Цифрлы күйге алмастырған: Шаймолданова Нурия
СОВЕТТІК ҚАЗАҚСТАНДА (1 бет)
ПАРТИЯ ТҰРМЫСЫ: Күршім аудандық партия комитетінің IV пленумы (2 бет).
Н. Баяндин – Адмирал Нахимов (2 бет)
Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясына қатысушылардың Москваға келуі. Ленинград вокзалындағы салтанатты қарсы алу (2 бет)
ШӨП ШАБУ, ЕГІСТІ КҮТІП-БАПТАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛСІН: М.Мусин-Пішен жинауда техника қуаты өнімді пайдаланылсын (3 бет).
Герман-поляк мемлекеттік шекарасы туралы договордың бесжылдығы (4 бет).
Аналардың балаларды қорғау жөнінде Бүкілдүниежүзілік конгресінің ашылуы (4 бет).
ҚКП ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ, ЕҢБЕКШІЛЕР ДЕПУТАТТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ СОВЕТІНІҢ ЖӘНЕ ҚКП ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ГАЗЕТІ.
№136 (3211). СЕЙСЕНБІ, 13 маусым 1955 жыл.
Шыға бастағанына ХVII жыл. Бағасы 20 тиын.
Өнеркәсіп қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесіне қатысушыларының үндеуінде озат тәжрибені жинақтап, көпшілік игіліктеріне айналдырудың маңызы ерекше атап көрсетілді. Еңбек озаттары мен жаңашылдардың тәжрибесі еңбек өнімділігін арттырудың орасан мол резервтері өндірістің әрбір буынында бар екендігін, техника қуатын сарқа пайдаланып, еңбек әдісін үздіксіз жетілдіру нәтижесінде жоғары көрсеткіштерге жетуге болатындығын айқын көрсетіп отыр. Бұл тәжрибені көпшілік игілігіне айналдыру әрбір жұмысшының, сменаның, кәсіпорынның мемлекеттік жоспарды толық және асыра орындауын, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарта түсудің негізгі жолдарының бірі.
Партия, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық басшылар социалистік жарысты нақтылы ұйымдастырылып, алдыңғы қатарлы тәжрибені бүкіл коллектив арасында кеңінен насихаттауға белсене кірісіп отырған жерде мемлекеттік жоспардың барлық көрсеткіштері бойынша асыра орындалатындығын тәжрибе айқын дәлелдеп отыр. Лениногор қорғасын заводында Челохсаев, Сапрыгин жолдастардың смена коллективтерінің жұмысы жинақталды. Мұнда әсіресе агломерация цехындағы спекальшілер бригадирі Дорофеев және машина торабының бригадирі Аплетин жолдастардың еңбек әдісі өзінің артықшылығымен көзге түсті. Бұл бригадалар норманы үнемі асыра орындап, жұмыс уақытын толық пайдаланудың, еңбек өнімділігін арттырудың жаңа резервтерін іске қосуда.
Заводтық комитет цех басшыларымен бірлесе отырып, агломератшылардың жиналасын өткізді. Мұнда Дорофеев, Аплетин жолдастар өздерінің жұмыс әдістері туралы баяндады. Өзге сменаларда істейтін спекальшілер, машина торабының жұмыстары оларға көптеген сұрақтар қойып, мазмұнды жауап алды. Озаттардың әдісін барлық сменаларда қолдану мақсатымен цех басшылары мен заводтық комитет цехтағы барлық өзге сменаларда істейтін бригадирлердің тікелей жұмыс базасында алдыңғы қатарлы еңбек әдісін үйренуін ұйымдастырды. Мұның өзі ойдағыдай нәтижесін берді. Қорғасын заводының агломератшылар үнемі жоспардан тыс арзан өнім шығаратын болды. Оның үстіне өнімнің сапасы жақсара түсті. Агломератпен кететін күйдірілген күкірттің мөлшері жоспардағыдан анағұрлым кеміді.
Дорофеев жолдастың бригадасында соңғы уақытта еңбек өнімділігін арттырудың, өзіндік құнды арзандатудың қосымша резервтері іске қосылды. Бұрын спекатель машинасының полеттеріне жабысып қалған агломератты сыдырып алуда 4 адам істейтін. Озат бригаданың коллективі полеттерге арнаулы раствор жағып тұруды ұйғарды. Мұның өзі жабысқан агломератты сыдыру ісінен үш адамды босатып, оларды өзге жұмыста пайдалануға мүмкіндшілік берді.
«Лениногорсксвинецстрой» тресінің қалаушысыы Ш.Хаджиев жолдас тресте бірінші болып шаруашылық есепке көшті. Бригада коллективі жұмыстың барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе отырып, кірпіштің тек контейнермен тасылуын, мастердің және прорабтың келіп түскен құрылыс материалына және оның жұмсалуына есеп жүргізуін талап етті және оған жетісті. Бригада өзіндік құнды кеміту мәселесіне ерекше назар аударатын болды. Мұның барлығы айлық тапсырманы бір жарым еседен асыра орындауға, мыңдаған дана кірпіш, көптеген раствор үнемдеуге мүмкіншілік берді. Қазір «Лениношорсксвинецстрой» пресінде Хаджиев жолдас басқаратын коллективтің үлгісі бойынша 20-дан астам бригада шаруашылық есепке көшіп,табысты болды.
Алайда, жалпы алғанда еңбектің алдыңғы қатарлы тәжрибесін насихаттау ісі қанағаттанғысыз. Озат тәжрибені зерттеп, жинақтау ұзақ уақытқа созылады. Бір кәсіпорнында жинақталған тәжрибе екінші кәсіпорнында пайдаланылмайды. Мысалы, Хаджиев жолдастың еңбек әдісі облыстағы өзге бірде-бір құрылыс тресінде насихатталмады, сондықтан қолданылмай келеді.
Озат тәжрибені насихаттауда орын алып отырған елеулі кемшіліктерге ең алдымен кәсіподақ комитеттері, құрылыс ұйымдары мен кәсіпорындарының бас инженерлері кінәлі. Олар техниканы әрдайым сарқа пайдаланып, еңбек өнімділігінің жоғары көрсеткіштеріне ие болып жүрген алдыңғы қатарлы жұмысшылардың тәжрибесін қысқа мерзім ішінде зерттеп, дереу бүкіл коллектив игілігіне айналдыру ісімен әлі жете шұғылданбай келеді.
Алдыңғы қатарлы тәжрибені кеңінен насихаттау, оны көпшілік игілігіне айналдыру социалистік жарыстағы басты міндет. Бірақ кәсіподақтарының облыстық комитеттері бұл өте маңызды істен тыс қалуда. Түсті металлургия жұмысшылары кәсіподағы облыстық комитетінің председателі Мищенко жолдастың айтуы бойынша озат тәжрибені насихаттау ісінде кемшіліктер жоқ сияқты. Үстіміздегі жылы бірнеше таңдаулы кеншілер мен металлургтердің, байытушылардың тәжрибесі зерттелді, арнаулы листовкалар шығарылды. Амал не, бұдан әрі облыстық комитет ешнәрсе істемеді. Ал алдыңғы қатарлы тәжрибені жинақтау, листовка шығару озат тәжрибені насихаттаудың тек бастамасы ғана. Міндет бұл тәжрибенің әрбір участокте, бригадада қолданылуын қамтамасыз етуде.
Түсті металлургия жұмысшылары кәсіподағының облыстық комитеті және оның председателі Мищенко жолдас озат тәжрибені насихаттауға формальді-бюрократтықпен қарайды. Ол Зырян комбинатына еңбек озаттарының жұмыс әдістері туралы көптеген листовкалар жіберді. Бірақ олардың дені металлургтердің жұмыс әдісін баяндауға арналған. Әрине, мұндай листовкалардың кеншілер мен байытушылар үшін ешбірі қажеті жоқ.
Кәсіподақтардың облыстық советінің жуықта болып өткен пленумы социалистік жарысты ұйымдастыру және оған басшылықты жақсарту мәселесін талқылады. Атап айту керек, пленум өз дәрежесінде болмады. Мұнда тіпті социалистік жарыстағы басты міндет-озат тәжрибені бұқаралық ету туралы сөз де болмады, жақсы тәжрибе ортаға салынбады. Кәсіподақтардың облыстық советінің председателі Ефимов жолдас өзінің және облыстық комитеттердің председательдері Мищенко, Деспотованың жарысқа басшылық етуде, озат тәжрибені насихаттауда айтарлықтай ештеңе істемегендігін мойындады. Осыған байланысты заңды сұрақ туады. Кәсіподақ ұйымдарының басшылары кемшілікті мойындаудан творчестволық ұйымдастыру ісіне қашан көшеді?
Социалистік жарысты ұйымдастыруда, алдыңғы қатарлы тәжрибені кеңінен насихаттауда цехтың, рудниктік, заводтық комитеттер жетекші роль атқаруға тиіс. Бұл олардың төл ісі. Бірақ бірқатар қалалық және аудандық партия комитеттері бұған мән бермейді, кәсіподақ ұйымдарының жұмысына олардың басшылығы, бақылауы қанағаттанғысыз. Бұл кемшілікті дереу түзету керек. Төменгі кәсіподақ ұйымдары жарыстың нағыз инициаторы, ұйымдастырушысы, жақсы тәжрибені таратушы болсын.
Озат тәжрибені кеңінен насихаттап, коллективтің социалистік жарыста қабылдаған міндеттемелерінің мүлтіксіз орындалуы үшін кәсіпорындардың, құрылыс ұйымдарының басшылары қажетті жағдайдың бәрін жасауға тиіс. Мұнда ең алдымен еңбек ұйымдастырудың жетілдіруге ерекше көңіл бөліну керек. Өйткені, құрал-саймандардың, түрлі материалдардың жұмыс басында қажетті мөлшерде болмауы салдарынан едәуір уақыт бос өтеді. Өнім нормаларын орындамаушыларға ерекше көңіл бөліп, олардың артта қалу себептерін ашып, алдыңғылар қатарына теңелуіне мейлінше қамқорлық жасалатын.
Партия, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық басшылар озаттардың тәжрибесін егжейлі-тегжейлі зерттеп, оны сол мамандықтағы барлық жұмысшылардың қолдануы үшін, сөйтіп, өндірістік жалпы өрлеу туғызу үшін жақсы тәжрибені дәйектілікпен насихаттауға тиіс. Бұл үшін қабырға баспасөзі, өндірістік кеңестер, коллектив жиналысы кеңінен пайдаланылатын болсын. Таңдаулы металлургттердің, кеншілердің, құрылысшылардың өздерінің жұмыс әдістері туралы коллектив алдында лекция оқуын, әңгіме өткізуін жиі ұйымдастырып тұру керек.
Алдыңғы қатарлы тәжрибені бұқара игілігіне айналдырып, еңбек өнімділігін онан әрі арттырайық, өнімді неғұрлым мол, сапалы, арзан шығарайық.
ССРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің шақыруы бойынша Чехословак Республикасының тағыда үлкен бір топ шаруалары мен ғалымдары 6 маусымда Москваға келді. Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесімен толық танысу үшін келген делегацияның басшысы Словакияның ауыл шаруашылығы ведомствосының мал шаруашылығы жөніндегі бас басқармасының бастығы Ян Мозола.
Киев вокзалында чехословак достарды ССРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері және Чехословак Республикасының Моксвадағы елшілігінің қызметкерлері қарсы алды (ТАСС).
Көкшетау облысының әсем орманды жеріне еліміздегі сауықтыратын ең ірі орындардың бірі-Буровое курорты орналасқан. Биылғы жылы мұнда үш мыңнан аса еңбекшілер тынығып денсаулығын жақсартады.
СУРЕТТЕ: Бурабай көліне түсетін жол.
Суретті түсірген Е.Филипенко (ҚазТАГ).
Қазақстанның май өндіретін өнеркәсібі ұлғаюда. Ақмола облысының Вишнев ауданының орталығы-Вишнев селосында механикаландырылған жаңа май заводы іске қосылды. Ол жылына 2000 тонна сүт өндейтін болады. Осындай қуаты бар май заводы Семей облысының Жарма ауданының орталығы-Георгиевка селосында салынып жатыр. Қарағанды облысының аудан орталығы Осакаровкада, Семей облысының Новая Шульба селосында жылына 3000 тонна сүт өндейтін заводтар салынуда.
Қазақстандағы аса ірі кәсіпорын-Өскеменнің қалалық сүт заводында жабдықтарды монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл кәсіпорын бір сменада 30 тонна сүт өндей алады. Ол отандық майды алды техникамен, оның ішінде пластинкалы пастеризаторлармен жабдықталған. Мұнда инженер Мелешиннің системасы бойынша жасалған сарымай өндіретін үдемелі линия және балқытылған сыр өндіретін автомат жаңа үдемелі, линия орнату белгіленуде.
(ҚазТАГ).
АТБАСАР. (Ақмола облысы). (ҚазТАГ). Елсіз өлкедегі Қоржынкөл көлінің маңы биылғы жылы мықтап өзгерді. Көл жағасындағы қоға қамыстар шауып алынып, суға тұнған көгерген шөптер тазартыллы. Күн сәулесі судың мөлдір айдынына еркін түсетін болды. Осының бәрі Бауман астық совхозына жаңадан қоныстанған жастардың қолымен істелген іс. Олар көлде су станциясын салды. Мұнда совхоздың суға жүргізушілері жаттығады.
Көлде алғашқы қайықтар да суға түсірілді. Бұларды Ленинградтың спортшылары жаңадан қоныстанушыларға сыйға тартты. Жігіттер мен қыздар ескек өнерімен ынта қойып шұғылданады. Шаруашылықтың жүзге жуық жас құрылысшы, тракторшы, тіркеушілері суға жүзу және ескек спорты жөнінен болатын жарыстарға әзірленіп жатыр.
АҚТӨБЕ, (ҚазТАГ). Облыстың колхозшылары партияның шақыруымен колхоздарда жұмыс істеуге тілек білдірген, сөйтіп деревнядағы жұмысқа келгендерді қуанышпен қарсы алуда. Ауыл шаруашылығындағы практикалық жұмыста зор тәжрибесі бар еріктілердің бір тобы практикадан өткізілместен колхоздарға жұмысқа жіберілді. Родников ауданының Ленин атындағы колхозының жалпы жиналысы зоотехник А.Л.Малиновскийді басқарманың председателі етіп сайлады, ол бұған дейін облыстық ауылшаруашылық басқармасының ұйымдастыру-колхоз істері басқармасының бастығы болып істеген. Облыстық атқару комитеті председателінің бұрынғы орынбасары С.Ф.Старчиков Темір ауданының «Победа» колхозының председателі, ал Мартөк аудандық атқару комитеті председателінің орынбасары Х.Арысланов Мартөк ауданының «Жаңатаң» колхозының председателі болып сайланды.
Жаңадан сайланған председательдер өздерінің міндеттерін орындауға кірісті.
Алматыда Қазақ ССР еңбек резервтерінің оқу орындары активінің кеңесі болды. Қазақстанның еңбек резервтері оқу орындарында маман жұмысшылар даярлаудың жайы және оны жақсартудың шаралары туралы еңбек резервтерінің республикалық басқармасының бастығы Путинцев жолдас баяндама жасады.
Мемлекеттік еңбек резервтерінің жүйесі халық шаруашылығын маман жұмысшылармен толықтырудың негізгі қайнар бұлағы болып табылады. Қазақстанда осы жүйенің 122 оқу орны өнеркәсіпке, транспортқа және ауыл шаруашылығына арнап жұмысшылар даярлайды. Үстіміздегі жылдың өзінде ғана олар мыңдаған маман жұмысшылар береді. Бұл-1953 жылдағыдан үш еседей көп. Оладың басым бөлігі ауыр индустрияның кәсіпорындарына, жаңа совхоздар мен МТС-терге жіберіледі.
Ауыл шаруашылығын механикаландыру училищелері тіркеме және өздігінен жүретін комбайндарға жұмыс істейтін, сондай-ақ мал шаруашылығындағы еңбекті көп керек ететін процентерді механикаландыру жұмысында істейтін бірнеше мамандығы бар механизаторлар даярлайды.
Оқу кезінде оқушылардың алған теориялық білімдерін тиянықтауға зор көңіл бөледі. Мысалы, Талдықорған учелищесінде тәрбиеленушілер мастерлердің басшылығымен МТС-те 8 тракторды, 20 комбайнды, ауыл шаруашылығының басқа да машиналарын өздігінен жөндеп шығарды. Оқушылар ауылшаруышылық жұмыстарына қатысты.
Еңбек резервтерінің оқу орындарында тәрбиеленушілер үшін жемісті өндірістік оқуға ғана емес, сонымен қатар жан-жақты мәдени және дене шынықтыру тәрбиесін алып өсуге де жағдайлар туғызылған. Олар жалпы білім беретін пәндерді өтеді, саяси үйірмелерге қатысады. Жарты миллионнан аса кітабы бар кітапханалар оларға қызмет етеді. Болашақ жас жұмысшылар үшін жыл басынан бері коммунистік тәрбие беру мәселелері жөнінде, жаратылыстану-ғылыми және техникалық тақырыптарға 4 мыңдай лекция оқылды.
Баяндамашы мен жарыс сөзде сөйлегендер мұнымен қатар республиканың оқу орындарында маман жұмысшылар даярлаудағы кемшіліктерге тоқталды. Мұндай кемшіліктердің болуына, ең алдымен, оқу орындарына еңбек резервтерінің республикалық және облыстық басқармалары тарапынан басшылықтың нашар екендігі себеп болып отыр, бұл басқармалар оқу орындарынан қол үзген. Олардың қызметкерлері жергілікті орындарда сирек болады, оқу-өндірістік процентерімен терең танысып отырмайды, кемшіліктердің жою жөнінде жедел шаралар қолданбайды. Оқу-тәрбие жұмысының озат тәжрибесі баяу таратылады. Республиканың Ауыл шаруашылығы мен Совхоздар министрліктерінің базалық кәсіпорындары оқу-өндірістік базаларды нығайту және оқушылардың өндірістік практикасын өткізу жөнінен оқу орындарына жеткілікті көмек бермейді.
Кеңестің жұмысына Қазақстан КП Орталық Комитетінің секретары Тәжиев, республиканың Министрлер Советі Председателінің орынбасары Байғалиев, ҚЛКЖО Орталық Комитетінің секретары Шалов, еңбек резервтерінің Бас басқармасы бастығының орынбасары Самойлов жолдастар, республикалық министрліктер мен ведомстволардың бірқатар басшы қызметкерлері қатысты.
Кеңес республиканың еңбек резервтері оқу орындарында жұмысшы кадрлар даярлауды жақсартуға бағытталған шаралар белгіледі. Кеңеске қатысушылар ауыр машиналар жасайтын заводта, қала төңірегіндегі «Луч Востока» және «Парижская Коммуна» колхоздарында болып, оларда мал фермаларының механикаландырылуымен танысты (ҚазТАГ).
Қазақстанда керамикалық өнеркәсіптің шикізаты өте көп. Бірақ республика облыстарының оңтүстіктегі тобының сарғыш саздақ топырағының қасиеттері және солтүстік бөлектегі оьблыстардың созылмалы-саз балшығының қасиеті қажетті сапалы бұйымдар алуға қиыншылықтар туғызады. Мұндай саздан жасалған бұйымдар аязға жақсы төзімді болмайды, басқа да бірсыпыра кемшіліктері бар.
Қазақ ССР Ғылым академиясының архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтының құрылыстық керамикасының лабораториясы автоклавтық бұйымдар жасауға арналған жергілікті шикізаттың әртүрін зерттеуді аяқтады. Сары саздақ топыраққа 8-10 процент әк қосылды. Осы қоспадан алынған шикізат автоклавқа тиеледі, онда сегіз атмосферге дейінгі қысым жасалып екі сағат бойына ұсталады, бір жарым-екі сағат бойына бу жіберіп ықпал жасалады. Осындай әдіс қолданып алынған силикат кірпіш пен басқа бұйымдардың сапасы жоғары болады және тікелей құрылысқа қолданыла алады. Силикат кірпішінің өзіндік құны әдеттегі қызыл кірпіштің құнынан 30-35 процент арзан. Автоклав өндірісіне күрделі қаржы күйдірілетін кірпіш өндірісіне жұмсалғандағыдан екі есе кем қажет болады.
Салмақ көлемі, мөлшері және ассортименті әртүрлі керамикалық бұйымдар алудың мүмкіндігі-автоклавтық әдістің маңызды ерекшелігі болып табылады.
Автоклавтық керамикалық бұйымдар жасауға арналған шикізат ретінде лаборатория мұнымен қатар бұйраттардан ұсақ құмдардың, өзендегі құмдардың, әдеттегі құмның, коалилік саз балшықтың және Қарағанды террикондарының қалдықтарынан шығаратын күйген тас жыныстардың барлық түрлерін сынады.
Институт өзінің ұсыныстарын өндіріске тапсырды. Түрксибтің жолдық құрылыс-монтаж тресінде алғашқы автоклав орнатты. Оралда жылына жеті миллион кірпіш беретін силикат кірпіш цехы іске қосылды. (ҚазТАГ).
Алматының ауыр машиналар жасайтын заводы Совет Одағының көмегімен Индия Республикасында салынбақшы металлургия заводының кокс батареяларына арналған жабдық жасауға заказ алды. Кәсіпорынның коллективі құрметті заказ туралы хабарды жігерленіп қабыл алды.
Кәсіпорынның бас конструкторы В.Колесов алдағы жұмыстарға байланысты техникалық мәселелерді анықтау үшін Москваға жүріп кетті. (ҚазТАГ).
Алматы облысындағы Шілік темекі совхозында мәдениет үйінің өңдеу жұмыстары бітуге жақындауда. Оның кең зрительдер залы, фойе, үйірме жұмысы өткізілетін бөлмелер оқу залы бар, кітапхана-биллиард бөлмесі болады.
СУРЕТТЕ: мәдениет үйінің алдынан қарағандағы көрінісі.
Суретті түсірген И.Будневич (ҚазТАГ).
Қарағанды облысы. Қала маңындағы № 1 совхозда мал шаруашылығы жақсы өркендеген. Қазір мұнда 5 сүрлеп траншеясы салынуда. Оларға 550 тонна жүгері собығы салынады.
СУРЕТТЕ: сүрлеп траншеясының құрылысында
Суретті түсірген П.Федоров. (ҚазТАГ).
Балалар басшасы мен яслилері селолық тұтынушылар қоғамының табысы есебінен салынды
САРЫАҒАШ (Оңтүстік Қазақстан облысы). (ҚазТАГ). Сарыағаш ауданының Полторацкое селолық тұтынушылар қоғамы-Оңтүстік Қазақстандағы ең таңдаулылардың бірі. Ол товар айналымының жоспарын енгізу есебінен товарларды тасудың өзіндік құнын кемітуде. Мұның нәтижесінде кооперацияның табысы үнемі артып келеді. Өткен жылы табыс жарты миллион сомға жетті. Дағдыда табыстың төрттен бір бөлігі жарнашыларға беріледі. Ал биыл жарнашылар-«Красный Восток» ауылшаруашылық артелінің мүшелері селолық тұтынушылар қоғамының басқармасына бөлінуге тиісті 125 мың сом табысты балалар бақшасы мен яслиін салып, оларды жабдықтауға жұмсау жөнінде ұсыныс енгізді. Басқарма бұл өтінішті қанағаттандырды.
60 балаға арналған балалар бақшасы мен яслиінің үйін салу жұмысы аяқталды. Үйдің жанынан балалар паркі жасалды, су қоймасын салу аяқталып келеді.
Алматы облысының дауындау пункттері не жаңа егіннің астығы тапсырыла бастады. Күздің бидайдың биылғы өнімінен 90 пұт астық өткізгендігі туралы Іле ауданының «Қызылқайрат» колхозына алғашқы квитанция берілді. Осы ауданның «Новый путь» артелі де мемлекетке астық тапсыруға кірісті. Ол Заготзерноның Алматындағы өткізу базасына 200 пұттан аса арпа жеткізді.
Жаңа егіннің астығы Заготзерноның Шамалған пунктіне де жеткізіле бастады. Қаскелең ауданының Молотов атындағы колхозы мемлекет қоймаларына 400 пұттан аса арпа құйды.
Мемлекетке астық тапсыру қарқыны күннен-күнге күшеюде (ҚазТАГ).
Қазақ ССР Оқу министрлігі республиканың педагогикалық училищелерін, педагогикалық және мұғалімдер институттарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа бөліп орналастыру аяқтады.
Қазақстандағы көптен келе жатқан жоғары оқу орны-Алматының Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп шығушы 800-дей адам биылғы жылы орта мектептердің мұғалімдері дипломын алады. Олардың көпшілігі тың және тыңайған жерлер игерілетін аудандарда жұмыс істеуге тілек білдірді. Мәселен, Ағипа Кенжеғалиев, Тиенбай Мұқанов, Николай Базиков және басқа жас педагогтер Көкшетау облысына барады.
Қазақтың мемлекеттік педагогикалық әйелдер институты-қазақ қыздарынан педагогтер даярлайтын оқу орны осымен педагогтерлдің сегізінші тобын даярлап шығарады. Институтты 150-ден аса адам бітіреді. Олардың тең жарымынан астамы жаңа жерлер игерілетін аудандардың селолық мектептерінде, көптеген адам мал отарларындағы мектептерде мұғалім болмақшы.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің педагогикалық оқу орындарында тәрбиеленіп шыққан 3800-ден аса жас мұғалім 1 қырқүйекте алғашқы рет сабақ бере бастайды. (ҚазТАГ).