Цифрлы күйге алмастырған: Зорбай Қуандық
КИЕВ, 1 июль. (ТАСС). Кеше Киевте депутат П. Е. Шелесттің председательдік етуімен Киев қаласынан, Киев, Житомир және Чернигов облыстарынан сайланған Украин ССР Жоғарғы Советі депутаттарының кеңесі болды. Кеңеске 66 депутат қатысты.
Депутаттардың кеңесі Украин ССР ұлттық парламент тобын құру туралы және оның Парламентаралық Одаққа кіруі туралы мәселе қарады.
Парламентаралық Одақтың мақсаты, оның Уставы бойынша, барлық парламенттердің мүшелері арасындағы тікелей байланысты көтермелеп отыру және мемлекеттер арасында ынтымақты, халықтар арасында бейбітшілікті нығайту жөніндегі бірлескен қимылдар үшін оларды біріктіру болып табылады. Кеңеске қатысушылар, осы ұйымның Уставымен танысқаннан кейін, Парламентаралық Одақта достықты және Украин Советтік Социалистік Республикасының ұлттық парламент тобын құруды ұсынды.
Кеңес Украин ССР Жоғарғы Советінің барлық депутаттарына үндеу қабылдап, Украин ССР парламенттік тобына кіруді ұсынды. Үндеуде былай деп атап көрсетілген: Украин ССР парламенттік тобының Парламентаралық Одаққа қатысуы ССРО Жоғарғы Советінің 1955 жылғы февральда қабылданған Декларациясының рухынан туып отыр және бұл Украин ССР Жоғарғы Советінің делегаттары мен басқа елдердің парламенттері мүшелерінің арасында тікелей байланыс орнатуға атсалысатын болады.
Украин ССР Жоғарғы Советі депутаттарының кеңесінде Парламентаралық Одақтың Украин ССР парламенттік тобы туралы Ереже қабылданып, топтың уақытша Бюросы сайланды.
Украин ССР парламенттік тобының уақытша Бюросының Председателі болып депутат М. С. Гречуха сайланды. Председательдің орынбасары болып депутат С. В. Червоненко сайланды. Парламентаралық Одақтың Советіне өкілдер болып депутаттар Б. А. Коваль мен А. И. Федосеев сайланды.
Украин ССР ұлттық парламент тобының құрылғаны туралы және оның Парламентаралық Одаққа кіретіні туралы Парламентаралық Одаққа хабарласу уақытша Бюроға талдырылды.
МИНСК, 1 июль. (ТАСС). Жуырда Минскте БССР Жоғарғы Советінің Председательі Т. С. Горбунов жолдастың председательік етуімен Беларус ССР Жоғарғы Советінің Минскіде тұратын депутаттарының кеңесі болды. Кеңеске 137 депутат қатысты.
Кеңесте Беларус ССР ұлттық парламент тобын құру туралы және оның Парламентаралық Одаққа кіру туралы мәселе қарастырылды.
Кеңеске катысушылар Парламентаралық Одақтың Уставымен танысты, бұл Уставта бұлай деп көзделен: Одақтың мақсаты барлық парламенттердің мүшелері арасындағы тікелей байланысты көтермелеп отыру және мемлекеттер арасында ынтымақты, халықтар арасында бейбітшілік нығайту жөніндегі бірлескен қыймылдар үшін оларды біріктіру болып табылады. Кеңесте болған депутаттар Парламентаралық Одаққа қосылды және Беларус ССР ұлттық парламент тобын құрды. Кеңеске Беларус ССР Жоғарғы Советінің барлық депутаттарына үндеу қабылданып, БССР парламенттік тобына кіру ұсынылды.
Ундеуде былай ден атап көрсетілген: БССР парламенттік тобының Парламентаралық Одаққа қатысуы ССРО Жоғары Советінің 1955 жылы 9 февральда қабылданған Декларациясының рухынан туып отыр және БССР Жоғарғы Советінің депутаттары мен басқа елдердің парламенттері мүшелерінің арасында тікелей байланыс орнатуға атсалысатын болады.
Беларус ССР Жоғарғы Советі депутаттарының кеңесінде БССР ұлттық парламент тобы туралы Ереже қабылданды және топтық уақытша Бюросы сайланды. Беларус ССР ұлттық парламент тобының уақытша Бюросының Председателі болып депутат П. М. Ильюшин, Председательдің орынбасары болып—депутат М. Т. Лыньков сайланды. Парламентаралық Одақтың Советіне Өкілдер болып депутаттар Г. Я. Кисслев, Д. А. Лукашевич сайланды.
Депутаттардың кеңесі Беларус ССР ұлттық парламент тобының құрылғаны туралы және оның Парламентаралық Одаққа кіретіні туралы Парламентарлық Одаққа хабарлауды уақытша Бюроға тапсырды.
Бұдан бұрын хабар етілгендей, ССР Одағының Министрлер Советі ССРО архив қорларында сақтаулы герман архивтерінің материалдарын Герман Демократиялық Республикасының үкіметіне беруге қарар болғанын хабарлаған болатын. Бұл архив материалдарының мемлекеттік маңызы бар және Германияның тарихын зерттеу үшін өте бағалы материалдар болып табылады. Аталған материалдардың ішінде Германия мен Пруссияның Сыртқы Істер Министрлігінің, сонымен бірге Германия мен Пруссияның бірқатар басқа мекемелерінің едәуір документтері бар.
Герман Демократиялық Республикасы үкіметінің делегациясы — Отто Майер (делегацияның басшысы), доктор Гельмут Летцке және Гейнц Хут архивтерді қабылдап алу мақсатымен соңғы күндердің ішінде москвадв болды.
Осы жылғы 30 июньде ССРО Сыртқы Істер Министрлігінде жоғарыда аталған материалдарды Герман Демократиялық Республикасының үкіметіне беру туралы Актке қол қойылды.
Совет жағынан Актке ССР Одағы Сыртқы Істер Министрінің Орынбасары В. А. Зорин қол қойды.
Герман Демократиялық Республикасы жағынан — Герман Демократиялық Республикасының үкімет делегациясының Басшысы О. Майер және ГДР-дің ССРО-дағы Елшілігінің кеңесшісі И. Шютц қол қойды.
Актке қол қоюда ССРО Сыртқы Істер Министрлігінің, Герман Демократиялық Республикасының ССРО-дағы Елшілігінің жауапты қызметкерлері және баспасөз өкілдері болды.
ПОЗНАНЬ, 3 июль. (ТАСС). Бүгін Познаньда халықаралық 24-ші жәрмеңке ашылды, оған 25 ел, соның ішінде Совет Одағы, Қытай Халық Республикасы, Польша, Чехословакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Албания, Герман Демократиялық Республикасы, Вьетнам Демократиялық Республикасы, Австрия, Англия, Бельгия, Бразилия, Дания, Греция, Голландия, Батыс Германия, Италия, Швейцария, Швеция және басқа елдер қатысуда.
Жәрмеңкенің ашылуына Польшаның Біріккен жұмысшы партиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Болеслав Берут, Министрлер советі председателі Юзеф Циранкевич, Министрлер Советі председателінің бірінші орынбасары Зенон Новак, үкімет пен Мемлекеттік советтің мүшелері келді.
Жиыналғандардың арасында поляк жұртшылығының көптеген өкілдері, ССРО Сыртқы сауда министрінің орынбасары И. Г. Большков бастаған совет делегациясы және жәрмеңкеге қатысушы басқа елдердің делегациялары, шетелдік фирмалардың өкілдері, дипломатиялық корпустың мүшелері, поляк және шетел журналистері болды.
Юзеф Циранкевич сөз сөйледі, ол елдер арасында, олардың қоғамдық және мемлекеттік құрылысының қандай екеніне қарамастан, халықаралық сауда байланыстарын ұлғайту және экономикалық ынтымақтастықты нығайту ісінде жәрмеңкенің зор маңызы бар екеніне назар аударды.
Социалистік лагерьдегі елдердің павильондарында алуан түрлі экспонаттар қойылған. Бұл экспонаттар осы елдердің экономикасы ұдайы өркендеп отырғанын, олардың арасындағы тығыз экономикалық ынтымақ пен өзара туыстық көмек айқын бейнелейді.
Жәрмеңке территориясының нақ орталығында орналасқан совет павильонында өнеркәсіптің барлық салаларының өнімдері, әсіресе дәл жұмыс істейтін машина жасау өнеркәсібінің ең жаңа өнімдері, оптика, станок-автоматтар мен жартылай автоматтар, кен жабдықтары, жаңа тоқыма станоктарының бір тобы, ауылшаруашылық машина жасау өнеркәсібінің ең алуан түрлі ассортименті, сонымен қатар жеңіл және тамақ өнеркәсібінің сан алуан бұйымдары келушілердің назарын аударуда.
Бүгін совет павильонында Болеслав Берут, Юзеф Циранкевич, Зенон Новак және поляк мемлекетінің басқа да басшы қайраткерлері болды.
Халықтық демократиялық елдердің павильондарында осы елдердің социализм құрылысында жеткен ірі табыстарын көрсететін экспонаттар қойылған.
Познань жәрмеңкесіне капиталистік елдердің қалың кәсіпкерлер топтары зор ынта қойып отыр. Егер бұдан бұрынғы, 1950 жылғы жәрмеңкеге 10 елден 65 фирма қатысқан болса, қазір 16 капиталистік елден 250 фирма қатысып отыр.
Бүгін жәрмеңкеде мыңдаған поляк азаматтары болд.
Жәрмеңке 24 июльге дейін созылады.
Ұлттық мерекеге – Конфедерация күніне байланысты Канаданың ССРО-дағы Төтенше және Полномочиелі Елшісі Дж. Б. К. Уоткинс 1 июльде қабылдау жасады.
Қабылдауға совет жағынан қатысқандар: Л. М. Каганович, Г. М. Маленков, А. И. Микоян, М. Г. Первухин, М. З. Сабуров, Совет одағының Маршалы В. Д. Соколовский ССРО Жоғарғы Советі Президиумының секретары Н. М. Пегов, ТАСС-тың жауапты жетекшісі Н. Г. Пальгунов, «Правда» газетінің Бас редакторы Д. Т. Шепилов, ССРО Сыртқы Істер Министрінің бірінші орынбасарлары А. А. Громыко мен В. В. Кузнецов, Сыртқы Сауда Министірінің орынбасары П. Н. Кумыкин, ССРО Сыртқы Министрлігінің 2-ші Европа бөлімінің меңгерушісі И. В. Славин, ССРО Сыртқы Істер Министрлігінің Протокол бөлімінің меңгерушісі Ф. Ф. Молочков, ССРО Сыртқы істер министрлігінің, Сыртқы сауда министрлігінің жауапты қызметкерлері, совет және шетел журналистері.
Сонымен қатар қабылдауда, ССРО-да тіркелген бірқатар дипломатиялық елдердің өкілдердің, Москвада жүрген Канада журналисттердің бір тобы катысты. (ТАСС).
Пекин, 1 июль. (ТАСС). Қытай Коммунистік партиясының қатары жылдан жылға өсіп, нығайып келеді. Қытай халқының мыңдаған таңдаулы өкілдері партияға кіруде.
Елдің фабрикаларында, заводтарында және рудниктерінде 1954 жылы ҚКП қатарна 180 мыңнан аса жұмысшылар мен қызметшілер кірген. Юймын кәсіпшіліктерінің партия ұйымдары өткен жылдың басынан быйыоғы апрельге дейін өз қатарына 700-ден аса жұмысшы алған. Пекинде Компартия ұйымдары мүшелерінің саны 15 мың адам көбейген.
Ауыл шаруашылығында, социалистік зор өзгенрістермен бірге селсолық партия ұйымдары да өсіп, нығая түсуде. 1955 жылы, март айындағы мәліметтер бойынша, жалпы саны 220 мың болыстан 170 мыңнан аса болыстың өзінде бастауыш партия ұйымдары құрылған. Сычуань провинциясында өткен жылың қысында партияға 100 мыңнан аса шаруалар, Хунань провинциясында өткен жылғы октябрьден быйылғы февральға дейін — 48 мыңнан аса шаруалар алынған. Партияға алынғандардың көпшілігі — өндірістің үздік өкілдері.
БЕЛГРАД, 1 июль. (ТАСС). Белградта жүрген Индяның Премьер-министрі Джавахарлал Неру Югославияның Индиядағы елшісі Б. Црнобрнді және Индияның Югославиядағы елшісі Даялды қасына ертіп бүгін Белградтың қалалық халықтық комитетінің салтанатты мәжілісіне қатысты, бұл мәжілісте оған Белградтың құрметті азаматы атағын беру туралы грамота тапсырылды. Неру халықтың комитеттің депутаттарына көрсетілген құрмет үшін алғысын айтып, өзіне, осы құрметті атақтың берілуі ол үшін жоғары награда болып табылады, деді.
Күндізгі сағат 11-де Премьер-министр Неру мен президент Тито арасында келіссөздер жүргізілді.
Күндіз Неру оның құрметіне ЮФХР президенті Иосип Броз-Тито жасаған қонақасында болды. Қонақасыда Тито мен Неру өзара сөз сөйледі.
Түс ауғаннан кейін Дж. Неру Белградқа жақын Винчидегі Борис Кидрич атындағы институтқа барды, одан кейін Белградтың спорт ұйымдары оның құрметіне жасаған физкультура жарысын көрді.
БЕЛГРАД, 3 июль. (ТАСС). Индияның Премьер-министрі Джавахарлал Неру кешегі кеште қабылдау жасады, онда Югославияның Федерациялық Халық Республикасының президенті Тито, Югославияның мемлекет қайраткерлері, дипломатиялық корпус, жұртшылық өкілдері, ғылымның, мәдениет және искусствоның қайраткерлері болды. Қабылдаудан кейін премьер-министр Неру президент Тито мен бірге арнаулы поезбен Сараевога жүріп кетті.
ТИРАНА, 3 июль. (ТАСС). Албанияның телеграф агенттігінің хабарына қарағанда, Албания Халық Республикасының сыртқы істер министрі Бехар Штюлда БҰҰ-ның бас секретары Хаммаршельдке телеграмма жолдап, онда Грециямен бірқалыпты дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Албания үкіметінің ұсынысын грек ұкіметіне жеткізуді ұсынған.
ВАШИНГТОН, 30 июнь. (ТАСС). Бирманың премьер-министрі У Ну кеше төрт күндік ресми сапармен осында келді.
Москвада басталып. Рангунда аяқталған келісездердің нәтижесінде, 1 июльде ССРО мен Бирма Одағы арасындағы сауда келісіміне, Совет Одағының Бирмага совет жабдықтарын, машиналарын және басқа товларын беріп, оның орнына Бирма күрішін сатып алуы туралы Протоколға, сонымен қатар өзара алыс-беріс жөніндегі есептерді айыру тәртібін белгілейтін бірсыпыра документтерге қол қойылды.
Сауда Келісіміне сәйкес ССРО мен Бирма Одағының Үкіметтері құмарттары арасында тегін табылған және ережеліді жаппай таңдалған сауда катынастарына байланысты ақпаратты негізде сауда өтетін құралдардың нәтижесінде.
Бір елден екінші елге шығарылатын және әкелінетін таварлар жөнінде екі үкімет тиісті заңдар, ережелер және жарлықтар рұқсат ететін жеңілдіктерді барынша беріп отыруға міндеттенді. Әрбір елдің сауда кемелері ең қолайлы тәртіппен пайдаланылатын болады. Сауда келісімі 3 жыл мерзімге жасалды.
Келісімге товарлардың тізімдері тіркелді, бұл тізімдер бойынша Бирма Одағының Совет Одағына күріш және күріш өнімдері, бұршақтар, күнжарлар, түсті металдар, тұқымы қатты ағаштар, каучук және басқа товарлар беріліп тұрады, ал Совет Одағынан Бирмаға-күріш тазалайтын және мақта тазалайтын заводтарға, тоқыма фабрикаларына,су электр станцияларына арналған жабдықтар,тракторлар мен ауылшаруашылық машиналары,автомобильдер, электротехникалық жабдықтар мен байланыс жабдықтары, экскаваторлар, насостар мен компрессорлар, баспахана жабдықтары, станоктар мен аспаптар, мотоциклдер мен велосипедттер, фото және кино жабдықтары, газет қағазы, цемент, қара металдардардың прокаты, химия товарлары, медикаменттер мен медицина жабдықтары және басқа товарлар беріліп тұрды.
Протокол бойынша, Бирма Одағынан бір жылдың ішінде совет жабдықтарының, машиналарының және басқа тауарларының орнына 150—200 мың тонна күріш беріліп тұрды. Бирма жағы тілек білдірген күнде, Совет жағы Бирма жағының ССРО-дан сатып алатын машиналарымен және басқа товарларымен танысуына мүмкіндік береді. Протоколға сәйкес, совет жағы сонымен қатар Бирма Одағына тиісті консультация беру үшін совет мамандарын жіберуге келіседі.
Сауда келісіміне қол қойғандар, Совет жағынан — ССРО-ның Бирмадағы елшісі А. Щиборин және сауда кеңесшісі А. Пантелеймонов, Бирма жағынан — сауданы өркендету министрі М. А. Рашид.
Протоколға және басқа документтерге қол қойғандар: Совет жағынан — сауда кеңесшісі А. Пантелеймонов және Бирма жағынан — сауданы өркендету министрлігінің хатшысы У Ба Сан.
Совет жабдыдтарын, машиналарын және басқа товарларды сатып алу үшін Совет Одағына Бирманың сатып алушы комиссиясы келді.
Сауда Келісімінің жасалуы, сонымен қатар Совет Одағының Бирма экономикасын өркіндетуге қажетті совет жабдықтарын, машиналарын және басқа товарларын беру орнына едәуір мөлшерде Бирма күрішін сатып алуы екі елдің арасында тең праволылық және өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық байланыстарын одан әрі нығайтып, ұлғайтуға атсалысатын болды.
Жуырда Будапеште ғылми-техникалық ынтымақ жөніндегі Совет—Венгер Комиссиясының алтыншы сеесиясы болды. Достық пен өзара түсінісу жағдайында өткен осы сессияда ғылми-техникалық көмекті бір-біріне одан әрі көрсетуді және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында тәжрибе алысуды көздейтін протоколға қол қойылды.
Сессияда Совет Одағы Венгер Халық Республикасына көмір, тамақ, былғары өнеркәсібі мен басқа өнеркәсіп салаларына керекті жабдықтардың кейбір түрлерін жасауға қажетті техникалық документацияны, сонымен қатар тұтас пісіріп қыюластырған кемелер, теміржол вагондарының элементтерін, шарикті және роликті подшипниктер, медициналық препараттар және басқа бұйымдар жасауға керекті техникалық документацияны берді деп ұйғарылды.
Мұның үстіне Совет одағы өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы және денсаулық сақтау ісіндегі өндірістік тәжрибемен және техникалық табыстармен таныстыру үшін бір топ венгер мамандарын қабылдайды, сонымен қатар машина жасау саласында техникалық көмек көрсету үшін Венгр Халық Республикасына мамандарды комондировкаға жіберді.
Венгр Халық Республикасы, өз тарапынан, Совет Одағына темірбетон шпалдар, құрастырмалы темірбетон конструкциялар жасау, селолық жерлерге арналған телефон станцияларын салу жөніндегі техникалық документацияны және кеме жасау, қағаз, ағаш өңдеу, жеңіл, тамақ өнеркәсібі мен басқа өнеркәсіп салаларындағы өндірістік тәжрибені берді. Ауыл шаруашылығы жөнінде Венгр Халық Республикасы агрохимия, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер суару, шаұаттарды жақсарту, топырақты әктендіру және басқа мәселелер жөнінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептерді, сонымен қатар мал шаруашылығы,витаминдендірілген жемшөп әзірлеу мәселелері жөніндегі және техникалық информацияны берді.
Протоколда дәнді және жемісті дақылдардың тұқымдарын өзара алысу көзделді.
Венгер Халық Республикасы бір топ совет мамандарын өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және денсаулық сақтау ісінің техникалық табыстарымен таныстырады.
ПХЕНЬЯН, 1 июль. (ТАСС). АҚШ-тың оңтүстіккорейлік билеуші топқа жаңа финанс жылында беретін соғыс көмегі туралы Вашингтонда әлі де келіссөздер жүргізілуде.
Хабарға қарағандыда, өткен финанс жылында АҚШ Оңтүстік Кореяға жалпы сомасы 250 миллион доллар тұратын әртүрлі қару-жарақ жеткізген. Алдағы финанс жылында американ үкімет Оңтүстік Кореяға 460 миллион доллар қаржы бөлу ниетін көздеуде, оның ішінде 180 миллион доллар тікелей соғыс мақсаттарына арналуда.
Осы келіссөздерді түсіндіре келіп, Корей Халық-Демократиялық Республикасының баспасөзі былай деп көрсетуде: американдық қожайындар уақытша бітім туралы келісімді бұзу арқылы Оңтүстік Кореядағы соғыс әзірліктерін тездету үшін қожайындық үкіметтің өкілдерін Вашингтонға шақырып алған.
«Металлург», «Строитель», «Буревестник», «Энергия», «Урожай», «Локомотив», «Торпедо» ерікті спорт қоғамдарының төменгі физкультура коллективтерінің командалары қатысады.
Спартакиаданың программасы: жеңіл атлетика («Спартак» стадионы), суда жүзу (Ертіс өзенінің мойынында), велоспорт (Шығыс кольцо шоссесінің алтыншы километрінде, Меновное селосы).
Ұйымдастыру комитеті (2-245).
Институт инженерлерді өндірістен қол үздірмей даярлайды. Оқуға орта дәрежелі білімі бар азаматтар алынады, олардың жасына шек қойылмайды.
Қабылдау шарттары — барлық сырттан оқытатын жоғары оқу орындарына түсушілер үшін бірдей. Қабылдау емтиханы орыс тілінен және әдебиеттен, математикадан, физикадан және химиядан өткізіледі.
Бұл жөнінде Өскемен қаласы, құрылыс алаңы, Калинин көшесі, №3 үй, №2 пәтерге сағат кешкі 5-тен 8-ге дейін келіп, институттың уәкіліне жолығуға болады. (4-239).
БЕЛГРАД, 1 июль. (ТАСС). Югопресс агенттігі былай деп хабарлады: 1 августте Москваға Югославияның Одақтық халықтық скупщинасының делегациясы барады. 17 адам болатын делегацияның, құрамы алдағы аптада Одақтың халықтық скупщинасының екі вечесінің бірлескен мәжілісінде сайланады. Делегация Совет Одағында 15 күн болады.
ВЕНА, 3 июль. (ТАСС). «Ди прессе» газетінің хабарына қарағанда, Австрияның Министрлер Советі 28 июньдегі өзінің мәжілісінде сыртқы істер министірі Фигль ұсынған Австрияның болашақтағы бейтараптылығы туралы федералдық конституциялық заң жобасын мақұлдаған.
Заң жобасы Австрияның соғыс блоктарына қосылудан бастартуын, Австрия территориясында шетел соғыс базарларының орналастырылуына жол бермеуді көздейді.
РИМ, 3 июль. (ТАСС). Италия республикасының президенті Гронки жаңа үкімет құруды христиан демократы Сеньиге тапсырды. Сеньи біржола жауап беру провдасын өзінде қалдырған. Ресми мазмұндамада көрсетілгендей, «Сеньи либералдық партияның ескертпелерінен туатын кейбір қиыншылықтар бар, деп көрсеткен. Бірақ ол өзінің осы қиыншылықтарын оңай жеңе алатындығына сенім білдірген».
Сеньи журналистерге өзінің үкімет құруға келісетін-келіспейтінін президент Гронкиге 5 июльде хабарлаймын деп мәлімдеген.
ВАШИНГТОН, 1 июль. (ТАСС). Мемлекеттік департамент кеше Боннда Батыс Германия мен АҚШ арасында соғыс көмегі туралы келісімге қол қойылды деп жарияланды.
Келісімде Құрама Штаттар Батыс Германияға «соғыс жабдықтарын, материалдар, қызмет көмектерін және басқа көмек көрсетеді» деп көзделген.
Келісімді герман бундестагі бекітуге тиіс.
Юнайтед Пресс агенттігі Боннан былай деп хабарлайды: келісімде Батыс Германияға берілуге тиіс қару-жарақтың нақты мөлшері, немесе оның құны белгіленбеген. Бұл мәселе әріде келісуі тиіс. Бірақ, агенттіктің хабар еткеніндей, жалпы соманың 1 миллиард долларға жетуі ықтимал. Қолда бар мәліметтер бойынша деп атап көрсеткен агенттік, Құрама Штаттар Батыс Германияға көптеген танктер, ауыр зеңбіректер, самолеттер бермекші болып отыр. Германияға Англиядан, Канададан және Солтүстік-Атлантикалық одаққа қатысушы басқа елдерден де соғыс жабдықтары келіп түседі.
Құрама Штаттар Германияға қарудың басқа түрлері арасында 3 мыңға жуық патрон типті танк, 1.300 истребитель береді. Батыс Германияға арналған қару-жарақтың едәуір бөлігі Европадағы — Франциядағы немесе Рейннің батысы Кайзерслаутерн ауданындағы қоймаларда қазірдің өзінде сақтаулы тұрған көрінеді.
Редактор Б. ИСАБЕКОВ
«ВОСТОК» кинотеатры
Бүгіннен бастап күндізгі кино көрсетіледі.
Зрительдер сеанс басталар алдында кинотеатрдың фойесінде орнатылған экраннан хрониканың жаңалықтарын көруге мүмкіншілік алады.
5 июльден бастап жаңа көркем суретті "Апалы-Сіңлілі Рахмановалар" деген фильм күндіз және кешке көрсетіледі.
Кинопрокат бөлімі жуық күндері облыс кинотеатрларының экрандарында жаңа көркем суретті фильм "Апалы-сіңлілі Рахмановалар" деген киноповесті көрсете бастайды. Фильмді Ташкент киностудиясы шығарған. Сценарий авторы В. Швейцер, режиссер — И. Акзамов.
Жексенбі күні Өскемен базарында алты жасар бала Толя Паршин шешесінен қалып қойды. Оның қай жерде екенін білетіндерден мына адреске Глубокое, Амбулатория, Паршинаға хабарлауын сұраймыз.
В. И. Ленин атындағы артельге ТІГІН ЖӘНЕ АЯҚ КИІМДЕРІ МАШИНАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ МЕХАНИК, ЕРКЕКТЕРДІҢ ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕРДІҢ СЫРТ КИІМІН ТІГЕТІН МАСТЕРЛЕР, ЕТІКШІЛЕР, БАЛТАШЫЛАР керек.
Адрес: Өскемен қаласы, Карл Маркс көшесі, № 18 үй.
(3—242)
Өскемен қаласы, құрылыс алаңы, Рабочая көшесі, № 7 үйдің № 2 пәтерінде тұратын азаматша Васильченко Нина Ивановна Өскемен қаласы, Комендантка аралы, Крепостная 33 үйде тұратын азамат Васильченко Георгий Алексеевичтен айырылысатындығы жөнінде арыз берді.
Бұлардың ісі Өскемен қаласының бірінші учаскелік халық сотында қаралады.