Цифрлы күйге алмастырған: Қалқаманов Нұрсұлтан
Облыс еңбекшілері бесінші бесжылдықтың жоспарын мерзімінен бұрын орындау жолында аянбай еңбек етуде. Руда өндірудің, металл шығарудың қарқыны ай сайын арта түсуде. Колхоздар мен совхоздардың егіс даласында мыңдаған гектар тың және тыңайған жер игеріліп, жоғары өнім беретін мал саны көбейіп келеді.Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің игілікті еңбегіне защита жол бөлімінің теміржолшылары өздерінің лайықты үлестерін қосуда.
Партия мен үкімет ауылшаруашылық маңызы зор жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттыру жөнінде теміржолшылар алдына үлкен міндет қоюда. Бұл міндетті жүзеге асыру қолда бар бай техникалық мүмкіншілікті тиімді пайдалануға, рационализаторлар мен өнертапқыштардың жетістіктерін өндіріске енгізуге, социалистік жарысты кең өрістетуге тығыз байланысты. Бұған теміржол станцияларының партия, шаруашылық ұйымдарының басшылары күнделікті назар аударулары тиіс.
Защита жол бөлімінің саяси бөлімі, бастауыш партия, комсомол ұйымдары үстіміздегі жылы партиялық-ұйымдастыру және үгіт-бұқаралық жұмыстарды жүргізуді едәуір жақсартты. Мұның өзі коллективтің табысты болуына ықпал етуде. Жол бөлімі бойынша жүк тиеу-түсіру жөніндегі жоспарлар едәуір асыра орындалуда. Теміржол станцияларының басшылары, партия ұйымдары бүкіл коллективті орын алған кемшіліктерді ашып, батыл жоюға жігерлендіре түсуде. Озаттардың тәжірибелерін бұқаралық ету үшін жол бөлімі саяси бөлімінің қызметкерлері бастауыш партия, комсомол және кәсіподақ ұйымдарына өзінің көмегін жақсарта түсіп келеді. Саяси бөлім 20-жол дистанциясы бастауыш партия ұйымының және Защита 2 станциясы комсомол ұйымының жұмысын жинақтап қорытты. Олардың тәжірибелері басқа станциялардың бастауыш партия, комсомол ұйымдарына үлгі етілуде.
Саяси бөлім партия, комсомол және кәсіподақ ұйымдары басшыларының семинарларын уақытылы өткізіп отырады. Үлкен дайындықпен өткізіліп жүрген мұндай семинарлар олардың ұйымдастырушылық қабілетін арттыра түсті. Озаттардың тәжірибелерін кең таратуға бағытталған көрнекі үгіт едәуір жақсарды. Қәзір Защита, Шемонаиха паровоз деполарында қабырға газеті күн ара шығарылып тұрады. Қабырға газеттерінде таңдаулы теміржолшылардың тәжірибелері жазылады, кемшіліктер батыл сыналады.
Шемонаиха станциясының теміржолшылары үстіміздегі жылдың алғашқы айларынан бастап жоспарды үнемі асыра орындап келеді. Станцияның бастығы Кобзев, партия ұйымының секретары Шапорев жолдастар теміржолшылардың еңбегін нақтылы ұйымдастырып, олардың социалистік жарысына пәрменді басшылық етуде. Мұнда жарыстың қорытындылары дер кезінде шығарылады. Станция коллективі май айының қорытындысы бойынша жол бөлімінде бірінші орынға ие болды. 20-жол дистанциясының (бастығы Куликов, саяси жұмыс жөніндегі орынбасары Маршалкин жолдастар) коллективі үшінші орынды алды. Озат коллективтер теміржолшылар күнін өндірістік жаңа табыстармен қарсы алу жолындағы социалистік жарыс туын жоғары ұстауда.
Неверовская, Глубочанка станциялары мен оныншы сигнализация және байланыс дистанциясының коллективтері де бірқалыпты жұмыс істеуді қамтамасыз етуде.
Үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде жол бөлімі бойынша 738 ауыр салмақты пойыз жүргізілді. Бұл мерзімде жоспардан тыс жүздеген мың тонна жүк тасылды. Ауыр салмақты пойыздарды жүргізуде озат машинистер Косарев, Газин, Петренко, Фирсов, Ковязин жолдастар үлкен шеберлік көрсетті. Олардың тәжірибелері басқа теміржолшыларға үлгі болуда.
Теміржолшылардың табысты болуына поезд диспетчерлері де лайықты үлестерін қосуда. Жол бөлімінде поезд диспетчері Библов, паровоз диспетчері Исақанов жолдастар озаттардан саналады. Олар өздеріне тапсырылған жұмыс участогінде мінсіз еңбек етуде. Диспетчерлер паровоз бригадаларымен тығыз байланыс жасайды. Слесарь Давыдов, ұста Кулагин, телеграфист Бруснякова, электросваршы Вороненко жолдастар еңбек өнімділігі жөніндегі тапсырманы біржарым, екі есеге дейін орындауда.
Алайда, жол бөлімінің жұмысындағы кемшіліктерді де атап айтпауға болмайды. Бөлім жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылатын вагон айналымы жөніндегі жоспар айдан айға орындалмай келеді. Жоспарды орындауда әсіресе Защита 1 және Өскемен станциялары артта келеді. Бұл станциялардың партия, кәсіподақ ұйымдары өнеркәсіп орындарындағы транспорт шаруашылықтарының қызметкерлерімен тығыз байланыс жасамайды. Мұның салдары көптеген кәсіпорындарда вагондардың айналымсыз, уақытты бос өткізуіне әкеліп соғуда.
Лениногор полиметалл комбинатындағы теміржол шаруашылығында вагондардың бос тұрып қалуы өте жиі кездесуде. Комбинат вагондардың нормадан тыс бос тұруына жол беруінің салдарынан үстіміздегі жылы 107 мың 915 сом айып төледі. Айып төлеудің сомасы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты бойынша бұдан да жоғары болып отыр. Оның төленген айып сомасы 244 мың сомнан асты. Бұл кемшіліктерді батыл жою керек.
Жол бөлімінің инженер-техник қызметкерлері еңбек ұйымдастыруды жетілдірумен, рационализаторлар мен өнертапқыштарға творчестволық көмек көрсетумен жеткілікті шұғылданбай келе жатқандығын атап айту керек. Жол бөлімінде көптеген жаңашылдар өндірісті жетілдіруге өздерінің үлестерін қосып келеді. Олардың еңбек әдістерін өндіріске батыл енгізу теміржол шаруашылықтары басшыларының шұғыл міндеті.
Теміржолшылар арасында еңбек тәртібін нығайтуда елеулі кемшіліктер орын алуда. Защита паровоз депосында еңбек тәртібінің нақты жолға қойылмағандығы жұмыста брак жіберуге әкеліп соғуда. Депо бастығы Переседов, партбюро секретары Губко жолдастар еңбек тәртібін бұзушылармен, брак жіберушілермен батыл күрес жүргізбей келеді.
Теміржолшылардың бүкілодақтық мереке күні алыс емес. Бұл күнді жаңа табыстармен қарсы алу — жол бөлімі теміржолшыларының абыройлы міндеті.
Б. СҰРАНШЫНОВ. Защита жол бөлімі саяси бөлімінің бастығы
Ақ күмбезді, биік мұнаралы екі қабатты жүк жолаушылар пароходтары жаз шығысымен-ақ бірінен соң бірі тізіле, затоннан пар кетеріп, Ертіс бойымен ерсілі-қарсылы ағылып жүзе бастады. Ұлы ақынның атындағы аққудай әсем жолаушылар кемесі "Абай Құнанбаев" пароходы да міне алғашқы сапарға шығуға дайын.
"Абай Құнанбаев" пароходы команда мүшелерінің навигацияға шығар алдында тұңғыш жиналысы болды. Сөз қарт өзенші , Ленин орденді бірінші штурман Бутембаев жолдасқа берілді.
— Жолдастар, — деді ол, — бесжылдықтың ақырғы жылының тапсырмасын табысты орындау үшін күресейік. Өткен үш жыл бойы оза шауып, жүлде алдық, ондаған мың сом қаржы, жүздеген тонна отын, көптеген жанармай үнемдеп, кемені затонға жөндеусіз қыстаттық. Жеңіс туын быйылғы навигация маусымында да берік ұстайық, серт осы болсын, деді.
Команда мүшелері Сыздықтың ізгі ой-тілегіне бірауыздан үн қосты. Вокзал бастығы, Өзен флотының кіші лейтенанты Н. С. Вычугжанин жолдас пароходтың сапарға жүруі туралы пароход капитанына белгі берді. Капитан мостигінде тұрған Өзен флотының аға лейтенанты, осы пароходтың капитаны Черкашин жолдас та сөйлесу трубкасы арқылы машина бөліміндегі вахта бастығына «Сапарға дайындал!» деген команда берді. Үшінші гудоктан кейін «Шалқаны жыйнаңдар!» деген команданы естіген матростар шалка мен пароход басқыштарын жыйнай бастады. Оның артынан іле «Алға!» деген команда болды. Команда мүшелері оның бұйрықтарын дәлме-дәл орындайды. Жемі жалыны, сусыны бу пароход Ертістің еркесіндей жүзіп, причалдан алыстай бастады. Машинаның механизмдері біртіндеп жүріс шапшаңдығын үдете түсті. Бу күшімен қозғалып, пароходты жүргізіп келе жатқан алуан түрлі механизмді үлкен мотор алып кеудеден күрсілдей соққан жүрек тәрізді...
Пароход Ертіс бойындағы жаңа жерлерді игеріп жатқан колхоз, совхоз және МТС-терге керекті қыруар жүктерді және көптеген жолаушыларды алып келеді. Жаз маусымында кемелер — осы атыраптағы елдің негізгі транспорттарының бірі. Ертіс бойындағы қалалар мен ауыл-селолардың еңбекшілері курорттар мен демалыс үйлеріне, санаторийлерге баратындар, қызмет жөнінен сапарға шыққандар, студенттер, оқытушылар, басқа жолаушылар Ертіс өзенінен еркін жүзген пароходтармен көңілдегі жерлеріне барады. Олар Ертістің үстінде саяхаттап жүріп, осы өлкенің алуан түрлі табиғат байлықтарымен, өндіріс орындарымен танысады. Бірінші бесжылдық құрылыстарының бірі — Өскемен гидроэлектр станциясын және жаңа салынып жатқан Бұқтарма гидроэлектр станциясын, Павлодардағы кәсіпорындарын, тағы басқаларды көреді. Колхозды ауылдың байлығын және мәдениетті селоларын көргенде көңілдері толады.
Облыстың жергілікті және өнеркәсіп жүйесіне қатысты Өскемендегі ағаш өңдеу комбинатының коллективі үстіміздегі жылдың алғашқы айларында орын алған олқылықтарды жою жөнінде күресті күшейтіп, июнь айының жоспарын асыра орындап шықты.
Комбинатта еңбек өнімділігін арттыру өздерінің мамандықтарын шебер меңгеріп, күш-мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану үлгісін көрсетіп жүрген озат жұмысшылар аз емес. Бастауыш партия ұйымы озаттары жанжақты қолдап, олардың тәжрибесін басқаларға үлгі етіп көрсетуге жеткілікті назар аударады. Цехтарда шығатын қа- бырға газеттерінде алдыңғы қатарлы жұмысшылардың тәжрибелері үнемі жарияланып тұрады.Столяр цехында Клесиков, Флитлер, Суетов жолдастар коллектив арасында үлкен абройға ие болған.
Г.ДРУЖИНИН. Комбинат партия ұйымының секретары.
Кеме бірнеше пристаньдардан да, өтті. Өзінің таулы участогіне қарай жақындай жүзіп келеді. Міне, күн де батып, ымыртта жабылды. Пароход шамнан маржан таққандай электр сәулесіне бөленді. Пароходтың осы кезде қай жерде келе жатқанын кеме жүзушілер жақсы біледі. Пароход ағынды өзеннің асау толқынын қақ жара жүзіп, қауіпті жерлерге де жақындап келеді. Сондықтан да мұндай қыйын жерлерде, әсресе түнгі жауынгерлік вахтада пароход командирінің бірі тұруға міндетті. Түнгі вахтаға бірінші штурман Сыздық Бутембаев жолдас шықты.
Пароход жылдамдығы үдей түсті. Бутембаев жолдас прожектор жарығын қайта- қайта алға түсіре отырып, қауіпті жерлердің бәрінен пароходты аман өткізді. Сөйтіп, Бутембаев жолдас, біріншіден, алып механизмдерді бүлінуден сақтаса, екіншіден, жаңа жерді игеріп жатқан патриоттарға керекті жүктерді дер кезінде жеткізуді қамтамасыз етті. Вахтадан бос кезінде аға рульші және үгітші Есенғазы Атамбеков жолдас бастаған бір топ команда мүшелері кеменің қызыл бұрышына жыйналды. Қызыл бұрыш мәдениет мүліктерімен жақсы жабдықталған. Радио, газ-ет, журнал, кітап, музыкалық а-спаптар, түрлі стол ойындарымен толық қамтамасыз етілген. Онда ақын Абайдың көркем жасалған үлкен портреті тұр. Оның төменгі жағында ұлы ақынның баспаға басылып, шыныға салынған қысқаша өмірбаяны қойылған. Абайдьң адамгершілікке, әділдікке, еңбекке, өнер- білімге, туысқан ұлы орыс халқымен достасып, одан үйренуге шақырған нақыл сөздерінен, халық арасында көп тараған өлеңдерінен үзінділер алынған. Мысалы«... Олар дүниенің тілін біледі,.... сен оның тілін білсең көкірек-көзің ашылады... Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанға түседі...»
Мұнда жолаушылар Абай шығармаларын және ақын туралы жазылған басқа еңбектерді әруақытта келіп қызыға оқыйды. Қызыл бұрышта ақынның өмірі мен қызметіне арналған кітап көрмесі де ұйымдастырылған. Бұлармен тек қана команда мүшелері емес, сонымен бірге жолаушылар да, экскурсияда жүрген оқушылар да танысады. Олар Абай шығармалары тек орыс, қазақ тілінде ғана сонмен бірге эстон, латын, литван, поляк, чехословак тілдерінде шыққанын және жеке еңбектері Қытайда, В-енгрияда газет, журналдарда басыла бастағаньн біледі.
Ертіс өзенінде жүзуді арман еткен Бутембаев Өзен транспортына жұмысқа орналасты. Бұл осыдан отыз сегіз жыл бұрын еді. Алғашта қарапайым жұмысшы болды. Кейіннен рульші лоцман, үшінші, екінші штурман болды, қәзір ол бірінші штурман болу дәрежесіне жетіп, «Абай Құнанбаев» пароходын Ертіс үстінде еркін меңгеріп жүр.
Жылқышин, Сәрсенбин, Жанұзақов жолдастар да қәзір кеме капитандары. Бақытты Совет заманында адам қалаған мамандығына қолы жетеді, алынбас қамалдарды алады. Бутембаевтің бүгін осы өзеннің бойында білмейтін таязы мен тереңі жоқ. Жоғарғы Ертісті бес сау-сақтай жақсы біледі. Әрине, бұл жолда ол көп еңбек сіңірді, өз жұмысын сүйіп істеді. Бутембаев жолдастың бұл еңбегін үкмет жоғары бағалады, оны әлденеше рет ақшадай, қымбатты заттармен, жеңіс медалімен және Ленин орденімен наградтады. Ақын атындағы пароходтың адамдары осындай өзен транспортына көп жыл бойы үздіксіз еңбек сіңіргендер. Олардың ішінде қос орденді матрос Аманбаев, «Еңбек қызыл ту» орденді капитан Черкашин, солар сыяқты наградталған Тілеуленов, рульшілер Атамбеков, Әбішев, механик Бальданоб, боцман Түсіпов тағы басқалар бар. Ақын атындағы кеменің команда мүшелері апрель, май айларының өндіріс жоспарын 136 процент орындады. Июнь айында да еңбек қарқыны бәсеңдеген жоқ.
Р. ҚОРАБАЕВ.
Чердояк руднигінің тау цехының бастығы Рогонов пен техникалық жетекшісі Тұрғанбаев жолдастар —жас мамандар. Екеуі де комсомолец. Олардың міндеті өздеріне тапсырылған участокте совет ша- руашылық басшыларына тән жігермен қызмет ету, коллективті нақтылы өндірістік табыстарға жетуге бастай білу. Бірақ олардың басқаруындағы цехта еңбек ұйымдастыру өте нашар жолға қойылған. Бұл кемшілікті жою үшін саяси және ұйымдастыру жұмысын күшейту керек. Алайда Рогонов пен Тұрғанбаев жолдастар бұлай істемейді. Олар күні бойына өз қарамағындағы адамдармен ұрсысуда, оларға ақырып зекіруде болады.Рогонов пеп Тұрғанбаев жолдастар өз қызметіне активке сүйенбейді, алдыңғы қатарлы жұмысшыларды қолдап, олардың өнімді еңбегіне көметеспейді, қайта бөгет жасайды. Мысалы, 10 жыл істеген тәжірибелі комсомолец бұрғышы Құсаинов айлық тапсырмасын 120-130 пайызға атқарған, 9 жыл бұрғышы болған комсомолец Аукенов, 11 жыл жұмыс істеген бұрғышы комсомолец Қалиев сияқты жолдастар цех басшыларының заңсыз бұйрықтары бойынша жұмыстан шығарылды.
Нашар басшылықтың салдарынан цех жұмысының оңдалмай отырғаны, комсомол ұйымының секретары әрі қабырға газетінің редакторы Молокова жолдасқа, мәлім.Бірақ ол Рогонов пен Тұрғанбаев жолдастардың қателігін бетіне баспайды, қайта ол солардың жетегінде жүр. Мұны мынадай факті айқын дәлелдейді. Жуырда мастер Варфоломеев пен бұрғышы Власов жолдастар жұмысқа мас болып келді. Коммунист Садалов жолдас бұл жөнінде қабырға газетіне сын мақала жазды. Неліктен екені белгісіз, редактор әлгі мақаланы Рогонов жолдасқа көрсеткен.Ал Рогонов бұл фактіні жалған,сондықтан газетке жариялаушы болма деп цех комсомол ұйымы секретарының өзіне де зекірген.
Коллектив Рогонов пен Тұрғанбаев жолдастарға өздерінің қателігін көрсетіп берді, жыйналыста қатаң сынады. Бірақ цех басшылары бұдан қорытынды шығарған жоқ. Ал рудник комсомол комитеті, оның секретары Кожахметов жолдас комсомолец-басшылар Рогонов пен Түрғанбаевтардың тәртіпсіздігін көрсе де көрмегендей келеді. Күршім аудандық комсомол комитеті бұл жөнінде Кожахметов жолдасқа нақтылы кеңес бермес пе екен?
Осы заголовокпен "Коммунизм туы" газетінің 17 маусымдағы нөмірінде фельетон жарияланған. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастауыш партия ұйымының секретары Шушпанов жолдас редакцияға мынаны хабарлады:
— Партия бюросының кеңейтілген мәжілісінде бұл фельетон талқыланды. Мұнда көрсетілген фактілерді Скрипников жолдас түгелдей мойындады, алдағы уақытта мұндай бюрократтық дөрекілік теріс әдеттерге жол бермейтіндігіне уәде берді.
Партия ұйымы Скрипников жолдастың өз кемшіліктерін шын ниетімен мойындағанын ескере отырып, оған ескерту жасады.
Буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластыру үшін объективті жағдайлар бар екенін ескере отырып, В. И. Ленин субъективті фактордың, яғни революцияның гегемоны ретіндегі пролетариаттың саналылығы мен ұйымшылдығы дәрежесінің, біздің партияның жалпыдемократиялық қозғалыстағы басшы және ұйымдастырушы ролін, біздің партияның ең алуан түрлі қозғалыстарды патша мен капитализмге қарсы күрестің біртұтас жалпы ағынына біріктіре білуінің орасан зор, тіпті тура айтқанда, шешуші маңызы бар екенін тынбастан атап көрсетті.
В. И. Ленин былай деп үйретті: әлеуметтік төңкеріс, өзінің объективтік жағдайлары жағынан, әбден пісіп жете алады, бірақ бұл төңкерісті жасайтын революционерлердің күші оны жүзеге асыруға жеткіліксіз болуы ықтимал, — міне сонда қоғам іріп-шіриді, бұл іріп-шіру кейде тұтас ондаған жылдарға созылады. Ұлы көсеміміз Ресейде осы әлеуметтік төңкерісті жасай алатын қоғамдық күш бар деп көрсеткен болатын. Бұл күш—жұмысшы табы басшылық ролін атқаратын жұмысшы табы мен еңбекші шаруалар одағы, бұл қоғамдық күштің басшылығында большевиктер партиясы тұрды. Партия жұмысшы табы мен шаруаларға дұрыс саяси ұрандар берді, осы ұрандарды жүзеге асыру буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуына атсалысты.
Большевиктер партиясы бұқаралық саяси стачканың ұлы маңызын ашып көрсетті, бұл стачка пролетариаттың революциядағы гегемониясының нақты бейнесі болып, бұқараға саяси қозғау салып, патшаға қарсы бүкілхалықтық қарулы көтерілістің өрістеуіне маңызды рөл атқарды. Бұқаралық саяси стачкалар ұйымдастырып және стачкадан көтеріліс жасауға көше отырып, Россия пролетариаты халықтық революцияны социализмге жету жолымен ілгері бастырды. Осыны ескере отырып, В. И. Ленин былай деп жазды: буржуазиялық-демократиялық бірінші орыс революциясын сонымен бірге пролетариат революциясы деп те атауға болады, өйткені пролетариат қозғалыстың басшы күші болды, ал пролетариаттың өзіне тән күрес құралы – бұқаралық стачка бұқараға қозғау салудың басты құралы болды.
Революцияның барысында қалада стачкалық комитеттердің, ал деревняда шаруалар комитеттерінің жарыққа шығуы, бұлардың кейіннен жұмысшы депутаттарының Советтері мен шаруалар депутаттарының Советтеріне айналуы, сонымен қатар жұмысшылардың қарулы отрядтарының ұйымдастырылуы және олардың қауіптілік қозғалысы — осының бәрі революциядағы тап күштерінің ара салмағын орналастыруға көмектесті, осының нәтижесінде буржуазиялық-демократиялық революция социалистік революцияға ұласуға тиіс болды. Ұласу теориясының нақты айқындамасын Ленин "Социал-демократияның демократиялық революциядағы екі тактикасы" деген өзінің атақты кітабында тұжырымдап берді. В. И. Ленин былай деп жазды:
«Пролетариат, самодержавиенің қарсылығын күшпен жаншып жою үшін және буржуазияның тұрақсыздығын нұрмеу үшін, шаруалар бұқарасын өзіне қосып алып, демократиялық төңкерісті ақырына дейін жеткізуге тиіс. Пролетариат, буржуазияның қарсылығын күшпен тойтару үшін және шаруалар мен ұсақ буржуазияның тұрақсыздығын нұрмеу үшін, халықтың жартылай пролетар элементтерінің бұқарасын өзіне қосып, социалистік төңкеріс жасауға тиіс» (В. И. Ленин. Шығармалар, 9 том, 99 бет).
1905 жылы Россияда осындай ұласуға нақты мүмкіндіктер туындаған еді. Шаруалар табы мен помещиктер арасындағы және жұмысшы табы мен буржуазия арасындағы таптық қайшылықтар мейлінше шиеленісті. Осындай жағдайда барлық демократиялық төңкерістің қаншалықты ойдағыдай жасалатындығы, революцияның соңғы кезеңінде пролетариаттың социалистік диктатурасын орнатуға көшуді жүзеге асыру үшін осы төңкерісті аяқ кезінде пролетариаттың кедей шаруаларды өзіне қосып алатын-алмайтынына байланысты болды. Лениннің - большевиктердің бүкіл қызметі дәл осы бағытталды. Лениндік стратегиялың жоспарда тіпті революцияның пролетариат гегемониясы идеясының ұрықтары бар еді.
В. И. Ленин тағыда былай деп түсіндірді: «Біз демократиялық революциядан күшіміздің, саналы және ұйымдасқан пролетариаттың күшінің шамасына қарай, дереу социалистік революцияға көше бастаймыз. Біз үздіксіз революцияны жақтаймыз. Біз жарты жолға тоқтамаймыз». (В. И. Ленин. Шығармалар, 9 том, 237 бет).
Мұның өзі буржуазиялық және социалистік революциялар арасындағы ара салмақ туралы мәселе жөніндегі жаңа бағдар болған еді. Лениннің бағдары бойынша, бұл революциялардың арасында ұзақ уақыт өтпеуі тиіс. Бірінші революция екінші революцияға ұласып, екінші революция бірінші революцияның түбірлі міндеттерін жол-жөнекей шешеді де, сонымен бірге өзінің басты міндетін — пролетариаттың өкіметті жеңіп алуын жүзеге асырады.
Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуының лениндік теориясы үздіксіз революция туралы, шаруалардың революциялық қозғалысын пролетарлық революциямен ұштастыру қажеттігі туралы айтқан Маркстың кемеңгерлік пікірлеріне толығымен сай болды және осы кемеңгерлік идеяларды одан әрі дамытқандық болды. II-ші Интернационалдың оппортунистік басшылары Маркстың осы кемеңгерлік қағидаларын ұмыт қалдырып, бүркеп тастады. В. И. Ленин Маркстың бұл қағидаларын қалпына келтіріп қана қоймай, оны ілгері дамытты, сөйтіп, ВК(б)П тарихының қысқаша курсында көрсетілгеніндей, — «социалистік революцияның міндетін кеңесе отырып жаңа кезеңді, — пролетарлық революцияның жеңуінің шарты есебінде қала мен деревня пролетариатының және жартылай пролетар элементтерінің одағын іске қосып, социалистік революцияның сындарлы теориясын» жасап берді.
Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы туралы Лениннің жаңа бағдары шаруалар қозғалысының күшін және оның социалистік революция үшін маңызды екенін мойындамаған, пролетариаттың шаруаларды өзінің соңынан ертіп, мемлекетті, өкіметті жеңіп ала алатынын, оның пролетариат диктатурасын орната алатынын мойындамаған меньшевиктер мен батысевропалық социал-демократиясының тактикалық көзқарасын бұзып, талқылады. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуының лениндік теориясы барлық елдердегі пролетарлардың капиталистік құлдықтан құтылу жолындағы күресінің жолын айқындап берді.
Бұл теорияда пролетариатты шаруалармен одақтастыра отырып, либералдық буржуазияны оқшаулай отырып жүзеге асырылатын пролетариаттың гегемониясы ең елеулі және шешуші элемент болып табылады. Пролетариаттың демократиялық революциядағы басшылық ролі арқасында социалистік революцияға көшу үшін барлық жағдай тудырылады. Пролетариат пен шаруалардың демократиялық диктатурасы пролетариаттың социалистік диктатурасына негіз әзірлейді, ол социалистік төңкеріс жасаудың алдыңғы табалдырығы болып табылады. Социалистік революция пролетариат пен кедей шаруалардың жауынгерлік одағы негізінде, пролетариаттың басшылығымен жеңіп шығады.
Ленин жасап берген социалистік революцияның жаңа теориясы елде пролетариат көпшілік болмайынша, пролетарлық революцияның жеңуі мүмкін емес дейтін, II Интернационалдың оппортунистік догмаларына күйрете соққы берді.
Лениндің пролетариаттың тарихи қозғалыстағы күшім халықтың жалпы бұқарасындағы оның сан құрамымен ғана емес, қайта оның топтасқандығымен, ұйымшылдығымен және қоғам дамуындағы озаттық рөлімен, пролетариатты ескі құрылысқа қарсы ұрысқа бастай алатың оның революцияшыл партиясының анықталатын дәлелдеп берді. Ленин II-интерпретациялық оппортунистік, басшыларының ,меньшевиктердің, троцкийшілердің және басқа халың жауларының көптеген когамда пролетариат пен буржуазия арасындағы ғана емес, сонымен бірге буржуазия және капиталистік құлдықтан құтылу жолындағы күресте пролетариаттың сенімді одақтасы бола алатын халықтың әртүрлі жартылай пролетар топтарының арасында да ең күшті қайшылықтар болып отырғандығын қасақана бүркемелеп көрсетпейтіндігін дәлелдеп берді.
В. И. Ленин сол кезде социализмнің әуелі жеке алынған бір елде жеңуі мүмкін емес екені туралы тура қорытындыны әлі тұжырымдап бермеген болатын. Бірақ социалистік революцияның лениндік теориясында сол кездің өзінде-ақ осындай қорытынды жасау үшін барлық немесе барлық дерлік негізгі элементтер болған еді, міне бұл қорытындыға Ленин 1915 жылы, яғни арада10 жыл өткеннен кейін келді.
Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы жөніндегі лениндік теорияның дұрыстығы Октябрь Социалистік Революциясын әзірлеу және өткізу жолындағы күрес дәуірінде мейлінше тиянақты дәлелденді: Жұртқа мәлім, буржуазиялық-демократиялық февраль революциясы патшаны құлатудан басқа, өзінің толып жатқан тікелей міндеттерін шеше алмады. 1917 жылғы февраль революциясынан кейін большевиктердің алдында жаңа міндет тұрды — социалистік революцияға көшуге қамтамаcыз ету, онымен бірге февраль революциясы шешпеген барлық міндеттерді мейлінше батыл, ақырына дейін жүзеге асыру міндеті тұрды.
Большевиктердің буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластыру жолындағы 1917 жылы жүргізген күресі, ескі ұранның пролетариаттың тұтас шаруалармен одағының орнына, жаңа стратегиялы ұранмен — пролетариат пен кедей шаруалар одағының ұранымен, жаңа ұранмен жүргізілді. Жаңа стратегиялы ұранды ойдағыдай жүргізу нәтижесінде біздің партиямыз 1917 жылғы қазан айында жеңіске жетті.
Біздің елімізде Ұлы октябрь социалистік революциясының жеңуі социалистік революцияның лениндік теориясының салтанаты болды. Осы теорияға негіз болған, жұмысшы табы басшылық роль атқаратын жұмысшы табының еңбекші шаруалармен одағының лениндік идеясы елімізде тамаша жеңіске жетті. Бұл ұлы идея өзінің зор маңызын қазіргі уақытта да жоғалтқан жоқ. Жұмысшы табы мен шаруалар одағы кеңестік құрылыстың беріктігі мен мықтылығын, социалистік қоғамды дамытып, нығайту жолындағы, коммунизм орнату жолындағы күресте ұлы күш болып табылады.
Барлық туысқан коммунистік және жұмысшы партиялары өз елдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, социалистік революцияның лениндік теориясын творчестволықпен қолданып, ілгері дамытып келеді. Халықтық демократия елдеріндегі коммунистік және жұмысшы партияларының бұл теорияны творчестволықпен қолдануы олардың халықтық-демократиялық құрылысын жеңіп алып, баянда енуіне, халықтың күшін жұмылдыруға мүмкіндік берді.
Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы туралы лениндік ілім Россиядағы Октябрь революциясының тәжірибесі арқылы ғана емес, сонымен бірге халықтық демократия елдерінде революцияны дамыту тәжірибесі арқылы да айқын дәлелденді. Бұл елдерде революцияның екі кезеңінен — бір-бірімен тығыз ұштасып, қабаттасқан демократиялық және социалистік кезеңінен өтті. Осы кезеңдердің екеуінде де қозғалыстың басты күші коммунистік және жұмысшы партиялары бастаған жұмысшы табы болды және бола береді. Жұмысшы табы жетекші роль атқаратын жұмысшы табы мен шаруалардың мызғымас одағы бұл елдерде социалистік түбірлі өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асырып жатқан халықтық-демократиялық құрылыстың негізіне айналды.
Жұмысшылар мен шаруалардың жеңіп алған демократиялық бостандықтарының күзетінде тұрған және өз халықтарының баянды бейбітшілік, демократиялық бостандықтар, ұлттық тәуелсіздік жолындағы , империалистік езушіліктен құтылу жолындағы күресінде олардың мүдделерін шын мәнісінде білдірушілер болып отырған капиталистік елдердің барлық коммунистік партиялары - социалистік революцияның осы лениндік теориясын баршылыққа алып келеді.
А. ТИМОФЕЕВСКИЙ