Назад

Цифрлы күйге алмастырған: Ташабай Дамир

Шығыс Қазақстан Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысушы

Жуықта Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінің Бас комитеті біздің облысты көрменің 1955 жылғы қатысушы етіп бекітті. Шығыс Қазақстанның еңбекшілері бұл абройлы даңққа астық өндіруду ұлғайтып, өткен жылы барлық егіс көлемінде мол өнім жыйнауды қамтамасыз ету арқылы ие болды. Облыс 1954 жылы партияның тың және тыңайған жерлер игеру тапсырмасын, мемлекетке астық тапсыру және сату жоспарын мерзімінен бұрын асыра орындап шықты. Отанға жоспардан тыс миллиондаған пұт астық берілді. Астық өндіруді арттыру нәтижесінде өткен жылы әрбір бес колхоздың төртеуі миллионер шаруашылыққа айналды.

Озат тәжірибенің бұл университетіне былтыр 600-ден астам озаттарымыз қатысты. Облыстың 119 шаруашылқтары мен озаттары көрмеде өздерінің табыстарын, экспонаттарын көрсетті. Ондаған шығыс қазақстандықтар Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінің кіші алтын және күміс медальдармен наградталды, бағалы сыйлықтар алды.

Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне үстіміздегі жылы Пролетар, Украйн машина-трактор станциялары, Таврия ауданының «Красный пахарь», «Красный октябрь» және Калинин атындағы, Киров ауданының Ленин атындағы, Куйбышев атындағы, Шемонайханың Тельман атындағы, Буденный атындағы, Предгорныйдың «Первое мая», Большенарым ауданынан Сталин атындағы ауылшаруашылық артельдері, Өскемен шошқа совхозы мен Қатоңқарағай бұғы совхозы тағы басқа біренеше шаруашылықтар қатысады. Бұлар астық өндіруде де, сондай ақ мал шаруашылығын өркендетуде де айтарлықтай табыстарға жетті.

Мәселен, Таврия ауданының «Красный пахарь» колхозын алайық. Бұл шаируашылық өткен жылы дәнді дақылдар егісінің барлық көлемінде гектарынан 19,7 центнерден тың және тыңайған жерлерде 24,5 центнерден өнім жыйнады. Артель мемлекетке 85 мың пұт астық тапсырды және сатты. Мал өнімдерін дайындау жоспары оның барлық түрлері бойынша толық және асыра орындалды. Шаруашылықтың ақшадай табысы 1953 жылғы 390 мыңнанбылтыр 2,175 мың сомға жетті

Мұнда быйыл да бірқатар жұмыс жүргізілуде. Жүздеген гектар тың игерілді. Артель аса бағалы дақыл-жүгеріні тұңғыш рет 320 гектар көлемінде шаршы-ұялы әдіс бойынша екті. Кәзір оны күтіп-баптау жұмысы агротехникалық ережелерге сай үлгілі жүргізілуде.

Осындай табысқа Ленин атындағы колхоз (Киров ауданы) ие болды. Мұнда өткен жылы 59 мың центнер астық өндірілді. Шемонайха ауданының Телльман атындағы колхозы бидайдың әрбір гектарынан орта есеппен 19,1 центенрден өнім жыйнайды.

Облыс еңбекшілері ауыл шаруашылығының барлық саласын өркендету жолында социалистік жарысты бұрынғыдан да кең өрістетуде. Астық өндіруді ұлғайтудың қайнар көзі тың және тыңайған жерлерді онан әрі игеру тоқтаусыз жүргізіліп отыр. Өткен жылы 82 мың гектар тың игерген облыс колхоздары быйыл 119 мың гектар тың және тыңайған жерлер көтеруі тиіс. Бұдан 1 июльге дейін 67138 гектар тың жер жыртылды. Бұл өткен жылдың осы мерзімінде игерілген тың жерден он мың гектардан астам артық.

Быйылғы жыл облыс еңбекшілері үшін жүгеріге кең өріс берілген жыл болып есептеллінеді. Астық ресурстарын толықтыру мен қатар қоғамдық мал шаруашылығы үшін аса құнарлы азық болып табылатын бұл бағалы дақыл тек колдхоздардың өзінді ғана 32821 гектар көлемінде егілді. Оның көпшілігі шаршы ұялы әдіспен себілді.

Көрмеге быйыл облыстың мыңнан астам озаттары қатысады. Бұлардың барлығы да егіншілік пен мал шаруашылығының ірі табыстарға ие болған даңқты шеберлері. Шемонайдағы Михайловск совхозының шошқа күтушісі Евдокин Андреевна Воронцовка жолдас еткенәрбір жылы мегежіннен 23 торай өсірді. Ал Бүкілодақтық көрмеге қатысу провасын алу үшін әрбір мегежіннен 22 торай өсіру керек. Воронцовка жолдас быйыл әрбір мегежіннен 25 торай өсіруге міндеттеме алды. Алғашқы ретте өзінің күтуіне бекітілген әрбір мегежіннен 17 торай алып шығынсыз өсіруде. Ол осы табысы үшін көрмеге қатысушы болып бекітілді.

Шемонайха ауданының чапаев атындағы колхозының сауыншысы Василиса Сабодаж Киров ауданы, Ленин атындағы колхоздың сауыншысы Александра Пименева жолдастардың бүкіл облыс еңбекшілеріне әйгілі. Сабадаж жолдас осы колхозда 22 жыл сауынша болып істеген мерзімде 270 бұзау өсірді, 520 мың литр сүт сауды. Ол өткен жылы өзінің бағуына бекітілген 12 сыйырдың әрқайсысынан 2205 литр сүт сауған болатын. Тәжрибелі сауыншының быйылғы табысы бұдан әлде қайда жоғары болатындығын көрсетіп отыр. Сабадаж жолдас 9 ай ішінде әрбір сыйырдан 1731 литр сүт сауды. Од Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысады.

Александра Пименева жолдас озат тәжрибенің мектебіне быйыл да барады. Александра 9 ай ішінде қарамағындағы сыйырлардың әрқайсысынан 1665 литр сүт сауып отыр.

Алайда ауыл шаруашылығында быйылғы орын алып отырған елеулі кемшіліктерді жасыруға болмайды. Әсіресе егінді күтіп-баптауда көп оқылықтар бар. Бірқатар аудандарда егін суару нашар болып отыр. Егіні негізінен суармалы участоктерге орналасқан Күршім, Тарбағатай, Зайсан,Марқакөл және Вольшенарым аудандарында су қорларын тиімді пайдаланбаушылық кездесуде.

Жүгеріні күтіп-баптау ісі кейбір аудандарда ойдағыдай емес. Марқакөл, Күршім, Тарбағатай, Қатонқарағай аудандарында жүгерінің қатараралықтары тіпті бір рет те культивацияланыпбіткен жоқ.

Міндет-бұл кемшіліктерді тезінен жою. Жергілікті партия, совет ұйымдары барлық күш-мүмкіншілікті егінді күтіп баптауды үлгілі ұйымдастырып, мал өнімдерін дайындау тапсырмасын мерзімінде толық орындап шығуға жүмылдырулары керек.

Жемшөп дайындау жұмысындағы Жауапсыздық Ұлан ауданында мал азығын дайындау жөнінде нақты істен бос сөз бен құрғақ уәде көп

Аудандық партия комитетінің бюро мәжлісі. Мұнда Ұлан машина-трактор станциясының директоры Аверко-Антонович жолдастың баяндамасы тыңдалуда. Ол шөп шабу жұмысының алғашқы нәтижелеріне арналған.

Баяндамашының сөзінен және жұмыстың нақтылы жайынан көрінгендей істің барысы тәуір емес. Станция жемшөп дайындауға күнілгері тыңғылықты әзірлене алмады. Шөп шабуға кіріскен алғашқы күндерге дейін тракторға тіркелетін шөп машиналары толық жұмысқа қосылмаған. Өздігінен жүретін 8 шөп машинасының үшеуі әлі жөндеуде тұр. Агрегаттардың көпшілігінде еңбек өнімділігі төмен, шөп шабу мен пішен жыйнаудың арасында төзбестік алшақтыққа жол беріліп отыр. Мұның өзі пішеннің жұғымдылық сапасын тез жоғалтуына, тіпті қурап басқа ысырап болуына әкеліп соғуда.

Шөптің шабылмай, шабылғаны жыйналмай шашылып жатқан жайына сылтау етіп айтуға Аверко-Антонович ешқандай дәлел таба алмайды. Өйткені МТС-тегі14 мая үйгіштің үшеуі ғана жұмыс істейді. Мұның үстіне станцияда 15 шөмеле үйгіш бар, мұның оны жаңадан алынған.

Бюро мәжілісі Аверко-Антоновичжолдастың жемшөп дайындау ісіне басшылығындағы бұл кемшіліктерді атап көрсетіп, оған жағдайды жедел түзетуді міндеттеді. Егер жұмыста шұғыл өзгеріс жасалмаса, қатты шара қолданылатындығы оған ескертілді.

Арада бір жұма уақыт өтті. ҚКП аудандық комитетінің кезекті пленумы шақырылды. Мұнда Аверко-Антонович жолдастың жем шөп дайындауға нашар басшылық етіп отырғандығы тағы да қатты сөз болды. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің түзетілмегендігі айтылды.

Аверко-Антонович Пленум трибунасынан тағы да аұырғы сөзін айтып, уәдесін берді. Алды-артымды жыйнастырып жаңа үлгердім, жұмысым бір беткейге енді келді. Мені енді бес күн байқаңыздар, қорытындысында істің барысы өздеріңіз айтқандай болады, деді ол.

Бұл уәдеден кейін де бес күн емес, онан да көп уақыт өтті. Бірақ директордың сөзі мен ісі бір жерден шықпады. Шөп шабу, пішен жыйнау жұмысы бұрынғысынша қанағаттағансыз болып қалуда. МТС жемшөп дайындаудың күндік, бескүндік графигін орындамайды.

Аверко-Антолновичтің екінші уәдесінің орындалу нәтижесін аудандық партия комитеті тағы да бюро мәжілісінде тыңдауды ұйғарды. Сөзге шебер директор мұнда да құрғақ уәде, бос сөздерді жаңбырша жаудырды.

Қынжынарлық іс сол-Ұлан аудандық партия комитетінің, оның бірінші секретары Сатыбалдин жолдастың жұмыста ешбір өзгерс жасамай, жемшөп дайындауды қасақана бөгеп отырған Аверко-Антонович жолдастың желдіртпе сөзінің жетегінде кетіп, партиялық және мемлекеттік тәртіпті бұзушы бұл директорды қатаң жазалаудың орнына, оның үшінші уәдесін күтумен болғандығы.

Ұлан МТС-інің қамтуындағы колхоздардағы жемшөп дайындау ісінің кәзіргі жайы Аверке-Антоновичтің соңғы уәдесініңде ешқандай нәтижесіз болатындығын көрсетуде. Шөп шабатын, Пішен жыйнайтын агрегаттардың жұмыс өнімділігі төмен. Машиналар жиі бұзылып, бос тұрады. Оларды техникалық қамту ісі жолға қойылмаған. Станция көлемінде шабылған 3033 гектар пішеннің 1497 гектарында ғана мал салынған. Ал 500 гектар шабындықтың шөбі соңғы күндерге дейіндестеленбей қурап кеткен. Ол кәзір желмен ұшып ысырап болуда. МТС аймағындағы колхоздардың қайсысында болсын шөп шабумен пішен жыйнаудың арасында өрескел алшақтықққа жол берілген. Бірақ бұл төзбестік кемшілікті жедел түзетудің шарасын қолдануды ойластырып жүрген Аверко-Антонович жоқ.

Молотов атындағы колхоз-аудалдағы ең малды артель. Бұл шаруашылық шөпті басқалардан анағұрлым көп дайындайды және мұнда жоғары өнімді пішендік те жеткілікті. Амал қанша, зыянды жайбарақаттыққа салынған колхоз басшылары қолда бар күш мүмкіншілікті жемшөп дайындау ісіне толық жұмылдырмай, қымбатты уақытты босқа өткізуде. Бұл артельде үш бескүндікке небәрі 188 тонна шөп дайындалған. Осы жағдайды күнделікті күріп, біле тұра Ұлан аудандық партия комитеті мен Совет атқару комитеті, Сатыбалдин және Левкинжолдастар бұл колхоздардың шаруашылығына әсерлә ықпал ете алмай отыр.

Жемшөп дайындау жұмысының жайы Аблакет МТС-інің қамтуындағы колхоздарда да мәз емес. Куйбышев атындағы ауылшаруашылық артелі шөп шабуға бірінші болып кірісті. Бірақ колхоз председателі Атақанов жлдас бұл жұмыстың алғашқы күннен ойдағыдай жүргізілуін қамтамасыз етпеді, істі бетімен жіберді. .Қамтушы адамдар жеткілікті бөлінбегендіктен артельдегі төрт трактор агрегатының екеуі кебінде бос тұрады. Сондай-ақ ат шөп машиналары түгелдей жумысқа косылмаған. Соңғы бескүндікте бұл колхозда He6әpi 160 гек¬тар шөр шабылды, 200 гектар пішен маяға салынды. Мұның ет жемшөп дайындау ісінде күшті қаркын туғызбаған отырғандьғын керсетеді; Бұған апрельде 15-күннің ішінде небәpi 81 тонна шөп әзірлегендігі дәлел.

Ұлан ауданында коғамдьщ мал шаруашылығын күшті ұарқынмен үркендетудің басты шарты—жеткілікті жемшөп дайындау ісінің жайы өтс ауыр. Бұл ең алдымен аудандық партия комитетімен Совет атқару комитетінің шөп шабуға кіріскен алгашқы күндерден бастап бұл жумыстары опсративтілікпен жанды басшылық жасамағандыктарынан болып отыр. Керек дссе , шөп шабу және пішен жыйнау жумыстары жөніндегi бескүндік тапсырмалар колхоздарға уақытында берілмей, жемшөп да¬йындау басталганнан кейін көп уақыт кешіктіріліп 30 июньде зорға жеткізілді.

Мал азығын дайындау жұмысына ау¬дандық Совет атқару комитеті, оның председателі Левкин және орыпбасары Бояубаев жолдастар жігерлi басшылық етпейді.Бұл жолдастар істі ойдағыдай жүргізудіғ тиімді жағын ойластырмайды, шаруашылыққа басшылықта құргақ әкімшіліккс са¬лынады. Аудандық Совет атқару комитеті колхоздардың қолда бар жемшөп жыйнайтын күштерінің толық іске қосылуын қамтамасыз етпей отыр. Соңгы кундерге дейін ауданда саналатыи 120 ат шөп машинасынан небәрі 40 машина жұмысқа қосылған.

Шөп шабу және пішен жыйнау жұмыстарының күндік, бескүндік тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етудс колхоз председательдері мен МТСдирскторларының жауапкершілік сезімі күшейтілмеген. Бұл жөнінде аудандық партия комитетінің, оның бюросының және 6iрінші секретары Сатыбалдин жолдастың жұмыс cтилінің нашарлығын тура айту ксрек. Аудандық партия комитеті жемшөп дайындаудың бескүндік тапсырмасын орындамай, жұмысты ақсатқан және мемлекеттік тәртіпті бұзып отырғаан басшыларды катаң жауапкершілікке тартпайды, оларға ымырашылдық жасайды. Бұлай болмағанда ¥лан МТС інің директоры Аверко- ' Антонович жолдастың шөп шабуға басшылық жөніндегі баяндамасын аудандық пар¬тия комитетінің үш рет тыңдап, оның уәдесін неше рет алу керектігін ойластырып отырған кәзipгi жағдайын басқаша түсіндіруге болмайды.

Жемшөп дайындау — аса маңызды мемлекеттік, ic. СОКИ Орталық Комитеті ян¬варь Пленумының қаулысын мүлтіксіз орындау негізінен осы, мал азығын әзipлеу жұмысының қаншалықты табысты жүргізілуіне байланысты. Ұлан аудандық партия комитеті мен Совет атқару комитеті мұны мұұыят ескерулері керек. Сатыбал¬дин және Левкин жолдастар жемшөп да¬йындау ісіннде МТС, колхоз басшыларының шексіз уәдесін алуды қойып, олардың мал азығын дайындау. тапсырмасын әp6ip бескүн сайын мүлтіксіз орындауын қамтама¬сыз ету жөніндегі жауапкершілігін күшейтулері керек.

Мал өнімінің молшылығы үшін

Андреев атындағы колхоздығ мүшелері (Больщенарым ауданы) мал өнімдерінің молшылығын жасау жолында қажырлы күрес жүргізіп отыр. Малшылардың социалистік жарысы куннен-күнге кең өpic алуда.

Артельдің Мұхамстжанов жолдас басқарғаан товарлы-сүт Фермасының сауышылары еңбек үлгісін көрсстуде. Мұнда 1954 жылдың 1 октябірінен бері тоғыз ай iшінді әрбір сыйырдан сауылған сүт мөлшері өтксн ауылшаруашылық жылының осы мерзімдегіден 113 литр артты. Ферма бойынша мемлекетке сүт тапсырудың жарты жылдық тапсырмасы 108 процент болып орындалды.

Ферманың сауын сыйырлары ушін шөбi құнарлы, суаты мол жайылымдықтар ipiктелініп алынды. Малды тәулік бойы жаю ұйымдастырылды. Сыйырлар бұзаусыз күніне 3 рет сауылады. Мұның 6әpi сыйырлардың күннен-күнге мол сүт бepyiн қамтамасыз етуде. Соңғы айларда әрбір сыйырдан орта есеппен күніне 10 — 12 литрден сүт сауылуда.

Шопан Аспанбет Рахымжанов жолдас мал шаруашылығында «еңбек еткен жылдарында ұдайы табысты болып келеді. Қазip оның бағыуындағы малдар жазғы жайылымда ойдағыдай семіртілуде. Тәжрибелі шопан быйыл әpбip 100 саулықтан 120 қозы алып, шығынсыз, күйлі өcipуде.

Мұнда қыстың камы кәзірден ойластырылып отыр. Мал қораларын салу, жөндеу жұмыстарын жүргізетін арнаулы 5 құрылыс бригадасы жұмыс істейді. Артель быйыл 3 қой қора, 2 сыйыр қора, 1 бұзау қора, колхоз клубын, электрстанциясын салуды жоспарлаған еді. Бұдан КӘЗІРДІҢ өзінде 1 сыйыр қора, 1 қой қора салыньп бітті. Енді салып жатқан сыйыр қорасының, 1 қой қорасының және колхоз клу¬бының құрылысы жуық арада толық аяқталады. Құрылыс жұмыстарын қарқынды . жүргізгені үшін артельге ҚКП аудандық комитеті мен Совет атқару комитетінің ауыспалы Қызыл туы тапсырылды.

Осы жұмыста істейтін колхозшылар Ташимов, Ауғанбаев, Букашева жолдастар күндік нормаларын 100—120 процентпен орындауда.

Зайсан ауданы, Абай атындағы колхоздың сауыншысы Есбосынова Дәкетай жеті кластың білімi бар, еңбек сүйгіш жас. Ол колхоздың мал фермасында оқыған жастардың жетіспейтіндігін ескеріп, сауыншылық мамандығын қалап алды. Бұл —жауапты, әpi құрметті іс. Өз жумысына осы тұрғыдан қараған талантты жас үш жылдан беpi сүт саууда жоғары көрсеткіштерге жетіп келеді. Қазip онығ карауындағы 15 сыйырдың күтімі жақсы, бұзаулары күйлі.

Оның еңбекте осылайша табыстарға жетуіне озат тәжірибелерді жалықпай үйреніп отыруы кеп әсер етті. Озат сауыншы республикалық, облыстық, аудандық газеттердi жаздырып алып оқыйды.

Колхоздың бастауыш комсомол ұйымы быйыл Дәкетайды БЛҚЖО мүшелігіне алды және оны малшылар арасында угіт жұмысын жүргізуге тағайындады. Бұл күнде ол өзіне тапсырылған міндіттерді абыроймен орындауда.

Озаттарға теңелу керек

Большенарымдықтардың үндеуіне жауап ретінде Предгорный ауданының алдыңғы қатарлы колхоздары стандартты мал қораларын, мәдени тұрмыстық үйлер салу жұмысын қызу қарқынмен жүргізуде.

Алайда, құрылыс жұмыстары аудан колхоздарының барлығында бірдей жүргізілмей отыр. «Власть Советов» колхозында өткен жылы қолға алынған типті сыйыр қорасы әлі бітер емес, бірді-бір шегенделген траншел қызылған жоқ. Колхоз председателі Влезько жолдас бұл кемшіліктерден қорытынды шығармай келеді. Жағдай Молотов атындағы колхозда да дәл осындай. Мұнда жүгері собығынан жасалған сүр сақтайтын шегенделген траншеялар әлі әзір емес.

Аудандық атқару комитетінің колхоз село құрылысы бөлімі, оның басшылары Зимин, Ворнфоломеев жолдастар жаңа құрылыстар салуды барлық жерде де бірдеей жүргізілуін қамтамасыз етуі керек.

Жүгерінің собықтарын қалай сүрлеу керек

Көптеген дәнді және малазығындық дақылдардың арасьнда жүгepi лайықты түрде. алдыңғы қатардан орын алады. СОКП Орталық Комитеті январь Пленумының қарарында көрсетілгендей, бұл дақыл қатарынан екі міндстті—астық қорларын толықтыру және жүгерінің собықтарына жақсы сүрлем алу мінндетін бірден шешеді. Бөлек жыйналып сүрленген собықтардың шошқалар мен малдың басқа түліктеpi үшін де, сондай-ақ құстар үшін де тамаша азық болып табылатынын озат шаруашылықтардың тәжрибесі көрсетіп бсрді.

Жүгерінің мұндай ерекшелігі—сүрлеуге жіне астық алуға пайдалану үшін жарайтыны оны тіпті пісіп үлгермсйтін жерлерде де өcipyге мүмкіндік береді. Mәселе мынада: жүгерінің пісіп үлгермеген, бірақ сүттеніп-балауыздана пicy дәрежесіне жеткен собықтары да өздерінің жұғымдылық сапасы жағынаи нағыз астық пен бірдей болып ШЫҒАДЫ. Мұның үстіне өсуінің бұл дарежесінде жүгерінің сабақтары жақсы балғын жемшөп—сүрлеуге пайдаланылатын тамаша шикізат болды. Сондықтан да ЕЛІМІЗДІҢ оңтүстік аудандарында жүгерінi астық алу үшін өндірумен қатар, бұл дақыл слдің бip бөлігін бағалы собықтарымен қоса, сүрлеу үшін көк- шөп алу мақсатымен сүттеніп-балауыздана піскен кезде жыйнау қажеттілігі СОКІІ Оргалық Комитеті январь Пленумыньң қарарларында атап көрсетілді.

Табиғи қалпындағы ылғал кезінде сүттеніп балауыздана піскен жүгерінің сүрленген 100 килограмм собығының жұғымдылығы 35—40 процент жемшөп 6ipлігіне тең. Олардан дұрыс сүрленген азық піскен астық сыяқты шошқаларды азықтандырып, бордақылағанда, құстарды жемдегенде ойдағыдай пайдаланылады.

Жүгерi собықтарының жақсы сүрленуі ушін сүрлеу техникасы талаптарының міндетті түрде орындалуын қадагалау керек. Жоғарыда айтылғандай, сүрленетін собықтар сүтеніп балауыздана піскен кезінде жыйналады. Қаратопырақты емес аудандар мен Сибирьдің ауыл шаруашылығы қызметкерлері мұнда жүгерінің суыққа мүлде төзбейтінін ескеруі тиіс. Сондықтан көрсетілген аудандарда оны суық түскенге дейін өсіп-өнуінің қандай дәрежесіне қарамастан жыйнау қажет.

Жүгері сүттеніп балауыздана піскен кезді оның сабақтары мен собықтарын жеке-жеке жыйнауға арналған машиналар әзірге жоқ. Мұндай машина жаңадан ғана жасалып жатыр. Өткен жылы кейбір шаруашылықтар бұл мақсатқа КУ-2 маркалы жүгері жыйнайтын комбайнды қолданды. Жүгері жыйнайтын агрегат «Беларусь» тракторынан, жүгері жыйнайтын комбайннан, екі автомашинадан және екі арбадан құралды. Онымен тоғыз адамнан құрылған бригада жұмыс істеді, яғный агрегаттардың бастығы-комбайншы, тракторшы, комбайндағы жұмысшы, екі шофер, екі жүкші және екі арбадеш болды.

Жүріп бара жатқанда жүгері жыйнайтын комбайн жүгерінің екі қатарын қамтып, собыұтарын жұлады, оны бункерге тиейді. Сабақтары пышақтың күмегімен туралып екінші бункерге түседі. Комбайнның ізінше автомашина жүріп отырады,бункердегі жыйналған жүгерінің көк шөбі осы автомашинаның қорабына құйылады. Ал собықтар арбаға түсіріледі. Мұндай агрегатпен бір жұмыс күнінде 5 гектарға дейін жүгері жыйнауға болады.

Қолмен бара жатқанда жүгері жыйнайтын комбайн жүгерінің екі қатарын қамтып, собықтарын жұлады, оны бункерге тиейді. Сабақтары пышақтың көмегімен туралып екінші бункерге түседі. Комбайнның ішінше автомашина жүріп отырады , Бункердегі туралған жүгерінің көк шөбі осы автомашинаның қорабына құйылады. Ал собықтар арбаға түседі. Мұндай агрегатпен бір жұмыс күнінде 5 гектарға дейін жүгері жыйнауға болады.

Қолмен жыйналғанда собықтар егіс даласындағы өсімдік орылудан бұрын жұлынады. Қажетті жұмыс күшінің санын есептегенде, бүр жұмысшы әйелдің бір күнде орта есеппен 4-5 центнер собық жұла алатынын негізге алу керек. Жыйналған собықтарды егіс даласында қалдыруға болмайды, сондықтан тиісті мөлшерде арба-көлік болғаны жөн. Собықтар жыйныуды және оны егіс даласынан тасып алуды оңайлату үшін арбаның немесе автомашинаның өтуіне арнап ашық жолдар қалдыру керек. Собықтарды жыйнап алысымен дереу сүрлейтін құрылыстарға тасып, сүрлеуге салу қажет.

Собықтарды сүрлеу үшін жақсы жабдықталған сүрлегіш құрылыстар күңілгері әзірлену тиіс.

Собық сүрлегіш құрылытың сыйымдылығын қаншалықты өнім алынатындығын және өнім жыйнағанда болуы мүмкін еүбек өнімділігін ескере отырып, соған лайығтап жасау керек. Сүрленетін бір текшеметр собықтың салмағы S=10 центнер болатыны ескерілсін. Туралған собықтың қызып кетуіне және бұған байланысты қоректік заттардың жойылуына жол бермеу үшін сүрлегіш құрылысқа оны 1-2 күнде толтырып бітіру керек. Сондықтан да сүрлегіш құрылысты өте үлкен етіп жасамау ұсынылады. Бұл үшін ең қолайлысы -сыйымдылығы шамамен 15 тоннадан келетін секцияларға бөлінген траншея салу болып табылады. Мұндай жағдайда біпр секцияға туралған собық толтырылып, беті жабылғаннан кейін ғана екіншісіне собық толтырыла бастайды,т.т. Бір немесе екі қатар болып орналасқан бірнеше дөңгелек ұралар қазуға болады. Олардың үстінен ортақ бір жаппа жасауға болатындай жағдай ескерілсін. Траншеялар мен ұралардың қабырғаларын таспен немесе кірпішшпен қаптап, цементпен сылап тастауға, сондай-ақ темірбетон плиталармен немесе құрсаулармен шегендеуге болады.

Кейбір колхоздар собықтарды ағаштардан жасалған құрылыстарда немесе тығыз қағылған тақтайлармен қапталған траншеяларда ойдағыдай сүрлеп келеді. Мұндай жағдайда жерден қазылған ұраның немесе траншеяның және қаптаманың аралығына 20-25 сантиметр қалың етіп тығыздап сылақ толтырылады. Ұраның немесе траншеяның табаны астына да осындай сылақ жасалады. Бұл-құрылыстың ішіне ауа мен судың өтпеуі үшін қажет. Ұралар мен траншеялардың тереңдігі кемінде 2,5 метрден 3,5 метрге дейін болғаны жөн. Ұралардың диаметрі олардың терңдігінен артпауы, ал траншеялардың көлденеңі 2,5 метрден 3,5 метрге дейін жетуі тиіс. Көлденең кеңдігінің 3,5 метрден енді болуына жол беруге болмайды. Әр секцияның ұзындығы да 2,5 метрден 3,5 метрге дейінгі мөлшерде жасалады.

Жерден қазылатын котлованның көлденеңін 5-6 метр етуге , одан соң оны ортасынан қақ бөліп көлденеңі бірдей екі траншея жасауға болады, бұл траншеялар да бірнеше сецияларға бөлінеді . Сүрлеу ұралары мен траншеялардың үстіне міндетті түрде жаппа немесе шатыр құру керек. Собықтар едәуір көп болса , оларды тереңдігі 3,5 метрге дейін жерден қазылған , ал жер бетіндегі бөлігі биіктігі 8-8,5 метрге жететін жартылай мұнараларда да ойдағыдай сүрлеуге болады.

Собықтар сүрлеудің техникасы жүгерінің көкшөбін немесе жақсы сүрленетін басқа жемшөптер сүрлеудің техникасынан едәуір өзгеше. Собық сыртындағы жапырақ қабатымен туралады, сүрлегіш құрылысқа нығыздап салынады , үстінен ауа өтіп кетпеуі үшін беті жақсы жабылады.

Сүттеніп-балауыздана піскен кездегі жүгері собығында 65-72 процент ылғал болады. Онда қант көп, ал оны сүтті -қышқылдың молаюы себепті сүрлегіш құрылыстағы жемшөп тез қышқылтымданады, сондықтан мұндай ортада жемшөпті бұзатын шіріткіш немесе басқа да сондай бактериялардың өсуі мүмкін емес. Мұның нәтижесінде сүттеніп-балауыздана піскен собықтан қолда өсірілетін мал мен құс сүйсіне жейтін қош иісті сүрлем жасалынады.

Шошқаларды азықтандыруға аргап сүрленетін собығтарды сүрлем турағыш РКС-12,0 маркалы, сабан турағыш РСБ-3,5 маркалы және жемшөп ұсағтағыш машиналармен турауға болады. Сабансүрлемтурағыштарды өте ұсақтап турайтындай етіп реттеу, пышақтарын жақсы қайрау, Ал пышақ пен оған қарсы тұстағы тілгіш пластиканың арасындағы саңлауды 0,5 милиметрден арттырмау керек. Жемшөп ұсақтағыш ИК-3 маркалы машинаны планкалы торымен пайдалану жөн.

Собық неғұрлым ұсақ туралса, соғұрлым сапасы да жоғары болады. Мұның үшін сүрлем турағыш РКС-12,0 маркалы машинаны қосымша түйгіш балғалармен жабдықтау, ал сабан сүрлем турағыш РСС-6,0 маркалы машинаның қанатшасының орнына сапалы тоқпақтағыш балғалар бар диск орнатқан пайдалы. Егер собықтың сыртындағы жапырақтар нашар туралса, шошқалар олардың едәуір бөлігін жемей қалдырып қосды. Собықтарды құсқа әсресе тауықтарға жем ретінде беру үшін сүрлеген кезде собықтар мейлінше ұсақталып туралуы керек , өйтпеген күнде тауықтар дәнін шұқып іріктеп жейді де собықтың, өзегін және сыртқы қабық жапырақтарын қалдырып қояды . Күнсайын сүрлегіш құрылысқа салынатын собық қабатының қалыңдығы кемінде 1,5-2метр болуы, ал ұралар мен траншеяларды толтырудың жалпы мерзімі, екі-үш күн болуы керек.

Туралған көк шөпті құрылысқа салына бастағаннан-ақ және құрылыс толғанға дейін мұқыят нығыздап отыру, әдеттегі сыяқты қабырғаға жақын және бұрыштардың мүйіс жерлерін нығыздауға ерекше көңіл бөлу қажет.

Осы туралған ұсақ собықтың температурасы 25-30 градус жылы болуын қамтамасыз ету керек. Сонда құрғақ зат болмашы ғана шығынға ұшырайды . Салқындай сүрлеуге жүгеріні жақсы турау, мұқыят нығыздап, сүрлегіш құрылысты тез толтыру арқылы сүрленетін собықтағы ауаны айдап шығару жолымен жетуге болады.

Секция толысымен-ақ сүрленетін туралған собықтардың бетін екі жартылай өқрылған ағаш қалқанмен жабу керек. Қалқанның үсті топан немесе туралған сабан аралас сазбалшықпен 25 сантиметр қалың етіп сыланады. Ол кебісімен-ақ оның үсті қалыңдығы 25-30 сантиметр топырақпен жабылады, ал онан кейін барып мал азығына жарамайтын сабанмен бастырылып тастайды. Құрылыстың бетін жабу жұмысын міндетті түрде қадағалап,қажет болғандай жағдайда түзетіп отыру керек.

Сүрленген собықтардың ерекше мұқыят есепті талап ететін толық құлды астық болып табылатын әрдайым есте ұстау керек. Мұнымен қатар сүрлегіш құрылыстардың көлемін де мұқыят өлшеу қажет.

Дөңгелек ұралар мен жартылай мұнаралардың сыйымдылығын өлшеу үшін кесекөлденеңнің көрсеткішін екіге бөледі, Алынған цифрды тағы да сондай цифрға, биіктіктің немесе тереңдіктің көрсеткішіне және тұрақты сан 3-ті 14-ке көбейтеді. Мәселен ұраның диаметрі 8 метр, тереңдігі 3,5 метр. Сонда оның сыйымдылығы мынаған тең; 1,5*1,5*3,5*3,14 =24,72 текшеметр.

Траншеяның сыйымдылығы оның көлденеңін тереңдігі мен ұзындығынан көбейту арқылыесеппен шығарылады. Көлденеңі орнына көлденді үстінен және табанынан өлшегендегі орта көрсеткіш алынады. Мәселен , үстінен өлшегенде көлденеңі 3,5 метр, ал табанынан өлшегенде 2,7 метр , тереңдігі 3,5 метр, секцияның ұзындығы 3 метр дейін. Демек, орта есеппен алған көлденеңі 3,1, ал сыйымдылығы-3, 1*3,5*3-32, 55 текшеметр. Егер сүрлегіш өқрылстың сыйымдылығы белгілі болса, сүрлеуге салынған жемшөптің көлемін және текшеметрмен алынған шама салмағын тексеріп анықтау қажет.

Сүрленіп есептелген собық астықты жемшөптің ерекшк түрі ретінде кірске бөлек енгізілуі тиіс.

Сүрлегіш құрылыстар, атап айтқанда , жүгері собықтарын сүрлеуге арналған құрылыстарды салуға кәзірден бастап кірісу керек.