Назад

Цифрлы күйге алмастырған: Қалқаманов Нұрсұлтан

БҮГІНГІ НОМЕРДЕ:

Прага улттық театры артистерінің қорытынды концерті (1 бет). Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указдары (1 бет). Байырғы малшылар семьясы (1 бет). ПАРТИЯ ТУРМЫСЫ: И. Радич—Тапсырылған іске жауапкершілік арттырылсын (2 бет). В. Пизиков—Халық буқарасының тарихтағы ролі (2-3 беттер). ЕҢБЕК УЙЫМДАСТЫРУ ЖАҚСАРТЫЛСЫН: А. Яковенко—Өндіріс озаттары (2 бет). А. Решетняк —Ағаш ағызуды тез аяқтайық (2 бет). Президент Титоның ССРО-да болуға шақырылғаны туралы Югославияның хабары (2 бет). ПІШЕН ЖЫЙНАУ ҚАРҚЫНЫ АРТТЫРЫЛСЫН. (3 бет). Л. Есютина —Техникалық әдебиетті буқара арасында кең насихаттайық (3 бет). Сирия парламенті делегациясының ССРО-ға келуі жайында (4 бет). Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Ассамблеясында (4 бет). В. М. Молотовтың Нью-Йоркке келуі (4 бет). Хельсинкидегі митинг (4 бет).

Лекциялық насихат өмірмен тығыз байланысты болсын

Верх-Березовка руда басқармасында соңғы бір кезде Өндірістік жоспардың орындалмау хаупі төнді. Ыңғайлы көп, қышқыл руданы қорыта алмаған байыту фабрикасы әлсін-әлі тоқтай берді. Сапасыз концентрат шығарды. Басқармада бұл зор олқылықты жалаң бұйрықтармен жою ұйғарылғандай, кінәлілерге де, кінәлі еместерге де сөгіс қардай борады. Бірақ елеулі өзгеріс болған жоқ. Дәл осы уақытта партбюро, оның секретары Лосев жолдас мәселені басқаша шешуге кіріскен еді. Кеншілер мен байытушылар үшін «Полиметалл рудаларын байытудың технологиялық процесінің ерекшеліктері» деген лекция ұйымдастырды. Инженер Лагунов жолдас оны шахта және фабрика алдындағы шұғыл міндетпен — руданың қышқылдығын және ылғалын жою міндетімен тығыз байланыстырып оқыды. Лекцияны жұмысшылар, инженерлер мен техниктер көңіл қойып тыңдады, әрбіреуі өз жұмысында қорытынды шығарды. Біраздан кейін байыту фабрикасы көңілдегідей жүріп кетті. Оған сапалы руда жеткізіле бастаған еді. Сейтіп, Верх-Березовка руда басқармасының коллективі, бұрынғысынша, тапсырманы аброймен атқаруда.

Бұл мысал лекциялық насихаттың өмірмен тығыз байланысты болуы еңбекшілердің творчестволық белсенділігін арттыруға зор көмек болатынын тағы да айқын көрсетеді. Әрине, бұдан қандай да болсын лекцияны, мысалы тарихи тақырыпқа жазылған лекциялардың әркайсысын да кәзіргі заманмен міндетті түрде байланыстыру керек деген ұғым тумауы тиіс. Ескі заман мен қазіргі заман арасында неғұрлым көп теңеулер болса, лекция солғұрлым жақсы болады деу кате. Теңеулерді бейпіл, орынсыз колдану шын мәнісінде теория мен практиканың байланысын терең, творчестволықпен ашу кажеттігін жоқка шы- ғарады. Мәселе мынада—теорияға сүйене отырып, болып жатқан оқыйғалардың саяси мағнасын ашып, олардың калай және қай бағытта дамып отырғандығын көрсету керек. Коммунистік партияның саясаты терең ғылми және бірден-бір дұрыс саясат болып табылатындығын, марксизм- ленинизмнің жүзеге асырылуын, коммунистік құрылыстың перспективасын баяндау қажет, ал бұл үшін құр теңеу жеткіліксіз.

Лектор тарихи және теориялық материалды өмірмен тығыз байланыстырып,еңбекшілермен біте қайнасып, партия шешіп отырған міндеттерді нақтылы түсінуге, оларды орындаушы жалынды күрескердің бірі болуға тиіс. Лекцияның коммунистік кұрылыстың практикасымен, жергілікті коллектив шешіп отырған міндеттермен айрылмастық тығыз байланыста жасалуы насихат жұмысында кездесетін догматшылдық, қарилік элементтерді түбегейлі жоюдың аса маңызды шарты болып табылады. Бізде осы міндеттерді жете түсініп, оларды орындауға бар білімін, жігерін жұмсап, жақсы нәтижелерге жеткен, лек- цияны идеялық-теориялық жоғары дәрежеде оқыйтын лекторлар кадрлары өсіп жетілуде.

Алайда лекциялық насихат халықтың саяси және мәдени өскелең тілектерінен артта қалып келеді. Негізгі мәселе—лекцияның сапасы. Бірақ көптеген лекциялар идеяльқ төмен дәрежеде жасалады, олардың мазмұны коммунистік құрылыстың практикасымен, облысымыздың шаруашылық және мәдени тұрмысының ерекшеліктерімен нашар байланыстырылады. Лекцияларда жергілікті өмірден тиісті фактілер келтіріліп, олардың мәні түсіндірілмейді. Соның салдарынан кейбір лекциялар жалпылама, сұйык болып шығады, олар еңбекшілерді партия мен үкмет алға қойып отырған міндеттерді орындауға жұмылдыру мүдделерінен тыс қалады. Мынадай мысал келтіруге болады. Тарбағатай ауданының Тополев-Мыс селосында лектор Е. Шилова жолдас «Совет халқының игілігіне қамқорлық көрсету—Коммунистік партия мен Совет үк- меті қызметінің жоғары ааңы» деген лекция жасағанда оны жергілікті коллектив тұрмысымен мүлде байланыстырмады. Ал лекцияның «Қоғамдық өндірістің үздіксіз өсуі,— совет халқының әл-ауқатын жақ- сартудың негізі», «Еңбек өнімділігі — социализм тұсында еңбекшілердің әл-ауқа- тын жақсартудың шешуші шарть» деген тараулары бойынша село өмірінен көптеген фактілерді табуға болатын еді. Мәселен, жергілікті балық заводының жұмысынан мәліметтерді пайдалануға толық мүмкіндік болды. Бірақ Шилова жолдас олай істеген жоқ.

Лекциялық насихаттың өмірмен тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету үшін оның тақырыбын кеңейтуге ерекше зер салу қажет. Біздегі лекциямен шұғылданатын ұйымдар, әсіресе саяси және ғылыми білімдер тарату қоғамның облыстық бөлімі соңғы уақыттарға дейін насихаттың мазмұнына жете көңіл бөлмеді, лекциялардың санын қуып, олардың тақырыбының жан-жақты болуына, облысымыздың шаруашылық және мәдени құрылысы жөнінде лекциялардың көп болуына тиісті назар аудармады. Январь Пленумының қаулысын насихаттау барысын алайық. Кейбір аудандарда Пленум қаулысы жөнінде шолу лекцияларын оқуды ұйымдастырумен ғана тынып, ауыл шаруашылығы экономикасының мәселелері жөнінде нақтылы тақырыптарда лекцияларды аз оқып жүр. Әсресе, озат тәжірибелі насихаттау кенже қалған.

Партия ұйымдары насихат жұмысының мазмұнын жақсарту, өмірмен байланысын күшейту үшін лекторлар құрамын нығайтуға күнбе-күн қамқорлық жасап отыруға тиісті екенін практика айқын көрсетуде. Бұл іске интеллигенциямыздың таңдаулы күштері, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының мамандары кеңінен қатыстырылуы керек. Облыста соңғы уақыттарда ғылыми-техникалық насихат мүлде артта қалды. Тіпті экономикалық және ғылыми-техникалық тақырыптарға арналған лекциялардың саны азайып та кетті. Мұның себебі біздің мамандарымыз насихат жұмысына нашар қатысады. Зырян, Лениногор қалаларында инженер-техник қызметкерлердің басым көпшілігі халық арасында саяси және ғылми білімдер таратумен шұғылданбауда.

Бұл кемшіліктер дереу жойылуға тиісті. Еңбекшілерге Отанымыздың онан әрі гүлденуі үшін техникалық прогрестің зор маңызы бар екендігін, еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын кеміту жолдарын кеңінен түсіндіру керек. Бұдан былай ғылыми-техникалық насихаттың мазмұны жағынан ғана емес, сонымен бірге облысымыздың тау-кен және металлургиялық өнеркәсібімен байланыссыз жүргізілетіндігіне төзуге болмайды.

Лекциялық насихат — қала мен деревня еңбекшілерін Коммунистік партия мен Совет үкіметі алға қойып отырған аса зор міндеттерді орындауға жұмылдырудың қуатты құралы. Аудандық, қалалық партия комитеттері және бастауыш партия ұйымдары оны пайдалана білулері керек. Лекциялардың мазмұны, солсыяқты тақырыбы өмірмен, алға қойылып отырған шұғыл міндеттермен, еңбекшілердің Отанымыздың күш-қуатын арттыру жолындағы күресімен тығыз байланысын қамтамасыз еткенде ғана насихат көздеген мақсатқа жеткізеді. Бізде кейбір лекцияларда жеке колхоздардың экономикасын өркендетудегі қиыншылықтарды жеңуге байланысты мәселелер мүлде қозғалған жоқ. Мұның өзі саяси жұмыстың пәрменділігін төмендетіп, істегі кемшіліктерді жоюға көмектеспейтінін есте ұстау қажет.

Бұқара арасында жүргізілетін лекциялық насихат жұмысы еңбекшілердің творчестволық белсенділігін онан әрі өрістетуге, олардың жұмысты қалайда жақсырақ істеуге талабын оятуға, белгіленген жоспарларды орындау жолындағы социалистік жарысты кең өрістетуіне себеп болға тиіс. Бұл лекцияларды мазмұнды, өмірмен, коммунистік құрылыстың практикасымен, өнеркәсіп орынның, құрылыс ұйымдарының, колхоз, совхоз және МТС коллективтерінің алдында тұрған міндеттермен тығыз байланыста жүргізілгенде қамтамасыз етілмек.

Е. Вахтангов атындағы Мемлекеттік театрдыц артисі М. Ф. Астангов-Ружниковке ССРО Халық артисі деген құрметті атақ беру туралы

ССРО Жоғарғы Советі Президиумының Указы

Совет театр искусствосы саласында сіцірген аса көрнекті еңбектері үшін Е. Вахтангов атындағы театрдың артисі Михаил Федорович Астангов-Ружниковке ССРО Халық артисі деген құрметті атақ берілсін.

ССРО Жоғарғы Советі Президиумының Председателі К. ВОРОШИЛОВ. ССРО Жоғарғы Советі Президиумының Секретары Н. ПЕГОВ.

Москва, Кремль, 28 июнь 1955 ж.

Совхоздарға арналған тракторлар

ХАРЬКОВ, 27 июнь. (ТАСС). Орджоникидзе атындағы трактор заводы Павлодар облысына дизель тракторларын тиеген кевекті поезд жөнелтті. Бұл тракторлар Қазақстанның жаңа совхоздарына арналған. Харьковтіктер тың және тыңайған жерлерді игеріп жатқан ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің заказдарын ойдағыдай орындауда. Үшінші тоқсан есебіне шынжыртабанды тракторлар жөнелтудің жоспары кәзірдің езінде 15 процент орындалды. «ХТЭ-7» маркалы отағыш тракторлар беру жөніндегі үшінші тоқсанның тапсырмасы 76 процент орындалды.

Прага ұлттық театры артистерінің қорытынды концерті

28 июньде ССР Одағының Үлкен театрында Прага ұлттық театрының қорытынды концерті болып, оның Москвада өткізген екі апталық гастрольдері осымен аяқталды. Чехословак халқы искусствосының ең таңдаулы өкілдерінің көрсеткен өнерлерін москвалықтар ұдайы зор ынтамен қарсы алып отырды. Совет тыңдаушылары чех және словак композиторларының шығармаларын жоғары бағалайды. Сондықтан да чехословак музыкасы классиктерінің таңдаулы шығармаларын Прага артистерінің орындауы москвалықтарды орасан зор қуанышқа бөледі.

28 июньдегі концертте бірінші болып Сметананың «Либуше» операсына жазылған увертюра орындалды. Композитордың аса үздік шығармасын орындаған оркестірдің өте тамаша, сазды үні жыйналғандарға үлкен әсер етті.

Жыйналғандар Вита Неедлы өңдеген словак халқы әндерін орындаған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Штепанка Петрованы асқан жылы шыраймен карсы алды.

Үні кең, әсем дауысты және әнді орындау шеберлігі өте тамаша Милада Шубртова зор табысқа жетті. Әнші Сметананыц «Екі жесір» операсындағы Каролинаның ариясын орындады.

Москвада бұдан бұрын өткізілген гастрольдер кезінде көрсеткен өнерлерімен мәлім болған Прага операсының солисі Рудольф Асмус Мусоргскийдің «Бүрге туралы әнін» өте шебер айтты.

Чайковскийдің «Аққу көлі» және Глиердің «Қызыл гүл» балеттерінен үзінділер орындап берген Чехословакияның балет артистері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Ольга Скалова мен Мирослава Кураның табыстары жыйналғандарды сүйсіндірді.

Концертте Прага ұлттық театрының артистеріне тән сыйпаттар —әншілік мәдениетінің жоғары екендігі, еркін және әсерлі орындауы мейлінше толық және айқын көрінді. Бірінші дәрежелі көркем өнер ансамблі болып табылатын Прага операсы коллективінің Москвада өнер көрсетуі Чехословакия искусствосының көркейіп отырғанын айқын бейнелеп берді.

Концертте Н.А.Булганин, К.Е.Ворошилов, Л. М. Каганович, Г. М. Маленков, А. И. Микоян, М. Г. Первухин, М. 3. Сабуров, Н. С. Хрущев, П. Н. Поспелов, М. А. Суслов жолдастар, сонымен қатар ССРО Мәдениет министрі Н. А. Михайлов болды.

Үкмет ложасында Чехословакияның Мәдениет министрі Л. Штол, Чехословак Республикасының ССРО-дағы Төтенше және Полномочиелі Елшісі Я. Вошаглик зайыбымен болды.

Концертте дипломатияльқ корпустиң өкілдері де болды. Концерттен кейін совет мәдениетінің қайраткерлері чехословак искусство шеберлерін жылы шыраймен құттықтады. Прага ұлттық театрының артистеріне гүл шоқтары берілді. (ТАСС).

Астықты аудандар өндірісін механикаландыруға арналған кеңес

БАРНАУЛ, 28 июнь. (ТАСС). Мұнда Сибир мен Қазақстанның астықты аудандарының ауылшаруашылық өндірісін комплексті механикаландыруға арналған машиналардың системасы жөніндегі, ауыл шаруашылығы, совхоздар, автомобиль, трактор және ауылшаруашылық машиналарын жасау министрліктері шақырған кеңес болды.

РСФСР Совхоздар министрінің орынбасары Ильяшенко жолдас және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының (ВИСХОМ) бас инженері Чумак жолдас Сибирь мен Қазақстанның астықты аудандары аймағы жағдайында ауылшаруашылық өндірісін комплексті механикаландыруға арналған машиналардың системасы жөнінде баяндамалар жасады. Автомобиль-трактор жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бас инженері Комов жолдас тракторлардың системасы туралы баяндама жасады.

Қорытынды пленум мәжілісінде секциялардың басшылары енгізілген ұсыныстар туралы хабарлады. Ауылшаруашылық өндірісін комплексті механикаландыруға арналған машиналардың системасы жөніндегі ұсыныстар талқыланды және қаралды, бұл ұсыныстарды алдағы уақытта ауылшаруашылық машиналарының жетілдірілген конструкцияларының жаңа типтерін жасау және оларды пайдалану кезінде өнеркәсіп орындары пайдаланатын болады. 27 июньде, кеңес өзінің жұмысын аяқтады.

Ғалымдардың тың жерлердегі жұмысы

Тыңайтқыштардың, агротехниканың және агрономия-топырақ зерттеудің Бүкілодақтық институтының экспедициясы Қостанай облысының жерінде екі жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде. Ол өзінің негізгі базасы етіп Қостанай астық совхозын таңдап алған болатын. Мұнда егіншілік агротехникасы жоғары дәрежеде жүргізіледі. Экспедицияның бастығы профессор В. А. Францесон КазТАГ-тың тілшісімен әңгімелескенде мынаны айтты:

— Өткен жылы біздің экспедиция негізінен тың игерудің бірінші және екінші жылдарында жаздық бидай өсірудің агротехникасын жасаумен шұғылданды. Зерттеулердің нәтижелері қорытылды, тың жерлердегі шаруашылықты байыпты жүргізу жөнінде елеулі шаралар белгіленді.

Экспедицияның биылғы міндеті — мұнда бидайдан басқа да дақылдар өсірудің агротехникалық ережелерін белгілеу, жергілікті жағдайды ескере отырып, топырақ өңдеудің мальцевтік әдісін дұрыс қолдануды зерттеу және тың жерлерде, сондай-ақ бұрыннан жыртылып келе жатқан жерлерде жүгеріні алғашқы жылы жаппай өсірудің тәжрибесін қорыту.

Экспедицияның алғашқы жұмысы мынаны көрсетті: егер тың жерлерді дұрыс пайдалана білсе, олардың құнарлылығын ұзақ уақыт сақтауға болады. Мысалы, Қостанай астық совхозында осыдан 10—15 жыл бұрын игерілген қара топырақты учаскелерге салынған егіннен жылма-жыл мол өнім алынып келеді. Соңғы екі жылда бұл жерде өсірілген егіннің гектарынан 23—24 центнерге дейін өнім алынуда.

Экспедиция жұмысының нәтижелері озат агротехниканың әдістерін қорытуға елеулі материал бере алады.

Жамбыл облысында егін жыйнау басталды

ЖАМБЫЛ. (ҚазТАГ). Свердлов ауданы Кеңес МТС-інің қамтуындағы колхоздарда егін пісті. Оны жыйнау басталды. Механизаторлар биыл 10,300 гектар көлемде масақты дақылдар орып, бастыруға тиіс. Бұл өткен жылдағыдан едәуір көп. Егіс даласына электр шамдарымен, дәнтұтқыштармен жабдықталған 24 комбайн шығарылды.

Свердлов атындағы ауылшаруашылық артелінің күздік қара бидайы ұшы-қыйырына көз жетпестей болып, теңіздей толқыйды. Егін жыйнауды 10 күнде аяқтауға міндеттеніп, механизаторлар комбайндарды жұмыста топтап пайдалану әдісін, сағаттық графикті қолдануда. Степан Прасков, Василий Загребнев, Михаил Балдин және басқалары комбайндарды шебер жүргізуде. Олар гектар сайын 85—90 пұттан астық бастыруда. Қырмандарға быйылғы егіннің жүздеген центнер астығы жеткізілді. Оны тазартып, сұрыптау жұмысы екі сменамен жүргізіледі.

Жамбыл және Талас аудандарының МТС-тері де іріктеп егін жинауға кірісті.

БАЙЫРҒЫ МАЛШЫЛАР СЕМЬЯСЫ

Үстіміздегі жылдың февраль айында өткізілген сауыншылардың облыстық кеңесінде өздерінің тәжірибесін, жұмыс тәсілдерін ортаға салғандар сүтті көп сауудың шеберлері Корнечихиндер фамилиясын аса бір жылылықпен және ізгі жүрекпен атады. Шилов ауданындағы «Фундамент социализма» колхозының фермаларында тамаша еңбек етіп жүрген 12 малшыдан құралған байырға малшылар семьясы облыс малшылары үшін үлгіге айналды.

Степан Фатеевич пен Анна Андреевна Корнечихиндар үлкен және тату семья өсірді. Басқа да миллиондаған шаруа семьялары сияқты, бұл семья да өзінің тағдыры мен өмірін колхоз құрылысымен тығыз байланыстырып, оған өзінің барлық күші мен білімін арнауда.

Семья басы колхоз бақташысы Степан Фатеевич колхоз өндірісінде 20 жылдай жұмыс істеді. Ол өзінің адал еңбегі үшін екі рет «Ауыл шаруашылығының озаты» значегімен және «1941—45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік еңбек еткені үшін» медалімен наградталды.

—Мен колхоз ұйымдасқан алғашқы күндерден бастап малшы болып істеймін, —дейді Корнечихин жолдас.—Ол кезде шаруашылық шағын болды—фермада небәрі 20 сиыр, сондай мөлшерде қой және 7 шошқа ғана бар еді. Ал қазір біздің фермаларымызда 700-ден астам сыйыр малы, 800-ге тарта қой, 300 шошқа, 2 мыңнан астам құс бар!

Степан Фатеевич колхоз табыстары туралы мақтанышпен сөйлейді.

—Корнечихиндар өздерінің өмірін колхозбен мәңгі байланыстырған—дейді ол. Біздің семьямыздың барлық мүшелерінің жолы біреу, ол—мектептен шыққаннан кейін колхозға бару. Колхоз—біздің өміріміз, біздің бүгініміз бен келешегіміз. Оны өсіру және нығайту керек—мен өзімнің немерелеріме жастайынан, осыны үйретемін.

Степан Фатеевич тәрбиелеген балалар да өздерінің колхозын сүйеді, онда адал еңбек етеді. Колхоздың әрбір фермасында Корнечихинның не ұлы, не қызы, не немересі жұмыс істейді.

Семья альбомында Степан Фатеевичтің қыздарының біреуі — Прасковья Корнечихинаның газеттен қыйылып алынған портреті сақтаулы тұр. Ол 1932 жылдан 1941 жылға дейін колхоздың сауыншысы болып істеді. 1939 жылы ол Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысушы болды және үлкен алтын медальмен наградталды. 1940 жылы оның сүт сауу жөніндегі көрсеткіші еліміздегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі болды: ол әр сиырдан 7,542 килограмм сүт сауды.Комсомол жолдамасымен Паша ауылшарүашылық техникумына оқуға жіберілді, ол техникумды бітіргеннен кейін колхозға қайта келді. Кәзір Прасковья Степановна колхоздың қой және құс фермаларын меңгереді, ол мұнда аз уақыттың ішінде жұмысы тәртіпке келтірді. Прасковьяныц ізінше оның сіңлілері Мария, Анна және Екатерина да сауыншы болып істеуге барды. Бұлар да аудан мен облыстағы озат сауыншылардың қатарында. Мария Степановна 1954 жылы Бүкіл- одақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысты және Кіші алтын медальмен наградталды.

Ол быйылғы жылы да көрменің қатысушысы.

Үлкен ұлы Иван Степанович колхозда атбағушы, кіші ұлы Василий мал фельдшері болып жұмыс істейді.

Корнечихиндар тату тұрады. Егер олардың біреуіне қиындық келсе, оған барлығы болып көмек көрсетеді. Бұлар кешкілік жиі-жиі жиналады, өздерінің меншікті гармоншысы — Василийдің сүйемелдеуімен ән айтуды сүйеді.

Малшаруашылық фермаларына бұл отбасының үшінші ұрпағы да келді. Үлкен қызы Екатерина — тәжірибелі сауыншы. Соғыста ері қайтыс болғаннан кейін оның қолында төрт жас бала қалды. Колхоз бен Корнечихиндардың үлкен семьясы оған балалардың бәрін өсіріп, ер жеттіруге көмектесті. Семья салтына берік олардың бәрі де мал шаруашылығында жұмыс істеуге барды. Үлкен ұлы Ваня қазір колхоздың таңдаулы малшысы делініп орынды аталады.

Степан Фатеевичтің немересі Маруся да үлкендерден қалғысы келмейді. Ол өзін қабілетті еңбек адамы ретінде көрсетіп, кезекші сауыншы болды. Колхоздың атақты сауыншысы Социалистік Еңбек Ері Прасковья Николаевна Коврова өзінің колхозда болмаған кезінде қарамағындағы сауын сиырларды тек соған ғана сеніп тапсырады.

Үлкен семьяның барлық мүшелері де еңбектің жақсы үлгісін көрсетіп жүр. Олар ең бастысы өздерінің кәсібін жақсы сүйетіндігімен, оның барлық егжей-тегжейін білетіндігімен, жинаған тәжірибені онан әрі жетілдіре беру үшін үнемі қам жасайтындығымен ерекшеленеді.

Корнечихиндер семьясы сияқтылар Рязань облысында көп кездеседі, колхоздардың күші соларда олардың қажырлы еңбегі, ілгері басқан талабы, творчестволық инициативалары арқасында колхоздардың қоғамдық шаруашылығы дамып, алға басуда.

Колхоздың қоғамдық мал шаруашылығын өркендетуде мінсіз сапалы, жемісті жұмыс істегені үшін және қатарынан бірнеше жыл бойына жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Корнечихиндер семьясының мүшелері ССРО Жоғарғы Советі Президиумының 1955 жылғы 11 июньдегі Указы бойынша ордендермен және медальдармен наградталды.

Жуықта Корнечихиндер семьясының мүшелері Москваға Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне келді.

Профессор А. И. Федоровқа Қазақ ССР-інің ғылымға Еңбек сіңірген қайраткері деген құрметті атақ беру туралы

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы

Ғылымды дамытуда және орман шаруашылығының кадрларын даярлауда сіңірген еңбектері үшін Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының профессоры, ауылшаруашылық ғылымының докторы Александр Иосифович Федоровқа Қазақ ССР-інің ғылымға Еңбек сіңірген қайраткері деген құрметті атақ берілсін.

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Ж. ТӘШЕНЕВ. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Секретары Ә. ӘМРИЕВ.

Т. Т. Пушков жолдасты Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен наградтау туралы .

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы

Туғанына елу жыл толуымен байланысты, темір жол транспортындағы көп жылдардан бергі мінсіз жұмысы үшін Қарағанды темір жолының үшінші бөлімшесінің бастығы Трофим Тимофеевич Пушков Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен наградталсын.

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Ж. ТӘШЕНЕВ. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Секретары Ә. ӘМРИЕВ.

Прокатшылар бесжылдық жоспарды орындады

Прокат өндірісін жақсарту жөнінде зор жұмыстар жүргізілді. Жобалық қуаты екі жарым есе арттырылған «280» станында еңбекті көп керек ететін барлық процестер механикаландырылды және автоматтандырылды. Біліктердің калибровкасын жетілдіру нәтижесінде кесек болаттардың таза жолмен өту уақыты екі еседей қысқарды.