Цифрлы күйге алмастырған: Әбдіқапар Марқа
Бүгінгі номерде: Москваның М. В. Ломоносов атындағы Ленин орденді мемлекеттік университетінде Еңбек Қызыл Ту ордені тапсырылды (1 бет). ССРО Жоғары Советі Президиумының Председателі Қ. Е. Ворошиловтың сөзі (1 бет). Бүгінгі күннің тақырыбына: Баспасөз таратуға басшылық күшейтілсін (2 бет). Партия турмысы: Қ. Қудагельдинов-Жоспар үшін күресте (2 бет). М. Мусин-Басшылық нақты болсын (2 бет). Президент Эйзенхауэрдің баспасөз конференциясындағы сөзі жайында (2 бет). Москваның Тушино аэродромындағы әуе парады (3 бет). М. Садуақасов –Табыс сыры (3 бет) Украин ССР Жоғарғы Советі депутаттарының Украин ССР-нің ұлттық парламент тобын қуру және оның парламентаралық одаққа кіру мәселесі жөніндегі кеңесі (4 бет). Беларус ССР Жоғарғы Советі депутаттарының Беларус ССР-інің улттық парламент тобын қуру және оның парламентарлық одаққа кіру мәселесі жөніндегі кеңесі (4 бет).
Берік жемшөп қорын жасау, сайып келгенде, қоғамдық мал басын көбейтіп, оный өнімділігін арттыра берудің басты шарты. Қазір партия колхоздар мен совхоздарда пішен жинауды табысты жургізуге барлық күш-мүмкіншіліктерді жұмылдырып отыр.
Алайда, Шығыс Қазақстанда бұл аса маңызды жұмыс кешіргісіз кешігіп басталып, қанағаттанғысыз жүргізілуде. 5 июльге шөп шабу жоспарының орындалуы колхоздарда 19,4 процент. Совхоздарда да істің жайы қанағаттанғысыз. Мұнда өзі алдағы қыста қоғамдық малға жемшөп дайындау жоспарын орындауға елулі хауіп туғандығын көрсетеді.
Көптеген МТС, совхоз басшылары қолда бар мүмкіншіліктерді дұрыс пайдаланбай, шөп шабу жұмысын бірден тыңғылықты ұйымдастырмай, өткен қыстан қалған шөпті толық тәртіпте сақтау шарасын қолданбай, шөптің шығымы төмен деген зыянды пыйғылмен қымбат уақытты бос өткізіп алды. Осы уақытқа дейін қолда бар шөп шабатын машиналар жұмысқа толық қосылмаған, ал жұмыстағылары белгіленген норманы орындамайды. Сол аз шабылған шөпті жинау, маялау арасында үлкен алшақтыққа жол берілуде. Мұның салдарынан шөптің сапасы кемуде. Қосымша шабындықтар тауып, пайдалану арқылы пішен жинау жоспарын орындау үшін нақтылы шаралар қолдану ойдағыдай емес.
Жемшөп дайындауда, әсресе Ұлан, Катонқарағай аудандарында жағдай төзбестік болып қалуда. Катонқарағай ауданының басшылары Мырзахметов пен Қаймолдин жолдастар бейқамдыққа салынды, әрбір колхозда шөп шабуға дер кезінде кіріп, барлық күш-құралдарды іске қосуды қамтамасыз етпеді, пішен жинау жұмысын жүргізуді қасақана бөгеген колхоз, МТС, совхоз басшыларын қатаң тәртіпке шақырмады. Мұның ақыры Катонқарағай ауданының колхоздарының шөп шабуға екі-үш апта кешігіп кірісуіне әкеліп соқты.
Облыстық партия комитеті жемшөп дайындауға жауапсыз қарап, шөп шабу жұмысына бөгет жасаушыларға ымырашылдық жасағаны үшін Катонқарағай аудандық атқару комитетінің секретары Мырзахметов пен аудандық атқару комитетінің председателі Қаймолдин жолдастарға қатты сөгіс жариялады және оларға, таяуда жұмыста өзгеріс жасамаса, шөп шабу графигін орындауды қамтамасыз етпесе, өткізіп алған уақыттың есесін қатырмаса, бұдан да қатаң жазаланатындығын ескертті. Ал, аудан бесінші июльге шөп шабу жоспарының 5 процентін ғана орындады, облыста ең артта. Бұдан соң мұнда жемшөп дайындаудың қарқынын күшейту үшін қолданылған шара әлі де жеткіліксіз екендігін өзінен өзі түсініктіи болады.
Облыста жемшөп дайындау жұмысынң мүлде қанағаттанғысыз болуы облыстық ауылшаруашылық басқамасының және оның бастығы Изачик жолдастың, облыстық совхоздар басқармасының және оның бастығы Назаров жолдастың, көптеген аудандардың, МТС-тер мен совхоздардың басшыларының ұмытқандығын салдары болып табылады. Өткен жылы мал қыстатуда жемшөптің жеткіліксіздігінен малдың өлім-жітімге ұшырауы аз болған жоқ.
Барлық жұмыстардағыдай, пішен жинауда да істің табысты болуы партия ұйымдарының пішеншілер күшейтіп, күндік жұмыс нормасын толық және асыра орындау үшін, жемшөп дайындауды табысты аяқтау үшін социалистік жарысты кең өрістетуіне байланысты. Солай болса да Марқакөл, Күршім, Зырян аудандық партия комитеттері, бастауыш партия ұйымдары шөп шабу жұмысында істейтін колхозшылар мен механизаторларды социалистік жарыспен толық қамтымаған, саяси-бұқаралық жұмысты өрістеу үшін үгітшілер іріктеліп алынбаған. Пішеншілерге газет-журналдар уақытылы жеткізілмейді. Шөп шабудың күндік жіне бескүндік графигінің орындалуы не жыйналыс, не жауынгерлік листок арқылы жария етілмейді. Пішеншілерді материалдық ынталандыру жөніндегі үкімет нұсқаулары барлық жерлерде бірдей басшылыққа алынып отыр деуге болмайды.
Міндет-жемшөп дайындауда артта қалушылықты батыл жою. Бұл іскен партиялық басшылықты күшейтіп, мемлекеттік тәртіпті қатаң сақтау үшін, жоспарлы тапсырманы әрбір колхоз, МТС, совхоз бойынша күн сайын мүлтіксіз орындау үшін қажырлы қайратпен күрес жүргізу қажет. Аудандық партия комитеттері мен Совет атқару комитеттері көптеген колхоздардың, МТС-тер мен совхоздардың басшыларының, сол сияқты партия және совет қызметкерлерінің арасында орын алған жемшөп дайындауға бейқам қараушылықты бір жолата жою керек. Онсыз бұл жұмыста табысқа жетуге болмайды.
Барлық колхоздар мен МТС-терде, совхоздарда қолда бар пішен жинайтын машиналарды түгел жұмысқа қосып, белгіленген күндік нормаларды сөзсіз орындауды қамтамасыз ету, машиналар мен басқа құралдардың ұйымдастрыу және техникалық себептерден бос тұрып қалуына жол бермеу шарт. Шабылған шөптің сапалы болуына қамқорлық жасап, шабу мен жинау арасындағы алшақтықты болдырмау шарасын қолданбаса болмайды. Жыйналған пішенді тиісті жерлерде тайлап, оны қысқы мал жайылым участоктерне тасуды тыңғылықты ұйымдастыру, бұл мақсатқа қажетті мөлшерде адамдар мен транспорт бөлу-маңызды міндет.
Қоғамдық малға берік жемшөп қорын жасау міндетін орындауда жүгеріден мол өнім алу шешуші роль атқарады. Бұл ретте жүгеріні баптап-күтудің, арамшөбін дер кезінде отап, суаруды агротехникалық таолаптарға сай жүргізудің маңызы ерекше. МТС дирекциялары мен партия ұйымдары, партия қызметкерлерінің аймақтық топтары жүгеріні бітік өсіруге, оның астыққа және жемшөпке деген өнімін мол алуға барлық күшті жұмылдыратын болсын.
Биыл колхоздар, совхоздар жемшөп сүрлеунге көп күш жұмсап отыр. Сүрлем салатын құрылыстар жаппай салынуда. Бұл жұмыс сүрлем салыну басталғанға дейін толық аяқталуға тиіс. Әрине, жемшөп қорын жасап, оның құнарын арттырудың бұл маңызды шарасын жүзеге асыруда колхоздар мен совхоздарға Өскеменнің, Лениноградың, Зыряннің кәсіпорындары үлкен көмек көрсете алады және көрсетуге тиіс. Колхоздар мен совхоздар, МТС-тер өздерінің ішкі мүмкіншіліктерін толық пайдаланып, сүрлем құрылыстарын дер кезінде сапалы аяқтауға барлық шараларды қолдану керек. Пішен жинау жұмысын ойдағыдай өткізу үшін күресте, ең алдымен, істің тағдырын шешетін адамдар, колхозшылар мен механизаторлар. Сонымен қатар аудан орталықтары мен жұмысшы поселкелерінен колхоздарға көмек ретінде адамдар жіберіледі. Пішен жинау жұмысындағы адамдарға қажетті өндірістік, мәдени-тұрмыстық жағдай жасау-партия, совет ұйымдарының күнделікті шұғылданатын аса маңызды ісі.
Облыстық тұтынушылар одағы, облыстық денсаулық сақтау бөлімі, облыстық мәдениет басқармасы және олардың жергілікті органдары жемшөп дайындау жұмысымен шұғылданушы еңбекшілерге жақсы қызмет етіп, олардың өнімді еңбек етулеріне көмектесуге міндетті. Әсіресе көпшілік қолды товарлармен пішеншілерді барынша қамтамасыз етуге мықтап назар аударылатын болсын.
Жемшөп дайындау-мемлекеттік маңызы зор, бүкілхалықтық іс. Бұл жұмысты ойдағыдай жүргізуге, егін орағы жаппай басталғанға дейін аяқтауға барлық күш мүмкіншілік жұмылдырылсын.
2 июльде Москвада Орталық мәдениет және демалыс паркінің Жасыл театрында ССРО Қорғаныс министрлігінің партия, совет және қоғам ұйымдарының өкілдермен бас қосқан, ССРО Әуе Флоты Күніне арналған салтанатты мәжілісі болды.
7 сағат 30 минут, ССРО Қорғаныс Министрі Совет Одағының Маршалы Г. К. Жуков, СОКП Москва қалалық комитетінің бірінші секретары Е. А. Фурцева, Моссовет Атқару комитетінің Председателі М. А. Яснов, министрлер, ССРО және РСФСР Жоғарғы Советінің депутаттары, Совет Одағының Батырлары және Социалистік Еңбек Ерлері, партия, совет, комсомол, кәсіподақ қызметкерлері президиумнан орын алды.
Мұнымен қатар Әуе Флоты Күнін мерекелеуге келген халықтық демократия елдерінің, Қытай Халық Республикасының, Корей Халық-Демократиялық Республикасының Қарулы Күштерінің делегациялары, сондай-ақ Югославияның Федерациялық Халық Республикасы мен Индия РЕспубликасы делегацияларының басшылары қатысты.
Салтанатты мәжілісті ССРО Соғыс-Әуе Күштерінің Бас командашысы, Авиацияның Бас маршалы П. Ф. Жигарев ашты.
Соғыс-Әуе Күштерінің адам құрамына және авиация өнеркәсібінің қызметкерлеріне арнап Москва еңбекшілерінің атынан СОКП Москва қалалық комитетінің секретары И. Т. Марченко, авиация өнеркәсібі қызметкерлерінің атынан Авиация өнеркәсібі министрі П. В. Дементьев, астана жастарының атынан БЛКЖО Москва қалалық комитетінің секретары М. Ф. Давыдов құттықтау сөз сөйледі.
Жиналыста Индия Республикасының Ұлттық Соғыс-Әуе Күштерінің атынан жазылған құттықтау оқылды.
Салтанатты Мәжліске қатысушыларға үлкен концерт берілді. (ТАСС).
30 июньде Ленин тауларындағы Москва университетінің мәжіліс залына жүздеген студенттер, аспиранттар, профессорлар, оқытушылар, жұмысшылар мен қызметшілер келді. Москва қаласының және астанадағы Ленин ауданының партия, қоғам ұйымдарының өкілдері қатысып отыр. Осында, салтанатты мәжілісте университеттің коллективіне Еңбек Қызыл Ту ордені тапсырылды.
Жиналғандар К. Е. Ворошилов жолдастың мәжіліс президиумына келуін орындарынан тұрып, ду қолшапалақтап құттықтады. Салтанатты мәжілісті ССРО Жоғары білім министрі В. П. Елютин ашты. Москваның М. В. Ломоносов атындағы университетін екінші үкімет наградасымен-Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтау туралы Указды ССРО Жоғарғы Советі Президиумынның Секретары Н. М. Пегов оқыды.
Мәжіліске қатысушылар Указдың мына текстін зор ықыласпен тыңдады: «Москваның М.В. Ломоносов атындағы Ленин орденді мемлекеттік университетінің 200 жылдық мерекесіне байланысты және оның ғылымды, мәдениетті дамыту саласындағы және жоғары мамандығы бар кадрлар даярлаудағы атқарған рөлі атап көрсетіліп, Москваның М. В. Ломоносов атындағы Ленин орденді мемлекеттік университеті Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталсын».
К. Е. Ворошилов қатысып отырғандардың бәрінің қызу овация жасауы үстінде Университетке наградаға берілген Еңбек Қызыл Ту орденін проректор Г. Д. Вовченко мен қоғам ұйымдарының өкілдеріне тапсырды.
Залдың күмбездері астында Совет Одағы гимнінің үні салтанатпен естілді. Сөз университеттің проректоры Г. Д. Вовченкоға берілді. Ол жоғары оқу орнының профессорлары, оқытушылары, студенттері, аспиранттары, жұмысшылары мен қызметшілері коллективінің атынан университеттің 200 жылдығымен байланысты оған берілген жоғары награда үшін Совет Одағының Коммунистік партиясы мен Совет үкіметіне зор алғыс айтты.
-Партия мен үкімет беріп отырған аса бай мүмкіндіктерді пайдалана отырып, -деді Вовченко жолдас, -Москва университетінің коллективі өзінің ғылыми жұмысын және маман кадрлар даярлау ісін тынбастан жақсартуға, бұл кадрларды советтік патриотизм рухында және Коммунистік партия мен Совет үкіметіне шексіз берілгендік рухында тәрбиелеп отыруға өзінің барлық күшін жұмсайды.
Москва мемлекеттік университетінің партия ұйымының секретары С. С. Андреенко сөз сөйледі. Университетке берілген жоғары награданы қабылдай отырып, деді ол, біз Москва университетіне көңіл бөлініп, үнемі көрсетіліп отырған қамқорлыққа лайықты жұмыс істеу үшін күшімізді аямай жұмсаймыз деп, партияны, үкіметті, бүкіл совет халқын сендіреміз.
Студенттердің атынан Светлана Покровская шығып сөйледі. Ол өз жолдастарының тапсыруы бойынша университетті Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтап, жоғары құрмет көрсеткені үшін Совет үкіметіне және Коммунистік партияның Орталық Комитетіне аса зор алғыс айтты.
-Біз оқуды үздік оқып, -деп мәлімдеді ол, өзімізді еліміздегі коммунистік құрылысқа белсене қатысуға даярлауға тиіспіз. Партия мен халық осы міндетті орындау үшін бізге барлық жағдайды тудырып отыр. Университет бізді ұлы Отанымызға терең сүйіспеншілік және басқа елдердің халықтарын құрметтеу рухында тәрбиелеуде. Бізге бейбіт еңбекті жақсы көруді және бейбітшілік ісін қорғай білуді үйретуде, міне бұл – жер бетіндегі барлық қарапайым және адал ниетті адамдардың қасиетті ісі. Өз білімдерімізді қолдана білу, өзіміздің барлық күшіміз бен білімімізді халықтың игілігіне жұмсау- міне бұл біздің борышымыз және ең көкейтесті мұратымыз.
Ворошилов жолдасқа арнаған сөзінде Светана Покровская былай деді: -Қымбатты Климент Ефремович! Москва университетінің студенттері Сізден Совет Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті мен туысқан Үкіметімізге біздің мына тілегімізді жеткізуіңізді сұрайды: біз Отан алдындағы борышымызды адалдықпен және жан қиярлықпен орындауға жалынды жігермен ұмтылып отырмыз. Біз қай жерде болсақ та, кең байтақ Отанымыздың қай бөлігінде болсақ та, адал ниетті еңбекшілер боламыз. Біз жоғары наградаға лайықты болуға уәде береміз. Салтанатты мәжілісте жиналғандар қызу құттықтап қарсы алған К. Е. Ворошилов сөз сөйледі.
Қымбатты жолдастар!
Жуырда совет жұртшылығы, сонымен қатар шетелдердегі озат ғылымның өкілдері тамаша күнді — ұлы ғалым М. В. Ломоносовтың есімімен аталып отырған, Ресейдегі тұңғыш Мәскеу мемлекеттік университетінің құрылғанына 200 жыл толғанын салтанатпен атап өтті.
Достар!
Даңқты мерекесінің құрметіне бұрын Ленин орденімен наградталған Москва университеті енді Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып отыр. Міне, бұл наградалар Совет үкіметі мен партиямыздың бүкіл совет халқының сезімдерін білдіре отырып, өздерінің тұңғыш университетінің маңызы мен табыстарын жоғары бағалап отырғанын көрсетеді.
Мен Москва мемлекеттік университетіне үкімет наградасын — Еңбек Қызыл Ту орденін тапсырудың жоғары құрметіне ие болып отырғаныма қуаныштымын. Сіздерді және сіздер арқылы профессорлар-оқытушылар және студенттер коллективін, сонымен қатар қамтушы қызметкерлерді үлкен және лайықты награда алып отырғанымен шын жүректен құттықтаймын. (Ду, ұзақ тшапалақтау).
Мен Москва мемлекеттік университетіне үкімет наградасын — Еңбек Қызыл Ту орденін тапсырудың жоғары құрметіне ие болып отырғаныма қуаныштымын. Сіздерді және сіздер арқылы профессорлар-оқытушылар және студенттер коллективін, сонымен қатар қамтушы қызметкерлерді үлкен және лайықты награда алып отырғанымен шын жүректен құттықтаймын. (Ду, ұзақ тшапалақтау).
Сіздің университет «сүйікті отанда қымбатты ғылымдар» тарату үшін қажымастан күрескен Михаил Васильевич Ломоносовтың ойы бойынша және соның күш салуымен құрылған болатын. Орыс халқының кемеңгер ұлы Ломоносов Россия жерінің бірінші дәрежелі ғалымдарды тудыра алатынына кәміл сенген еді. «Россия халқының намысы, — деп жазды Ломоносов, — оның ғылымдардағы қабілеті мен тапқырлығын, ал біздің отанымыздың өз ұлдарын соғыстағы ерлікте және басқа маңызды істерде ғана емес, сонымен бірге жоғары білімдерді байымдап беруде де пайдалана алатынын көрсетуді талап етеді».
Москва университетінің орыс ғылымы мен мәдениетін дамытудағы рөлі асқан зор. Патшалық самодержавьенің қаратүнек қайғылы жылдарында ол прогресшіл ғылымның аса маңызды орталықтарының бірі, революциялық идеяларды таратушы болды. Университет Отанымызға жоғары талантты ғалымдарды, атақты жазушыларды, ақындарды және жалынды революционерлерді берді. Столетов пен Лебедевтің, Сеченов пен Тимирязевтің, Жуковский мен Чаплыгиннің, Зелинский мен Вернадскийдің, Белинский мен Герценнің, Грибоедов пен Лермонтовтың, Островский мен Чеховтың және орыс халқының басқа да көптеген даңқты өкілдерінің университетпен үздіксіз байланысты есімдері мәдениет тарихына алтын әріптермен жазылды.
Университеттің жақсы дәстүрлері — материализмнен айнымастығы, демократизмі, өзіндік ерекшелігі мен ғылыми ойдың батыл тапқырлығы, өмірдің ең көкейтесті тілектеріне берілетін ғылымның жауаптарын тынбастан іздестіруі сол кемеңгер адамнан, Москва университеті өзінің есімімен аталып отырған адамнан таралды.
Владимир Ильич Ленин Москва университетін революцияшыл университет деп атады. Оның студенттері мен оқытушыларының таңдаулы бөлегі әрқашан да патшаға және помещиктік-буржуазиялық құрылысқа қарсы күрескерлердің бірінші қатарында болды.
Совет жылдарында Москва университеті біздің көп ұлтты социалистік Отанымыздың кадрлар даярлайтын шын мәнісіндегі білім дүкеніне айналды. Бұл университеттен талантты мамандар мен ғалымдардың жаңа ұрпақтары өсіп, тәрбиеленіп шықты. Оның ғылыми қызметкерлері мен тәрбие алғандары Совет Одағының өндіргіш күштері мен қуатын еселеп арттыру жөнінде, еңбекшілерді ағартып, коммунистік тәрбие беру жөнінде орасан зор жұмыстарды орындады және орындап келеді.
Партия мен үкімет сіздің университетте студенттердің оқу курсынан ойдағыдай өтуіне және жемісті ғылыми жұмыс істеуге қажетті жағдайдың бәрін тудырды. Қазір біз өзінің бірінде отырған осы тамаша, ең жаңа жабдықтармен молынан қамтамасыз етілген үйлер Москва университетіне үнемі жасалып отырған қамқорлықтың материалдық бейнесі болып табылады. Университеттің даңқы зор, ол ғылым мен білімнің сәулетті шамшырағы ретінде бүкіл дүние жүзіне мәлім болып отыр. Отанымыздың барлық түкпірлерінен, көптеген шетелдерден білімге құмартқан жастар Москваға, Ленин тауларына оқуға келуде. Ломоносов университетінде ғылымды дамыту, сабақ оқыту және білім алу — ең жоғары, зор абырой.
Жолдастар, сіздер мына ақиқатты білесіздер: кімге көп берілсе, содан көп сұралады да. Партия мен үкімет, совет халқы қазір елімізде ауыр индустрияны онан әрі мықтап өркендету, ауыл шаруашылығын шұғыл өрге бастыру, техникалық прогрестің дамуын барынша тездету міндеттерін шешуде. Осы міндеттерді орындау жолындағы күресте совет ғалымдары мен жас мамандардың үлесіне игілікті, қызғылықты және жауапты рөл жүктеліп отыр.
Біздің советтік ғылымның байлықтарын үздіксіз, күнбе-күн еселеп арттыру қажет, шетелдердің табыстарынан артта қалмау былай тұрсын, қайта бүгінгі күннің өзінде-ақ одан озық болу үшін барлық күшті жұмылдырып отыру қажет.
Ғылыми жұмыстың өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығымен, еліміздің қайнаған өмірімен мейлінше тығыз байланысты болуы, еліміздің барлық жоғары оқу орындары сияқты, сіздің университеттің де ойдағыдай жұмыс істеуінің аса маңызды шарты болып табылады.
Ғылыми жұмыстың өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығымен, еліміздің қайнаған өмірімен мейлінше тығыз байланысты болуы, еліміздің барлық жоғары оқу орындары сияқты, сіздің университеттің де ойдағыдай жұмыс істеуінің аса маңызды шарты болып табылады.
Студент жолдастар! Сіздер дүние жүзіндегі ең таңдаулы университеттердің бірінде оқыйсыздар. Сондықтан да еліміз, халқымыз өзінің даңқы шыққан университетінен қазіргі заманғы білімдерді жете меңгерген және қоғамдық-саяси ой-өрісі кең совет мамандарының жаңа кадрларын күтуде. Университетті бітіріп шыққандар, творчестволық коллективтерге барып қосылғаннан кейін, техникалық прогресті ілгері бастырып, мәдениетті дамытудың нақты міндеттерін табыспен шеше алатын болуға тиіс. Міне, бұл сіздерден оқуды табандылықпен және қажырлылықпен оқуды, совет мемлекеті білім алуға беріп отырған шексіз мол мүмкіндіктерді толығымен пайдалануды талап етеді.
Маған бүгін осы залда университетті үздік бітіріп студенттерге диплом тапсырудың дәстүрлі салтанаты болады деп хабарлады. Осы сүйсінерлік жағдайды пайдаланып, оқуын бітіргендерді оқу курсын аяқтаганымен, дербес сүруге қадам басқанымен шын жүректен құттықтаймын және олардың зор табысқа жетулеріне тілектестік білдіремін. Москва университетінен тербие алғандарды Отанымыздың ең алуан түрлі аудандарында, фабрикалар мен заводтарда, колхоздар мен МТС-терде, мектептер мен техникумдарда күтіп отыр. Мен университетті бітірген жас түлектердің ломоносовшы деген өздерінің жоғары атағын еңбекті қандай участогінде болса да абыроймен ақтайтынына күмәнданбаймын.
Қымбатты жолдастар! Сіздердің бәріңізді жоғары үкімет наградасымен тағы да, сіздердің әрдайым сау-сәлемет болып, халқымыздың игілігіне қайнаған жігермен, жемісті жұмыс істеп, табыстан-табысқа жеткен үстіне жете берулеріңізге тілектестік білдіруіме рұқсат етіңіздер.
Батыр халық, жасапаз халық — біздің үлы совет халқымыз жасасын! Совет үкіметі жасасын! Біздің ұлы Коммунистік партиямыз жасасын! Лениндік Орталық Комитет жасасын!
(Ду қолшапалақтау. «Совет халқы жасасын!», «Біздің ұлы советтік Отанымыз жасасын!», «Совет үкіметі жасасын!», «Коммунистік партияның Орталық Комитеті жасасын!» деген ұрандар айтылды).
Совет Одағының гимні аса күшті естілді.
Студенттер К. Е. Ворошиловқа үлкен гүл шоғын сыйлады.
Студенттер К. Е. Ворошиловқа үлкен гүл шоғын сыйлады. Салтанатты мәжілістен кейін К. Е. Ворошилов қасына ерген В. П. Елютинмен және Г. Д. Вовченкомен бірге жер ортасында музейін, Москва мемлекеттік университетінің тарихы жөніндегі мерекелі көрмені көрді, бірқатар лабораторияларды аралады, студенттердің жатақханасында болды. (ТАСС).
СОКП Москва комитеті мен кәсіпшілер одақтарының Москва облыстық советі, Москва әлде Москва облысының өнер-кәсіп, транспорт кәсіпорындарының рационализаторлары мен өнер тапқыштарының кеңесін өткізді. Одақтар үйінің колонналы залына екі мың адам — жұмысшылар, инженерлер, техниктер, ғылыми-зөрттеу институттарының қызметкерлері, министрліктердің қызметкерлері, кәсіпорындардың, партия, кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты. Жаппай, өнертабысты және рационализацияны онан әрі дамыту жұмысын жақсарту жөнінде Москва кәсіподақ советінің председателі Крестьянинов жолдас баяндама жасайды.
Баяушы астана мен Москва облысының еңбекшілері өндірістің қарқынын жылдан жылға арттырып, мемлекеттік жоспаларды ойдағыдай орындап келе жатқандығын атап көрсетті. Қол жеткен табыстарда жаңашылдар маңызды рөлі атқарады, олар өндірістің резервтерін ашып, жоғары өнімді машиналар, жабдықтар, аспаптар жасауда. Сталин атындағы автомобиль зауытында соңғы үш жылдың ішінде рационализаторлар мен өнертапқыштардың 18 мың ұсынысы өндіріске енгізіліп, мұның өзі 95 миллион сомнан аса ақша үнемдеді. Каганович атындағы Бірінші мемлекеттік подшипник зауытында бесжылдықтың төрт жылы ішінде рационализаторлық ұсыныстарды енгізуден 47 миллион сом үнем жасалды. Басқа кәсіпорындардың жаңашылдары да көп қаржы үнемдеуде.
Алайда көптеген зауыттар мен фабрикаларда жаппай өнертабысты дамыту ісіне жеткілікті назар аударылмай келеді. Егер озат кәсіпорындарда өндірісті рационализациялау ісіне жұмыс істейтіндердің 25-30 проценті қатысатын болса, бірқатар зауыттар мен фабрикаларда бұл 5 проценттен де кем болып отыр.
Өнертапқыштарға басшылық ету, деді баяндамашы, партия және кәсіподақ ұйымдарының өндірістік-көпшілік жұмысының маңызды бөлігі. Шаруашылық басшыларымен бірге олар жұмысшыларды, инженерлерді, техниктерді және қызметшілерді өнертабыс, рационализация жұмысына кең тартуға тиіс. Жаңашылдар алдына нақты міндеттер қойып, олардың назарын өндірістің техникалық прогресін одан әрі дамытуға бағыттау керек, оларға ғылыми-техникалық қоғам зор көмек көрсетуге тиіс.
Баяндамадан кейін жарыссөз басталды. «Красный пролетарий» зауытының токары Кузьмин жолдас кәсіпорынның жаңашылдары станоктар жасауда белсенді қатысып отырғанын айтты. Мұнда рационализаторлар күні үнемі өткізіледі. Қазір техникалық кабинет жабдықталып жатыр, онда жаңашылдардың жұмысы көрсетіледі. Кузьмин жолдас рационализаторлармен жиі-жиі әңгімелесу керек, оларға күнбекөмек көрсетіп отыру қажет, деді.
Лихоборы паровоз депосының инженері Столетова жолдас өз озат транспорт кәсіпорындарында әрбір жетінші қызметкер — рационализатор, ал жөндеу цехтарында — әрбір екінші қызметкер өндірістік жетілдірумен шұғылданады, деді.
Жарыссөзде қатты қоспалар комбинаты рационализаторларының кешенді бригадасының жетекшісі Бузовецов жолдас, Воскресенск химия комбинатының аға инженері Баканов жолдас, Кировоград автомобильдер зауытының тракторшысы Нейцов және басқалар сөйледі. Олар жұмыс тәжірибелерін ортаға салды, тәжірибе мастерскойларының жұмысын жақсарту, ғылыми-техникалық көмекті күшейту, өндіріске рационализаторлардың ұсыныстарын тез енгізу қажеттігі туралы айтты.
Кеңесте СОКП Москва комитетінің секретары Игнатов жолдас сөз сөйледі.