совет үкіметінің 7 июньдегі нотасында жасалған ұсыныстарды жүзеге асыру нәтижесінде «германсовет сауда қатынастарында жаңа тарау» ашылады деп үміттенетінін білдірген.
ПАРИЖ, 4 июль. (ТАСС). Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, бүгін Страсбургте Германияны қаруландыру туралы Париж келісімдері негізінде құрылған батысевропалық одақ советінің сессиясы ашылған. Батысевропалық одаққа жеті ел Франция, Англия, Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург және Батыс Германия кіреді. Сессияның күн тәртібіндегі басты пункттердің бірі Саар проблемасы, атап айтқанда, Саарда референдум өткізу, Саарда европалық комиссар тағайындау шарттары және басқалары туралы мәселе, «Франс-суар» газетінің көрсеткеніндей, кәзіргі уақытта батысевропалық одақтың мүшелері арасында алауыздықтар болып отыр. Батыс Германияның өкілдері Саардағы европалық комиссар болып Скандинавия елдерінің өкілі тағайындалсын деп талап етіп отырса, ағылшындар өз өкілін тағайындауға күш салуда. Ал Франция осы уақытқа дейін тыянақты позиция ұстамаған.
ЛОНДОН, 4 июль. (ТАСС). Рейтер агенттігі тілшісінің Страсбургтен берген хабарына қарағанда, таңертеңгі мәжлісте председательдік еткен Бельгияның сыртқы істер министрі Спаак былай деп мәлімдеген: батысевропалық одақтың советіне кіретін министрлер Шығыс пен Батыс арасындағы қатынастарда шиеленістің бәсеңдеуі мүмкін болып отырғандығына байланысты батысевропалық одақтың сыртқы саясатын анықтауды Солтүстік-атлантикалық блоктің ұйымына беруге ұйғарды. Батысевропалық одақтың советі деген Спаак, Парижда 15 июльде, төрт державаның үкмет басшыларының Женева кеңесіне әзірлену үшін НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері кездесуден бір күн бұрын басқосады.
Редактор Б. Исабеков.