Назад

Цифрлы күйге алмастырған: Ташабай Дамир

Бейбітшілікті қорғаудың Советтік комитетінен

Бейбітшілікті қорғаудың Советтік. ко¬митеті Пленумыныц қарарына сәйкес атом соғысын әзірлеуге қарсы ССРО-да Бүкіл дуниежүзілік Бейбітшілік Советінің YН- деуіне қол қойдыру науқаны Өткізілді;. Қол қойдыру орасан зор саяси және ең- бек өрлеуі жагдайында өтті. Науқан кезін- де еліміздегі фабрикаларда, заводтарда, колхоздарда, оку орындарында және ме- кемелерде жүздеген мың жыйналыстар болды. Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Со- ветінің Үндеуіне барлығы 123.543.604 совет азаматы қол қойды, бұл — бес ұлы державаныц арасында Бейбітшілік Шар- тын жасау туралы Стокгольм ундеуі мен Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Советінің Үндеуіне қол қойған адамдар санынан eдәyip көп

Өкізілген науқан совет халқының өз үкметі мен Совет Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комиетінің төңірегіне тығыз топтасқандығының ай- қын демонстрация болды. Бүкіл дүние¬жүзілік Бейбітшілік Советінің Үндеуіне қол қоюға арналған жыйналыстарда совет адамдары Совет үкіметінің халық- аралық шиеленісті барлық шараларын өздерінің бірауыздан қолдайтындықтарын мәлімдеді. Совет адамдарының бейбітші- лікке ұмтылған ынта-жігері ,бейбітшілікті жақтаушылардың Бүкілодақтық Бесінші конференциясыныц Хельсинкиде өтетін Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассам- блеясына қатысатын совет делегаттарына тапсырған аманатында айқын бейнеленді

Жаңа соғыстың басталуына жол бер- меу, әлеуметтік және саяси системалары әртүрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруіне жету жөніндегі дүние жүзінің барлық қарапайым адамдарының тілек- тepi — совет адамдарына жақын және түсінікті тілектер. Науқанның барысында совет адамдары өздерінің алдағы уақытта да осы жоғары мұраттарын жүзеге асыру мүддесін көздеп дүние жүзінің барлық елдерінің бейбітшіл барша күштерімен ынтымақ жасауға бел байлағандығын білдірді Науқанның қорытындылары Бүкіл дү- ниежүзілік Бейбітшілік Советінің Үндеуін барлық совет еңбекшілерінің қызу қол- дайтынын, олардың атом соғысына жол . бермеуге, халықаралық шиеленісті бәсең- дету үшін күресуге бекем бел байлаған- дыгын көрсетіп берді.

Жапон халқы ССРО-мен және КХР-мен қатынастарды тезінен қалпына келтіруді жақтауда

ПЕКИН, 30 июнь. (ТАСС). Синьхуа aгенттігі, Токио баспасөзінің хабарларына сүйеніп мынадай хабар берді; жуырда То- киода Жапонияның КХР-мен және ССРО- мен дипломатиялық қатынастарын реттеу жолындағы ұлттық советтің мәжілісі болған

.Оған кәсіподақтардың, жапон-қытай және жапон-совет достығы Коғамдарының, ■саяси партиялар мен әртүрлі ұйымдардың өкілдері қатысқан. Мәжлісске қатысушы- лар Жапонияның ССРО мен және КХР мен дипломатиялық қатынастарын қал- пына келтіру мақсатымен елде жұмсалып отырған күш-жігерді сәйкестендіру (коор- динациялау) үшін 23 июльде Токиода әр- түрлі топтар мен ұйымдар өкілдерінің Бү- кілжапондық конгресін шақыруға ұйғарған.

Осы мәжілісте сөз сөйлеген жапон-қытай достығының Қоғамы советінің мүшесі То- кусабуро Дан былай деп мәліммдеген: казір Лондонда жүргізіліп жатқан совет-жапон келіссөздері халықаралық шиеленісті бә- сеңдету және екі елдің арасында достық қатынастар орнату мақсатын көздеуге тиіс.

Қытай Коммунист партиясының 34 жылдығы

ПЕКИН, 30 июнь. (ТАСС). Қытай хал- қы жеңістерінің ұйымдастырушысы жә¬не басшысы — Қытай Коммунистік пар-тиясының құрылғанына 1 июльде 34 жыл толады

Партияның қатары жұмысшы табының, шаруалардың және еңбекші интеллиген- цияның таңдаулы өкілдерімен толықты- рылуда. Шанхайдың өзінде ғана өткен жы- лы Компартияға 50 мыңға жуық адам, кө- бінесе жұмысшылар кірді. Селолық пар-тия ұйымдары ұлғайып, нығайып келеді Өткен жылы ҚКП қатарына 700-мыңнан аса шаруалар алынды. Қытай деревняла- рында быйыл жаңадан ондаган мың пар¬тия ұйымдары құрылды. Кытайдыц Коммунист партиясына со- нымен қатар белсенд! қогамшылар, Кытай¬дың жоғары оқу орындарының уздік оқу- шылары да кіруде. Қазірri уақытта Қытай астанасындағы әp6ip жоғары оқу орнында партия ұйымы.бар:

Қытай халқы Коммунист партияның құрылғанына 34 жыл толуын еңбектегі жаңа табыстармен қарсы алуда. Қытайда- ғы тұңғыш трактор заводының құрылыс- шылары жанаямай еңбек етуде. Быйылғы жылдың бірнші жартысында ҚКП қата- рына 500 таңдаулы құрылысшылар алын¬ды. ҚКП 34 ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ құрметіне елдің көптеген кәсіпорындары өздеріне қосым- ша міндеттемелер алды. Пекиннің 48 өнер- кәсіп орындарының коллективтері жарты жылдық программаны мерзімінен бұрын орындады.

Чехословакия Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы

ПРАГА, 30 июнь .(ТАСС).29 және 30 июньде Прагада Чехословакия Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болып етті

Пленум ауылшаруашылық өндірісін өрге бастыруды қамтамасыз ету, біртұтас ауылшаруашылық кооперативтерін онан әрі өркендету жөніндегі шаралар туралы және қазіргі халықаралық жағдай туралы ЧКП Орталық Комитетінің бірінші секретары Антонин Новотныйдың баяндамасын пленум ауылшаруашылық өндірісін өрге бастыруды қамтамасыз ету , біртұтас ауылшаруашылық кооперативтерін онан әрі өркендету жөніндегі шаралар туралы және қазіргі халықаралық жағдай туралы ЧКП Орталық Комитетінің бірінші секретары Антонин Новотныйдың баяндамасын тыңдап, талқылады.

Жарыссөзден кейін Чехословакия Коммунистік партиясының Орталық Комитеті Антонин Новотныйдыңбаяндамасын бірауыздан мақұлдады және біртұтас кооперативтерін онан әрі өркендетуге егін жыйнауды және күзгі егіс жұмыстарын өткізуді, сонымен қатар мемлекетке өнімдер тапсыру ісін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған қаулы қабылдады .Пленум 1956жылға арналған егіс көлемі және малшаруашылығын өркендету жоспары туралы қаулы қабылдады .Пленум ССРО Румыния , Венгрия әне Чехословакия мемлекетке өнімдер тапсыру ісін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған қаулы қабылдады .Пленум 1956 жылға арналған егіс көлемі және малшаруашылығын өркендету жоспары туралы қаулы қабылдады . Пленум ССРО,Румыния ,Венгрия және Чехословакия өкілдерінің ССРО мен Югославия арасындағы келіссөздердің нәтижелеоріне арналған Бухарестегі кездесуі туралы хабарды мақұлдады.

Индия Мәдениет Қайраткерлері Делегациясының Қытайда болуы

ПЕКИН 30 июнь. (ТАСС). Қытай Халық Республикасы үкіметінің шақыруы бойынша келген, мәдениет министірініңі орынбасары Чанда бастаған Индия мәдениет қайраткерлерінің делегациясы Қытайда үш аптадан бері қонақ болуда. Делгацияның мүшелері Пекинмен қатар Дальнийде , Аньшаньда , Мукденде болды , заводтарды ,фабрикаларды, оқу орындарын алады , Қытайдың искусство қызметкерлерімен кездесті. Индия әртістері бірнеше концерт беріп , бұл концерттер зор табыспен өтті .

Бүгін Қытай Халық Республикасының председетелі Мао Цзе-дун Индия мәдениет қайраткерлері делгациясынң мүшелерін қабылдады .

Кешкілікте Индия артистерінің концерті болды . Концерте Қытай Халық Республикасы председателі Мао Цзе-дун ,халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жыйналысы Тұрақты комитетінің председателі Лю Шао-ци , Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік советінің премьері Чжоу Энь-лай , Вьетнам Демократиялық Республикасының президенті Хо Ши Мин бастаған ВДР үкмет делегациясының мүшелері болды.

Вьетнам Халқы Консультациялық Конференция Өткізуді талап Етуде

ХАНОЙ 30 июнь (ТАСС) . Вьетнам информация агенттігінің хабарлауынша , Вьетнам Демократиялық Республикасы үкметінің жалпыға бірдей сайлау өткізу туралы мәселе талқылау үшін Оңтүстік Вьетнамның өкмет орындарымен консультациялық конфернцияда кездесуге әзір екендігі жайындағы оның 6 июньдегі мәлімдемесі елдегі халықтың барлық топтары тарапынан белсене қосталуда. Ханойда жұмысшылардың ,әйелдердің ,жастардың ,шаруалардың , интеллегенция мен кәсіпкер топтар өкілдерінің көп адам қатысқан жыйналыстары мен митингтері болып ,бұларға қатысушылар ВДР үкметінің мәлімдемесін қызу мақұлдаған.

Оңтүстік Вьетнамның халқы жергілікті өкмет орындарына мыңдаған хаттар жолдап , оларды ВДР үкметі ұсынған күнде осы жылғы 20 июльде консультациялық конференция бастауға шақырған.

Индия Коммунистік партиясы ОрталықКомитетінің пленумы

ДЕЛИ, 30июнь . (ТАСС) . Индия Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Делиде июньнің 14-нен 26-на дейін болып өткен пленумының жұмысы аяқталумен байланысты Индия Компартиясы Орталық Комитетінің бас секретары Аджой Гхош баспасөз конференцисында мазмұндама жариялады , онда атп айтқанда , былай делінген; «Коммунистік партия бейбітшілік ісіне көмектесу және халықаралық шиеленісті бәсеңдеті үшін халықаралық шиеленісті бәсеңдету үшін Индия үкметі қолданған шараларды қолдайды. Орталық Комитетінің пленумы Бандунг конференциясының қарарларын бейбітшілік және Азияның бостандығы жолындағы күресте азиялық елдер халықтарының бірлігін орнату жолындағы зор қадам деп сыйпаттады. Ол Неру мен Булганиннің мәлідемесін құттықтады, бұл мәлімдеме Индия мен ССРО арасында достық дәнекерлерін нығайтады және соғыс өртін тұтандырушыларға қарсы күресте қуатты құрал болып табылады . Бейбітшілік пен Азиядағы бірлік жолындағы бұқаралық қозғалысты онан әрі ұлғайтып, нығайту, бұл қозғалысқа жұмысшы табы мен шаруалардың пәрменді қамтамасыз ету және тарихи бес принципті қолдап, империалистердің соғыс шараларына қарсы күресу үшін барлық партиялар өкілдерінің кең бірлігін жасау, деп атап көрсетті Орталық Комитет,-демократияшыл күштер мен Компартияның ең маңызды және өмірлік міндеттерінің бірі. Орталық Комитет портияның барлық ұйымдарын атом қаруына қарсы Вена Үндеуіне қол қою науқанын күшейтуге шақырды».

Компартияның Орталық Комитеті Гоа халқының бостандығы жолындағы қозғалысты өзінің жан-жақты қолдайтынын мәлімдеді.

Компартияның Орталық Комитеті пленумының қорытындылары туралы мазмұндаманың көп бөлігі Индияның ішкі саяси және экономикалық тұрмысы саласындағы партия жұмысының программасына арналған.

«Лениногорсквинецстрой» тресіне Лениногорда тұрақты және уақытша жұмысқа мына мамандықтағы құрылыс жұмысшылары керек: БАЛТАШЫЛАР, ШТУКАТУРШЫЛАР, БЕТОНШЫЛАР, МАЛЯРЛАР ЖӘНЕ ТҮРЛІ ЖҰМЫСШЫЛАР.

Жұмысқа алынғандар пәтермен және норма бойынша арнаулы киіммен қамтамасыз етіледі.

Жұмысқа түсу жөнінде трестің Лениногор қаласы бірінші ауданындағы Сталин көшесі № 6 үйдегі кадрлар бөліміне және Лениногор қаласында құрылыс участоктерінің бөлімдеріне келіп жолығуға болады .

Индияның премьер-министрі Дж. Нерудің Белградқа келуі

БЕЛГРАД, 30 июнь. (ТАСС). Индия республикасының премьер-министрі Джавахарлал Неру Югословияның президенті Посип Броз-Титоның Индияда болғанына жауап ретінде бүгін ресми сапармен Белградқа келді.

Земун аэродромында Индияның премьер министрі Неруді : Югословияның президенті И.Броз-Тито , Одақтық халықтық скупщинаның предсадателі М, Пьяде, Одақтық атқару вечесі предсадателінің орынбасарлары Э.Кардель, А.Ранкович ,С.Вукманович, Р.Чолакович , Македония халықтық скупшинасының предсадателі Л.Колишевский ,Черногорияның халықтық скупщинасының председателі Б.Иованович ,Сербия атқару вечесінің председателі И.Веселинов , мемлекеттік секретарьлар ,Одақтық халықтық скупшинаның депутаттары , жұртшылық өкілдері қарсы алды.

Югословия мен Индияның ұлттық жалауларымен безндірілген аэродромда құрметті қарауыл қойылып , мемлекеттік гимндер орындалды.

Аэродромда микрофон алдында Неру Югословияның халықтарына арналған құттықтау сөз сөйледі.

Бүгін кешкі сағат 6-да Индия республикасының премьер-министрі Неру Аваледегі белгісіз солдаттың бейтіне венок қойды.

Француз социалистік партиясының сьезі.

ПАРИЖ,30 июнь.(ТАСС). Бүгін Француз социалистік партиясының 47-ші сьезі ашылды , оның жұмысы 3 июльге дейін созылады. Сьездің күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілген: партияның жұмысы туралы есепті баяндама,бұрын шығарылған депутат-социалистерді партияға қайтадан алу туралы мәселе қарау, 1956 жылғы парламент сайлауына дейін программаны белгілеу, насихат және баспасөз мәселелері.

Эйзенхауэрде болған баспасөз конференциясы.

ВАШИНГТОН,29 ИЮНЬ . (ТАСС). Баспасөз конфернциясында Эйзенхауэр былай деп көрсетті: АҚШ қарусыздандыру саласында Женева кеңесіне дейін нендей бір нақты программасыз болады деп үміттеніп отырған жоқ.

Конгресте жасалған, советтік «сателлиттер» жайында деклерациялар жариялансын деген бірқатар ұсыныстарға тоқтай келіп , Эйзенхауэр былай деді: менің позициям сан рет баяндалған болатын және бұл позиция мынада болып отыр: бұл мемлекеттер өздерін басқару формасын қашан еркін белгілегенге дейін дүние жүзінде нағыз бейбітшілік болуы мүмкін емес. Бірақ Эйзенхауэр мұндай ұсыныстар үшін шектер қойылатын шектер бар деп ескертті және декларацияларда соғысқа арандату әрекеттерінен сақтану керек деп көрсетті.

Төрт державаның кеңесі жайындағы бірінші сұраққа осы кеңесте кімдердің болатынын және делегацияның қашан жүріп кететінін хабарлау жөнінде өтініш жасалды. Эйзенхауэр өзінің жұма күні кешке ,немесе, сенбі күні күндіз жүріп кететін ойы бар екенін , өйткені Женеваға қолайлы сағатта, жексенбі күні келетінін айтты. Эйзенхауэрдың айтуынша, кеңесте адамдардың шағын бөлігі ғана болады деп ұйғарылған. Бұдан кейін Эйзенхауэр американ делегациясының құрамын хабарлады.

Тілшілердің бірі былай деп сұрады:Эйзенхауэр Булганинді Совет үкіметінің «атынан сөйлей» алады деп санай ма екен , немесе Эйзенхауэр кеңесте Хрущев пен Жуков та болады деп үміттене екен. Эйзенхауэр кәзір бұл мәселе жұмбақ болып отыр деді. Бірақ басқарудың әртүрлі формалры болып отырғанын, мемлекет басшыларының бәрі бірдей үкмет басшылары емес екенін, сондықтан мұндай кеңесте дәл осындай қызмет орындарында отырған адамдар жыйналады деп үміттенуге болмайтынын есте ұстау керек. Дегенмен ол кеңесте қарарлар қабылдауға уәкіл етілген адамдар болады деп ү міттенетінін білдірді.

Эйзенхауэр Женева кеңесіне дейін қарусыздандыру саласында өзінің нендей бір «нақты» программаға ие болатын үміті бар ма деген сұраққа теріс жауап берді. Ол және былай деді : ұсынытар әзірлеу ұзақ уақытқа сощзылады және қыйыншылық тудырады, сондықтан мұның өзі үзілді-кесілді белгіленіп, оны үкметтер қашан толық қолдағанға дейін ешнәрседе жарияланбайды.

Кеңесті аяқтау мерзімі туралы нендей бір келісім бар ма деген сұраққа жауап ретінде Эйзенхауэр бұл өзіне мәлім емес екенін айтты. Оның өз міндеттері, әлбетте, оның кеңесте өткізе алатын уақытын тежейді. Эйзенхауэр, мұндай позиция ұстай отырып, парасатты адамдар арасында өзіне күдік тудыратын ұнамсыз насихат тарауына тәуекел жасаймын деп ойламайтынын айтты.

Тілшілердің бірі былай деп сұрады: Эйзенхауэр Сан-Францискода болған БҰҰ сессиясының нәтижесінде жоғары дәрежедегі кеңеске нендей бір сеніммен қарай ма екен. Эйзенхауэр былай деп жауап берді:мен шамадан тыс көп нәрселерді күтпеуге тырысамын . Совет Одағының позициясында нендей бір өзгеріс болғаны айқын. Егер бұл өзгеріс жалпы қатынастарды жеңілдететін болса , онда мұның өзі, сайып келгенде, жалпы жағдайға әсер етуге тиіс Марксистік доктринаны жақтаушылар оны қойып кетті деп санамайды, сондықтан біз сақтық жасауға тиіспіз. Бірақ адамдарды үрей мен шиеленістің ауыртпалығынан құтқару үшін құралдар табу мүмкін болған күнде, біз бұл құралдарды мейлінше толық зерттеуге тиіспіз. БҰҰ сессиясының нәтижесінде, деді Эйзенхауэр қорытындысында, мен бұдан бірер уақыт бұрынғымен салыстырғанда, бұған жету мүмкіндіктерінің жақсарғанын көрдім.

Тілшілердің бірі, Эйзенхауэрдің пікірінше, Женевада ешқандай қарар қабылданбайтын болғандықтан және кеңес әңгімелер түрінде өтетін болып отырғандықтан, оның жариялығы жөнінде қандай шаралар қолдануға болады деп сұрады. Эйзенхауэр ешқандай қарар қабылданбайтынын тыянақты түрде айтқым келмейді деп жауап берді. Ол проблемаларды шешуге қол жетеді деп үміттенбійді, бірақ бұл проблемаларға қалай қарау жайында қарарлар қабылдануы мүмкін. Кеңестің жария болуына тоқтай келіп, Эйзенхауэр кеңес аяқталған кездегі мазмұндамадан гөрі маңыздырақ бірдеңе жарияланады деп үміттенетінін білдірді . Эйзенхауэр өзінің үйге қайту жолында басқа бір жерге баруы мүмкін емес екенін айтты.

Беринг теңізінде болған жанжалды түсіндіріп беріңіз деген өтінішке жауап ретінде Эйзенхауэр бұл-саяси мәселе емес, қайта жергілікті маңызы бар оқыйға деп сенетінін білдірді. Ауа райы нашар болған, оның үстіне басқа факторлар да бұл оқыфйғаның жергілікті маңызы бар және ол ішінара жаңылс салдарынан болыпты дегн әсер тудырып отыр. Эйзенхауэлбылай деді: Совет үкметінің бұл жанжалда ұстаған позициясы бұрынғы уақыттағымен салыстырғанда өте мадақтарлық болды.

Тілшілердің бірі, конгресс топтарынан алынған мәліметтер бойынша, конгрестегілер «сателлиттер» жөніндегі позицияны баяндайтын қарар ұсыну ниетін көздеуде деп көрсетті және Эйзенхауэр мұндай қарарды қолдай ма деп сұрады. Президент былай деп жауап берді:бұл ұсыныс жайында маған мәлім емес, бірақ менің позицим сан рет баяндалған болатын және бұл позиция мынада болып отыр: бұл мемлекеттер өздерін басқару қашан еркін белгілегенге дейін дүнтһие жүзінден нағыз бейбітшілік болуы мүмкін емес.

Тілші өткен аптада өкілдер палатасының «коммунистік империализм мен отаршылдық» туралы қарар қабылдағанын дәлелге келтірді және Эйзенхауэр бұл қарарды қолдайма деп сұрады. Эйзенхауэр былай деді: мен бұл қарар туралы естіген жоқпын , бірақ жалпы алғанда мұндай мәлімдемелердің қандайында болса да алуан түрлі сипаттар да , сондай-ақ алуан түрлі қайшылықтар болды.Эйзенхауэр қаншалықты насырға шабу ұсынсын отыр екен деп риторикалық сұрақ өойды және біз соғыс жарияламаймыз деп мәлімдеді. Мұндай шараларда сақ болу керек екенін талап етіп, Эйзенхауэр арандату әдістерін емес, қайта бейбіт әдістер қолданған жөн болады деді.

Кәзір өкілдер палатасының қарауына берілген, қауіпсіздікті өзара қамтамасыз ету туралы заңға тоқтай келіп, Эйзенхауэр бұл программаны сақтауды талап етті, өйткені оның нәтижесінің жемісті болғаны соншалық, тіпті Совет Одағы позициясының өзгеріп о ырғаны айқын болдған күнде де бұл программадан бастартпау керек деді.

Эйзенхауэр атом қуатын бейбіт мақсатқа қолданудың артықшылықтарын дәріптеу мақсатымен атом двигателі бар жүк кемесін жасау жөніндегі ұсынысты қорғады (бұл ұсынысты конгрестің қабылдамай тастауы мүмкін).

Осыған байланысты АҚШ пен Совет Одағы арасындағы насихаттық күреске тоқтай келіп, Эйзенхауэр «қырғыйқабақ соғыс» ұранынан баһстартуды және «бейбітшілік жолындағы соғыс» ұранын қабылдауды ұсынды, мұнда оның айтуынша, АҚШ ұтып шығуға тиіс.

Баспасөз конференцисының бас кезінде Эйзенхауэр Бирманың премьер министрі У Нудың АҚШ-қа келгені жөнінде қанағаттанатынын білдірді.

Эйзенхауэр өзінің болашақтағы саяси жоспарларына қатысы бар барлық сұрақтарға жауап беруден жалтарды.

Мектеп оқушыларының облыстық спартакиадасы

Мектеп оқушыларының облыстық спартакиадасы аяқталды. Спортшы оқушылыр жүгіруден, биіктіктен секіруден, суда жүзуден күш шеберлік , тапқырлық сынасты. Бұл спартакиада да бірқатар қала, аудан мектептерінде ССРО халықтарының спартакиадасына әзірлік барысының нашар емес екендігі байқалды. Жарыста, әсресе Предгорный ауданының спортшаылары жоғары көрсеткіштерге ие болды. Еркектердің 400 метрге жарысындақашықтықты 55,3 секундта жүгіріп еткен осы ауданның спортшысы Совенков бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға өскеменлһдік Штерн, үшінші орынға предгорныйлық Артемьев ие болды. Қыз балалардың биіктікке секіру жарысында предгорныйлық Горбунова 1 метр 40 сартиметрге секіріп , жеңіске жетті. Екінші және үшіншщі орынға өскемендік Беккер, Кельм ие болды.

Қыздардың 100 метрге жарысында өскемендік Беккер озып шықты. Облыс бойынша әйелдерден жаңа рекорд жасаған Беккердің нәтижесі 13,2 секунд болды. 100 метрге суда жүзуде бірінші орындарға Киров ауданының спортшысы Пименов, предгорныйлық Яковлевка ие болды

«Спартак» стадионында спартакиадаға қатысушылардың қорытынды парады болды. Жарыста озып шыққан Предгорный ауданының мектеп спортшыларына облыстық оқу бөлімінің 1 дәрежелі дипломы және ауыспалы белгісі тапсырлды. Екінші орындағы Өскемен ,үшінші орындағы Таврия ауданының спортшылары екінші ,үшінші дәрежелі дипломдармен ие болған жеке спортшыларға ,грамоталар таппсырылды.

Спартакиада жеңістерге жеткен спортшылардан құрама командалар ұйымдастырылдды . Олар 10-июльде басталатын мектеп оқушыларының Семей қаласында өткізілетін республикалық спартакиадаска қатысады.