Цифрлы күйге алмастырған: Шаймолданова Нурия
Облыстың кейбір аудандарында баспасөз тарату жұмысына мән берілмей отыр. Мәселен, Катонқарағай және Большенарым аудандарында жағдай дәл осындай. Бұл аудандарда жағдай дәл осындай. Бұл аудандарда баспасөз тарату ісі мықтап қолға алынбады. Бұқара арасында үгіт-көпшілік жұмысы жеткілікті жүргізілмейді. Колхоздардың, МТС-тердің, мекемелердің бастауыш партия ұйымдары бұған нақты басшылық етпеді. Соның салдарынан колхозшылардың және механизаторлардың едәуір бөлігі газет-журналдарға өте қысқа мерзімде жазылды. Ал, бұл мерзім өткеннен кейін оны қалпына келтіру, қайта жаздыру ісімен ешкім шұғылданбады.
Екінші жартыжылдықта Катонқарағай ауданы бойынша газет-журналдардың көптеген оқушылары кеміп қалды. Атап айтқанда, «Социалистік Қазақстан» газетінің 44 данасы, «Лениншіл жас» газетінің 34 данасы, «Казахстанская правда» газетінің 17 данасы кеміді. Журналдар мен үгітші блокноттарын таратуда да осындай елеулі кемшіліктерге жол беріліп отыр. Катонқарағай ауданында әртүрлі баспалардың 495 данасы кеміді, мұның орнын толтыру ісі қазір өте баяу жүргізілуде.
Баспасөз тарату жұмысы осы ауданның Молотов атындағы және Панфилов атындағы колхоздарында нашар. Колхоз партия ұйымдарының секретарьлары Құлниязов пен Амантаев жолдастар баспасөз тарату ісіне мүлде қатыспай келген, олар бұл жұмысты ұйымдастырмаған.
Большенарым ауданында да баспасөз тарату ісі бетімен жіберілген. Көптеген газеттер мен журналдар жазылу екінші жартыжылдыққа ұзартылмады. Мысалы, «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» және басқа газеттердің ондаған данасы кеміп қалды.
Аудандық партия комитетіндегі Буденный атындағы колхозда газет-журалдарға жазылудың жайы нашар екендігін біледі. Мұнда аудандық газеттің таратылуы да қанағаттанарлықсыз болып отыр. Аудандық газеттің данасы, облыстық «Знамя комунизма» газетінің данасы кеміп қалса да, партия ұйымының секретары Желудков жолдас бұл жұмыспен шұғылданбай келеді.
Большенарым ауданының колхоздарында, МТС-терінде, мекемелеріне баспасөзге жазылудың нашар болуы неліктен? Мұның себебі жергілікті партия, совет ұйымдары, «союзпечать» қызметкерлері баспасөз тарату ісіне терең маңыз береді. Ал, аудандық партия комитетінің тарапынан баспасөз таратуға нақты басшылық болмады.
ҚКП Катонқарағай, Большенарын аудандық комитеттері бұқара арасында саяси-көпшілік жұмыстары күшейе отырып, екінші жұмыстарын күшейе отырып, екінші жарты жылдыққа газет-журналдарға жазылу ісінде орын алған кемшіліктерді жедел түзетуге міндетті.
«Алтайевинецстрой» тресінің Н.Мартьянов жолдас басқарған құрылыс участогінің коллективі бесінші бесжылдық тапсырмаларын мерзімінен бұрын орындаймыз деп біраздан шешім алып, қазір оны жүзеге асыру үшін табанды күрес жүргізіп келеді. Бірінші тоқсанның жоспары 122 процент орындалып еді. Бірақ сәуір айында қарқын төмендеп кетті. Жоспардың орындалуы небәрі 107 процент қана болды. Ауыспалы Қызыл тудан айрылып қалдық.
Партия ұйымы жұмыс қарқынын төмендетуге себепкер болған кемшіліктерді ашуға дереу жұмылды. Кінә құрылыс материалдарын беретін ұйымдардан-ағаш өңдеу, бетон-раствор комбинаттары мен кірпіш заводынан ғана емес, негізінен өзімізден екені анықталды. Еңбек ұйымдастырудың мүлтіксіз жүргізілуінен екі прорабтық участок міндеттемесін орындамады.
Табыс негізі-партиялық-саяси жұмысты күшейтуде. Сондықтан партбюро бұқара арасында үгіт-насихатты жақсартты. Біздің үгіт коллективімізде 26 адам істейді. Жұмысшы-бұқара арасында партия мен үкімет қаулылыарын терең түсіндіретін, коллектив алдында тұрған міндеттерді әңгімелерінде жақсы айта білетін үгітшілер аз емес. Мәселен, коммунистер Севидов, Мағатиев, комсомолецтер Укконс, Лапшин, Ерофеев және басқалары құрылысшылар арасында газет жаңалықтарын күнбе-күн дауыстап оқып беріп отырады. Совет Одағының ішкі және сыртқы жағдайынан белгілі тақырып бойынша әңгімелер өткізеді. Н.С.Хрущев жолдас бастаған Совет Үкімет Делегациясының Югославияда болуы, Индия Премьер-Министрі Дж. Нерудің елімізді аралауы жөнінде әңгімелерді, халық көңіл қоя тыңдады.
Қарт жұмысшы Нагорнов жолдас осындай әңгіменің бірінде:-Коммунистік партия мен Совет үкметінің бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясатын қажырлылықпен жүргізіп отырғаны үшін мың алғыс. Бұл саясатты бүкіл совет халқы біркісідей болып қолдайды. Отан қуатын онан әрі арттыруға күш-жігерді аямай жұмсай береміз деді.
Коллективті жаңа табыстарға жігерлендіруде қабырға баспасөзі партия ұйымының айбынды көмекшісі бола білуде. Партия мүшелігіне кандидат Мельников жолдас қабырға газетін, коммунист Евтеев «Крокодилді» мазмұнды, принципиалды мәселе қоя біліп, өткір, пәрменді етіп шығаруды. СОКП мүшесі Красовский мен партияда жақ активист Янцен жолдастарға көрсеткіш тақталарды мерзімінде толтырып тұру тапсырылған болатын. Олар міндетін ұқыпты атқарып отыр.
Лекциялық насихаттың маңызы күшті екені мәлім. Сондықтан партия ұйымы оны кеңінен өрістетуге күш жұмсауда. Участоктерімізде соңғы екі айдың ішінде 8 лекция мен баяндама оқылды. Олардың ішінде құрылыста индустриалдық әдістерді енгізу жөнінде, «Еңбекке коммунистік көзқарас», «Халықаралық жағдай» туралы, «Алкоголизм-ескі заманның масқаралық қалдығы» деген сияқты лекциялар бар.
Озат тәжрибені кеңінен таратып, өндіріске енгізу-алға басудың басты шарты. Сондықтан партия ұйымы бұл мәселеге барынша назар аударып, техникалық прогрестің үздіксіз болып отыруын қамтамасыз етуге міндетті. Бізде ұйымдастырылған құрмет тақтасында ондаған алдыңғы қатарлылардың суреттері бар. Олардың ішінде Шрайбер, Мағадиев сияқты жолдастар қазіргі уақытта 1957 жылдың есебіне еңбек етуде, күнделікті тапсырманы 150 процентке дейін орындайды. Жаңашылдардың тәжрибесін баяндау үшін материал жетеді. Мысалы, Крумков жолдас басқаратын штукатуршылар бригадасы тапсырманы көп асырып орындайды. Партбюро бұл бригаданың еңбек ұйымдастыру жұмысын көпшіліктің игілігі етті. Сондықтан озат бригадалар саны көбейді.
Жуырда Шаргин жолдас басқарған бригада алға шықты. Ф30-дан келген плотник Фрейс жолдастың басқаруындағы бригада да өнімді еңбек етеді.
Коммунист мастер Севидов, мастерлер Сергеев, Шрайбер басқарған участоктер үздік алда. Олардың айлық көрсеткіші-110-120 проценттен кемімейді. Комсомелец Бутюгов жолдас басқарған прорабтық участок жақсы табысқа жетуде. Мұнда жоспар 110 проценттен орындалып, әрбір жұмысшының өнім нормасын атқаруы 143 процентке дейін жеткізілді. Әсіресе бетоншылар мен қалаушылар бригадалары қарқынды еңбегімен көзге түседі.
Коммунист мастер Севидов, мастерлер Сергеев, Шрайбер басқарған участоктер үздік алда. Олардың айлық көрсеткіші-110-120 проценттен кемімейді. Комсомелец Бутюгов жолдас басқарған прорабтық участок жақсы табысқа жетуде. Мұнда жоспар 110 проценттен орындалып, әрбір жұмысшының өнім нормасын атқаруы 143 процентке дейін жеткізілді. Әсіресе бетоншылар мен қалаушылар бригадалары қарқынды еңбегімен көзге түседі.
Қажырлы еңбектің нәтижесінде коллектив май айында ауыспалы Қызыл туға қайта ие болды. Июнь жоспары асыра орындалды. Партбюро коллективтің қол жеткенін баянды етіп, құрылыстың индустриалдық әдістерін кеңінен енгізу нәтижесінде жаңа табыстарға жетуді қамтамасыз етеді.
Қ.ҚҰДАГЕЛЬДИНОВ.
Партбюро секретары.
Жуықта еңбекшілер депутаттарының ауыл-селолық және поселкелік Советтері атқару комитетерінің председательдері және секретарьларының білімін арттыратын, облыстық атқару комитеті жанындағы төрт айлық курс өзінің жұмысын аяқтады.
Курста ауыл-селолық және поселкелік Советтердің 10 председательлі, 12 секретары және аудандық Совет атқару комитеттерінің екі нұсқаушысы оқыды. Олар СОКП тарихы, совет құрылысының негіздері, агротехника, зоотехника, ауыл шаруашылығын механикаландыру негіздері, ССРО және шетелдіердің экономикалық географиясы, басқа да пәндерді үйренді. Тыңдаушылар Киров ауданының Ленин атындағы, Киров атындағы ауылшаруашылық артельдерінде болып жүгеріні күтіп-баптау, сүрлеп құрылыстарын салу жұмыстарымен, парник шаруашылығымен танысты. Курста оқыған 24 адам программалық материалды түгел үлгерді.
М.ТОҚЖІГІТОВ.
Жуықта ҚКП Большенарын аудандық комитетінің ІІІ пленумы болып өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе-аудан партия ұйымының егісті күтіп-баптау, мал азығын дайындау жөніндегі міндеттері туралы аудандық атқару комитетінің председателі Сидаков жолдас баяндама жасады.
Баяндамашы және жарыс сөзге шығып сөйлегендер ауданның колхоздары мен МТС-тері быйылғы жылы көктем егісінің былтырғыға қарағанда неғұрлым ұйымшылдықпен өткізгенін атап көрсетті. Жаздық дақылдарды өткізгенін атап көрсетті. Жаздық дақылдарды егудің жоспары 105 процент болып орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 7 мың гектардан астам кеңетілген 3 мың гектардан артық жүгері себілді.
Алайда, егіс аяқталғаннан кейін, көптеген колхоздардың басшылары, партия ұйымдары, МТС директорлары мен бас агрономдар жайбарақаттыққа салынып, егісті күтіп-баптауды ойдағыдай ұйымдастырмады. Маленков атындағы, Сталин атындағы, Ленин атындағы және басқа бірқатар колхолдар жүгерінің қатараралығын алғашқы өңдеуді дер кезінде жүргізбейді, ұзаққа созды, одан кейін де бұл бағалы дақылдың күтімі нашар ұйымдастырып келеді. МТС-тердегі тракторлар мен кулшьтиваторлар өте қанағаттанғысыз пайдаланылуда.
Ленин атындағы ауылшаруашылық артелі партия ұйымының секретары Слямов жолдас пленумда Ново-Березовка МТС-і басқарушының жүгерінің қатараралығын жұмсартуға немқұрайлылықпен қарауы салдарынан бұл істі колхозшылардың күшімен, қолмен жүргізіп, орасан зор еңбекті бос шығындауға жол бергендігін айтты. Ал жүгері шаршы-ұялы әдіспен егілген болатын. Бригадаларда трактор жеткіліксіз. Кінә МТС директоры Зубров, бас агроном Денисов жолдастарда. Бұлар трактор бригадаларын культиваторлармен толық қамтамасыз етпеді. Ильич атындағы колхоздың председателі Каличкин жолдаста Ново-Березовка МТС-інің басшыларын жүгеріге тиісті көңіл аудармағаны үшін орынды сынады.Бұл ауылшаруашылық артелімен техниканың ұдайы бос қарап тұратындығы салдарынан 100 гектарға жуық жүгері және басқа отамалы дақылдар қолмен өңделді.
Пленумға қатысушылар МТС басшыларынан жүгері егісін және басқа дақылдарды күтіп-баптауға жете мән бермеушілігін жоюды, машина-трактор паркін пайдалану ісін жақсартуды талап етті.
Пленумда егісті суару мәселесіне көп көңіл аударылды. Аудан колхозында бұл жұмыс нашар ұйымдастырылған. Бай су қорлары толығынан пайдаланылмай отыр. 30 маусмда егісті суару тапсырмасы небәрі 32 процент орындалды.
Ворошилов атындағы және «Баррикада» колхозында егістің үлкен көлемі суармалы жерлерге орналастырылған. Онда суару жүйесі де бар. Алайда, егісті суару нашар, бұл егіске тәжрибесі аз колхозшылар бөлінген. Осыған қарамастан колхоз председательдері Елеусізов пен Щербаков жолдастар істі жақсарту жөнінде ешқандай шара қолданбай келеді. Мұндай кемшіліктер Чапаев атындағы, Жданов атындағы колхозда да орын алуда.
Ново-Березовка МТС-інің бас агрономы Денисов жолдас колхоз басшыларының назарын тың және тыңайған жерлерді игеру ісінің нашар жүргізіліп отырғандығына аударды. Амангелді атындағы, Ленин атындағы, Калинин атындағы және басқа бірқатар аудандарда жаңа жер жырту жоспары орындалмауда.
Биыл қоғамдық малды жергілікті жемшөп қорымен қамтамасыз ету үшін күресті барынша күшейту керек. Мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету үшін шабындықтарды екі рет және одан да көп шабу қажет. Алайда, пленумда атап көрсетілгендей, бірқатар колхоздардың басшылары, МТС директоры, бастауыш партия ұйымдары пішен жинауды дұрыс ұйымдастыруға жете көңіл бөлмей келеді. Жауапсыздықтың салдарынан колхоздар мен МТС-терге соңғы уақыттарға дейін шөп жинайтын машиналардың жартысынан астамы жұмысқа қосылмады, олардың бір бөлігі тіпті жөнделмеді. Мысалы, Ново-Березовка МТС-інде 66 трактор шөп машинасынан 25 қана машина жұмыс істеп тұр.
-Панкратьев жолдастың троактор бригадасында,-деді Воршилов атындағы ауылшаруашылық артельінің председателі Елеусізов жолдас,-трактор шөп машиналары түрлі техникалық ақаулардың салдарынан қайта-қайта сына береді. Мұның өзі МТС басшыларына мәлім. Бірақ олар машналардың жиі-жиі істен шығуын жою үшін нақтылы шаралар қолданбай келеді. Кейбір трактор бригадаларында тәртіп жолға қойылмаған. Көптеген бригадаларда механизаторлардың екі сменада жұмыс істеуі ұйымдастырылмай келеді.
Сталин атындағы колхоздың председателі Сазонтов, «Первое мая» колхозының председателі Левин жолдастар және басқалары Большенарын МТС-інің басшыларын қуатты техниканы пайдалануды қанағаттанғысыз ұйымдастырғаны үшін дұрыс сынады.
Сүрлеп құрылысын жүрзігу мәселесіне ерекше көңіл аударылды. Шығып сөйлегендер МТС-тің жер қазушы бүкіл техникасын траншеяларды қазуға толық жұмылдыру қажеттігін, траншеяларды шегендеу ісін дереу ұйымдастыру қажеттігін айтты.
Аудандық партия комитетінің пленумы колхоз және МТС, ауыл-село Совет басшыларын пішен жинауға барлық трактор және ат-шөп машиналарын қосуға, бүкіл күш-мүмкіншілікті мал азығын жеткілікті дайындап алу ісіне жұмылдыруға міндеттеді. Жемшөп толықтыру мақсатында тағы да мың гектардан астам жүгері және басқа дәнді дақылдар егілуде. Мысалы-Сталин атындағы ауылшаруашылық артелі қоғамдық мал үшін қосымша тағы 200 гектар дәнді дақыл егеді.
Күн тәртігіндегі екінші мәселе-саяси және ғылми білімдер тарату қоғамы бөлімінің жұмысын жақсарту жөнінде аудандық партия комитетінің секретары Кузьмин жолдастың баяндамасы талқыланды.
Пленум талқылаған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылдады.
М.МУСИН.
Ереван, (ТАСС). Арменияда жыл сайын жүздеген түрлі кітаптар басылып шығуда, мезгілдік әдебиетті басып шығару артуда.
Қазіргі бар шрифтер әдебиет басып шығару ісінің қажетін қанағаттандыра алмай жүр. Формасы әдемі және әсерлі жаңа шрифтер жасау проблемасы көптен бері мамандардың назарын аударып келген болатын. Армян ССР Мәдениет министрлігінің полиграфия комбинатындағы шрифт құятын цехтың меңгерушісі И.Минасян мен бедерші А.Амбарян осы міндетті шешумен шұғылданды. Олардың алты жылдық еңбегі табыспен аяқталды. Бұлар армян шрифтінің төрт жаңа түрін жасап оларды «советтік», «еревандық», «гротесковый», «жаңа армян» деп атады.
Бұл шрифтер бұрынғы шрифтерден мүлде өзгеше.Авторлар төрт бұрышты бейнелеуден құтылып әріптерді анағұрлым дөңгелек формада жасаған. Жаңа шриф оқуға неғұрлым қолайлы. Олар басылып шығатын кітаптарды әдемірек көрсетеді, оларды алуан түрлі өрнектеуге мүмкіндік береді. Шрифтерді Армян ССР Мәдениет министрлігі мақұлдады, олар мезгілдік әдебиет басып шығаруда, ішінара кітап басып шығару ісінде қазірден өзінде пайдаланылуда.
ҚАРАҒАНДЫ, (ҚазТАГ). Саран қалалық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттарының қалалық Советінің органы-«Голос шахтера» газетінің бірінші номері шықты.
Номерде «Газет оқушыларымызға» деген тақырыпта басмақала берілген. Саран қалалық партия комитенінің секретары Зимина жолдастың «Қалалық партия ұйымының маңызды міндеттері» деген мақаласы, Васютин жолдастың кеншілері жаңа поселкесі Шерубай – Нұра туралы очеркі және басқа материалдар жарияланған.
Мұнымен қатар қалалық «Джезказганский рабочей» газетінің де бірінші номері шықты.
Қалалық жаңа газеттер аптасына үш рет шығып тұратын болды.
АҚМОЛА, (ҚазТАГ). Үстіміздегі жылы Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінде облыс ауыл шаруашылығынан кәзірдің өзінде 500-ден аса еңбекші болып қайтты.
Көремеге қатысқан Социалистік Еңбек Ері Григорий Зубров «Авангард» МТС-не қайтып келді. Ол Москвада комбайнмен егін жинаудың данқты шеберлері Пятница, Музыка жолдастармен және басқалармен кездесті. Атақты механизатор станцияның комбайншылары мен штурвальныйларына өзінің кездесулері туралы айтып, жаңа егін жинаудағы жоспарын ортаға салды. Григорий Зубров қос комбайнмен тәулігіне 100 гектарға дейін егін жыйнауды белгіледі. Ол сағаттық график жасаған, графикке сәйкес жұмыс сағатының әрқайсысында кемінде 5 гектар егін жинайтын болады. Зубров 10 күннің ішінде мың гектар егін оруға міндеттелді, өзінің агрегатына көптеген жетілдірулер енгізді.
МТС-тің механизаторлары комбайндарды пайдаланудың мерзімін ұзату туралы Зубровтың әңгімесін ықыласпен тыңдады. Жөндеуаралық мерзімі ұзату есебінен ол үш жылдың ішінде 37 мың сомдай қаржы үнемдеді. Бұған техникалық күтуді дұрыс ұйымдастырудың, машиналарға жақсы қараудың нәтижесінде қол жетті.
ЖАМБЫЛ, (ҚазТАГ). Жамбылдың мәдени-ағарту қызметкерлерін даярлайтын училищесінде мемлекеттік емтихан аяқталды. Училище бітірген 97 адам клуб жұмысшысының ұйымдастырушысы-методистерінің дипломын алды. Комсомолецтер Тілеу Пралиевке, Валентина Белоусоваға және Роза Югайға үздік бағалар қойылған диплом тапсырылды. Мәдениеттің жас қызметкерлерінің көшілігі Қазақстанның тың және тыңайған жерлер игеріліп жатқан аудандарына жұмысқа барады.
Бұл училище селолық және ауылдық мәдени-ағарту мекемелеріне арнап 353 маманды үш керекте даярлап шығарды. Студенттердің кезекті тобын қабылдау басталды. Орта мектепті бітірген жігіттер мен қыздардың қатарынан алғашқы рет топтар құрылуда. Оларға арналған оқу программасы бір жарым жылды қамтиды.
Қазақ ССР Ғылым академиясының география секторының көлге жасалатын экспедициясы Көкшетау облысына жүріп кетті. Экспедицияның басшысы география ғылымының докторы Н.Н.Пальгов.
Көкшетау облысы,-деді ҚазТАГ-тың тілшісімен әңгімелескенде Пальгов долдас,-Қазақстан тың және тыңайған көлемді жерлер игеріліп жатқан ірі аудандардың бірі. Мұнда жүздеген көл бар. Олар аз зерттелген. Экспедиция Рузаев ауданы көлдерінің, оның ішінде ең үлкен су қоймалары – әрқайсысы 20 шаршы километрдей жерді алып жатқан Ұлыкөл мен Бессойған көлдерінің режимін комплексті зерттейді.
Бұл зерттеу жұмыстары көлдерді жаңа астық совхоздарын сумен жабдықтауға пайдалану мақсатымен жүргізіледі.
(ҚазТАГ).
Бұдан бұрын хабар етілгеніндей, АҚШ президенті Эйзенхауэр 29 июньде Вашингтонда болған баспасөз конференциясында сөз сөйледі. Тілшілердің сұрақтарына жауап бере келіп, президент АҚШ сыртқы саясатының бірқатар проблемалары жөнінде пікірлер айтты және ССРО, АҚШ, Ангия, Франция Үкіметтері Басшыларының алдағы Кеңесінің перспективаларына тоқталды. Бұл пікірлерге осы Кеңестің табыспен өтуіне мүдделі болып отырған жұртшылық пікірінің назар аударып отырғаны өзінен өзі түсінікті.
CCРО Министрлер Советінің Председателі Н.А.Булганиннің 21 маусымда сөйлеген сөзінде атап көрсетілгеніндей, Совет үкметі төрт державаның Үкімет басшыларының Кеңесіне қатысуға ризалық берді, соның өзінде бұл Кеңестің мақсаты халықаралық шиеленісті бәсеңдету және мемлекеттер арасындағы қатынастарда сенімді нығайту болады деген пікіге сүйенді. «Бұл мақсатқа жету үшін біз барлық күшімізді жұмсаймыз-деді Совет үкметінің басшысы,-және бұл Кеңес қатысушылардың басқалары да сәл осыған ұмтылатын болады деп үміттенеміз».
Совет жұртшылығы бүкіл дүние жүзінде бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсаттары үшін халықаралық шиеленісті бәсеңдету қажет екені жайында айтқан Эйзенхауэрдің пікірлерін қанағаттанып қарсы алды. АҚШ президенті былай деді: оның пікірінше төрт державаның Үкімет басшыларының алдағы Кеңесі «проблемаларды жаңа арналарға түсіну үшін жолдар табуға және, сайып келгенде, шиеленісті бәсеңдету үшін құралдар табуға» көмектеседі. Президент, өзінің айтуынша, Кеңестен «шамадан тыс көп нәрселерді күтпеуге тырысамын» деп отырса да, дегенмен ол «адамдарды үрей мен шиеленістің ауыртпалығынан құтқару үшін құралдар табу мүмкін болған күнде, біз бұл құралдарды мейлінше толық зерттеуге тиісті» деп санап отыр.
Совет жұртшылығы «арандату әдістерін емес, қайта бейбіт әдістер қолданған жөн болады» және «қырғый қабақ соғыс» ұранынан бастарту керек деген Эйзенхауэрдің мәлімдемелерін құтықтайды. Соның өзінде «қырғый қабақ соғыс» ұраны «бейбітшілік жолындағы соғыс» ұранымен ауыстырылсын деген Эйзенхауэрдің ұсынысы бос сөз болып табылмайды, қайта ол аты шулы «қырғый қабақ соғысты» үзілді-кесілді жоюға бағытталып отыр деп совет адамдарының сенгісі келер еді, өйткені халықаралық шиеленісті бәсеңдетуге, халықаралық қатынастарда қажетті сенім тудыруға жаңа соғыс қатерін жоюға тек осындай жолмен ғана жетуге болар еді.
Совет адамдары территорияның тұтастығы мен суверенитетті өзара құрметтеу, тиіспеу, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, теңдік пен өзара тиімділік принциптері негізінде әлеуметтік системалары әртүрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз етуге болады және қамтамасыз етуге тиіс деп санап келді және санап отыр. Саяси, әлеуметтік немесе экономикалық системалары әртүрлі елдердің, бір-бірінің ішкі істеріне араласпай және өздерінің жұмыс салтын басқаларға күшпен тықпаламай, осы принциптер негізінде ынтымақтасуына болмайтын ешқандай себептер жоқ.
Осы тұрғыдан алғанда, «арандату әдістерін емес, қайта бейбіт әдістер» қолдана отырып, «қырғый қабақ соғысты» үзілді-кесілді жою және «проблемаларды жаңа арналарға түсіру» қажет екені жайында Эйзенхауэрдің мәлімдемелері халықаралық қатынастарды жақсарту және шиеленісті бәсеңдету үшін белгілі жағдайлар тудырады. Бірақ, АҚШ президентінің нақ сол баспасөз конференциясында жасаған, осы ақылға сиымды бағдарларға қайшы келетін басқа мәлімдемелеріне де соқпай өту дұрыс болмас еді. Біз бұл арада ең алдымен оның өзі «советтік сателлиттер» деп атаған мемлкеттер жайында айтқан оның бір беткей және теріс сөздерін ескеріп отырмыз. Эйзенхауэр өзінің қандай мемлекеттерерді ескеріп отырғанын анықтап беруді қажет деп таппады, бірақ әңгіме европалық халықтық демократия елдері жайында-капиталистік құлдықты біржола құртқан суверенді елдер жайында болып отырғаны американ реакцияшыл баспасөзінің көпірме жазуларынан мәлім.
Эйзенхауэр бұл мемлекеттер «өздерін басқару формасы еркін белгілей» алмайды-мыс дейтін «қырғый қабақ соғысты» уағыздаушылардың ойдан шығарылған, тоғызы жеткен өтіріктерін жұрт алдында қайталап айтуды мүмкін деп тапты және халықтық демократия елдерінде орнап отырған мемлекеттік және қоғамдық құрылысты өзгертуге АҚШ-тың бұдан былай да күш салуға ниеттеніп отырғанын айтқын аңғартты, ал оның бер жағында, тегі, мұндай әрекеттерден түк шықпайтындығын өмірдің тәжірибесі мейлінше көз жеткізе көрсетіп берген сияқты.
Әлбетте, европалық халықтық демократия елдері халықтарының, капиталистік тәртіптерді тіпті бұдан он жылдан оса уақыт бұрын құртып, мемлекеттік құрылыстың өзіндік формасын өздері еркін белгілеп алдындағы президент Эйзенхауэрге де, сондай-ақ фактілерге тайсалмай тура қарай алатындардың бәріне де жақсы мәлім. Бұл елдердің халықтары социалистік негіздерде жаңа тұрмыс орнатуда. Халықтық демократия елдерінің өзара қатынастары және олардың Совет Одағымен, Қытай Халық Республикасымен, сол сияқты капиталистік дүниенің көптеген елдермен де қатынастары теңдік және суверенді праволарды өзара құрметтеу негіздерінде құрылып отыр.
Халықтық демократия елдерінің мемлкеттік және қоғамдық құрылысының Құрама Штаттарға басшылық етіп отырғандарға ұнауы немесе ұнамауы мүмкін, сол сияқты АҚШ-тың құрылысы да социалистік лагердің халықтарына ұнауы немесе ұнаумауы мүмкін. Бірақ, Эйзенхауэрдің өзі де әділ ескерткеніндей, бұл тақырыптағы декларацияларда «арандатудан аулақ болу керек», ең болмағанда, нақты, фактілер тұрғысынан қарайтын болу керек.
Ал фактілер нені көрсетіп отыр?
Халықтық демокрария елдерінде орнап отырған тәртіптердің түбірлі айырмашылықтары-доллармен күнелтіп отырған, АҚШ монополияларына табынған кіріптарлық тәуелділіктің торларымен шырмалған елдерді тәртіптерден түбірлі айырмашылықтары бар.
Халықтық демократия елдерінде өндіріс құрал жабдықтарына қоғамдық меншік үзілді кесілді үстем болып отыр. Бұларда адамды адамның қанаушылығы жоқ, ал қоғамдық өндіріс барлық адамдардың өсіп отыған материалдық және мәдени тілектерін барынша толық қанаттандыру міндетіне бағындырылған. Бұларда үкімет билігіне іс жүзінде халықтар ие болып, олар өздері еркін сайлаған, барлық еңбекшілердің түбірлі мүдделерін білдіріп отырған өз үкіметтерінің төңірегіне тығыз топтасып отыр. Бұл елдердегі құрылысты, мысалы, Гватемалада пайдаланылғанындай тәсілдерді қолдану арқылы ешкім де өзгерте алмайды. Бұл елдерде сайлау өткізуге тәуелді елдердегідей араласуға болмайды. Бұл елдерге қайсы бір елдермен сауда жасауына сырттан тиым салуды тықпалауға болмайды, тағысын тағылар. Халықтық демократия елдері өздерінің ішкі істеріне араласуға тырысқан империалистік күштердің қол сұғу әрекеттеріне талай рет лайықты тойтарыс берген болатын.
Міне сондықтан да халықтық демократия елдерінде өмір сүрген отырған құрылыс АҚШ-тағы кейбіреулерге соншылықты ұнамайды. Міне сондықтан да Польшаға, Чехословакияға, Венгрияға, Румыняға, Болгарияға, Албанияға, Герман Демократиялық Республикасына қарсы, сол сияқты Совет Одағы мен Қытай Халық Республикасына да қарсы «қырғый қабақ соғыс» жүргізуге миллиондаған доллар қаржы жұмсалып отыр. Эйзенхауэрдың баспасөз конференциясында сөз сөйлеуінен небәрі екі-ақ күн бұрын үкіметтің атқару органдарын қайта ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Гувердің комиссиясы баяндама жариялап, бұл баяндамада АҚШ тыңшылық органдарының бейбітшіл елдерге қарсы бағытталған шпиондық әрекеттерін барынша күшейтуді талап етті. «Басты мақсат,-делінген бұл баяндама,- біздің басты обьектіміз болып табылатын елдерде-Россия мен оның сателлиттерінде, сонымен қатар коммунистіік Қытайда тыңшылық мәліметтер жинауға көбірек баса көңіл бөлуде болуға тиіс».
Халықтық демократия елдерінің ішкі істеріне араласуға тырысып, АҚШ сонымен бірге Венгрияны, Румынияны, Болгарияны, Албанияны Біріккен Ұлттар Ұйымына енгізуге барлық шаралармен кедергі келтіруде, ал оның бер жағында бұл елдер, американ өкілдері «демократияның» үлгісі деп дәріптеп отырған кейбір қолжаулық тәртіптерге қарама – қарсы, өздерінің сыртқы және ішкі саясатында БҰҰ Уставының ұлы принциптерін бұлжытпастан басшылыққа алып келеді.
Эйзенхауэр мұны мейлі тілесін,мейлі тілемесін бірақ оның халықтық-демократиялық елдер жайында мәлімдемесі осы мемлекеттердің ішкі істеріне сырттан араласуды көздеген бағытты көтермеленгендік болып отыр. Бұл мәлімдеме оның «қырғый қабақ соғыстан» бастарту және «арандату әдістерін емес, қайта бейбіт әдістер қолдану» жөніндегі әділетті және бағалы ұсынысына қайшы келіп отыр.
Халықаралық қатынастардың қазіргі кезеңінде халықтардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделері үшін халықаралық шиеленісті бәсеңдетуге және мемлекеттер арасында қажетті сенім тудыруға елеулі жағдайлар бар. Бұл жағдайдардың пайдаланылуын және адамзаттың «қырғый қабақ соғыстың» үрейлерінен құтқарылуын халықтардың ожданы талап етіп отыр. Осы ізгі мақсаттарғаи жету үшін мемлекеттер мен олардың басшылары қолданып отырған шаралардың бәрін халықтар ұдайы қызу қолдауда. Ал, мұның керісінше, өзінің мүлдем негізсіз екендігін көрсеткен «күш көрсету тұрғысындағы» саясат пен «қырғый қабақ соғыс» саясатын онан әрі жүргізе беру үшін жасалып отырған әрекеттердің бәріне халықтар батыл қарсы шығуда.
Халықтардың бейбітшілік ісін қорғап, нығайтуға берік бел байлаған жігері қазір бұрынғы қай кездегіден басқа да анағұрлым күшті, міне мұны ұмытпау керек.
(«Правда», 2 шілде).