Назад

Цифрлы күйге алмастырған: Қайырбек Ерқанат

Сүтті мол сауу үшін

Аудандарда сүт сауудың барысы туралы мәлімет

Сүт сауудың барысы бірқатар аудандарда нашар болып отыр.Тіпті малдың жазғы жайылымға шығарылып өрісте семірген июнь айы ішінде сыйырлардың сүттілігі төмен болуда.Мәселен, Большенарым ауданы әрбір сыйырдан 90 литр, Зырян ауданы 76 литр сүтті кем алды. Мұндай кемшілік Марқакөл, Күршім, Бұхтырма, Лениногор және басқа аудандарда орын алып отыр. Тарбағатай және Зайсан ауданының колхоздарында сыйырлардың сүттілігі өткен жылғыданда төмен.

Мұның себебі жергілікті партия, совет ұйымдары мал өнімін мол дайындау ісіне жеткілікті көңіл бөлмейтіндігі, бақылау жасамайтындығы.Көптеген колхоздарда, товарлы сүт фермаларында сыйырларды жаю, қолда көкшөппен қосымша азықтандыру ісі зоотехниалық ережелерге сай ұйымдастырылмаған. Әлі күнге дейін Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл, Катонқарағай аудандарында сыйырларды емізбей сауу, тәулік бойы лагерьлеп жайып, күніне реттен сауу толығынан жүзеге асырылмай келеді. Мал мамандары, әсіресе зоотехниктер фермаларда сирек болады. Сауыншылар мен Бақташыларға сыйырдан иол сүт алудың жолдарын үйретпейді. Қарасу, Зайсан, Боран және Алтай МТС терінің дирекциялары зоотехниктердің шешуші роль атқаруын қамтамасыз етпеді. Олардың жұмысына бақылау жасамады.

Қазір сүт дайындаудың нағыз шешуші кезеңі. Өрісте жаю, қолда көк шөппен қосымша азықтандыру жұмыстарын тілекке сай ұйымдастыра отырып, сыйырлардан сүтті мол саууға барлық жағдайлар бар. Аудандық партия комитеттері мен Совет атқару комитеттері, МСТ тер мен колхоздарға басшылықты жақсартып, істе орын алған кемшілікті жедел жойып, сүт сауу тапсырмасының әрбір шаруашылық бойынша мүлтісіз орвындалуын қамтамазсыз етулері керек.

Екі аудан жарысы

Өзара социалистік жарысқа қосылған Киров және Предгорный аудандарының еңбешілері СОКП Орталық комитеті январь Пленумының “Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру туралы ” қаулысын жүзеге асыру жолында қажырлы күрес жүргізуде.Бұл аудандарда сауын сыйырлардың сүттілігі өткен жылғыдан едәуір артты.

Төменде жарысушы осы екі ауданның әр қайсында ауылшаруашылық жылының тоғыз айы ішінде және июнь айы ішінде және июнь айында әрбір сыйырдан сауылған сүттің мөлшері, мемлекетке сүт тапсырудың барысы, осы көрсеткіштердің жеке колхоздар бойынша қалай орындалып отырғандығы және озат сауынылардың еңбек көсеткіштері беріліп отыр. Ауылшаруашылқ жылының аяқталуына үш ай мерзім қалды.Міндет бұдан былайғы уақыт ішінде сүт сауу жөніндегі міндетеменің абыройымен орындалуын қамтамасыз ету.

Шөп шабу қарқыны баяу

Зырян ауданының колхоздарында шөп шабу басталғанына бірқатар уақыт болды. Бірәқ орындалған іс шамалы. Бұл мерзімде пішен жыйнау тапсырмасының 18,6 проценті қана орындалды. Шөп шабу мен пішен жыйнаудың арасында өрескел алшақтық орын алды. 3 мың гектар дан астам шабылған шөп маяға салынбай дестерде жатыр

Мұның себебі бар күш мүмкіншіліктің жемшөптің берік қорын жасау күресіне жұмылдырылмауы болып отыр.Ол ол ма, көптеген колхоздар мен МТС тер аса маңызды бұл жұмысқа әзірлікті де аяқтамаған. Мәселен, Чапаев және Соловьев МТС терінде күні бүгінге дейін шөп шабатын жеті агрегат жөндеуден өткізілмей мастерстойкада тұр. Мұның үстіне жұмысқа қосылған техника өнімді пайдаланылмайды. Агрегаттардың жүгенінен тұрғаны көп.Колхоз басқармалары шөп шабатын машиналарды толық қуатына пайдаланылуы үшін қажетті жағдайларды жасамағагн.”Путь к коммунизму ” колхозына бөлінген шөп шабатын трактор агрегаты үш күн бос тұрды. Себебі колхоз преседателі Юзников жолдас агрегатты тіркеуші машинистермен мерзімінде толықтырмады. Бұл артельде небәрі 150 гектар ғана шабындықтың шөбі шабылды. Оның 100 гектарынан астамы маяға салынбай құнарлығын жойып, дестерде сарғайып жатыр.

Молотов атындағы және Ворошилов атындағы колхоздарда өзен жағаларының шөбі бітік өскен жүздеген гектар шабындықтар бар. Бұл участоктердің шөбін ат шөп машиналарымен жинау керек. Шаруашылықтарда 10 - 12 ден астам ат шөп машиналары бар. Бірәқ бұлар түгел жұмысқа қосылмай отыр. Небәрі 3 – 4 ат шөп машиналары ғана істейді. Олар өнімді пайлаанылмайды. Соның салдарынан бұл шаруашылықтарда шөп шабудың қарқыны өте баяу. Колхоз преседательдері Сулима Грузинский мен Мякушин жолдастар МТС терге сеніп, қолда бар мүм кіншіліктерді толық пайдаланбай отыр.

Быйыл машинамен шабуға келмейтін ойлы шұңқырлы, томарлы жерлерде шөп қалың өсті. Сондықтан мұндай шабындықтарды қол шалғымен шабу керек. Алай да, ауылшарушылық артельдерінің көбінде бұл жұмыс ұйымдастырылмай отыр. Әрбір колхозда қол шалғымен шөп шабуға 5 – 10 адамнан ғана бөлінген.

Быйыл машинамен шабуға келмейтін ойлы шұңқырлы, томарлы жерлерде шөп қалың өсті. Сондықтан мұндай шабындықтарды қол шалғымен шабу керек. Алай да, ауылшарушылық артельдерінің көбінде бұл жұмыс ұйымдастырылмай отыр. Әрбір колхозда қол шалғымен шөп шабуға 5 – 10 адамнан ғана бөлінген.

Аудандық тұтынушылар одағының пішеншілерді қамтуда жайбарақаттық пен жауапсыздыққа жол беріп отырғандығын атап айту керек. Тұтынушылар одағының преседателі Рыбалов жолдас шөп шабуда жүрген колхозшылар мен механизаторларды көшпелі саудамен қамтуды әлі ұйымдастырған жоқ. Сол сыяқты колхоздағы магазиндер мен сауда дүкендерінде қол шалғы, темір айыр табылмайды. Ал бұлар тұтынушылар одағының аудандағы базында үйіліп жатыр. Оларды жергілікті жерлерге дереу жеткізуге ешкім көңіл бөлмеген.

Мал шаруашылығын өркендетіп, оның өнімін арттыру негізінен жемшөптің берік қорын жасауға тікелей байланысты. Зырян ауданының колхоздарында мал азығын дайындау жоспарын егін орағы басталғанға дейін толық орындап шығуға мүмкіншілік жеткілікті. ҚКП аудандық комитеті Совет атқвру комитеті МТС, колхоз басшыларына талапты күшейте отырып, жемшөп дайындаудың қарқынын еселеп арттыруға міндетті.

Әрбір кәсіпорын бірқалыпты жұмыс істеуге міндетті

Мемлекеттік жоспарды барлық көсеткіштер бойынша толық және асыра орындау әрбір кәсіпорынның бірқалыпты жұмыс істеуіне байланысты. Оны озат кәсіпорындардың тәжірибелері көсетіп жүр. Партия мен үкмет әрбір кәсіпорынның біқалыпты жұмыс істеуін талап етеді. Өнеркәсіп қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесіне қатысушылардың Үндеуінде бұл мәселеге ерекше назар аударылды. Үндеумен жігерленген бүкіл өнеркәсіптің қызметкерлері бесінші бесжылдықты табысты аяқтау жолындағы социалистік жарысты өрістете түсуде.

Березовка руда басқармасының жұмысшылары мен инжинер техник қызметкерлері және қызметшілері бүкілхалықтық игі іске өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді.Олар өткен жылды табысты аяқтап, үстіміздегі жылдың және бесінші бесжылдықтың мемлекеттік жоспарларын мерзімінен бұрын орындауды қамтамасыз ету жөнінде өздеріне көтеріңкі міндеттеме қабылдаған болатын.Руда басқармасы коллективінің өндірістің барлық ішкі резервтері мен мүмкіншіліктерін бірқалыпты жұмыс істеуге жұмылдыруы нәтижелі болуда. Руда басқармасы бірінші жылдықтың жоспарын руда өндіру және оны ұқсату жөнінді мерзімінен бұрын орындады.

Руда өндірудің алты айлық жоспарын күн бұрын орындаған рудниктің кеншілері қол жеткен табысты баянды ету жолында қажарлықпен еңбек етуде. Урбановский, Ярославцев, Петров жолдастар басқаратын участоктердің кеншілері руда өндірудің жоспарыцн ай сайын асыра орындап, бүкіл рудник коллективінің табысты болуына тамаша үлес қосып келеді. Участок кеншілерінің бірқалыпты жұмыс істеуіне жан жақты жағдай жасалған. Олар қажетті тау кен механизмдерімен, құрал саймандармен, жұмыстың кең көлемімен толық қамтамасыз етіліп отыр.

Еңбек өнімділігін арттыру кәсіпорынның бірқалыпты жұмыс істеуінің жемісті нәтижесі болып табылады. Еңбек өнімділігінің табысқа жетуде шешуші роль атқаратындығы руда басқармасының кеншілері мен байытушылары жақсы біледі. Үстіміздегі жылдың бес айында коллективтің еңбек өнімділігі 105 процент болды. Кеншілер мен байытушылар арасында үнемшілдік тәртібін қатаң сақтау күресі де кең өріс алуда. Үстіміздегі жылдың бес айында өнімнің өзіндік құнын кеміту жолымен біржарым миллион сомға жуық қаржыға үнем жасалды.

Руда басқармасының бірқалыпты жұмыс істеуіне жүзеге асырылған ұйымдастыру техникалық шаралар әсерлі ықпал етті. Руда өндірудің қарқынын арттыру забойларды шапшаң дайындап, іске қосуға, руданың запас қорының мол болуына байланысты. Бұл жағдайды еске алып, үстіміздегі жылғы тау кен дайындық жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Проходка жұмыстарын қарқынды жүргізудің нәтижесінде рудник кеншілері руданың запас қорын мол дайындау дәрежесіне жетті. Ай сайын өндірістің жаңа қуаттары іске қосылуда. Рудниктің инжинер техник қызметкерлері жер астында қолданылатын тіреу қою және тағы басқа материалды тасмалдаудың жолын қысқартуда творчествалық белсенділік көрсетті. Мұның өзі кәзір материалдың үздіксіз жеткізілуіне мүмкіншілік тудырады.

Руда басқармасының цехтарында еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруда бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде өндірілген руданы жыйнау және оны механикаландыру 90 проценке дейін жетті. Байыту фабрикаласында бірқатар өндірістік процесті автоматтандыру енгізілді.

Руда өндірудің анағұрлым жетілдірілген әдісі кең қолданылуда. Кәзір руданың тең жартысынан көбі жоғары өнімді әдіспен өндірілуде. Руда өндірудің озат әдісін өндіріске енгізу 1954 жылымен салыстырғанда кәзір 48 процент артып отыр.

Цехтарда еңбек ұйымдастыру және өндірістік тәртіпті нығайту барған сайын жақсара түсуде. Руданы откаткалау орындарына өндіріс мәдениетін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Люк шаруашылығы және кеншілерді құрал саймандармен қамтамасыз ету тәртіпке келтірілді. Мұның өзі кеншілердің жұмысты кең көлемде жүргізіп, уақытты тиімді пайдалануына мүмкіншілік жасап отыр. Руда басқармасында норма орындамаушылардың саны өткенжылмен салыстырғанда 45 процент азайтылды.

Өндіріс озаттарының еңбек әдістерін енгізуге үлкен назар аударылуда. Таңдаулы бұрғышылар Щуплов, Аюбов жолдастардың терең скважинді бұрғылаудағы еңбек әдістері көптеген кеншілердің игілігіне айналдырды. Бұрғышылар Кожевников, Астафьев, Кобыляцкий өздерінің көмекшілерімен бірге қажырлы еңбек етіп, әрқайсысы 2 – 3 перфораторды бір мезгілде қолдану арқылы терең скважиндерді ойдағыдай бұрғылауды шебер меңгерді.

Еңбек ұйымдастыруды жақсарту және озаттардың әдістерін өндіріске енгізу тапсырманы асыра орындаушылар санының көбеюіне әсерлі ықпал етті. Бұрғышылар Александров, Багайцев, Корбан жолдастар бұрғылау жұмысын қарқынды жүргізіп, коллектив арасында үлкен абройға ие болды. Осипов, Абдрахманов, Шин жолдастар басқаратын комплексті бригадалар жарты жылдық жопарды 120 –150 процентке дейін орындады.

Қол жеткен табыс бүкіл руда басқармасы коллективінің бірқалыпты жұмысының және қажырлы еңбегінің тамаша нәтижесі болып табылады. Алайда, кәсіпорынның жұмыснда әлі де болса елеулі кемшілктер орын алуда. Пайдаланылмай жатқан өндірістің ішкі резервтері де жоқ емес. Жұмыс уақытын тиімді пайдаланылмау фактілері де кездеседі. Еңбек тәртібін батыл күрес ұйымдастырылмай келеді.

Руда басқармасын қамтыйтын “Алтай шахстрой “ басқармасының жұмысықанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Проходшылардың еңбек өнімділігі төмен болып жүр. Шахта құрылысшылары өндіріс қуаттарын пайдалануға беру мерзмін ұзаққа созуда. Бқл мәселеге шахта құрылыс басқармасының басшылары үлкен назар аударып , орын алып оотырған кемшіліктерді шұғыл жоюға міндетті.

Кәзір руда басқармасының басшылары, партия ұйымы бірінші жартыжылдықта орын алған кемшіліктерді батыл жоюдың шараларын жүзеге асыра бастады. Кеншілер мен байытушылардың назарын қолда бар өндірістің ішкі резервтерін тиімді пайдаланып, бесінші бесжылдықтың жоспарын мерзімінен бұрын орындауға бағытталып отыр. Бірқалыпты жұмыс табысқа жетудің шарты.

Х. МҰХТАРОВ Березовка руда басқармасының директоры.

АПТАЛЫҚ-ТӘУЛІКТІ ГРАФИКТІ МҮЛТІКСІЗ ОРЫНДАИЫҚ

Құрылыс - монтаж жұмыстарын ұйымдастыруды апталық - тәуліктік гргафик бойынша жүргізу құрылысты басқарудың және бақылаудың бірден - бір сыналған әдісі болып табылады. График бойынша жұмысты ұйымдастыру құрылысты жоспарлы жүргізуге, материалды дұрыс бөлуге, механизмдерді тиімді пайдалануға, сөйтіп құрылысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді.

Бір кезде тресте апталық - тәуліктік жоспарлау болмаған еді. Мұның өзі құрылыс жұмысын дұрыс жүргізуі және оған оперативті басшылық жасауды анағұрлым қыйындатты, құрылыс басшыларының ұйымдастырушылық ролін арттыруға жеткілікті мүмкіндік бермеді. Олар өндірісті ұйымдастырушының ролін атқарудың орнына, уақыттың көбін ұсақ - түйек мәселелермен өткізетін еді.

Оперативті жоспардың болмауы салдарынан трестің өндірістік кәсіпорындары құрылыс обьектілеріне керексіз материалдарды беріп жүрді. Ал ең қажетті материалдар өндірістік кәсіпорында көп уақыт жатып қалатын. Мысалы, трестің бетон - комбинатында бір кезде 1500 текшеметрге дейін құрастырмалы темірбетон өнімдері құрылыс орындарына жеткізілмей, көп уақыт пайдаланусыз жатты. Оның себебі мынада екені кейіннен ашылды. Комбинат құрылыстың заказы бойынша темірбетон өнімдерін көбін өз төтесінен шығарып келеді.Мұұдай жағдай құрылысты қарқынды жүргізуге нұқсан келтірмей қойған жоқ. Бұған төзуге болмады. Трестің басшылығы, партия комитеті құрылыста апталық - тәуліктік жоспарлауды енгізуді қолға алды. Олар инжинер техник қызметкерлердің және озат құрылысшылардың жұмыс істеуді осы тәртіпке көшіру жөніндегі пайдалы пікірлеріне жете мән берді. Апталық - тәуліктік жоспарлау енгізу өзінің артықшылығын көрсетті. Аптаға және тәулікке жасалған график құрылысқа оперативті басшылық етудің негізгі документіне айналды. Графиктің артықшылығы неде? Біріншіден, трестің және оның шарушылықтарының басшылары аптада, тәулікте орындалатын жұмыстың көлемін, пайдаланылатын жұмыс күшін, механизмдерді, материалдарды анық білетін болды. Мұның өзі олардың жұмысқа оперативті басшылық етуін жақсарта түсті.

Екіншіден, ұсақ түйек мәселелер апталық - тәуліктік графикті жүзеге асырумен байланыстырыла жеңіл шешілетін болды. Соның нәтижесінде басшылар тарапынан құрылысты ұйымдастырға, оның сапасына мерзімінде орындалуна бақылау жасауына қажетті уақыттың болуына жағдай тудырды. Трестің өндірістік кәсіпорындары өздерінің жұмысын бұрынғыдан анағұрлым жақсартты. Кәзір ағаш өңдеу жәен бетон раствор комбинаттарының шығарған өнімдері қоймаларда пайдаланусыз жатпайды. Олар өнімді апталық - тәуліктік график негізінде шығарып, материалдардың құрылыс обьектілеріне дер кезінде жеткізілуіне, жұмыстың қарқынды артуына жағдай жасауда.

Егер трест бойынша бұрын құрылыс монтаж жұмыстарының жоспарлы орындалмай келсе, өндіріске апталық - тәуліктік графикті енгізіп, оны жүзеге асыру жұмысты жақсартуға әсерлі ықпал етті. График бойынша жұмыс істеу нәтижесінде трест мемлекеттік жоспарды негізгі көрсеткіштер бойынша айдан айға асыра орындап келеді. Құрылысшылардың еңбек өнімділігі арта түсіп, жұмыстың өзіндік құны едәуір кемітілуде. Графикпен жұмыс істеуді өндіріске енгізгеннен кейін негізгі мамандықтағы жұмысшылардың еңбек өнімділігі 1954 жылы 11 процентке, үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде 144 проценке жетті.

Құрылыс монтаж жұмыстары жоспарының орындалуы соңғы екі жылда 1950 жылмен салыстырғанда 50 процент артып түсті. Коллектив арасында шығынға дол бермеу күресі барған сайын күшейе түсуде. Құрылыс монтаж жұмыстарының өзіндік құнынын кеміту нәтижесінде үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында 3 миллион сомнан артық кіріс жасалды. Автомобиль транспортын және құрылыс машиналарын пайдалану жақсара түсуде. Автотранспортшылар бірінші жартыжылдықта жоспардан тыс 200 мың сомнан аса кіріс енгізілуін қамтамаасыз етті.

Апталық - тәуліктік график бойынша еңбек ұйымдастыру трестің өндірітік кәсіпорындарының жұмысын жақсартуға, олардың шығаратын өнімдерінің өзіндік құнын кемітуге үмкіншілік беруде. Графикпен жұиыс істегенге дейін ағаш өңдеу комбинаты жүз мыңдаған сомның шығынын жасап келді. Кәзір бұл комбинат міне екі жыл бойы бірқалыпты жұмыс істеп, өндірістік жоспарды асыра орындап келеді. Ол сыяқты бетон раствор комбинаты да құрастырмалы темірбетон өндіруді едәуір арттырды. Үстіміздегі жылдың бірінші жартысында 1954 жылдың сол уақытыен салыстырғанда құрастырмалы темірбетон өндіру екі есе дерлік артты.

Көптеген құрылыс участоктерінің басшылары апталық тәулік графикті жасауға баса назар аударды.Олар графикті жасағанда орындайтын жұмыстың кеөлемін, қолда бар резервті толық есепке алды. График аралас ұйымдардың жұмыстарын еске алуымен тығыз байланыстырылады.

Мысалға “Жилгражданстрой” құрылыс участогін алуға болады. Участок басшылары құрылысшылардың ұсыныстарын ескеріп, келесі аптада орындауға жататын жұмыстың көлемін белгілейді және қолда бар материалдарды, механизмдерді қатаң есепке алады. Жұмыс күшін орналастыруға мықтап назар аударылады. Апталық - тәуліктік графикті жасауға участоктің өндірістік бөлімімен бірге прорабтар мен мастерлер кең қатыстырылады. Мұның өзі графикті жан жақты жасауға мүмкіншілік беруде. Сонымен бірге жоспарлауға прорабтар мен мастерлерді қатыстыру олардың міндетті түрде апталық - тәуліктік графикті орындауды қамтамасыз ету жауапкершілігін арттыра түсуде.

Бұл участоктің графиктіті мүлтіксіз жүзеге асыруын мына фактілерден көруге болады. Өскемен қорғасын мырыш комбинаты өткен жылдың декабырь айының алғашқы аптсында “Жилгражданстрой” участогі басшыларынан қысқа мерзімде 440 орындық жатахана және 67 квартирлі бір үй құрылысын тез аяқтауды сұаған еді.Бұл үйлердің құрылысын аяқтау жұмысының көлеі үлкен.Бірәқ құрылыс участогінің коллективі бұған қарамастан бұл үйлердің құрылысын үстіміздегі жылдың бірінші январына дейін аяқтауға серт береген болатын.Бұған байланысты апталық - тәуліктік жұмыс графигі жасалды. Графиктің орындалуына басшылар тарапынан қатаң бақлау қойылды. Құрылысшыларға қажетті материалдар дер кезінде жеткізіліп тұрды. Үй салушылар бригадалары өндірістік тапсырмаларын 130 – 150 процентке дейін орындалды. Бүкіл құрылысшылар коллективінің қажырлы еңбек етуі нәтижесінде комбинат коллективіне арналып салынған үйлер көрсетілген мерзімде, жақсы санамен тапсырды. Мұнда мынаны ескеру керек. Құрылысшыларда асығушылық болған жоқ, олар ұйымшылдықпен бірқалыпты жұмыс істеуді қамтамасыз етті. Олар бір миллион сом құрылыс монтаж жұмыстарының көлемін 20 күнде аброймен аяқтап шықты. Құрылыс участогінің бастығы Иоффе жолдас басқару аппаратының қызметкерлерінің жауапкершілігін арттырып , олардың алдына қатаң талап қойып отырады. Участоктің қызметкерлері жұмыс басында күделікті болып, жоспарың орындалуын ғана емес, сонымен бірге құрылыс обьектілеріне барлық материалдардың, қажетті бұйымдардың жеткізілуінің барысын қатаң тексеріп отырады.

Апталық - тәуліктік графикті өндіріске енгізіп, оның орындалуына бақлаудың жақсаруы, еңбек ұйымдастыруды жетілдіре түсу және күрделі механизмдерді тиімді пайдалану трест бойынша құрылыс монтаж жұмыстарының өткен алты айлық жоспарын асыра орындауға мүмкіншілік тудырды. Құрлысшылар қол жеткен табысты баянды етіп, бесінші бесжылдықты мерзімінене бұрын аяқтау жолындағы жарыс туын жоғары ұстауда.

Алайда, қол жеткен табысты қанағат тұтуға болмайды. Трестің құрылыс участоктерінде әлі де болса барлық күш мүмкіншіліктер тиімді пайдаланылып отырған жоқ. Темірбетон бұйымдарын шығару технологиясын жетілдіруге жеткілікті назар аударылмай келеді. Соның саладры көптеген өнімнің бракқа шығуына әкеліп соғуда. Бетон раствор комбинатының сапалы өнім шығаруына толық мүмкіншілігі бар. Мәселе қолда бар мүмкіншіліктерді өнімнің сапасын жақсартуға пайдалану болв табылады.

Тресте бірқатар құрылыс уяастоктерінің басшылары апталық - тәуліктік жоспарлаудың маңызын жете түсінбей келеді. Олар әлі де болса бұрынғыша жұмыс істеуге әрекеттенуде. Бұған кірпіш заводының бастығы Блесткин жолдас толық мысал бола алады. Завод басшылары графикке мән бермей, оны орындауды қамтамасыз етпей келеді. Бұл заводтың жоспарды айдан айға орындамауы, көп шығын жасауы, жұмысшылардың еңбек өніділігі төмен болуы осының салдарынан деп білу керек. Графикті бағаламаушылық трестің жөндеу механикалық заводында орын алуда.

Соңғы күнге дейін трестің ірі “Культбытстрой ” құрылыс участогінің басшылары апталық - тәуліктік графиктің орындалуын нақтылы ұйымдастырмады. Графиктен ауытқушылыққа жол берілуіне участоктің бастығы Деспотов, бас инжинері Суйцев жолдастардың өздері себепші болып жүрді. Трестің басшылығы тарапынан жасалған қатаң ескертулерден кейін ғана бұл участокте аптлаық тәуліктік графиктің жүзеге асырылуына бақылау қойылды.

Кейбір құрылыс участоктерінің басшылары апталық - тәуліктік графикті жасауға формальді қарайды. Олар графикті қолда бар материалдық техникалық мүмкіндіктермен және жұмыс күші ресурстарымен, жұмыстың көлемімен ұштастыра жасамай келеді. Мұның өзі графиктің және құрылыс монтаж жұмыстары жоспарының орындалмауына әкеліп соғуда. Мысалы, Мартянов жолдас басшылық ететін құрылыс участогінде арнаулы обьектіге бетон өнімдерін қалауды жоспарлау бірнеше аптаға созылды. Мартянов жол бұдан былай сұндай кемшіліктерге жол бермей, графиктің нақтылы жасалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Дәл осындай кемшіліктер “Земстрой” құрылыс басқармасында да орын алуда. Мұнда жоспарланған график жиі бұзылып жүреді. Ол ол ма участоктің бастығы Петров жолдас электр линиясы таяныштары үшін котлавандар қазу жұмысын бірнеше апта бұрын белгіленген болатын. Бірақ құрылыс участогінің коллективі осы күнге дейін бұл жұмысқа іс жүзінде кіріскен жоқ. Бұл кемшіліктердің бәрі апталық - тәуліктік графикті жоспарлаудағы формальдікті, бақылаусыздықты көрсетеді. Бұған төзуге болмайды. Кемшіліктерді батыл жою керек.

Әрбір құрылыс участогі апталық - тәуліктік графикті нақтылы жасап, оның орындалуын сөзсіз қамтамасыз етуге міндетті.

А.ВОРОНОВ “Алтайсвинецстрой” тресі басқарушысының орынбасары.