Цифрлы күйге алмастырған: Қалқаманов Нұрсұлтан
Биылғы жылы Лениногор қорғасын заводының коллективі өндірістік мәселелерді бұрынғыдан да жақсы шешіп, бірқалыпты, өнімді жұмыс істеуде. Алынған социалистік міндеттемелер ойдағыдай орындалуда. Өткен бес ай ішінде еңбек өнімділігі 1954 жылдағы сол уақытпен салыстырғанда 7 процент артты. Миллиондаған сом Мемлекет қаржысына үнем жасалды.
Бұл табысқа жетуде коммунистерді өндірістің шешуші участоктеріне дұрыс орналастырып, олардың авангардтық рөлін қамтамасыз етудің маңызы зор болды.
Завод коммунистері алда тұрған міндеттерді шешуге белсене қатысуда. Олар ең алдымен өздерінің даңқты еңбектерімен үлгі көрсетуде. Коммунистердің барлығы — сдельщиктер, өндіріс озаттары. Кәсіпорында нормасын орындамайтын бірде-бір коммунист — сдельщик жоқ. Партия мүшелері мен кандидаттарының әрқайсысы күндік тапсырмаларын 110 проценттен 175 процентке дейін орындап жүр. Әсіресе балқытушы Меркуров, токарь Потунин, пешші Сидоров және басқа жолдастар тапсырмаларын екі есеге дейін орындап, жемісті еңбек етуде.
Коммунистер басқаратын участоктер де жақсы табыстарға жетуде. Соның ішінде Полковников жолдас басқаратын құюшылар бригадасы өндірістің жоспарын бір жарым еседен артық орындайды. Сол сияқты цех партия ұйымының секретары Кусков жолдас басқаратын рафинация цехындағы бригада, коммунист Тимофеев жолдас басшылығын ететін балқытушылар бригадасы да нормаларын асыра орындап жүр.
Бұл нәтижелерге коллективтің топтасқандығы, еңбек тәртібінің берік болуы арқасында қол жетті. Партбюро, оның секретары Бачин жолдас өндірістік мәселелермен егжей-тегжейлі шұғылданады, адамдармен күнбе-күн белсенді жұмыс жүргізіп отырады. Администрацияның шаруашылық басшылығының жұмысына бақылау жасау правосын пайдалана отырып, партия ұйымы істегі кемшіліктерді дер кезінде ашады, оларды жоюдың шараларын дереу қолданады. Әдетте коммунистер істегі олқылықтарды өндірістен немесе партия ұйымының секретарына немесе партбюрода хабарлайды. Ал секретарьлар коммунистің дабылы бойынша қолданылған шаралар жөнінде тез хабарлайды. Мұның өзі творчестволық инициативаны күшейте түседі.
Партия ұйымы өз жұмысында активке кеңінен сүйенеді. Мысалы, партия жыйналысы әзірленгенде күн тәртібінде қойылатын мәселесі зерттеуге коммунистермен бірге, паритяда жоқ актив те кеңінен қатыстырылады. Қәзіргі уақытта партбюро коллективтің жігерін еңбек өнімділігін үздіксіз арттыруға, өнім сапасын жақсартып, өзіндік құнды кемітіге жұмсайды.
Ортақ механикалық мастерскойлардың бастауыш партия ұйымында да коммунистер негізінен өндірістің шешуші участоктерінде істейді. Мұнда 60 СОКП мүшесі және 3 мүшелікке кандидат болса, олардың 33 адамы тікелей өндірісте істейді. Бұлар—сдельщиктер. Өндірістік жоспарды 120 проценттен кем орындайтын бірде-бір коммунист жоқ. Өткен айларда ең жоғары көрсеткішке жеткен коммунистер — фрезеровщик Карпов, слесарь Денисов, электросварщик Фоменко, слесарь Афонин және басқа көптеген коммунистер нормаларын 170-300 процентке дейін орындап жүр.
Алайда, Лениногор полиметалл комбинатының барлық участоктерінде бірдей коммунистер шешуші участоктерде дұрыс орналастырылған деп айтуға келмейді. Мысалы, Сокольный руднигінде партия ұйымы өндірістің барлық салаларына нақты басшылық жасай алмай келеді. Оның себебі, партия ұйымы (секретары Егізбаев) коммунистердің негізгі участоктерде жұмыс істеуін қамтамасыз етпеген. Мұнда партия мүшелері мен кандидаттарының 34 проценті ғана сдельщиктер. «Алтайсвинецстрой» тресінің партия ұйымында да жағдай осындай. Партия ұйымының секретары Горин жолдас коммунистердің тек азын-аулақ бөлігінің ғана сдельщик болып істейтіндігіне төзіп келеді.
«Лениногорсксвинецстрой» тресінде өндірістің барлық участоктерінде партиялық ықпалдың күшті болуы үшін тиісті шара қолданылмауда. Мұнда басты және көмекші участоктердің шешуші салаларының бірсыпырасында коммунистер істемейді. Партия ұйымында 257 коммунист болса, олардан 69 адам ғана сдельщиктер болып істейді. Партия комитеті, оның секретары Ятков жолдас бұл жағдайды түзетпеуде.
Лениногор руднигінде де жағдай осылай. Партия ұйымының секретары Макаров жолдас коммунистердің шешуші участоктерде орналастырылуының бүкіл маңызын жете түсінбейді. Ұйым есебінде 40 коммунист тұрады. Олардан тікелей сдельщиктер болып 8 коммунист ғана істеп жүр. Соның өзінде екі коммунист забойшылар Пилюгин мен Огнев жолдастар өндірістік жоспарларын орындамайды. Ал партия ұйымы өндірісте әрбір коммунистің алдыңғы қатарлы роль атқаруын қамтамасыз ету үшін ешнәрсе істемей отыр. Макаров жолдас тіпті жоғарыда аталған екі коммунистің өндірістік тапсырмаларды не себепті орындай алмай жүргендігін де айта алмады.
Партиялың күштерді дұрыс орналастыру және әрбір коммунистің жұмысына бақылау жасап отыру олардың авангардтық рөлін қамтамасыз етудің шешуші шарты болып табылады сондықтан Лениногор комбинатының партия ұйымдары бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыруы тиіс.
С. ЗЛЕТОВ. ҚКП обкомінің нұсқаушысы.
Қазақстанның 30 жылдығы колхозында, (Тарбағатай ауданы) қоғамдық малға жемшөп дайындау жөнінде комсомол-жастар бригадасы ұйымдастырылды. Бригаданы коммунист Сетаев жолдас басқарады.
Бригада мүшелері пішен шабуға кірісудің алғашқы күндерінен бастап қажырлы еңбектің үлгісін көрсетуде. Тракторшы Т. Хамзин күнделікті тапсырмасын бір жарым еседен орындайды. Ол «ДТ-54» маркалы тракторымен күніне 40 гектар жердің орнына 60 гектар шөп шабады.
Тапсырмаларын асыра орындап жүрген тракторшылар бригадада аз емес.
Т. ГАБДУЛЛИН.
Картоп пен овощқа тыңғылықты күтім жасау бұл дақылдардан мол өнім алуға бағытталған агротехникалық шаралар кешенінің маңызды саласы болып табылады. Мұны дұрыс ұйымдастырған шаруашылықтар картоп пен овощтан жоғары өнім жыйнауда.
Мәселен, Киров ауданының Киров атындағы колхозында Александра Ивановна Казанцева жолдас күтіп-баптауды агротехникалық тәсілдерге сай үлгілі ұйымдастыра отырып, өткен жылы капустаның әрбір гектарынан 500 центнерден өнім алды. Бұл колхозда биыл овощтардың көлемі өткен жылдағыдан едәуір арттырылды. Картоп пен овощ Ертіс өзенінің қойнауындағы суармалы учаскелерге отырғызылды.
Қазір ауылшаруашылық артелінде егісті күтіп-баптау жұмысы ойдағыдай жүргізілуде. Мұнда барлық картоп және овощ дақылдары екі рет топырағы қопсытылып, арамшөптен тазартылды, жаңбырша жаудыратын арнайы машина арқылы суарылды. Мұның нәтижесінде дақылдардың шығымдылығы біркелкі жақсарып, қаулап өсуде. Осы ауданның Куйбышев атындағы колхозында картоп пен овощты күту жұмысы жақсы жолға қойылған. Анна Прокопьевна Измайлова жолдас басқаратын арнайы бригаданың мүшелері картоп пен овощты оның барлық егіс көлемінде бір рет топырағын қопсытып, арамшөптен тазартты. Қазір екінші рет баптау жүргізілуде.
Алайда картоп, овощ дақылдарын күтіп-баптау жұмысы барлық жерде осындай дәрежеде болмай отыр. Бірқатар аудандар мен колхоздарда бұл дақылды арамшөптен тазарту, суару, топырағын қопсыту кешіктірілуде. Дала еңбекшілерін картоп, овощпен қамтамасыз ететін Лениногор ауданының колхоздарында небәрі 6 гектар картоп күтіп-бапталды. Ал овощтың қатар аралықтарын баптау, арамшөптен тазарту жұмыстарының үштен бір бөлігі ғана орындалды.
Таврия, Бұқтарма, Зырян аудандары бойынша да осыны айту керек. Таврия ауданының колхоздары биыл 79 гектар картоп еккен. Осының 31 гектарында ғана күтіп-баптау жүргізілді. Небәрі 88 гектар овощтың 5 гектары ғана күтілді. Бұқтарма ауданының колхоздары картоп пен овощты баптау жөніндегі тапсырманың тең жартысын да орындаған жоқ.
Ол ол ма, кейбір аудандар картоп пен овощты күтіп-баптау жұмысын бүгінге дейін жүргізбей келеді. Ұлан, Катонқарағай, Күршім және Тарбағатай аудандарында бірде-бір гектар картоп пен овощқа баптау жүргізілмеген.
Бұған төзуге болмайды. Жергілікті партия, совет ұйымдары, МТС дирекциялары мен колхоз басқармалары картоп пен овощты күтіп-баптау жұмысын үлгілі ұйымдастыруға міндетті. Барлық күш-мүмкіншілік осы дақылдардан жоғары өнім алуға жұмылдырылуы тиіс.
Ф. КОШКУНОВА.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасының жеміс-овощь жөніндегі агрономы.
Колхозда егіс көлемі едәуір ұлғайды. Артель быйыл тұңғыш рет жүздеген гектар жүгері екті. Күнбағыс дақылының көлемі ұлғайтылды. Сол сияқты мал азықтық дақылдар, овощь, бақша өсіру өткен жылдағыдан әлде қайда мол салынды. Көктемгі егіс жұмыстары дер кезінде агротехникалық мерзімдерге сай аяқталды. Жүгері мен күнбағыс барлық егіс көлемінде шаршы-ұялы әдіс бойынша егілді.
Қазір егісті күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Біз күнбағыстың және жүгерінің қатар аралықтарын екі бағытта механикаландырылған күшпен баптауды ұйымдастырдық. Мұның өзі колхозшылардың еңбегін жеңілдетіп, жұмыстың өнімді болуын қамтамасыз етіп отыр. 666 гектар күнбағыс және 226 гектар жүгері егісінің қатар аралықтары екі бағытта бапталды. Күнбағысқа культивация екі рет жүргізілді. Жүгері егісін екінші рет культивациялау жұмыстары аяқталды.
Жүгерінің қатар аралықтарын культивациялап болғанда, әдетте, қазтабандар ұяға 10—15 сантиметр жетпей өтеді. Сондықтан бұл жердің топырағын қолмен қопсыту керек. Бұл үшін адамдар белгіленді. Олар культивация жүріп кеткеннен кейін ұялардың қазтабан тимеген жерін қопсытып, сонымен қатар өсімдікті сирету, арамшөптерді отау жұмысын жүргізеді. Әрбір ұяда жүгерінің жақсы өскен екі сабағы қалдырылды. Егер бір сабақ өскен ұя болса, оған сиретілген екінші ұядан өсімдік отырғызу ұйымдастырылды. Мұның нәтижесінде сабақ өспеген ұя жоқ және барлық егіс көлемінде әрбір ұяда екі сабақтан болып отыр.
Бұл жұмыста колхозшыларға Самар МТС-інің механизаторлары елеулі көмек көрсетті. Станцияның артельді қамтамасыз ететін №13 бригадасының механизаторы Хамзин жолдас шаршы-ұялы әдіс бойынша егілген жүгерінің қатар аралықтарын өңдейтін культиватор тіркелген «СХТЗ» тракторымен күндік нормасын 100—120 проценттен орындап отырды. Осы жұмыста әсіресе тракторшылар Қоңырбаев, Лифанов жолдастар тапсырманы үнемі асыра орындап, жұмысты сапалы істейді.
Біз культиваторлардың қазтабандары қатар аралықтардың арасымен дұрыс жүруін қадағалап отырдық. Егісті культивациялау кезінде машинаның жүгері сабағын жұлып кету немесе тамырын бүлдіру фактісіне жол берілген жоқ. Алдымен культивацияны егістің ұзынан жүргіздік. Мұның өзі ұялардың бүлінбеуін қамтамасыз етті. Бізде жүгеріні күтіп-баптау жұмысы звенолар бойынша жүргізіледі. Артельде әрбір егіс бригадасында жүгері өсіретін звенолар құрылған болатын. Олардың мүшелері тұрақты бекітілді. Агрономдар да, қазір күтіп-баптаумен жүргендер де сол звено мүшелері.
№1 егіс бригадасында 50 гектар жүгері екі рет культивацияланды, арамшөптер оталды. Қазір дақылдың сабағы тізеден асады. Мұнда жүгеріні суару үлгілі ұйымдастырылып отыр. Дақыл бұрын егін салынбаған тың жерге егілген болатын. Сондықтан бұл учаскеге жаңадан тоған тартылды. Егіс бір рет түгелден суарылды. Мерзімі өтпей екінші рет суару жүргізілуде. Егіс бригадасының бригадирі Сейсенбаев жолдас агротехникалық тәсілдердің дұрыс орындалуын қадағалап отырады. №3 егіс бригадасында егін суару, баптау жұмыстары дұрыс жүргізілуде. Мұнда күнбағыс пен жүгері түгелдей екі рет культивацияланды. Егіс арамшөптен тазартылды. Жүгеріні суару үлгілі ұйымдастырылып отыр. Егіс бригадасының бригадирі Игисинов жолдас егінді бірінші рет суару мен екінші рет суарудың арасында 8—10 күннен артық уақыт өтпеуін қатаң бақылауда.
Алайда, жұмыста кемшілік те жоқ емес. Базаров жолдас басқаратын №2 егіс бригадасында жүгеріні күтіп-баптау жұмысы агротехникалық тәсілдерге сай болмады. Негізгі кемшілік сол, Базаров жолдас жүгеріні культивациялауды дер кезінде бастамады. Бұл жұмыс жуырда ғана қолға алынып отыр. Соның салдарынан мұндағы 120 гектар жүгерінің тең жартысына жуығы екінші рет культивацияланбады. Мұнда культивация өткеннен кейін қатар аралықтарды қопсыту нашар ұйымдастырылып отыр. Ұяларды сирету ұзаққа созылды. Агротехникалық тәсіл бойынша культивация жүргеннен кейін ұяларды сирету, қазтабан тимеген топырағын қопсытып, арамшөпті отау жүргізілуі тиіс. Бұл өсімдіктің біркелкі өсіп жетілуіне жағдай жасайды. Алайда, бригадада осы естен шоғарылған. Қатар аралықтарды қолмен баптау культивация жүргізілгеннен кейін бірнеше күн өткен соң кешіктіріліп орындалып келеді.
Мұнда еңбек тәртібі нашар. Көрсеткіш тақта көктемгі егіс аяқталғаннан кейін толтырылмаған. Дабырға газет, жауынгерлік листок шығарылмаған. Бірқатар колхоз партия ұйымы егіншілер арасында үгіт-насихат жұмысын пәрменді жүргізуге жете назар аудармай отыр.
Амангелді атындағы колхоздың басқармасы мен партия ұйымы бұдан жедел қорытынды шығарып, егінді күтіп-баптаушылар арасында еңбек ұйымдастыруды, саяси-кеңестік жұмыстарын нақты жолға қоюы керек.
Қ. ШЫНТЕМІРОВ
Самар МТС-інің учаскелік агрономы
Предгорный МТС-інің комбайн паркін жөндеуге кіріскеніне екі айдан астам уақыт болды. Станцияда быйыл 81 комбайн жөнделуі тиіс.
Бірақ орындалған іс шамалы болып отыр. Небәрі 17 комбайн дайын болды. Бұл жөндеуден тиісті комбайндардың 20,9 проценті ғана. Мұның үстіне жөндеуден өткізілген кейбір комбайндардың тетіктері түгел орнатылмаған. № 4 өздігінен журетін койбайн егін жыйнауға әзір болды деп мәліметке енгізілген, оғап электт жарығы орнатылмаған.
МТС директоры Балакин, бас инженер Панченко жолдастар комбайп жөндеуге тыянақты басшылық етпейді. Балакия жолдас машииа-трактор мастерскойында анда-санда бір болғанның өзінде механизаторлардың жұмысымен таныспайды, жағдайды анықтап білмейді.
Егін жыйнауды қыска мерзімде өткізіп, астықтың ысырап болуына жол бермеу ең алдымен оған тыңғылыкты әзірлік жасауға байланысты. Комбайн—егін жыйнауда шешуші күш. Предгорный МТС-інің дирекциясы бұдан тиісті қорытынды шығаруы тиіс
А. НЕБУЧИН.
Россиядағы 1905-1907 жылдардағы революция империализм дәуіріндегі тұңғыш халықтық революция болды. Империализм дәуірі бұл революцияға өзінің белгілі бір ізін қалдырды. Бұл революция өзінің әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан буржуазиялық-демократиялық революция болғанымен, оның бұрынғы буржуазиялық-демократиялық революциялардан бірқатар ерекшеліктері болды.
Ол кезде патшалық Россия әбден қалыптасқан капиталистік ел, бірақ крепостниктіктің ең күшті сарқыншақтары әлі сақталған ел болатын. Ол империализмнің барлық қайшылықтарының астасқан жері болды, бұл қайшылықтардың ішінде пролетариат пен буржуазия арасындағы қайшылық күресі де күшті болатын. Россия өз ішінде социалистік революцияны өсіріп алатындай буржуазиялық-демократиялық, халықтық революция жасау жағдайына неғұрлым зор дәрежеде ие болған ел болды. Мұның өзі Россияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының бүкіл барысымен байланысты еді.
Россиядағы капиталистік экономика мен саяси құрылыс крепостниктіктің сарқыншақтарымен түйісіп, ұштасып жатты. Патшалық самодержавие және помещиктік жер иеленушілік осы сарқыншақтардың ең бастылары болды.
Патшалық Россияда жұмысшыларды капиталистік қанаушылықтың ең қатал және мейірімсіз формалары қолданылды. Шаруалар үнемі мұқтаждыққа ұшырап, күйзелді. Жанды және прогрестік істің бәрін жаншып, тұншықтырған патшалық самодержавиенің озбырлығы помещиктер мен капиталистердің езушілігін күшейте түсті. Патша Россияда мекендейтін орыс емес халықтарды өрескел езу саясатына жүргізді. мекендейтін орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы екіжақты езушілікке – өз помещиктері мен капиталистерінің езушілігінен және орыс помещиктері мен капиталистерінің езушілігінен бірдей жапа шекті. Орыс патшасы солтүстік-феодалдық империализм болды. Осылардың бәрі халық бұқарасының жағдайын төзуге болмайтын халге ұшыратып, әлеуметтік қайшылықтарды ерекше күшейтті және тереңдете түсті. Революциядағы тап күштерінің ара салмағы да осылай туды.
Батыстағы буржуазиялық революцияларға қарағанда, Россиядағы халықтық революцияның басшысы және қозғаушы басты күші пролетариат болды. Россия пролетариатының сан миллиондаған шаруалар бұқарасы сияқты өзінің табиғи одақтасы болды. Жұмысшы қозғалысының өрлеуі патшаны шошытқан және көптеген табақтар арқылы патшамен байланысқан орыс буржуазиясы революцияда контрреволюциялық күш ретінде қыймыл жасады.
Партияның стратегиясы мен тактикасын белгілеген кезде Ленин бастаған большевиктер буржуазиялық-демократиялық революциядағы тап күштерінің осы жаңа ара салмағын еске алды. Большевиктердің стратегиялық және тактикалық жоспары буржуазиялық-демократиялық революциядан социалистік революцияға көшу мүмкіндігін ескеретін.
В. И. Ленин және онымен пікірлес революционерлер патшаны құлатып қана қоймай, сонымен бірге социализмге жол ашуға және дүниежүзілік империализмнің түпкі негізін шайқалтуға тиіс деп санады. Большевиктер Россияның дәл сол кезде дүниежүзілік революциялық қозғалыстың орталығына айналғанын және пролетариаттың халықаралық пролетариаттың авангарды бола бастағанын көрді. Большевиктердің революциядағы бүкіл қызметінің негізгі бағыты міне осында болды. Россиядағы революция туралы мәселеде большевиктер мен меньшевиктер арасында туындаған алауыздықтардың түпкі тамыры да осында болды.
Ленинге қарсы шыққан меньшевиктер Россиядағы революцияға бұрынғы буржуазиялық революциялардың әшейін қайталанған түрі және ол тек абсолютизмді құлатып, буржуазияның үстемдігін орнатуға ғана бағытталған қозғалыс деп қарады.
Лениннің тарих алдындағы ұлы еңбегі мынада: ол бірінші орыс революциясы өрістей бастаған кезде меньшевиктер мен батысеуропалық оппортунистер тактикасының реформалық мәнін ақырына дейін әшкерелеп, большевиктік тактиканы данышпандықпен дәлелдеп берді, Коммунистік партияның саяси (тактикалық) негіздерін жасады.
Маркизм тарихында тұңғыш рет В. И. Ленин империализм дәуіріндегі буржуазиялық-демократиялық революцияның ерекшеліктері, оның қозғаушы күштері және перспективалары туралы мәселені талдап шешті. Россияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына ғылми талдау жасау және дүниежүзілік революциялық қозғалыстың тәжрбиесіне сүйену негізінде В. И. Ленин буржуазиялық-демократиялық революциядағы пролетариаттың гегемондығы идеясын жан-жақты дәләлдеді және ілгері дамытты, сөйтіп бұл идеяны большевиктік стратегия мен тактиканың негізі етіп алды.
в. и. Ленин пролетариат басшылық роль атқаратын жұмысшы табы мен шаруалар одағының идеясын жан-жақты талдап шешті және бұл таптардың одағы халықтық революцияның жеңіп шығуының даусыз шарты болып табылатынын көрсетті. Жұмысшы табы мен шаруалар одағының лениндік идеясы большевиктік революциялық тактиканың және меньшевиктік, оппортунистік тактиканың арасын анықтап берді.
Орыс революциясының ерекшеліктерін ескеріп және пролетариаттың буржуазиялық-демократиялық революциядағы гегемониясы идеясын дамыта отырып, Ленин "Социал-демократияның демократиялық революциядағы екі тактикасы" дейтін өзінің классикалық еңбегінде орыс марксистеріне буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуының айқын перспективаларын көрсетіп берді, сөйтіп марксистік ғылымды пролетариат революциясының жаңа теориясымен байытты.
В. И. Ленин былай деп санады: буржуазиялық-демократиялық міндеттер орындалуымен-ақ іле-шала пролетариаттың және оның соңынан ерген қаналушы шаруалар бұқарасының социалистік революция жолындағы күресі басталуға тиіс. Ленин буржуазиялық-демократиялық революцияның жеңісін тек социалистік төңкеріс жасаудың бірінші сатысы ғана деп қарады. Россияда пролетариат пен шаруалардың революциялық-демократиялық диктатурасы революцияны онан әрі ілгері бастырып, оның жалынын Европада да тарату үшін, Россия пролетариатының өзінің саяси саналылығын көтеруіне, қарулануына, күрескерлердің халықаралық ұлы армиясына ұйымдасуына, міне осыдан кейін социалистік революцияға тікелей көшуіне мүмкіндік беру үшін қажет болды.
Орыс революциясының бұлай дамуын Ленин пролетариаттың империализм дәуіріндегі тап күресінің жаңа жағдайларымен, Россияда бір мезгілде қатар өрістеген әлеуметтік екі соғыспен (крепостниктік қалдықтарына қарсы соғыспен және капитализмге қарсы соғыспен) байланыстырды. Ленин революцияның бұлайша дамытылуын, пролетариат революцияның гегемоны ретінде қимыл жасай, ал шаруалар оның табиғи одақтасы болып отырған жағдайда, революциядағы тап күштерінің қолайлы орналасуымен байланыстырды.
Міне, бұл жағдайда Ленин айтқан әлеуметтік екі революция бір-бірімен жанаспай қоймайтын еді. Оның тағы бір себебі сол: бұл соғыстардың екеуінде де басшылық роль пролетариаттың қолында болды.
Әлеуметтік соғыстардың бірінші Россияда аграрлық мәселені шешуді өзінің экономикалық негізіне қойды. Бұл үшін ең алдымен помещиктердің ірі жер иелігін жойып, елдегі бүкіл жерді национализациялау керек еді. Ол кезде Россияда жер иеленудің жайы мынадай болатын: 11 миллион үйден тұратын еңбекші шаруалар (кедейлер мен орташалар) шамамен 70 миллион десятина жер, яғни 30 мың помещиктің иелігіндегі ғана жер иеленді. Помещиктер қанша жерді иеленген болса, шаруалар буржуазиясы (кулактар) мен капиталистік фермерлер де сонша жер иелену осылайша бөлініп отырғанда, шаруалардың жер үшін және помещиктерге қарсы күрес жүргізуі даусыз еді. Ал пролетариат бұл күресті аяғына дейін аяқтап шығуға мейлінше мүдделі болды, өйткені помещиктердің экономикалық және саяси күштерін әлсірету басқа бір әлеуметтік соғысты, қаладағы және деревнядағы капитализмге қарсы соғысты, социализм жолындағы соғысты ойдағыдай жүргізуді қамтамасыз ететін еді.
Мұнымен бірге, Россияда жер иелігінің бөліну тәртібі, помещиктерге қарсы және жер үшін кедей шаруалар күресінің үсті, осындай жағдайда болашақта жоне кедей шаруалар арасында таптың антагонизмдерінің туа бастамайтынын және социалистік төңкеріспен ұштасатын бұл күресте кедей шаруалардың қала пролетариаты жағында қимыл жасайтынын болжау пролетариаттың жалпы алғанда бүкіл капиталистік меншікті құртуға бағытталған социалистік революция жасауына көмектесетінін керсетеді.
Деревнядағы тап күресінің дамуындағы осы жалпы бағытты көрегендікпен болжап біліп, В. И. Ленин былай деп жазды: «Бізге, пролетариат партиясына, неғұрлым тезірек жаңа және жоғары міндетке — социалистік революцияға көшу жеңіл болуы үшін, бар күшімізбен бүкіл шаруалардың демократиялық революция жасауына көмектесеміз» (В. И. Ленин. Шығармалар, 9 том, 237 бет).
Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ойдағыдай ұласуы үшін, экономикалық тұрғыдан алғанда, жерді национализациялау сияқты шараның орасан зор маңызы болды. Бұл шара крепостниктік қатынастардың қалдықтарын анағұрлым толық жоюға, Россияның экономикалық және саяси жағынан дамуын ілгері бастыруға күшті қозғау салуға тиісті еді. Бұл шара жаңа құрылыс үшін негіз әзірлеуге, революциядағы тап күштерінің жаңа ара салмағын туындатуға атсалысуға, сөйтіп буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуына көмектесуге тиіс болды. Сондықтан да Ленин жерді национализациялау бұл «буржуазиялық революцияның «соңғы сөзі» ғана емес, сонымен қатар ол социализмге қарай басылған қадам» (Шығармалар, 13 том, 439—440 беттер), деп атап көрсетті.
Пролетариат пен шаруалардың революциялық-демократиялық диктатурасын мүмкіндігінше толық жүзеге асыру, пролетариаттың еңбекші шаруалармен одағында пролетариаттың басшылық ролін күшейтіп, қала мен деревнядағы буржуазиялық элементтерге қарсы батыл күрес жүргізе отырып, бұл одақты барынша баянды ету буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуының саяси негізі болуға тиіс еді. Пролетариат пен шаруалардың революциялық-демократиялық диктатурасының саяси органы ретінде уақытша революциялық үкімет құру туралы Лениннің мәселе қоюы буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын саяси жағынан қамтамасыз етумен тікелей байланысты болды.