Назад

Цифрлы күйге алмастырған: Аметова Гулнур

Совет державасының қуатты авиациясы

Бүгін совет халқы мен оның Қарулы Күштері ССРО Әуе Флоты Күнін атап өтуде. Бұл дәстүрлі мереке Советтік авиацияның дамуындағы жетістіктерін, біздің авиаторларымыз бен авиация енеркәсібіміз қызметкерлерінің табыстарын бүкілхалықтық байқаудың күні, совет адамдарын біздің Әуе Флотымыздың куаттылығын одан сайын арттыруға жұмылдырудың күні болып табылады.

Быйылғы жылы ССРО Әуе Флотының Куні социалистік экономиканың барльқ салаларын жаңадан қуатты өрге бастыру және Отанымыздың халықаралық беделін нығайту жағдайында өткізілуде.

Жұмысшы табы, колхозшы шаруалар, біздің советтік интеллигенциямыз, Коммунистік партия мен Совет үкметінің төңірегіне тығыз топтаса отырып, коммунистік құрылыстың программасын табандылықпен жүзеге асыруда. Бүкіл халық шаруашылығының және ССРО-ның мызғымайтын қорғаныс қабілетінің берік негізі, совет халқының әл-ауқатының үздіксіз өсуінің қайнар бұлағы – ауыр өнеркәсіп барынша дамытылуда. Ауыл шаруашылығын күрт өрге бастырудың, халық тұтынатын товарлар өндірісін шұғыл ұлғайтудың міндеттері ойдағыдай орындалуда. Бүкіл советтік экономиканың өсуімен бірге еңбекшілердің өмірлік дәрежесі артуда, мәдениеті гүлденуде.

Совет адамдарының жанқыярлық творчестволық еңбегінде жұмысшы табы мен колхозшы шаруалардың мызғымас одағы, ССРО халықтарының туысқандық достығы, Коммунистік партияньң, Совет үкметінің және халықтың ұлы бірлігі барған сайын нығаюда.

Бейбіт коммунистік құрылыстың аса маңызды міндеттерін шеше отырып, совет халқы сонымен бірге біздің социалистік мемлекетіміздің қорғаныс қуатын одан сайын нығайтуға, Советтік Армия мен оның құрамды бөлегі – Соғыс-Әуе Флотын нығайтуға қажымай-талмай қамқорлық жасауда.

Біздің еліміз – авиация мен әуеде жүзудің Отаны. Біз орыс адамдары әуе мұхитында алғашқы жолдарды салғанын мақтаныш етеміз. Атап айтқанда орыс талымдары Ломоносов, Рыкачев, Федоров және Менделеев әуеде ұшудың терең теориялық негіздерін талдап шешті. Дүние жүзінде авиацияның одан әрі дамуына орыс ғалымдары Жуковскийдің, Циолковский мен Чаплыгиннің теориялық еңбектері зор ықпал етті. Олар жаңа ғылымдарды – аэродинамиканы, газдинамикасын және орасан үлкен жылдамдықтар динамикасын, реактивтік двигатель теориясын және басқаларын жасады. Орыс халқының таңдаулы өкілдерінің творчестволық ой-өрісі Батыс Европа елдері мен Американың авиация ғылымы мен техникасынан әрдайым және анағұрлым озық болып отырды.

1882 жылы орыс ғалымы және изобретателі А. Ф. Можайский дүние жүзіндегі тұңғыш авиацияны жасады, яғни оны басқа елдердегіден 20 жылдан астам бұрын жасап шығарды. Ауада сыналған Можайскийдің самолеті авиация ғасырларына негіз болды.

Біздің елімізде дүние жүзінде тұңғыш рет ауыр көп моторлы самолеттер, самолет-атқыштар, гидросамолет және планер жасалды. Авиация парашюты ойлап табылды. Барлық негізгі аэронавигациялық аспаптар мен самолет радиостанциясының конструкциялары жасалды.

Россияда дүние жүзінде тұңғыш рет «Мертвая петля» жасаған және жоғары пилотаждың негізін қалаған П. Нестеров, авиацияны ұрыста қолданудың кейбір түрлерін талдап шешкен К. Арцеулов, Е. Крутень және басқалары сияқты ұшу ісінің алғашқы шеберлері де шықты.

Бірақ патшалық Россияның жағдайларында авиация ғылымы жан-жақты дамуы мүмкін емес еді. Халықтың творчестволық қуатына жол ашқан Ұлы Октябрь социалистік революциясынан соң ғана авиация шын мәнісінде гүлденді.

Советтік авиацияның ұйымдастырушысы және басшысы Коммунистік партия, біздің мемлекетіміздің негізін салушы ұлы Ленин болып табылады. Азамат соғысы жылдары жас авиация жаяу әскерлерге, Соғыс-Теңіз Флотына шетел интервенттері мен аңгвардияшыларды талқандауға көмектесті. Совет ұшқыштары Отанымыздың жауларына қарсы ұрыстарда ерлік пен батырлық көрсетті.

Азамат соғысы аяқталған соң совет халқы Коммунистік партияның басшылығымен бейбіт социалистік құрылысқа кірісті. Елімізде социализм орнатудың лениндік жоспарын жүзеге асыра отырып, Коммунистік партия және Лениннің ісін алға апарушы кемеңгер – И. В. Сталин бастаған оның Орталық Комитетінің басшылығымен, Совет Қарулы Күштерін дүниедегі ең таңдаулы соғыс техникасымен және қаруымен жеткілікті дәрежеде жабдықтауға қабілетті қуатты индустрияны жасады.

Советтік авиацияның мықты материалдық-техникалық базасын жасаумен бірге ұшқыш және инженер-техник кадрлар әзірленді. Коммунистік партия марксизмленинизмнің ұлы идеяларымен тәрбиеленген, өз халқына шексіз берілген, социалистік Отанның жалынды патриоттары совет ұшқыштарының жаңа ержүрек ұрпағын баулып өсірді.

Коммунистік партияның басшылығымен дүние жүзіндегі ең жақсы авиацияны жасап, совет халқы өзінің елін қуатты авиациялық державаға айналдырды.

Соғыстан бұрынғы бесжылдықтардың өзінде-ақ советтік авиация социалистік құрылыстың көптеген участоктерінде кеңінен қолданылды. Советтік авиацияның адамдары дүние жүзі алдында өздерінің үздік шеберлігін, жоғары моральдық және патриоттық қасиеттерін әлде неше рет демонстрациялады. Челюскиншілердің мұзды лагерьлеріне батырлық сапар жасаған ержүрек совет авиаторларының даңқы ешуақытта өшпек емес. Күрделі маршрут бойынша – Солтүстік мұхитқа, Қыйыр Шығысқа, Америка Құрама Штаттарына қонбастан ұшқан Чкалов пен Громовтың экипаждарының тарихи ерлігі бүкіл дүниеге әйгілі.

Советтік авиацияның күші мен қуаттылығы әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдары айқын көрінді. Жаяу әскерлермен және Соғыс-Теңіз Флотымен тығыз байланыста қыймыл жасаған Соғыс-Әуе Күштері Герман фашизмін, одан соң Жапон империализмін күйреткен тарихи жеңіске жетуге елеулі үлес қосты.

Москва мен Сталинград түбінде, Кубаньда және Курск түбінде біздің ержүрек ұшқыштарымыз – атқыштар, штурмовиктер, бомбардировщиктер, – мақтаулы деген гитлерлік авиацияны қажырлылықпен талқандай білді, жаудың әскерлері мен техникасына жойқын соққы беріп отырды. 1944 жылдың шабуылдық операцияларында Советтік авиация өз қабілетін мейлінше толық көрсетті. Соғыстың соңғы үш жылында гитлершілдер жасаған 80 мың самолеттен 75 мың самолет совет-герман майданында жойылғанын айтса да жеткілікті. Советтік авиация өзінің Отан алдындағы борышын аброймен орындады және дүние жүзіндегі ең қуатты және алдыңғы қатарлы авиация деген праваға орынды ие болып, даңққа бөленді.

Жауға қарсы кескілескен шайқастарда совет ұшқыштары жауынгерлік шеберліктің, қайтпас табандылықтың және жаппай ерлік жасаудың үздік үлгілерін көрсетті. Коммунистік партия мен Совет үкметі ержүрек авиаторлардың сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Советтік авиацияның 200 мыңнан астам жауынгерлері ордендермен және медальдармен наградталды, 2 мыңнан астам ұшқыштар Совет Одағының Батыры атағын алды, 63 адам бұл жоғары атаққа екі рет ие болды, ал даңқы артқан ұшқыштар Покрышкин мен Кожедубке бұл атақ үш рет берілді.

Совет Одағының Ұлы Отан соғысындағы дүниежүзілік тарихи жеңісі – бұл Советтік қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың жеңісі, бүкіл халқымыздың асқан табандылығына және шексіз қолдауына сүйенген ССРО Қарулы Күштерінің жеңісі. Соғыс жылдары жұмысшы табы, колхозшы шаруалар мен Совет интеллигенциясы майданға көмек керсету жөнінде жанқыярлық жұмыс жүргізді, нағыз еңбек ерлігін жасап, өз Қарулы Күштерін бірінші класты соғыс техникасымен, қару-жарақпен барған сайын көп мелшерде жабдықтауды қамтамасыз етті.

Совет халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісін Коммунистік партия және И. В. Сталин бастаған оның Орталық Комитеті ұйымдастырды. Партияның данышпандық басшылығы, оның қатарының мызғымас бірлігі, оның халықпен берік байланысы жауды жеңуді қамтамасыз етудің шешуші негізі болды.

Соғыстан кейінгі дәуірде Коммуннстік партия мен Совет үкметі ССРО Қарулы Күштерінің алдына құрметті және жауапты міндетті жеңіп алған бейбітшілікті және коммунизм орнатып жатқан совет халқының жемісті еңбегін қырағылықпен қорғау, мемлекеттік мүдделерді ойдағыдай қамтамасыз ету және біздің Отанымыздың шекараларын одан сайын мызғымайтын ету міндетін қойды.

Біздің барлық жауынгерлеріміз сияқты бүкілхалықтық сүйіспеншілікке бөленген және Коммунистік партия мен Совет үкметінің төңірегіне тығыз топтасқан совет авиаторлары өздерінің жауынгерлік және саяси әзірлігін қажымай-талмай арттыру да, аса жаңа соғыс техникасын меңгеруде.

Талантты советтік авиаконструкторлар және инженерлер, авиация өнеркәсібінің барлық қызметкерлері Соғыс-Әуе Күштерін көп моторлы және реактивтік самолеттермен жабдықтауда зор табыстарға ие болды. Радионавигация мен радиолокацияның аса қыйын жағдайларында ұшуға мүмкіндік беретін жаңа құралдары авиацияға кеңінен енгізілуде. Совет Одағының жылдамдығы, ұшу алыстығы, биіктігі және қарулануы жағынан дүние жүзіндегі ең жақсы самолеттері бар.

ССРО-ның Азаматтық әуе флоты да үлкен табыстарға жетті. Соғыстан кейінгі бесжылдықтарда одақтас және автономиялық республикаларды, өлкелік және облыстық қалаларды алыстағы аудандармен байланыстыратын әуе жолдарының жүйесі едәуір кеңейді.

Шаруашылықтың социалистік системасының артықшылықтары авиацияны халық шаруашылығында қолдануға шексіз мүмкіншіліктер беруде. Азаматтық әуе флотының пилоттары шалғай аудандардағы тракторларға запас бөлшектер, жанармай, тұқым және тыңайтқыштар жеткізіп беруде. Олардың көмегімен ауыл шаруашылығының зыянкестеріне қарсы күрес жүргізу жөніндегі жұмыстар, егістіктерді минералдық тыңайтқыштармен істеп қоректендіру жүргізілуде. Авиацияны орман шаруашылығында пайдалану кең өрістетілуде. Совет ұшқыштары Отанымыздың геологиялық байлықтарын барлауға, археологиялық экспедицияларға және саналуан ғылыми зерттеулерге қатысуда.

ССРО-ның халықаралық авиация жолының жүйесі жыл сайын дамуда, мұның өзі басқа елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге, халықтар арасында бейбітшілік пен достықты нығайтуға көмектеседі.

Совет халқының біздің даңқты авиацияға сүйіспеншілігі және оның оған көрсеткен қамқорлығы армияға, авиацияға және флотқа көмектесудің Ерікті қоғамының қызметінен айқын көрінеді. Кәсіпорындарда, колхоздарда, мекемелерде және оқу орындарында барлық жерлерде ДОСААФ-тың мыңдаған бастауыш ұйымдары құрылған. Бұл ұйымдар үлкен жұмыс жүргізуде. Біздің елімізде аэроклубтардың, самолет-планер станцияларының кең жүйесі жасалған. Оларда жүздеген және мыңдаған жігіттер мен қыздар өндірістен қол үзбестен авиация ісін меңгеруде. Мұнда ұшқыштар, планеристер, парашютистер, авиомоделистер және басқа да авиация спортсмендері әзірленуде.

Коммунизм орнату жөнінде бейбіт жемісті еңбекпен шұғылданған совет халқы бейбітшілікті сақтауға мейлінше мүдделі.

Коммунистік партия мен Совет үкметі ұлы Лениннің әр түрлі қоғамдық системадағы мемлекеттердің ұзақ уақыт бойы қатар өмір сүруі және бейбітшілікпен экономикалық жарысу мүмкіншілігі туралы данышпандық нұсқауларын басшылыққа ала отырып, бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясатты дәйекті түрде жүргізуде. Бүл бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясат ССРО-ның халықаралық беделін барған сайын нығайтуда.

Бейбітшілікті сақтау және нығайту жолында қажымай-талмай күрес жүргізе отырып, Коммунистік партия мен Совет үкметі Совет Мемлекетінің қорғаныс қуатын нығайту, біздің ержүрек Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік қабілетін біздің Отанымыздың мүдделері, халықаралық жағдай және қазіргі заманғы соғыс ісінің дамуы талап ететін дәрежеде арттыра беру жөнінде үздіксіз қамқорлық жасауда. Партия, бүкіл халқымыз Ұлы Лениннің әрдайым сақадай-сай болып, еліміздің Қарулы Күштері мен қорғаныс қабілетін көздің қарашығындай сақтау туралы өсиетін әрдайым есте сақтайды.

Совет халқы өзінің болашағына берік сеніммен қарайды. ССРО Қарулы Күштері және оның катарында ержүрек айбынды авиация Коммунистік қоғамды табысты орнатып жатқан совет адамдарының бейбіт еңбегін қырағылықпен қорғауда.

Авиация Күні ССРО Әуе Флотының жеке құрамы совет халқы алдында өз жетістіктерін демонстрациялайды, туысқан Коммунистік партия мен Совет үкметіне, қандайда болса агрессорлардың қол сұққан әрекетін тойтарып, жауды біздің жерімізге шабуыл жасауға тырмысып қолданатын қаруындай қарумен талқандауға әзір екендіктерін баяндайды.

Совет авиаторлары, Коммунистік партияның төңірегіне топтаса отырып, коммунизмнің жаңа жеңістеріне қарай сеніммен алға басушы сүйікті Отанымыздың гүлденуі үшін біздің даңқты авиацияны өркендетуде жаңа табыстарға жетеді.

Колхоздың спорт коллективінде

ГЕОРГИЕВКА, (Жамбыл облысы). (ҚазТАГ). Қордай ауданының «Путь Ленина» ауылшаруашылық артелінің жастары спортты ұнатады. Колхоздың спорт коллективі жүзден аса жігіттер мен қыздарды біріктіріп отыр. Колхоз физкультурашыларының жақсы стадионы, су бассейні, ипподромы бар. Селолық спортшылар қолдары бос уақытта волейбол, баскетбол ойнайды, жеңіл атлетикамен, велосипед спортымен құмарта шұғылданады, ГТО значогіне норма тапсырады.

Колхоздың жақсы футбол командасы бар. Облыстың кубогін алу үшін болған 38 команда катысқан жарыста «Путь Ленина» колхозының футболшылары бірінші орын алды. Физкультура мен спорт жөніндегі облыстық комитет колхоздың 13 футболшысына спорттық екінші разрядшы атағын берді.

Колхоздардың мәдениет үйлерін салу

ҚОСТАНАЙ, (ҚазТАГ). Таран ауданының Молотов атындағы колхозында мәдениет үйін салу жұмыстары басталды. Колхоздың мәдениет үйінде 350 орындық ойын залы, агрономиялық-зоотехникалық кабинеті, кітапхана, демалыс бөлмесі, үйірмелердің жұмысына арналған бөлмелер болмақшы.

Колхоздың Водопьянов жолдас басқарған құрылысшылар бригадасы құрылыс алаңынан қәзірдің өзінде мың текшеметр тас, 50 тонна цемент, 130 текшеметр ағаш, табақ қаңылтыр жеткізді. Колхозшылардың мәдениет үйін салуына 463 көпір поезының коллективі көмектесіп отыр. Артель мәдениет үйіне арналған мебельді, мәдени товарларды қазірден бастап сатып алуда.

Мұнымен қатар Костанай ауданының «Красный партизан», Меңдіқара ауданының «Север» колхоздарында, облыстың Амангелді, Орджояникидзе және басқа аудандарының бірқатар ауылшаруашылық артельдерінде мәдениет үйлерін салу жұмысы басталды.

ССРО Жоғарғы Советі депутаттарының ССРО ұлттық парламент тобын құру және оның Парламентаралық Одаққа кіру мәселесі жөніндегі кеңесі

1955 жылғы 29 июньде Кремльде депутат М. А. Ясновтың председательдік етуімен ССРО Жоғарғы Советінің Москвада тұратын депутаттарының кеңесі болды. Кеңеске 133 депутат қатысты.

Кеңесте ССРО ұлттық парламент тобын құру туралы және оның Парламентаралық Одаққа кіруі туралы мәселе қаралды.

Кеңеске қатысушылар Парламентаралық Одақтың Уставымен танысты, бұл Уставта былай деп көзделген: Одақтың мақсаты – барлық парламенттердің мүшелері арасындағы тікелей байланысты көтермелеп отыру және мемлекеттер арасында ынтымақты, халықтар арасында бейбітшілікті нығайту жөніндегі бірлескен қыймылдар үшін оларды біріктіру болып табылады. Кеңесте болған депутаттар Парламентаралық Одаққа қосылды және ССРО ұлттық парламент тобын құрды.

Кеңес ССРО Жоғарғы Советінің барлық депутаттарына Үндеу қабылдап, ССРО парламенттік тобына кіруді ұсынды. Үндеуде былай деп атап көрсетілген: ССРО парламенттік тобының Парламентаралық Одаққа қатысуы ССРО Жоғарғы Советінің 1955 жылғы 9 февральда қабылданған Декларациясының рухынан туып отыр және бұл ССРО Жоғарғы Советінің депутаттары мен басқа елдердің парламенттері мүшелерінің арасында тікелей байланыс орнатуға атсалысатын болады.

ССРО Жоғарғы Советі депутаттарының кеңесінде Парламентаралық Одақтың ССРО парламенттік тобы туралы Ереже қабылданып, топтың уақытша Бюросы сайланды, ССРО парламенттік тобының уақытша Бюросының Председателі болып депутат Д. Т. Шепилов, Председательдің орынбасарлары болып депутаттар 0. В. Куусинен мен М. А. Яснов сайланды. Парламентаралық Одақтың Советіне Өкілдер болып депутаттар Н. А. Михайлов пен Ю. И. Палецкис сайланды.

ССРО ұлттық парламент тобының құрылғаны туралы және оның Парламентаралық Одаққа кіретіні туралы Парламентаралық Одаққа хабарлау уақытша Бюроға тапсырылды.

В. М. Молотовтың АҚШ-тан жүріп кетуі

НЬЮ-ЙОРК, 29 июнь. (ТАСС). БҰҰ-ның мерекелі сессиясына қатысқан, ССРО Министрлер Советі Председателінің Бірінші Орынбасары және Сыртқы Істер Министрі В. М. Молотов бастаған ССРО делегациясы бүгін Ныо-Йорктен Совет Одағына жүріп кетті.

Нью-Йорк портында ССРО делегациясын ССРО-ның АҚШ-тағы елшісі Г. Н. Зарубин, ССРО-ның БҰҰ-дағы түрақты өкілі А. А. Соболев, Чехословак Республикасының БҰҰ-дағы түрақты өкілі Ульрих, ССРО-ның БҰҰ жанындағы өкілдігінің жауапты қызметкерлері және баспасөз өкілдері шығарып салды.

В. М. Молотов пароходпен жүріп кетер алдында баспасөз өкілдеріне мынадай мәлімдеме жасады: «Ең алдымен Совет Одағының делегациясына зор меймандостық көрсетіп, көңіл бөлгендеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамын.

Осында, Америка Құрама Штаттарында да, Совет Одағындағы сияқты, халықтардың бейбітшілік пен достықта бірлесіп өмір сүруін тілеп отырған көптеген, өте көптеген адамдар бар екеніне біздің көзіміз жетті.

Америка халқының тыныш өмір сүріп көркейе беруіне тілектестік білдіруіме рұқсат етіңіздер».

Насихат қызметкерлерінің республикалық семинар кеңесі

Алматыда Казақстан КП Орталық Комитеті шақырған қалалық және аудандық партия комитеттерінің насихат және үгіт бөлімдері меңгерушілерінің екі апталық семинар-кеңесі аяқталды.

Семинардың қорытындысында насихат қызметкерлерінің кеңесі болып, оған семинарда болғандарға қоса облыстық партия комитеттерінің насихат және үгіт бөлімдерінің меңгерушілері мен бірқатар облыстық партия комитеттерінің секретарьлары қатысты.

Кеңеске қатысушылар «Партия насихатының жайы және оны жақсартудың шаралары туралы» Қазақстан КП Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Иванов, «Республика еңбекшілерінің арасында бұқаралық-саяси жұмысты күшейту туралы» Қазақстан КП Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары Жандосов, «Жергілікті газеттердің идеялық-саяси дәрежесін көтеру туралы» Қазақстан КП Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары Қарағұлов жолдастардың баяндамаларын тыңдап талқылады.

Кеңеске қатысушылар жұмыс тәжрибесін алысты. Семей облысындағы Ново-Шульба ауданының Серго атындағы МТС-інің партия ұйымының секретары Беляев жолдас осы МТС-тің жанындағы партия мектебі туралы айтты. Аяқталған оқу жылында бұл мектепте 28 инженер мен техник, агроном, трактор бригадаларының бригадирлері, колхоздардың председательдері, ферма меңгерушілері, ауыл шаруашылығының басқа да мамандары оқыды.

Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Сорокин және Ақтөбе Қалалық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Кутепова жолдастар өздерінің сөздерін коммунистердің экономикалық білім алуы мәселесіне арнады.

– Экономикалық терең білім болмайынша, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына ойдағыдай басшылық ету мүмкін емес екенін ескере отырып, – деп мәлімдеді Сорокин жолдас, – Шығыс Қазақстан облысының партия ұйымы кадрлардың экономикалық білімдерін арттыруға көп көңіл бөледі. Быйылғы оқу жылында облыста саяси экономияны және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының нақты экономикасын оқып үйрену жөнінде 30-дан аса семинар жұмыс істеді. Бірқатар комбинаттардың, трестердің, МТС-тердің жанынан нақты экономиканы оқып үйрену жөніндегі семинарлар құрылды. Облыстың партия комитетінің жанында үш жылдан бері экономикалық лекторий жүмыс істейді. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты лекторийінің жұмысында экономикалық білімдерді насихаттауға зор орын берілген. Быйыліғы жылы мұнда, мысалы, «Еңбек өнімділігін арттыруда техниканың атқаратын ролі», «Социалистік кәсіпорындарда ендірістің ұйымдастырылуы», «Шаруашылық есеп», «Өнеркәсіп өнімінің өзіндік құны және оны арзандатудың жолдары» деген тақырыптарда лекциялар өткізілді. Барлық лекция жергілікті кәсіпорындарда алынған мысалдар мен фактілерге құрылды. Экономикалық оқу рационализация мен өнертабыстың дамуына едәуір дәрежеде көмектесті. 1965 жылдың бес айы ішінде комбинатта 296 рационализаторлық ұсыныс түсіп, оның ішінен 141-і, қазірдің өзінде өндіріске енгізілді. Ертіс полиметалл комбинатының партия ұйымы да коммунистердің экономикалық оқуын жақсы үйымдастырды.

Қарағанды облысының Осакаровка аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Красиков жолдас насихатшылармен жұмыс істеудің тәжірибесін ортаға салды, аудандық партия комитеті өткізіп тұратын насихатшылардың семинарлары туралы, аудандың партия кітапханасы атынан насихатшыларға көрсетілетін көмек жөнінде айтты.

Көкшетау облысының Айыртау аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Белая жолдас өзінің сөзін село еңбекшілерінің арасындағы бұқаралық-саяси жұмыстың қызықты формасы «Бригада күніне» арнады. Семей облыстық партия комитетінің насихат жәйе үгіт белімінің меңгерушісі Халитова жолдас кеңесте облыстық партия комитетінің аудандық газеттерге қалай басшылық етіп отырғаны туралы сейледі. Облыстық, Партия комитеті өткізген редакторлардың семинарларында аудандық газеттегі басмақала, ауыл шаруашылығы мәселелері, идеологиялық жұмыс, партия тұрмысын жазу туралы, газеттерді техникалық әсемдеу туралы мәселелер талқыланған.

Кеңесте СОКП Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімі секторының меңгерушісі Врыкин жолдас сөз сөйледі.

Кеңестің қорытындысында Казақстан КП Орталық Комитетінің секретары Оспанов жолдас сөз сөйледі. (ҚазТАГ).

Бірінші кезектегі жұмыстар

ГОРЬКИЙ. (ТАСС). Горький ГЭС-інің құрылысшылары жұмыс қарқынын арттыру үшін күресуде. Инженер Элконин басқаратын коллектив ряжьдер орнатуды аяқтағандығы туралы бірінші болып рапорт берді. Құрылысшылар қәзіргі кезде өзен қызметкерлерімен бірге понтон көпірін салуға кірісті, бүл көпірден Волганың арнасына тас үйіледі.

Жоғарғы қоспаны бөлшектеп алғаннан кейін гидромеханизаторлар ГЭС-тің котлованын судан қорғап тұрған төменгі және көлденең қоспаларды бөлшектеп ала бастады.

Гидроэнергомонтажшылар бірінші турбинаның жұмыс істейтін дөңгелегін сынауға кірісті. Мұнымен қатар басқа агрегаттар да құрастырылып жатыр.