Цифрлы күйге алмастырған: Ақытұлы Нұрсултан
1 июьлде Москваның М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің Мәжіліс залында ССРО Ғылым академиясының жалпы жыйналысы болды, сонымен атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдаланудың ғылыми және техникалық проблемаларына арналған Академияның кең сессиясы ашылды.
Сессияның жұмысына 2.000-ға жуық адам қатысуда. Бұлардың арасында - украинаның , Белоруссияның , Рузияның , Азербайжанның , Арменияның , Латвияның ,Қазақстанның , Өзбекстанның , Түркіменстанның , ғалымдары бар. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының инженер-техник қызметкерлері қатысып отыр. Сессияға қатысу үшін Совет одағының астанасына шетелдік қонақтар- Қытайдың, Индияның, Польшаның , Чехословакияның , Югославияның , Албанияның , Жапонияның , Румынияның, Болгарияның , Гермон Демократиялық Республикасының , Израильдің , Венгрияның, Финляндияның, Швецияның , Египеттің және басқа елдердің ғалымдары келді.
ССРО Ғылым академиясының президенті академик А.Н.Несмеянов кіріспе сөз сөйледі.Ол адамзаттың прогресі үшін атом қуаты заманында ашылып отырған орасаг зор мүмкіндіктер туралы айтты. Атомдық жанар затты пайдалану техника мен экономикада төңкеріс жасағалы отыр. Жер қабатында,ы уран мен торийдің запастарындаығ қуаттың мөлшері, кейбір мамандардың есептелуі бойынша, тас көмір мен мұнайдың қосып алғандағы запастардың қуатынан 10-20 есе аысп түседі.
Әртүрлі әлеуметтік системалардың бейбіт қатар өмір сүруі және халықтардың достығы жағдайында ядролық қуатты дамыту, деді шешен бұдан кейін, техника жағынан неғұрлым нашар өркендеген елдердің көмектесіне мүскіндік береді. Ол Совет үкіметінің бұл бағытта бұған дейін-ақ белгілі қадамдар жасағанын еске салды. Біз жасалған халықаралыық игеруде Қытайға, Польшаға, Чехословакияға, Румынияға, ГДР-ге, Венгрияға және Болгарияға қалтқысыз көмек көрсетеміз.
Ядролық жанар затты пайдаланудың сара жлолдарының бірі, деді Ғылым академиясының президенті, атом электр сатнцияларының мэлектр қуатын өндіруі болып табылатындығы күмәнсіз.
Ал термоядролық айналу заттарын бейбіт мақсаттарға пайдалану бұдан анағұрлым зор перспективалар ашып отыр. Судың сутегі – жанармайдың қайнар бұлағы. Соның өзінде- көмірден гөрі миллиондаған және миллиардтаған жанармайдың қайнар бұлағы.
Біз асқан ұлы техникалық-экономикалық революцияның қарсаңында тұрмыз. Біз енді басталған атом заманында кәзірдің өзінде қадам басып, осы заманда өмір сүріп, қызмет етіп отырмыз. Атом заманы ескі техникалық асыл қазыналарды қайта бағалауды керек етуде, оның әрбір қадам сайын жаңа, көп жағдайда әлі де аз пайдаланып келген мүмкіндіктер тудыруы ықтимал.
Академик А.Н.Песмеянов ССРО- да атом қуатын бейбіт мақсаттарға қолдану салаларының барған сайын ұлғайтып отырғанын сипаттады.Атом қнеркәсібі ғылым мен техника родиактивті элементтер беруде, бұлардан бөлініп шыққан сәулелер медицинада емдеу және ауруға диагноз қою үшін пайдаланылуда, сонымен қатар санитарияда, тамақ өнеркәсібінде, дефектоскопияда, автоматикада, кен зерттеуде және басқа толып жатқан бағыттарда пайдаланылуда.Шешен бірқатар мысалдар келтіре отырып,атом заманындағы жаңа техниканың күнделікті тұрмыста: топырақсорғыш машиналарға арналған пульпомерлер, дефектоскоптар, мұнай кәсіпшіліктеріндегі нейтрондық кароттаж және басқалары түрінде қалай қолданылып отырғанын көрсетті.
Біздің міндетіміз,деді президент, - ядролық ғылым мен өнеркәсіптің кәзірдің ұзінде беріп отырған барлық мүмкіндіктерін ғылымды, техникада, ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен және терең қолдануға барынша атсалысып отыру.Ғылымды , техниканы , экономиканы көркейтудің бұрын болып көрмеген мүмкіндіктерінеи қарай келе жатқанымызға кәміл сене отырып, біз атомдық соғыс қатерін де ұмытпаймыз. Бірақ біз Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Советінің Стокгольм Үндеуіне, Вена Үндеуіне қойылған талай жүздеген миллион қолдар түрінде сан рет және соншалықты айқын білдірілген, бейбітшілік жолындағы жанқыярлық күресте күн сайын және барлық жерде де айқын көрініп отырған халықтардың еркі салтанат құратытына сенеміз.Біз совет халқы мен оның үкіметенің бейбітшілік жолындағы атом және сутегі қаруына тыйым салу жолындағы осы ұлы және жауапты күрестің авангардында келе жатқанын мақтан етеміз.
ССРО Ғылым академиясының жалпы жыйналысы ашылды деп жарияланды.Оның программасында – советтік ғылымының ядролық процестерді зерттеудегі, сонымен қатар радиоктивтік изотоптарды ғылыми, техникалық шаруашылық мақсаттарына қолданудағы табыстармен таныстыратын физиктердің, химиктердің, биологтердің баяндамалары бар.
Бірінші болып физика- математика ғылымының докторы, профессор В.С.Фурсовтың “ССРО Ғылым академиясының уран графит реакторлар жөніндегі жұмыстары” деген баяндамасы тыңдалды.
Ол ССРО да бұдан бұрынғы жылдарда жүргізілген тұтқыр реакцияларды кеңінен зерттеудің уран ядролардың бөлудің тұтқыр процесі теориясын шапшаң жасауға атсалысқаны туралы айтты. Тіпті соғысқа дейін, деді ғалым, Совет Одағында осы процестіғң өзіне тән ерекшеліктері анықталып, оның даму уақытының теориясы жасалып, кешігетін нейтрондардың ролі атап көрсетілді. Баяндамашының советтік тұнғыш ядролық тұтқыр реакциясы жүзеге асырылған болатын.Ғалым сонымен қатар ССРО Ғылым академиясының анағұрлым қуатты уран-графит котелдерінде кейініректе жүргізіліген зерттеулердің нәтижелерін де келтіреді.
Баяндамаен қатар, советтік атом котелін жасаудың жеке кезеңдері экранда көрсетілді.
Тұңғыш реакторды іске қосу, деді баяндамашы, ғылми зерттеулер дәрежесін жаңа бұрынғыдан анағұрлым жоғары сатыға көтерді. Профессор Фурсов, сонымен қатар, тұңғыш шағын ядролық реактордан гөрі анағұрлым жетілген арнаулы тетіктің конструкциясын баяндап берді, бұл тетік эксперименттік мақсаттарына, физикалық эксперименттерге, жасанды изотоптар өндіруге және жаңа энергетикалық ядролық рекаторлардың жылылық бөліп шығаратын элементтерінің конструкцияларын зерттеуге арналған.
Баяндамашы бұдан кейін ядродан бөлініп шығатын сәулелердің заттар қасиетіне жасайтын ықпалы туралы айтты. Атап айтқанда, уран пластикаларының өздерінің сәуле түсіру ықпалымен қалай өзгеретіндігі жете қаралды. Экранда сәуле түсірілгенге дейінгі уран пластикасның және сәуле түсірілгеннен кейінгі- көрнеу өзгерген уран пластикасының иткроструктурасы көрсетілді. Советтік атом электр станциясының, деп еске салды баяндамашы, ауданның жалпы жүйесіне электр тогін беріп отырғанына міне жылға жуық уақыт болды.Атом электр станцияларын салудың техникалық жағынан мүмкін екендігі және оларды пайдаланудың қолайлылығы практика жүзінде дәлелденгенін ғалым атап көрсетті. Кәзіргі міндет, деді ол, экономикалық жағынан пайдалы, көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының қуатынан өндіріп беретін электр станцияларын салуда болып отыр.
Дүние жүзіндегі тұңғыш советтік атом электр станциясын салу және пайдалану, деді баяндамашы қорытындысында, техникалық революция, жаңа заманның-атом қуатты заманының бастамасы болып табылады, бұл күмәнсіз.
Осы жаңа салада қол жеткен табымстар,ең ірі ғалымдардың ең батыл армандарынан аысп түскен бұл табыстар,совет физиктерінің, химиктерінің және инженерлерінің біріккен күш-жігерінің нәтижесі болды. Бұл табыстар біздің мемлекетіміздің осы жұмыстарға көрсеткен кең қолдауымен қамтамсыз етілді.
Баяндама аяқталғаннан кейін жалпы жыйналысқа қатысушыларға ССРО Ғылым академиясының Атом электр станциясының жұмысы туралы түрлі түсті ғылми-көпшілік кинофильмі көрсетілді.
ССРО Ғылым академиясының мүше-корресронденті М.Г.Мещеряков “Тездеткіштердегі жоғары қуаттар тұсындағы ядролық поцестерді зерттеу” деген баяндама жасады.
Тіпті таяудағы уақытқа дейін, деді ол,космикалық сәуле түсудің ықпалымен атмосферада болып тұратын ядролық процестерді қадағалау жоғары қуаттар бөлшектерінің сипаттары жайындағы мәліметтердің бірден-бірі көзі болып келді.Ал жоғары қуаттар бөлшектерінің физикасы жөнінде зерттеулер жүргізу 1949 жылдың аяғында, ССРО Ғылым академиясының ядролық проблемалар Институтында қуатты синхроциклотронды іске қосқаннан кейін мүмкін болды. Баяндамашы былай деп атап көрсетті: ССРО Ғылым академиясының ядролық проблемалар Институтының синхроциклотроны осы типтегі дүние жүзіндегі ең зор тездеткіш болып табылады. Бұл зерттеулерде бірсыпыра өте ыңғайлы приборлар пайдалынылды.
М .Г. Мещеряков баяндамасының қорытындысында былай деді:
– Ядролық процестерді эксперименттік зерттеулердің көптеген бағыттарында прогресс болып отырғаы айқын. Бөлшектерді космикалық сәуле бөлшектерінің орташа қуатымен салыстыруға болатындай қуат беруге дейін тездету мүмкін болып отыр.
.”Жоғары қуаттардың бөлшектерімен бомбалаған кезде ядролық айналу заттарының өнімдерін радиохимиялық зерттеулер ” деген тақырыпта академик А.П.Виноградов баяндама жасады.
Жаңадан ашылып отырған изотоптардың саны, деді ол, жылдан жылға көбейіп келеді. Тек 1950 жылдан 1952 жылға дейінгі уақыттың ішінде ғана ғылым үшін жаңа 250-ге жуық радиоктивті изотоптар ашылды. Химиялық элементтердің ядроларын зор қуаттардың элементтегі бөлшектерімен бомбалаған кезде ондаған және жүздеген қысқа уақыт және ұзақ уақыт өмір сүретін радиизотоптар, сонымен қатар тұрақты изотоптар да бөлініп шығады. Мысалы, уранның металл пластикасын бомбалағаннан кейін пайда болатын қалдық ядролардың немесе шарықшақтардың осы бүкіл спектрін синхроциклотронда тенк оларды күрделі химиялық реакция арқылы бөлшектен және бөліп шығарғаннан кейін ғана анықтауға болады.Совет ғалымдары,алуан түрлі химиялыө әдістерді және өте гнәзік өлшеуіш техникасын қолдана отырып, радиохимиялық жолмен радиоктивті изотоптардың жартылай бөлшектелетін дәуірін, олардың сәуле бөліп шығаратын және осы сәуленің қуатын анықтап берді.
Баяндамашы радиохимиялық әдістің бір өзі ғана ядроларды айналдыру процесінің механизмін тікелей көрсетіп бере алмайтынын атап көрсетті. Мұны тек радиохимялық зерттеу жұмыстарына фотопластинкаларды пайдаланумен,сондай-ақ ионизациялық камераны пайдаланумен ұштастырғанда ғана анықтауға болады.Бұл әдістер жоғары қуаттың элементті бөлшектерінің күрделі ядроларымен өзара қыймыл жасауын қадағалауға және осы өзара қыймылдың энергетикалық жағын бағалауға мүмкіндік береді.Соңғы уақытта қуаты зор бөлшектердің ядроларын бомбалаған кезде Менделеев системасындағы, ауыр және орташа элементтердің (уранның. торийдің, висмуттың, күмістің ,мыстың ) ядроларын эксперименттік түрде бөлуге және бөлшектеуге қол жетті.Химиялық элементтер ядроларының Менделеев системасында қалай орналасқанына, бомбалайтын бөлшектердің қуатына және юасқа жағдайларға байланысты ядролық айналу өнімдерінің бөлініп шығу сипаты қалай өзгеретіндегі көрскетілді.
Сессияда шығып сөйлеген академик ВАЭнгелбградт өзінің баяндамасын радиоктивті изотоптарды биохимяида қолданудың қорытындылары мен перспективаларына арнады.Ғалым былай деп атап көрсетті: изотоптық методика ең алуан түрлі ғылымдарда және практикалық салаларада барынша кең таралып отырса да, дегенмен таңбалы атомдарды қолдану әдісі.
4 июльде Москвада ССРО Ғылым академиясының атом қуатын бейбіт мақсаттарға пайдаланудың ғылыми жіне техникалық проблемаларына арналған сессиясы онан әрі жұмыс істеді.ССРО Ғылым академиясының физика-математика,химия , техника, биология ғылымдары бөлімшелерінің сессияларында изотоптық әдісті лабораториядағы зерттеулерде және өндірісте барған сайын кеіңнен пайдаланып отырған совет ғалымдарының табыстарын ашып көрсететін бірқатар ғылыми баяндамалар талқыланды.
Техникалық ғылым бөлімшесінің мәжілісінде прибор жасау және бөлшектер мен металл жонатын аспаптардың тозығын зерттеу ісінде сонымен қатар мұнай кендерін іздестіру үшін радиоктивті изотоптарды пайдалану проблемалары талқыланды.
Мәжілісте шығып сөйлеген ССРО Ғылым академиясы Урал филиалының металдар физикасы Институтының лаборатория меңгерушісі,физика-математика ғылымының кандитаты И.Г.Факидов өте қалың металдардың ақауларын анықтауда ионизациялық әдістерді қолданудың өте пайдалы екендігін көрсетті.
Инженер В.А.Янушковсий Латыш ССР Ғылым академиясының физика Институтының жұмыстары туралы хабарлады, бұл институтта таібалы атомдар болат прокатын маркалау үшін ойдағыдай қолданылуда.Бұл жөнінде ұсынылғын әдіс Ленинград заводтарының бірінде кәзірдің өзінде-ақ қолданылып отыр. Сонымен қатар болат прокаты мен металл қаптырмалардың қалың қойнауын бақылау әдісі де бәрсыпыра өнеркәсіп орындарының өндірісіне енгізілуде.Бұл туралы инженер Б.И.Верховский мәжілісте айтып берді.
Тірі организмдердегі химиялық процестерді зерттеу саласында,яғни биохимия саласында анағұрлым маңызды болып отыр.
Табиғатта заттар ауысуының күрделі процесі болып отыаратын аралық кезеңдерді табу үшін биохимиктер қайсы бір заттарға айналдыратын химиялық молекуланы нендей бір жолмен танбалау, осы таңбаны пайдалана отырып , тиісті заттың басқа затқа айналуының жеке сатыларында оның тағдырын қадағалау мүмкіндігін табуды көптен бері-ақ арман етіп келді. Бұл жағынан алғанда, тұрақты және радиоктивті элементтердің ашылуымен байланысты биохимиялық зерттеудің алдында мүлде жаңа перспективалар туды, ал біздің денеміздегі тканьдардың құрамына кіретін құрмалар, негізінен осындай элементтерден құрылған.
Изотоптық әдісті биохимялық зерттеуге енгізген кезден бергі аз уақыттың ішінде, деді баяндамашы, биохимиктер мен физиологтердің осыған дейінгі ұғымдарында терең өзгерістер болды.Органдар мен тканьдардың барлық құрамды бөліктерінің – белоктар мен майлардың , көмір оттегі мен нуклеин қышқалдарының , қаңқаның пигменттері мен минералдық бөліктерінің үздіксіз өзгеріп, “тұрақсызданып” тұратындығын табу бұл зерттеудің аса маңызды нәтижесі болды.
Нерв системасының, оның жоғары бөлімі- бас мыйының қызметтеріне негіз болып отырған химиялық процестерді,зерттеу изотоптық индикаторлар әдісі ерекше көлемді және маңызды перспективалар ашып беріп отырған сала болып табылады.Нерв системасының қызметтерімен байланысты биохимиялық процестерді зерттеуде радиоктивті изотоптарды индикаторлар ретінде пайдалану ғалымдардың зор назарын аударды. Зерттеу жұмыстарындағы бұл бағыт әсіресе Совет Одағының лабараторияларында ерекше кең өріс алып отыр.Баяндамашы былай деді:жаңадан пайда болған зыянды ісіктерді зерттеуде радиоктивті көмір оттегімен таңбаланған глюкозаны пайдалану, сонымен қатар рак клеткасында заттардың ауысу ерекшеліктерін ашып берді, мұның өзі осы заттар ауысуының сипаты жөнінде отыз жылдан аса уақыт бойы сақталып келген көзқарастарды түбірінен қайта қайтаруға әкеліп соқтырды. Баяндамашы келтірген мысалдар тірі организмдерде болатын процестерді зерттеп білуде радиоктивті индикаторлардың өте зор роль атқаратынын көрсетті, ал мұның өзі ядролық физиканың кәзіргі заманғы табыстарын пайдаланудың ең маңызды сфераларының бірі болып табылады.
Сессияға қатысушыларды Қытай Ғылым академиясының физика институты директорының орынбасары Ван Гань-чан құттықтады.
Берлиндегі Герман Ғылым академиясынын сессияны құттықтаған хат жарияланды.
Ионзациялайтын сәулелердің блоктік заттарға жасайтын ықпалы туралы профессор А.Г.Пасынский баяндама жасады.
ССРО Ғылым академиясы биофизика Институтының директоры профессор А.М.Кузиннің баяндамасы ионизациялайтын радиациялардың биохимялық системаларға организмнен тыс жасайтын алғашқы ықпалдары мен тұтас организмнің сәуледен болатын реакциясы арасында байланыс бар екенін көрсетті.Баяндамада сонымен қатар сәулелердің ықпал жасау нәтижесінде күрделі организмде болатын физикалық-химиялық өзгерістердің анықтаушы маңызы атап көрсетілді.
Профессор Л.П.Бреславецтің баяндамасында былай деп көрсетілді:клетканың (ядроның, плазманың) әртүрлі бөліктерінің ионизациялайтын сәулені сезгіштегі өздері орналасқан органға немесе тканьға , немес олардың еркін клеткаларда- тозаңды дәндерде, өсімдіктердің спораларында және басқаларда тіршілік етуіне байланысты.
Кеше физиктер атом котелдерінің конструкциясын жетілдіру үшін елеулі маңызы бар жаңа деректер мен теориялық есептер туралы баяндады.Сонымен қатар бөлшектенетін ауыр атом ядроларының әртүрлі сыйпаттарын зерттеудің нәтижелері туралы баяндамалар тыңдалды.
ССРО Ғылым академиясының химия ғылымы бөлімшесінің мәжілісі ядроларды бөлшектеудің радиохимиялық әдістеріне арналды.
Бөлімшелерлің мәжілістеріне, бұдан бұрынғы күндердегі сыяқты, шетелдік ғалымдар- көптеген елдерден келген өкілдер қатысты.
(TACC)
Мемлекеттік жоспар әрбір кәсіпорын, құрылыс ұйымы үшін заң. Жоспарды барлық көрсетікіштер бойынша толық және асыра орындау кәсіпорныдар мен құрылыс ұйымдарының, транспорт коллективтерінің абыройлы міндеті.Кәзір бүкіл совет халқы бесінші бесжылдықты мерзімінен бұрын орындау жолындағы социалистік жарысты өрістете түсуде.
Өнеркәсіп қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесіне қатысушылардың Үндеуімен жігерленген Шығыс Қазақстан облысы кәсіпордарының жұмысшылары, инжененер-техник қызметкерлері бүкілхалықтық игі іске өздерінің қосатын үлестерін арттыру жолындағы күресті күшейте түсуде. Олар өндірістің ішкі резервтері мен мүмкіншіліктерін пайдалануды едәуір жақсартты. Бірқатар өнеркәсіпорындары мен құрылыс ұйымдары ұзақ уақыт орын алған олқылықтан шығып үстіміздегі жылы бірқалыпты жұмыс істеу дәрежесіне жетті.
Өткен жылдарда Маслянск руднигі Зырян комбинатының артта қалып қойған тау-кен кәсіпорынның бірі болатын. Рудник быйыл бірқалыпты жұмыс істеп руда өндірудің блоктік құлату әдісін, еңбекті комплексті ұйымдастыруды енгізу, өнгдірістік процестерді механикаландыруды жақсарту әсерлі ықпал етті. Рудниктің паргия ұйымы оның секретары Ключнтков жолдас кеншілер арасында үгіт-бұқаралық жұмысты жандандырып, олардың белсенділігін арттыра түсуде. Партия ұйымы үгіт-бұқаралық жұмысты коллектив алдында тұрған міндеттермен ұштастыра жүргізеді.
Рудниктің шаруашылық басшылығы, партия кеншілердің еңбек өнімділігін арттыруға жағдай тудырды. Кеншілер қажетті құрал-саймандармен, запас бөлшектермен, бұрғылау механизмдерімен, жұмыс көлемімен толық қамтамасыз етілді. Рудникте ұстіміздегі жылы руданы жаппай құлату бірнеше рет ұйымдастырылады.19 июьнде жүзеге асырылған руданы жаппай құлату ойдағыдай, әрі сәтті орындалды. Мұның өзі он мыңдаған тонна руданың запас қорын жасауға мүмкіндік тудырды. Рудник кеншілері 10 июньнен бері екінші жартыжылдық есебіне көп руда өндірді. Сөйтіп ,олар комбинат бойынша руда өндірудің бірінші жартыжылдық жоспарының ойдағыдай орындалуына тамаша еңбек үлесін қосты.
Бүкілодақтық социалистік жарыста үздік алда келе жатқан Ертіс полиметалл комбинатының металлургтері мен кеншілері де бесінші бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындау күресіне өндірістің ішкі резервтері мен мүмкіншіліктерін толық жұмылдыруда. Комбинат өткен алты айдың мемлекеттік жоспарының мерзімінен бұрын орындалуын қамтамасыз етті.
Алайда , көптеген кәсіпорндар жарты жылдық жоспарды орындаған жоқ. Мұның негізгі себебі жылдың басынан бірқалыпты жұмыс істеуді қамтамасыз етпеуден өндірістің ішкі резервтері мен мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануды дұрыс ұйымдастырылмағандықтан, өндірсіке басшылық ісіндегі кемшіліктерден туды.Әсіресе тау-кен кәсіпорндарныда жаңа өндіпіріс қуаттарын қатарға қосуға міндетті”Алтай-свинецшахьострой”, “Зыряновсксвинец-шахтострой” трестеріеің жұмысы тіпті қанағаттанғысыз болып келеді.
Бұл тремстердің басшылары Мартынов Ладыгин жолдастар орны алып отырған кемшіліктеоге үнемі төзіп келеді.олар шахта құрылыс басқармаларының жұмыс басында сирек болады, мұның өзінде жергілікті жердегі жағдайдың жайын екжей текжейлі білмейді, істі үсті- үстіне бұйрықтар қатынастар, жазумен түзетуге әбігер болады. Мұндай әрекеттен ешбір нәтиже күтуге болмайтындығын трестің қанағаттанғысыз трестің жұмысы толық дәлелдейді.Бұл екі трестің өткен жартыжылдықта жоспар-
ды орындауы 84-87 проценттен аспады. Еңбектің қарқыны июнь айында тіпті бәсеідеп кетті.Трестердің жұмысының қанағаттанғысыз болуы ҚКП Лениногор, Зырян қалалық комиттетеріне көптен бері белгілі. Бірақ, қалалық партия комитеттері шахта құрылысшыларынң жұмысын жақсартуды мықтап қолға алмай келеді.Бұдан жедел қорытынды шығару қажет.
Жоспарды орындауда “Казлес” тресі де төзгімсіз артта келеді. Трест жалпы өнім беру жөніндегі алты айлық жосапрыд 44 процент қана орындады. Мұның өзі өнеркәсіпке ,құрылысқа және ауыл шаруашылығына 30 мың текшеметр іс ағашына борышты болуға әкеліп соқты. кемшіліктің негізгі себеі неде? Трестің кәсіпорында күрделі, әрі қуатты механизмдердің 50 проценттен астамы жұмысқа қосылмай, уақытты бос өткізеді. Оның кәсіпорындарының басшылары жұмысшылардың еңбегін ұйымдастырумен , оларды тұрақтандырумен жете шұғылданбайды. Норма орындамаушылар да аз емес.Ағаш өнеркәсіп шаруашылықтарының партия ұйымдары социалистік жарысқа формальді басшылық етеді. Ағаш дайындаушылар мен сал ағызушылар социалистік міндеттеме қабылдамаған ,демек, жарысқа қосылмаған.Трестің басқарушысы Решетняк, бас ниженердің міндетін атқарушы Павленко жолдастардың кемшіліктерді жойып, істе шұғыл өзгеріс жасайтын, оперативтілік көрсететін уақыты болар ма?
Қазір үстіміздегі жылдың екігші жартысы басталды. Екінші жартыжылдықтың жоспарын мерзімінен бұрын толық және асыра орындау кәсіпорындар колективтерінің алдында тұрған шұғыл міндет. Бұл міндетті жүзеге асыру өндірістің әлі де пайдаланылмай жатқан резервтері мен мүмкіншіліктерін ашып, іске қосуға, тиімді пайдалануға , еңбектің және өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіре түсуге тығыз байланысты . Жұмысшылардың, инженерлер мен техниктердің социалистік жарысының ықпалды күшін озат тәжрбиені кең таратуға, мүмкіншіліктерді жоспарды толық және асыра орындауға бағындыру керек. Кәсіпорындардың партия ұйымдары жарыстың пәрменді ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге, үоллектив арасында үгіт-бұқаралық жұмысты кең өрістетуге міндетті.
Кәсіпорындардың басшылары коллективтердің өнімді еңбек етуә үшін барлық жағдай тудырып, күнделікті қамқорлық жасап отырулары қажет. Олар өндірісте еңбекпен тікелей шұғылданып жүрген жұмысшыларды, мнженер-техник қызметкерлерді қолданылатын механизмдермен, құрал-саймандармен және орындайтын жұмыстың толық көлемін қамтамсыз етіп, жұмыс жағдайын жақсарта беруге міндетті. Сонда ғана бүкіл коллективтің белсенділігін арттырып, норма орындамаушылар санын батыл азайтуға болады.ҚКП аудандық, қалалық комитеттері, бастауыш партия ұйымдары кәсіпорындар администрацияларының жұмысын бақылау правосны пайдалануды жүзеге асырып, олардың өндіріске басшылығын жетілдіріп отырулары тиіс.
Еңбек өнімділігін арттыру- жоспарды мерзімінен бұрын орныдаудың шешуші шарты.Партия, шаруашылық ұйымдардың басшылары жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлерді еңбек өнімділігін арттыру күресіне жұмылдырып, барлық күш-мұмкіншіліктердің сарқа пайдаланылуын қамтамасыз етулері қажет.Жұмысшылардың мамндығын арттыруға күнделікті назар аударылуы тиіс.
Барлық резервтер мен мүмкіншіліктерді екінші жартыжылдықтың жоспарын мерзімінен бұрын орындау күресіне жұмылдырайық. Сөйтіп, әрбір кәсіпорын коллективті бесінші бесжылдықтың жоспарын тамаша табыстармен аяқтайтын болсын.
Америка Құрама Штаттарының ССРО-дағы Елшісі У.H.Уолмсли ұлттық мейрамға –Тәуелсіздік Күніне байланысты 4 июльде қабылдау ұйымдастырды.
Қабылдауда Н.A.Булганин, Л.М.Каганович, Г.М.Маленков, А.И.Микоян, М.Г.Цервухин, М.З.Сабуров, Н.С.Хрущев, ССРО минимтрлері И.А.Бенедиктон, Г.К.Жуков, Н.А.Михайлов, Совет Одағының Маршалы В.Д.Соколовскийапты , ССРО Сыртқы Істер Министрінің орынбасарлары А.А.Громыко, В.В.Кузнецов, В.О.Зорин, ТАСС-тың Жауапты жетекшісі Н.Г.Пальгунов, “Правда” газетінің Бас редакторы Д.Т.Шепилов, “Известия” газетінің Бас редакторы к.А.Губин, ССРО Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары В.В.Мацкевич, Автомобиль , трактор және ауылшаруашылық машиналарын жасау өнеркәсіп министрінің орынбасары А.А.Ежевский, Москва Советі атқару комитетінің преедседателі М.А.Яснов, Қызыл Крест және Қызыл Жартыай қоғамдары Одағы атқару комитетінің председателі профессор Г.А.Митерев, ССРО Министрлер Советі жанындаңы физкультура және спорт эөніндегі Комитет пердседателігің бірінші орынбасары Д.В.Постниклов, ССРО Сыртқы Істер Министрлігі Америка Елдері бөлімінің меңгерушісі А.А.Солдатов, ССРО Сыртқы Істер Министрлігі Протокол бқлімінің меңгерушісі Ф.Ф.Молочков, совет мәдениетінің қайраткерлері, ССРО Қорғаныс министрлігінің, ССРО Ауыл шаруашылығы министрлігінң, ССРО Сыртқы Істер Министрлігінің жауапты қызметкерлері, совет және шетел журналистері болды.
Қабылдауда ССРО-дағы тіркелген бірқатар дипломатиялық өкілдіктердің Басшылары, Елшіліктер мен Миссиялардың қызметкерлері болды.
Қонақтардың арасында Москвада өтіп жатқан ССРО-АҚШ шахмат турниріне қатысушы совет және американ шахматшылары да болды.
(ТАСС).