Назад

Цифрлы күйге алмастырған: Қайырбек Ерқанат

Барлық бейбітшіл күштердің еркі

Финляндияның астанасы—Хельсинкиде бейбітшіліктің бүкіл дүниежүзілік Ассамблеясы өз жұмысын аяқтады. Жер шарының 68 елдерінен бейбітшіл күштердің мыңға жуык өкілдері сегіз күн бойына еркін дискуссия үстінде қазіргі халықаралық жағдайдың проблемаларын талқылады, толғағы піскен халықаралық мәселелерді шешудің жұрттың бәрі үшін қабылдарлық әдістерін іздеді, бейбітшілік үшін күрес тәжірибесін ортаға салды. Игі ниетті адамдардың мұндай кең жиналысы тарихта әлі болған емес. Ассамблея жұмысына түрлі материктерден және түрлі елдерден келген адамдар қатынасты. Мәжілістердің залында жұмысшылармен және шаруалармен қатар көрнекті мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлер, ғылымның, әдебиет пен искусствоның өкілдері отырды. Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысының өкілдерімен бірге Ассамблеяға бейбітшілікті қорғау күресіне шыққан көптеген басқа қоғамдық ағымдардың өкілдері қатысты

Ассамблеяның кең өкілдік сыйпаты көптеген маңызды халықаралық мәселелерде түрлі көзқарастарды тауып, салыстыруға мүмкіншілік берді. Бұл түрлі көзқарастарды айтқан адамдарды жұрттың бәріне ортақ біртұтас мақсат бейбітшілікті сақтап, нығайту үшін түсінісуге ұмтылғандық жақындастырды. Ассамблеяға қатынасушылардың көрсеткен игі ниеті түрлі көзқарастардың келісуіне және жалпыға ортақ тоқтамға келуіне мүмкіндік береді.

Ассамблеяның бұл табысы, қазіргі халықаралық жағдайда да, елеулі алауыздықтардың болуына қарамастан, келіссөздер жүргізу арқылы маңызды толғағы піскен проблемалар жөнінде келісілген қарарлар қабылдауға болатындығына және оған жету кажетілігіне халыктардың сенімін нығайтады. Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясы өзінің жұмысын жүргізген кездегі жағдай халықаралық қатынастарда едәуір шиеленіскендіктің бар екендігімен сипатталады, бұл шиеленіске кейбір елдерде тоқтатылмай отырған соғыс насихаты мен жан таласа қаруланушылық дем беріп отыр, Бұл шиеленістің бұдан әрі күшеюі бейбітшілікті сақтауға қауіп төндірер еді, жаңа соғыстың шығу қаупін туғызған болар еді.

Алайда, сонымен қатар баянды бейбітшілікке және халықтар арасындағы достықты нығайтуға жеткізетін жолдар бар екеніне көз жетті. Совет Одағы және басқа бейбітшілік сүйгіш елдер жүргізіп отырған халықаралық қатынастарда шиеленісті бәсеңдету саясаты барған сайын жаңа жақсы нәтижелер беріп отыр.

Хельсинкиде Бүкіл дүниежүзілік Ассамблея халықаралық қатынастарда шиеленісті бәсеңдету үшін, барлық халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, баянды және ұзақ бейбітшілік үшін бейбітшіл күштердің жаңа соғыс қаупіне қарсы күресін жүргізудің негізгі жолдарын белгілеп берді.

Бұл дүниежүзілік Ассамблеяға қатынасушылар жаппай қырып-жоюдың запастағы қаруы болуы және атом соғысына даярлық, ол кандай сылтаулармен дәлелденсе де, қорқыныш пен сенімсіздікті туғызатын кездер болып табылады, елдер арасында өшпенділікті күшейтеді, сөйтіп соғыс қаупін күшейтеді деп бірауыздан таныды. Барлық үкіметтердің атом қаруын қолданудан салтанатты бас тартуы, оның қолда бар запастарын жою және кезеңдер бойынша қатаң халықаралық бақылау жолымен қару-жарақты мықтап азайтуды жүргізу—міндеттер осындай, оларды шешуді бүкіл дүние жүзінің халықтары мейлінше табандылықпен талап етіп отыр.

Ассамблея халықаралық қатынастарда күш көрсету саясатын қолдануды және басқа елдердің қауіпсіздігіне қарсы бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымының рухы мен әрпіне қайшы келетін, томаға-тұйық соғыс блоктарының өмір сүруін айыптады. Ассамблеяға қатысушылар Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясында қабылданған принциптерді бірауыздан қолдады. Бейбітшілік мүддесін көздеп, Ассамблея барлық елдерде күштеу саясатынан бастартуға, даулы мәселелерді келіссөздер жүргізу жолымен шешуге шақырды.

Қазіргі уақытта дүние түрлі әлеуметтік, саяси және экономикалық жүйелерден мемлекеттерден құралғанын атап көрсетіп, Ассамблея былай деп сипаттады: халықаралық қауіпсіздікті қолдау барлық мемлекеттердің өз сыртқы саясатында территориялық бүтіндігі мен суверенитетін өзара құрметтеу, біріне-бірі шабуыл жасамау, ішкі істерге қол сұқпау, теңдік және өзара пайдалы, бейбіт қатар өмір сүру принциптерін басшылыққа алуға келісулерін талап етеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы барлық халықтар арасында жемісті ынтымақ орнатуға тиіс. Оған арнаған өз үндеуінде Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымы өз Уставынан және ұлы державалар арасындағы бірауыздылық принципінен айнымайтындығын сақтауға тиіс, ол шын мәнінде барлығын қамтитын ұйым болуға тиіс, бұл жөнінде Қытай Халық Республикасына оған өзінің правосы бойынша тиісті орны қайтарылып берілуі керек деп атап көрсетті.

Мемлекеттердің суверендік праволарына қандайда болсын қысым жасаушылық халықаралық конфликтлердің шығу қаупін туғызатындығын негізге ала отырып, Ассамблея мелекеттік суверенитетке шек қоюшылықты «Бейбітшілік кепілі» деп көрсететін жалған насихатты аулак тастады. Ассамблея бір мемлекеттердің территориясын басқа бір мемлекеттердің соғыс максаттарын жүзеге асыру үшін пайдалануға кандайда болсын «праволарын» жоюды талап етті.

Ассамблеяға қатысушылар экономика және әлеуметтік проблемаларды, сол сияқты елдер арасында мәдениет байланыстарын және жастарды бейбітшілік рухында тәрбиелеу мәселелерін зерттеу саласында үлкен жұмыс жүргізді. Ассамблея елдердің ұлттық экономикасын жанталасып қарулану ауыртпалығынан азат етуді және босатылған құралдарды халықтардың материалдық, мәдени тұрмыс дәрежесін арттыруға, нашар өркендеген елдердің халқына қалтқысыз көмек көрсетуге жұмсауды талап етті. Халыкаралық экономикалық катынастарда қандайда болсын кемсітушілікті және теңсіздікті жоюды талап ету Ассамблеяда кеңінен қолдау көрді

Өкілдерді Хельсинкиге жыйнаған адамзаттың барлық бейбітшіл күштері Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясы қабылдаған Үндеуде өзінің еркін білдірді бұл Үндеу орасан зор иландырушы күшті документ болып табылады. Оның ұзақ уақыт бойына бүкіл дүние жүзіндегі игі ниетті адамдардың туы болатындығында күмән жоқ.

Бүкіл дүниежузілік Бейбітшілік Ассамблеясының үндеуі ең алдымен бейбітшілік пен халықтардың қауіпсіздігін сақтау үшін негізгі жауапкершілік жүктеліп отырған ұлы державаларға арналған. Төрт держава үкімет басшыларының алдағы кездесуін ескере отырып, Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясы, дүние жүзінің жіктелуі жағдайларында адамзат бұл кездесуге үлкен үміттер артады деп атап көрсетеді. Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясы төрт үкімет басшыларының ең бірінші міндеті өзара сенбеушілікті жою деп есептейді. Егер төрт державаның кеңесі халықтардың қоғамдық пікірімен санасатын болса, ол келіссөздер жүргізу жолымен көптеген даулы халықаралық мәселелерді шеше алады.

Барлық төрт державаның арасынан өтіп шешуге игі ниет көрсетуді күтіп отырған мәселелердің қатарына европалық мемлекеттердің қауіпсіздігін және олардың тығыз ынтымағын қамтамасыз ету мәселелері жатады. Егер төрт державаның кеңесі қоғамдық пікірмен санасатын болса, ол барлық европалық мемлекеттердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін Европа құрудың бірінші кезеңі болады. Бұл міндетті орындау біртұтас, демократиялық, бейбітшіл, соғыс блоктарынан тыс тұратын және милитаризмді туғызбауға кепілдік беретін Герман мемлекетін жасаумен тығыз байланысты.

Дүние жүзінің халықтары келіссөздер жүргізу жолымен Қытайдың Тайвань аралынан шетел әскерлерін шығарып зерттеуге әзірленуді, Индо-Қытай туралы Женева келісімінің мүлтіксіз жүзеге асырылуына бақылау жасауды және Қытай Халық Республикасына оның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы заңды орнын әперуді талап етеді.

Бейбітшіл күштердің атынан төрт ұлы державаға Үндеу арнай отырып, Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясы сонымен қатар дүние жүзінің қоғамдық пікірін қырағы болуға шақырады. Дүние жүзінде «қырғиқабақ» соғысты жаны сүйетін күштер әлі бар және олар сол себепті төрт ұлы державаның іскерлік ынтымағын қалпына келтіруге қарсы күреседі. Халықтар бұл күштердің бүлдіргіш әрекетіне бөгет жасауға әзір туруға тиіс.

Қоғамдық пікірдің батыл көмегінсіз халықаралық проблемаларды бейбіт реттеп отыруды қамтамасыз етуге болмайды. Өзінің алдына өзара түсінісуді, бейбітшілікті, ынтымақты бір ғана мақсат етіп қоятын барлық бейбітшіл күштер түгел өз күрестерін біріктірсе, сонда ғана бейбітшілік ісі табысты болады.

Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясы түрлі ұлттарға, идеологияларға, діндерге, әлеуметтік таптарға және ұйымдарға тән болу бейбітшілік үшін күресте еркін ынтымақ жасауға бөгет бола алмайды деп өзінің берік сенімін білдірді.

Барлық бейбітшіл халықтар сияқты, совет халқы Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясының жұмыс нәтижелерін қызу құттықтайды. Оның қызметінде, ол қабылдаған қарарларда әрбір совет адамына жақын, өздерін соғыстың сұмдықтарынан сақтауға ұмтылған халықтардың ынта-жігері айқын көрінді.

Совет қоғамының жұртшылығы Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясының жұмыс нәтижелері қазіргі халықаралық жағдайға өзінің игілікті ықпалын жасайтындығына және халықаралық шиеленісті одан әрі бәсеңдетуге көмектесетіндігіне сенімді.

ССР Одағы Қорғаныс Министірінің БҰЙРЫҒЫ

Жолдастар, ұшқыштар мен штурмандар, инженерлер мен техниктер, әуе ұшқыштары мен радистер, авиация механиктері мен мотористер, авиация өнеркәсібінің қызметкерлері!

Жолдастар, солдаттар мен матростар, сержанттар мен старшиналар.

Жолдастар, офицерлер, генералдар мен адмиралдар.

Бүгін совет халқы және оның Қарулы күштері ССРО Әуе Флоты Күнін мерекелеп, біздің авиациямыздың өркендеудегі жаңа табыстарды атап өтеді.

Қарулы Күштердің авиация ұшқыштары мен бүкіл адам құрамына қазіргі заманғы авиация техникасын меңгеруге және біздің Әуе Флотымыздың қуаттылығын арттыра беруде онан әрі табысқа жетуді тілеймін.

Азаматтық Әуе Флоты ұшқыштарының өздерінің шеберліктерін үнемі жетілдіре беруін; ДОСААФ тың спортшы ұшқыштарының спорттық жаңа рекордтарды жеңіп алуларын тілеймін.

Авиация өнеркәсібінің конструкторлары мен барлық қызметкерлеріне ғылым мен техниканың ең жаңа табыстарының негізінде советтік авиацияны өркендету ісінде бұдан да зор табыстарға жетуін тілеймін.

Әуе Флоты Күні мейрамының құрметіне бұйырамын:

Бүгін 1995 жылғы 3 июльде, Отанымыздың астанасы Москвада және одақтас республикалардың астаналарында жыйырма дүркін артиллерия залпымен салют берілсін. Советтік Әуе Флоты жасасын!

Ұлы совет халқы және оның айбынды Қарулы Күштері жасасын!

Біздің туысқан Совет үкіметі жасасын!

Коммунизм орнату жолында күресте совет халқының ұлы дем беруші және басшы күші Совет Одағының Коммунистік партиясы жасасын!

ССР Одағының Қорғаныс Министірі Совет Одағының Маршалы Г.Жуков

Вильгельм ПИК Жолдасқа

Қымбатыты Пик жолдас!

Совет Одағы Комунистік партиясының Орталық Комитеті Сіздің революциялық және қоғамдық саяси қызметіңіздің жылдығымен байланысты Сізді шын жүректен құттықтап сәлем жолдайды.

Сіздің бүкіл қажымас қаиратты және жарқын саяси қызметіңіз еңбекші халықтың ісіне, бейбітшілік, демократия және социализм ісіне қызмет етудің аса көрнеті өнегесі болып табылады. Германияның еңбекшілері мен халықаралық жұмысшы қозғалысы Сізді марксизм-ленинизм идеяларын айнымастан және дәйектілікпен жүзеге асырушы деп танып отыр.

Совет адамдары Сізді өздерінің шын ниетті досы және Германия мен Совет Одағы халықтары арасындағы достық пен ынтымақ жолындағы табанды күрескер деп біледі және жақсы көреді.

Қымбатыты Пик жолдас, Сіздің сау сәлемет болып, герман халқы мен бүкіл дүние жгзі еңбекшілерінің игілігіне жұмысңызда онан әрі табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.

СОВЕТ ОДАҒЫ КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІ

Драматург Б.С. Ромашовті Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтау туралы ССРО Жоғары Советі Президиумының Указы

Көркем әдебиетті дамыту саласында сіңірген еңбектері үшін, туғанына алпыс жыл толуына баиланысты драматург Борис Сергеевич Ромашков Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталсын.

ССРО Жоғарғы Советі Президиумының Преседателі К. Ворошилов.

ССРО Жоғарғы Советі Президиумының Секретары Н. Пегов

Москва, Кремль 30 июнь 1955 жыл

СОВЕТТІК ҚАЗАҚСТАНДА

Екі ауданның жарысы

Семей обылысы Ново Шульба ауданы мен Шығыс Қазақстан Обылысының Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылғы еңбекшілерінің социалистік жарыста алған міндеттемелерін орындауын өзара тексерулері болды.

Аудандардың өкілдері озат тәжірибені зерртеп білді, кемшіліктердің бетін ашты. Ново Шульба ауданының ЖДанов атындағы колхозында болған шемонаихалықтар жүгері егінінің шығымы және күтімі де жақсы екндігін атап көрсетті. Бұл дақыл шаршы ұялы әдіспен егілген. Оны күту жұмыстары үлгілі жолға қоиылған арам шөптер оталған, өсімдік сиретілген, сирек өскен жерге қосымша жүгері отырғызылған. Қонақтар мұнымен қатар Т.С.Мальцевтің әдісі бойынша өңделген участоктердегі егіннің жағдайына да жоғары баға берді.

Ново Шульбалықтардың делегациясы көршілерінен көптеген бағалы жаңалықтарды үйренді. Делегация Южно Ульбинск шошқа совхозында құрылыс салудың озаттәдістерімен танысты. Совхозда тұрғын үйлер, орта мектептің үйі, машиналар жөндейтін мастерской, бұзау қора және басқа обьектілер салынып жатыр. Барлық құрылыс 1 сентябрьге дейін аяқталады. Фермаларда жемшөп сүрлейтін ұралар тез қарқынмен қазылып, олардың қабырғалары қазылуда.

Өзара жарысқа түскен аудандардың делегациялары мұнымен қатар колхоздар мен совхоздарда шөп шабуда, малды күтуде, егін жыйнауға әзірлікте еңбектің қалай ұйымдастырылатындығымен, бұқаралық саяси жұмыстың жайымен танысты. Тексерудің нәтижелері бойынша Шемонаиха ауданына бірінші орын берді.

Қазақстанда көпшілік тұтынатын товарлар өнеркәсібн өркендету

Қазақ ССР көпшілік тұтынатын товарлар өнеркәсібі жарты жылдық өндірістік жоспарды мерзімінен бұрын орындады.1950 жылғы осы уақыттағымен салыстырғанда өндірістің көлемі 71 процент артты.Жүн маталар шығару бір жарым есе, ішкиімдік трикотаж екі есе дерлік, сырт киімдік трикотаж тоқып шығару 77 процент, былғары аяқ киім тігу екі есе дерлік, пима басу 67 процент, тігін бұйымдар шығару 87 процент артты. Еңбек өнімділігі 27 процент ұлғайды.

Бұл жылда тігін, шұлық, аяқ киім, былғарығ, пима кәсіпорындарында жабдықтың едәуір бөлігі жаңартылды. Бес мың нан аса жаңа машина, 46 конвейер орнатылды. Товарлар мен бұйымдардың 50 ден аса түрлерін шығару меңгерілді. Республикада алғаш рет ақ шевро мен хром, сырлы былғарылар шығарыла бастады. Таза жүн шикізатынан трикотаж бұйымдар, таралған жартылай жүн және мақта мата плотонолар, серпінді, тұтас қалың, жартылай қалың және үш қабатты жеңіл ұлтанды аяқкиімнің түрлерін шығару меңгерілді. Киім мен аяқкиімнің, галантерея мен жүн маталардың мыңнан аса жаңа фасондары енгізілді.

Көпшілік тұтынатын өнеркәсіп товарлары министрі И.П.Морокин ҚазТАГ тың тілшісімен әңгімелескенде мынаны айтты: Министірліктің коллегиясы өнеркәсіп қызметкерлерінің бүкілодақтық кеңесіне қатысушылардың үндеуіне жауап ретінде жасалған көпшілік тұтынатын товарларды өндіруді одан әрі арттыру жөніндегі шаралардың жоспарын қарап оны мақұлдады. Жоспарды жасауға кәсіпорындардың 22 мыңнан аса жұмышылары мен мамандары қатысты.

Қарғалының шұға комбинатында жаңа тоқыма цехын салу белгіленіп отыр, ол кәсіп орынның қуатын үш есе арттыруға мүмкідік береді. Семейдің кәсіпорындары жіа игеретін жаңа аппарат цехын, жіпті орайтын және тоқыйтын цехтар алады. Оралдың мех комбинатында отмотка пикельдік цех салу ұйғарылды. Кәсіпорын алтыншы бесжылдықтың аяғына дейін бір миллионға дейін қой терісін илеп шығарады. Бұл кәзіргіден төрт есе артық. Петропавлдың хром заводында бұрынғы отмока зольдық және краснодуб цехтарының орнына жаңа цехтар салынады. Ал матының мақта иіру фабрикасын екі есе ұлғайту, Алматыдағы тігін, шұға, аяқ киім, бығары галантерея фабрикаларын және қайыс әбзел заводын қайта құру көзделуде.

Таяудағы жылдарда Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі жүн маталар мен былғары аяқ киім шығаруды екі еседен аса, тігін бұйымдар беруді біржарым есе, трикотаж тоқуды үш еседей, мех товарлар шығаруды алты еседей артырады. (ҚазТАГ).

Москваның ғылыми қызметкерлері быйыл ұйымдастырылған совхозда

ОРАЛ, ҚазТАГ. ССРО Жоғары білім министірлігінің экспедициялық тобы осыдан бір жыл бұрын Батыс Қазақстанның колхоздары мен совхоздарында жұмыс істеген болатын, экспедицияның құрамында Москваның Тимирзяев атындағы ауыл шаруашылық Ғылым академиясының және Москваның жерге орналастыру институтының ғылыми қызметкерлері болды. Экспедиция игерілетін жаңа жерлердің қорын белгілеуге, обылыста ауыл шаруашылығын өркендетудің перспективалық жоспарын жасауға көмектесті.

Москваның ғалымдары өздерінің зерттеу жұмысын быйыл онан әрі жүргізуде. Бұл үшін олар үстіміздегі жылы ұйымдастырылған Уралдың жағасында орналасқан «Уль яновский» және «Ақсу» астық совхоздарына жүріп кетті. Ғылыми қызметкерлер бұларда үш ай болып шаруашылықтардың экономикалық жағдайларын, жер қорын барынша толық пайдаланудың мүмкішіліктерін жете талдап зерттейтін болады. Бұған қоса, мұнда қатты бидай, тары, жүгеі, екпе шөптер дақылдарын өсірудің агротехникасы жасалды.

Жаңадан қоныстанушылар совхоз тарихын жазып жатыр

ҚЫЗЫЛТУ, (Көкшетау обылысы).(ТАСС). Қазақстан мен Сибирьдің шектескен жеріндегі Қызылту ауданынданының даласында А.М. Горький атындағы астық совхозының шаруашылығы орналасқан. Осыдан бір жыл бұрын мұнда комсомолдан жолдама аған Украинаның, Смоленск облысының, Белорусияның, Латвияның, басқа да аймақтардың жас патриоттары келген болатын.

Горький астық совхозының тарих кітабы олардың қажырлы еңбегі туралы баяндайды. Бұл тарихты жаңадан қоныстанушылардың өздері жазуда. Партия ұйымының секретары М.Л. Резников басқарған редакциялық комиссяиға кәзірдің өзінде ондаған қолжазба түсті, бұларда табиғатты бағындырушылардың алғашқы қадамы туралы, ұйымдастыру кезінің қыйыншылықтарын жеңу туралы, патриоттардың өндірістік табыыстары туралы айтылған.

23 мың гектар тың игерген механизаторлардың жұмысына арналған беттер зор назар аударарлықтай.

Маңында жеміс бауы жасалған далалықтағы қалашықта құрылысшылар тұтас көшелер құрған тұрғын үйлер салды. Мұнда асхана, магазин, монша, салынды, участоктік аурухана мектеп ашылды. Тың жерде дүниеге келген жас азаматтар үшін балалар яслиі жабдықталды.

Болашақ кітапта жаңадан қоныстанушылардың тұрмысы мен демалысы жазылатын болады.

Тың жердегі совхоздың шежіресінде жастарды тәрбиелеуге, партия комсомол және кәсіподақ ұйымдардың, поселкелік Советдепутаттарының жұмысна елеулі орын беріледі.