Цифрлы күйге алмастырған: Ақытұлы Нұрсултан
ССРО Жоғарғы Советі мен Сирия парламенті арасында Сирия парламенті деле делегациясының Совет Одағына келіп-кету мәселесі жөнінде арнаулы хаттар алысылды, бұл хаттардың текстері төменде жарияланып отыр.
Советтік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Советі, парламенттер арасында тікелей байланыстар орнату бейбітшілік ісінің мүдделері үшін халық аралык ынтымақтықтың маңызды құралы бо- лып табылады деп санап және Совет Ода- гы мен Сирия хальқтарының арасында жақсы қатынастарды онан әрі дамытута кемектесуді көздеп, Сирия Республикасы парламентінің делегацйясын Совет Ода- ғында болуға шақыруды өзіне абырой деп санайды.
Біздің шақыруымызды қабыл алғаныңыз жәнс Сіздің дслегацияның ССРО-ға келуіне қолайлы мезгіл жайында хабар- лағаныңыз үшін біз рақмет айтқан болар едік.
Бейбітшіліж мүдделері үшін халықаралық ынтымақтасудьң құралы ретінде барлық парламенттер арасында тікелей қатынастар орнатудың маңыздылығын бағалай отырып, мен Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Советінің Совет Одағына келуте шақырғанын Сирия парламентінің алғыс айтып қабыл алатынын Сізге хабарлауды абырой деп санаймын. Сирия парламентінің делегациясы парламенттің шамамен он алты мүшесінен құрылады және Дамаскіден 1955 жылғы 10 июльде жүріп кетуді көздеп отыр. Егер Сіз мәселенің барлық басқа егжей-тегжёйін жергілікті жердің өзінде шешу үшін өзіңіздің Дамаскідегі дипломатиялық өкілдігіңізге нұсқау берсеңіз, біз Сізғе разы болар едік.
Бейбітшілік мүдделері үшін халықаралық ынтымақтасудың құралы ретінде барлық мемлекеттер арасында тікелей қатынастар орнатудың маңыздылығын бағалай отырып, мен Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Советінің Совет Одағына келуге шақырғанын Сирия парламетінің алғыс айтып қабыл алатынын Сізге хабарлауды абырой деп санаймын.
Сирия парламетінің делегациясы парламенттің шамамен он алты мүшесінен құрылады және Дамаскіден 1955 жылғы 10 июьлде жүріп кетуді көздеп отыр. Егер сіз мәселенің барлық басқа егжей-тегжейін жергілікті жердің өзінде шешу үшін өзіңіздің Дамаскідегі дипломатиялық өкілдігіңізге нұсқау берсңіз, біз Сізге разы болар едік.
ВЕНА, 28 июнь. (ТАСС). Индия Республикасының премьер-министрі Дж. Нерудің Австрияда болуымен байланысты мынадай ресми хабар жарияланды: Кеше Индия Республикасының премьер- министрі Джавахарлал Неру канцлер Раабта болды. Бұл кездесуге вице-канцлер Шерф, сыртқы істер министрі Фигль және статс-секретарь Крейский қатысты. Нерудің қасына Индия Республикасы сыртқы істер министрлігінің бас секретары Н. Р. Циллаи, Индия Республикасының сыртқы істер министрлігі европалық бөлімінің меңгерушісі А. Хуссейн, Индияның ССРО-дағы жэне Польшадағы елшісі және Венгриядағы кіші елшісі К. П. Ш. Менон, Индияның Австриядағы кіші елшісі Мохан Синг Мехта бірге еріп келді.
Әңгіме кезінде халықаралық жағдай егжей-тегжейлі талқыланды. Соның өзінде Австрияның мемлекеттік договор жасалғаннан кейінгі жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Мұның үстіне, Индия мен Австрия арасында экономикалық қатынастарды күшейту және ұлғайту мүмкіндіктері талқыланды.
НЬЮ-ЙОРК, 28 июнь. (ТАСС). Сан- Франциокода. болған БҰҮ-ның мерекелі сессиясьнан қайтып келе жатқан ССР0 Министрлер Советі Председателінің Бі- ріжші орынбасары және Сыртқы істер ми- нистрі В. М. Молотов 28 июньде Нью- Йоркке келді.
БЕЛГРАД, 27 июнь. (ТАСС). ТАНЮГ агенттігі былай деп хабарлайды.
Бүгін күндіз Белградта Югославияның, АҚШ-тың, Англияның және Францияның өкілдері жүргізген келіссөздер жайында мынадай ресми мазмұндама жарияланды:
«Июньнің 24-нен 27-не дейін Югославияның сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік секретарының көмекшісі Прицаның, АКШ-тың, Біріккен Корольдіктің және Францияның Белградтағы елшілерінің арасында жалпы халықаралық жағдай туралы және өзара тікелей мүдделі мәселелер жөнінде келііссездер жүргізілді.
Бұл келіссөздер үш батыс державаcының үкметтері мен Югославия үкметі өкіл дерінің арасында жеке немесе коллективті түрде жүргізілген бірқатар консультация ларда онан әрі жасалған қадам болды.
Шын пейілділік және өзара сенушілік жағдайында өткен пікірлер алысу келіс- сөздерде талқыланған әртүрлі халықаралық мәселелерге төрт держава үкметтерінің көзқарасында олардың арасында кең дәрежелі келісушілік бар екендігін дәлелдеп берді. Соңғы уақытта болған қолайлы халықаралық оқыйғаларға байланысты бүл келіссөздердің айрыкша маңызы болып отыр. Төрт державаның үкметтері шешілмеген проблемалар Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставына сәйкес барлық елдердің тэуелсіздігі, теңдігі, өзін өзі қорғауы және коллективтік хауіпсіздігі праволарын толық құрметтеуге және тануға негіздел ген бейбіт құралдармен және келіссездер жүргізу жолымен реттелтін болсын деп келісті.
Төрт державаның үкметтері күшті және тәуелсіз Югославияның болуы және олардың арасында толық теңдік жағдайында онан әрі ынтымақ жасалуы бейбітшілік пен тыныштыққа атсалысатын болады деп берік сенетінін білдіреді. Олар Балкан одағының барльқ салаларында дамып отырған жемісті ынтымақта жер шарының осы бөлігіндегі бейбітшілік пен тыныштық ісіне қосылған маңызды үлес болып табылады деп санайды.
Олар пікірлер алысудың бүл әдісі өздерінің арасында бұдан анағұрлым жақсырақ түсінісу ісіне көмектесе алады, соны мен бірге жалпы халықаралық жағдайды онан әрі жаксартуға және бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілік ісіне де көмектесе алады деп санайды. Олар өздерінің арасында сонғы жылдарда осыншалық көптеиен салаларда орнаған жақсы қатынастар сақталып, онан әрі дамытылады деп сенеді».
ГААГА, 28 июнь. (ТАСС). Голландия баспасөзінің хабарларына қарағанда, Солтүстік-атлантикалық одаққа қатысушы елдердің соғыс-әуе манерлері кезінде 7 самолет, соның ішінде Голландияның бір самолеті қыйраған. Авиация апаттарының салдарынан бірнеше адам өлген және жараланған.
ХЕЛЬСИНКИ, 27 июнь. (ТАСС-тың ар- наулы тілшісі). Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясының бүгінгі мәжілісі Франциялық Жалпы еңбек конфедерациясының бас секретары Ален Ле Леаптың председательдік етуімен ашылды, ол Исландияның медициналық сестралары ұлттық ассоциациясының өкілі Торвальдсонханымға сөз берді.
Торвальдссон былай деп атап көрсетті: соңғы жылдардың ішінде Совет Одағы мен Исландияның халықтары сауда және мәдениет саласындағы байланыстар нәтижесінде бір-бірін неғұрлым жақсырақ танысып білді. Бұл танысу өзара байланыстар арқасында мүмікін болды.
Бельгиялық профессор Эдгар Андрэ былай деп көрсетті: екі дүркін қантөгіс соғыстың аренасы болған Бельгияның халқы бейбітшілікке ұмтылып отыр. Соғыс шығындары халыққа аса зор ауыртпалық түсіруде. Міне сондьқтан да 180 мың бұрынғы әскери қызметшілер өздерінің ұлттық конференциясында Гермаияны қаруландыруға қарсы шығып, атом қаруына тыйым салуды жақтады.
Ассамблеядағы қытай делегациясының басшысы Мао Дунь қытай халқының бейбітшілік жолындағы, халықаралық ынтымақты нығайту жолындағы күресіне, Қытай Халық Республикасының экономикасы мен мәдениетінің өркендеп отырғанына тоқталды.
Прага университетінің теология профессоры Громадка бұл Ассамблея бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысына қосылуға тиіс.
ХЕЛЬСИНКИ, 28 июнь. (ТАСС-тың арнаулы тілшісі). Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясының кеше күндізгі мәжлісінде болған жарыссөзде француз профессоры Лаверньнен кейін Иорданияның өкілі Ибрагим Хабашне сөз сөйледі.
Байқаушы ретінде қатысып отырған итальян профессоры Антоничелли өзінің ешқандай партияға қатысы жоқ екенін және өткен уақытта өзінің қарсыласу қозғалысына қатысқанын мәлімдеді. Бейбітшілік жолында күресу үшін, деді Антоничелли, антифашистік күрес кезіндеде отанды және бостандықты қорғау үшін барлық патриоттар қандай біріккен болса, саяси сенімдердің қандай екеніне қарамас- тан, дәл сондай болып бірігу қажет. Бейбітшілік жолындағы күрес, деп атап көрсетті Антоничелли, фашизмге қарсы күрестің жалғасы болып табылады.
Француз социалистік партиясының мүшесі, Коррез департаменті бас советінің председателі Руби былай деп мәлімдеді; социалистік партия басшылығының бейбітшілік жолындағы қозғалысқа қыйқарлықпен қарап отырғанына қарамастан, қатардағы социалістердің көпшілігі бейбітшілікті өздері үшін ардақты іс деп санауда.
Дьердь Лукач (Венгрия) басқа елдердің ішкі істеріне араласудың АҚШ жүргізіп отырған саясатын айыптады.
ХЕЛЬСИНКИ, 27 июнь. (ТАСС). Бүгін кешті Хельсинкіде бейбітшілікті қорғауға Финляндия комитеті ұйымдастырған халықтық митинг болды.
Митингте совет жазушысы Фадеев, Индия профессоры Косамби, француз жазушысы Веркор және бейбітшілікті жақтаушылардың Бүкіл дүниежүзілік қозғалысының басқа да қайраткерлері сөз сөйледі.
ХЕЛЬСИНКИ, 28 июнь.(ТАСС). Кеше кеште Хельсинкиде, Хеспериа паркінде Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясымен байланысты Финляндияның бейбітшілік жақтаушылары ұйымдастырған митинг болды.
10 мыңнан аса адам қатысқан митингте Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Советінің мүшесі, "Халықтар арасындағы нығайтқаны үшін" халықаралық Сталиндік сыйлықтың лауреаты, профессор Феликс Йверсен ашты. Қазіргі уақыттағы ең маңызды міндеттердің бірі, деп көрсетті, атом қаруына тыйым салуға және халықаралық проблемаларды шешуге жету міндеті болып табылады.
Сіз Бомбей университетінің профессоры Косамбиге берілді, ол Индия халқының атынан фин халқына сәлем тапсырды. Ол фин халқының бейбітшілік жолындағы күресіне қатты сүйсінетінін білдіріп, Финляндия мен Индия халықтарын бейбітшілікке ұмтылған талап біріктіріп отыр деді. Косамби бейбітшілік жолында күресу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.
Бұдан кейін халық өкілдері Бүкілқытайлық жыйналыстың Тұрақты комитеті председателінің орынбасары Чэнь Шутун сөз сөйледі. Ол Ассамблеядағы Қытай делегациясының және 600 миллион Қытай халқының атынан бейбітшіл фин халқын құттықтап, былай деп мәлімдеді: Финляндия мен Қытай бір-бірінен алыста тұрса да, дегенмен "бейбітшілік жолындағы күрес" жалпыға бірдей күрес болып табылады жэие біздің жүректеріміз бірге соғып отыр.
Чэнь Шу-тун жыйналғандардың қызу қолшапалақтауы үстінде бейбіт қатар өміп сүру құрметіне, бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілік құрметіне ұрандар айтты.
Француз жазушысы Веркор өзінің сөзінде былай деді: “Бейбітшіліктің тағдыры біздерге, біздің еркімізге, ізгі ниетті барлық адамдардың мызғымас берік күш жігеріне байланысты”.
Жыйналғандар совет жазушысы А.Фадевтің сөз сөйлеуін жылы шыраймен қарсы алды, оның сөзіне сан рет қолшапалақтады.
Біз, 80 елдің өкілдері, деді ол, осында бетбұрыс кезеңде жыйналып отырмыз. Европада қаруландырып жатқан Батыс Германия түрінде соғыстың жаңа ошағы тудырылуда. Атом және сутегі қаруы қолданылатын жойқын соғыстың қаһарлы хаупі бүкіл дүние жүзінің үстіне төніп отыр.
Бірақ бірқтар бейбітшіл үкіметтердің бейбіт инициативасы, бұлардың арасында мен өз елімнің үкметін де мақтаныш сезіммен атап айта аламын, сонымен бірге әртүрлі ұлттардың әлденеше жүздеген миллион адамдардың бейбітшілік жолындағы күресінде қол жеткен белгілі табыстар халықаралық дауларды келіссөздер жүргізу жолымен шешудің мүмкін екендігі жөнінде халықтардың жүрегінде тағы да үміт тудырды.
Қазіргі уақытта бұл үмітткр әсіресе төрт ұлы державаның үкмет басшыларының алдағы кездесуімен байланысты болып отыр.
Олардың қандай мәселелр жөнінде айта алатынына және айтуға тиіс екеніне сөз салуға правомыз жоқ.Бірақ барлық ұлттардың әлденеше жүздеген миллион адамдары былай деп айтуға сөзсіз міндеті және праволы.Біз өз балаларымыздың бесіктері үстіне барлық соғыстардың ішіндегі ең қатал соғыстың төнетін болуын тілеймізБіз сіздердің келісулеріңізді тілейміз, біз мұны талап етеміз. Сіздердің істеріңізді жүздеген миллион көздер қадағалайтын болады. Ал егер өздерінің зұлымыдық мақсаттары үшін келіссөздерді сәтсіздікке ұшыратқысы келетіндер табылатын болса, жер бетіндегі барлық халықтар ондайларды айыптайтын болады.
Қымбатты финляндиялық достар Фин халқы өзінің ұстаған бейбітшіл позициясы арқасында кәзір бүкіл дүние жүзінде өмірдегі бейбіт күш-жігерді сақтауда және нығайтуда аса көрнекті роль атқарып отыр деп, осында мәлімдетуге мен қуаныштымын.
Совет Одағы мен Финляндия халықтары арасында тәуелсіздікті өзара құрметтеу негізінде және теңдік негізінде тату көршілік қатынастар барған сайын анағұрлым қалыптаса түсуде.
Трибунада – Чили депутаттар палатасының председателі Бальтасар Кастро Чили өкілдерінің, деді ол, Хельсинкиге келіп жету үшін ұзақ жолдан, мұхиттардан өтуіне тура келді. Ол бұл жолды бейбітшілік жолы деп атады және “біз тек осы жолмен ғана алға баса аламыз” деді.
Митингтің қорытысында Суданның өкілі Абдулла Диалло сөз сөйледі, ол жыйналғандарды : “Бейбітшілік сіздермен бірге” деген өзінің ұлттық сәлем айтқан сөздерімен құттықтады.Диалло былай деп атап көрсетті:Совет одағының бейбітшіл саясатты қолдағаны жөн болар еді.
Митинг халықтар достығының жіне олардың бейбітшілік ісін барлық күшімен қорғауға берік бел байлаған жігерінің жарқын демонстрациясына айналды.
Редактор Б.ИСАБЕКОВ