Назад

Цифрлы күйге алмастырған: Жумабек Рустем

Бүкіл дүние жүзінде Бейбітшілік Ассамблеясындаawd

ХЕЛЬСИНКИ, 28 июнь. (ТАСС-тың арнайы тілшісі). Бүгін Бүкілдүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясында ағылшын ғалымы Д. Н. Прист председательдік етті. Албанияның өкілі Медар Штюла Албанияның бейбіт құрылыс ісіндегі табыстары туралы айтты. Испан суретшісі Руис Пейнад АҚШ пен Испания арасында қол қойылған соғыс шартын сынады және бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципін қолдады. Спор (Голландия) халықтар арасындағы қатынастарда болып отырған шиеленісті бәсеңдетуге Ассамблея көмектесетін болсын деген тілегін айтты. Алжирдің өкілі Буменджель-Али өзінің сөзін туған отанындағы жағдайға арнады. Пьер Кот (Франция) Еуропада ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру мәселесіне тоқталды. Бұдан кейін сөз СССР Жоғарғы Советі Ұлттар Советінің Председателі Лациске берілді. Ол өзінің сөзінде Совет Одағы халықтарының туысқандық достығы мен бірлігі туралы мәселені баяндады, сонымен қатар халықтардың ұлттық тәуелсіздігі туралы айтты. Мәжіліс одан әрі өтуде.

Редактор