Назад

Цифрлы күйге алмастырған: Серік Аян

ПАРТИЯ ТУРМЫСЫ Қайта қурылыс., көне әдіс Карасу МТС аймағындағы. нұсқаушылар тобының жұмысы туралы

Егер Сізге біреу облыстық ауылшаруашьілық басқармасы аудандық партия комитетінен түрлі ауылшаруашылық жұмыстарының барысы туралы мәліметтер алып отырады немесе сүрайды десе, ерсі болар еді, кәзіргі күндерде оған нану дұрыс та болмас еді. Бірақ мундай жағдай кездеседі екен, өзіміз амалсыздан соның куәсі болдық. 15 июньге қараған түнде доблыстық ауылшаруашылық басқармасына Карасу МТС-інен кезекті мәлімет тағы да түспеді. Станция директоры Капустин жолдас кәннен кәперсіз болды, жайлы төсегінде жата берді.

Әрі күтіп-бері күтіп шыдамы кеткен ауылшаруашлық баскармасы бастығының орынбасары Константин Николаевич Шишаков, әдеттегіше,телефон арқылы аудандық партия комитетінің секретары Қасымбаев жолдасты тапты. — Құтқарыңыз, мәліметіңізді айтып жіберіңіз. —Өзімде жоқ болса қайтемін. —Директорды тәртіпкө шақырыңыз. —Сіз шақырыңыз...

Ұзын сөздің кысқасы мәлімет іздеуге тірелді. Аудандық партия комитетінде бейне бір төтенше жағдай жарияланған тәрізді. Жан-жаққа сұрау салып телефон соғып жаткан адамдар. Директор, мәлімет керек. Секретарь «Победа» машинасына бір қызметкерді отырғызып, аудан орталығынан 60 километр жердегі машина- трактор станциясына суыт жөнелтті. Келес директор қаида екені белгісіз, бас агроном аудан орталығында, Ақжарда үйімен тұрады.

—Мен ешқандай мәлімет Білмеймін деген аймақтағы аудандық комитеттің секретары Тоғызов жолдастың хатын алған шабарман босқа қайтып келді.

Сонымен бескүндік есеп беретін сағат өтуге айналды. Өскеменнен Шишаков жолдас бір жағы,Ақжардан Қасымбаев жолдас екінші жағы болып тұйықтан шығудың «жолын» тапты, мынадай тоқтамға келді Аудандық партия комитетінің секретары Қасымбаев жолдас Қарасу МТС-і бойынша егініді күту, суару, комбайн, пішен жыйнайтын машиналар жөндеу және тағы басқалары жайында июньнің 1О-нан 15-не дейінгі бес күнде істелген жұмыс жөнінде мөлшермен мәлімет береді, қол таразы, көңіл қазы, әлде артық, әлде кем, әлде өтірік, әлде шын... Әйтеуір соны облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Шишаков жолдас жазып алады, сонымен облысқа, республикаға есеп береді, парызын өтейді...

Бұлар дәл осылай істеді. Мұның өзі, кай жағынан алып қарасақ та, бірі облыстық, бірі аудандық—бұл екі басшының тарапынан өздері үшін көрер көзге отқа «түскендік болса, басқалар үшін ең жаман өнеге, көзбояушыларға көзілдірік болады.

Әрине, осы көрініс жақсылықтың нышаны емес, тәртіпсіздіктің салдары еді. Оған ең алдымен аудандық партия комитеті кінәлі. Ол колхоздар мен МТС-терге басшылық етудегі бұрынғы жауапсыздықты, иесіздікті әлі жойған жоқ.

Былайша қарағанда бәрі орын-орнында: аудандық партия комитетінің аппараты өндіріске жақындатылған; МТС аймақтарында нұсқаушылар топтары құрылған; топтары құрылған; оларды басқаратын секретарьлар сайланған; нұсқаушылар іріктеліп алынған.

Машина-трактор станциялары де маман басшылармен нығайтылып, механизатор кадрларымен толықтырылған.

Бірақ аудандық партия комитеті өз аппаратының сыртқы көрінісін қайта құрғанға ғана мәз болып, істің жайын түбірінен өзгертпеген, басшылық әдісін жаңаша құрмаған. Қарасу МТС-і аймағындағы жағдай бұл жайды толық сыйпаттайды.

Ең алдымен, аудандық партия комитетінің әлі түзетпей отырған қатесі — аймақта қызмет істеуге белгіленгендерді дер кезінде тікелей жұмыс басына көшірмегендігі. Директор Капустин сентябрь Пленумы болғаннан бергі екі жылға таяу уақыт бойына үйімен алыста, аудан орталығында тұрып, жақында ғана МТС орталығына көшіп барды. Бас агроном Коньшин жолдастың аудган ортплығынан шығайын деген деген ойы жоқ. Басқа да обірсыпыра басшы маман қызметкерлер осыларға еліктеді.

Тіпті партиялық қызметкерлер—станция партбюро секретары Нұрахманов, аймақтағы нұсқаушылар Аубакиров, Әділбаев жолдастар тікелей өндіріс басында, адамдар арасында біржола тұрып қызмет істеуден жалтарады. Тек бұлардың біріншісі ғана соңғы кезлде Қарасуға әрең деп көшірілді

Басшы қызметкерледің механизаторлар бұқарасьінан бұлайша алыстауы іске ойсырата әсер етпей қойған жоқ.Мастерскойда,трактор бригадаларында өндірістік, еңбек тәртібі әлі жолға қойылмаған, қыдырмашылық жасау, жұмысқа кеш келу, бетімен кетіп қалу, норманы орындам-ау дағдылы іс сыяқты. Дирекция, партия ұйымы МТС өндірісін, оынң адмдарының жете білмей; үстірт; Дәрменсіз басшылық ету жағдайынан әлі арылып болған жоқ. Тек сол себепті станция өткен жылдың колхоздармен жасасқан шартын толық орындамаса, быйыл ауылшаруашылық жұмыстарының барлық түрлерінен олқылықта. туындағы Колхоздарр жай машиналармен пішен жыйнауға кіріскеніне екі апта өткенге дейін МТС басшылары бейқам отырды, шөп шабатын машина паркін жұмысқа әзір етпіеді.

Қолдағы күш пен тындырылған іс нәтижесінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Бұлай жұмыс істеуге болмайды! Шыт жаңа, қуатты машина-трактор паркін көргенде,оны ерттеп мінген, Москва мен Ленинградтың, Уралдың индусиялық жоғары мәдениетін, өнер-білімін әкелген инженерлермен, техниктермн, механизаторлармен қол ұстасып амандасқанда, станция бұл даланың тарихында болмаған жаңа. құрылысын аяқтап, жайнаған жаңа қалаға айналып отырғанын көргенде көзің тояды. Партияның бұл қамқорлығын іспен ақтау—станция қызметкерлерінің патриоттық борышы.

Шорға даласындағы қуатты индустриалдық база ретіндегі МТС-тің қыруар мүмкіншіліктеі өзінен-өзі іске аспайтыны, күткен нәтижені бермейтіні белгілі. Оларды аяғынан тік тұрғызатын, қозғалысқа келтіретін пәрменді партиялық ұйымдас- тырушылық жұмыс. Мұнда нүсқаушылар тобы—шешуші күш. Дәл осылар өз ролін атқармай отыр.

Алдымен аймақтағы секретарь Тоғызов жолдастың ролі сөз болуға тйіс. Бірақ сіз оның егістіктегі, мал фермаларындағы немесе мастерскойдағы еңбек адамдары арасынан қызу жұмыс үстінде жүрген жерінен таппайсыз. Өйткені ол кабинетіен шықпайды. Аудандық партия комитеті секретарының кабинеті қандай болса дәл сондай кабинет,телефон,папкалар,тағы басқалары келіскен. Бұл жағынан екінші аудандық партия комитетіне ұқсайды. Кіріп келгеннен-ақ кабинет қабырғасында көзге түсетін жаңалық бейнесі емес күні озған нәрсеелер.Әңгіме көрнекі үгіт жайында.Оқыйық:

1954 жыл. МТС қызметкерлерінің Бүкіл- одақтық кеңесінің Үндеуі. 1954 жыл. МТС қызметкерлерінің Бүкіл- одақтық кеңесінің Үндеуі.

1954 жыл. Убипск МТС комбайншысы Чегойдактың егін жыйнау әдісі туралы листовка

1954 жыл. Киров ауданының Куйбышев атындағы колхозының мүшесі Калинаның сыйыр сауу тәжрибесі туралы лис- товка.

1954 жыл. Сайлау участоктерінің тізімдері. МТС мастерскойлары мен басқа өндіріс орындарында да осындай ілінген ескі ұрандар әбден тозып, сарғайып, оқуға келмейтін болған. Станция аймағынан көрнекі үгіт материалдарын кездестірсеңіз, олар ескі, 1954 жылғы немесе одан арғы жылдардікі болып шығады және мұндағы еңбек озаттарынікі емес, басқа МТС-тердің озаттары жайында.

Біз қатысқан интеллигенция жыйналысы партиялық-саяси жұмыстың жолға қойылмағанын көрсетті. МТС директоры Капустин жолдас, кінәға өзі де ортақ екенін білдіре отырып, былай деді:

— Бізде 1954 жылы 4 маман болғанда 2 лекция оқылды. 1955 жылы 21 маман болғанда 5 лекция ғана оқылып отыр. Оның да үшеуін облыстан келген жолдастар оқыды. Партия ұйымы өзінің жұмысында станцияда қызмет істейтін мамандарға,интеллигенцияға сүйенбейді,оларды озат тәжрибе мен ғылым табыстарын насихаттап, өндіріске енгізуге пайдаланбайды.

МТС-тің бас зоотехнигі, жоғары білімді комсомолец Богданов жолдас айтады:

— Жоғары және орта білімді мамандар, біздер, саяси және ғылыми білімдер тарату жөніндегі өз борышымызды орындауды ұмыттық. Бұл жөнінде партия ұйымы бізге басшылық етпейді. Біз өздеріміз жазылған газеттерді, журналдарды уақытында ала алмаймыз. Почта аптасына келсе сол. Радио жұмыс істемейді.

Бұған ең алдымен аймақтағы секретарь Тоғызов жолдас кінәлі. Ол партия ұйымының интеллигенциядан мүлде қол үзіп отырған саяси қатесін көрмейді, күнделікті дұрыс бағыт сілтемейді, жағдайды түзетуге қолма-қол көмектеспейді. Оның өзі баяндама жасамай, лекция оқымайды, саяси жұмыс жүргізбейді.

Сол себепті бастауыш партия ұйымының өндіріске ықпалы нашар екендігі өзінен өзі түсінікті. Өндіріс буындарында партия топтарын құрып, солар. арқылы коммунистердің өндірісте авангардтық роль атқаруын, бүкіл өндіріс процесінде партиялық ықпалды күшейтуін қамтамасыз етуге болады. Небәрі екі-ақ жерде Ворошилов атындағы колхоздың Жалғызтал сыйыр фермасында, Крупская атындаты колхозды қамтыйтын.трактор бригадасында жыл сында партия топтары құрылған болатын. Іс жүзінде бірінші топ өзінен өзі басшылықтың жоқтығынан тарап кетті. Ал Ашатов жолдас басқаратын трактор бригадасындағы партия тобы көктем егіс кезінде жұмысты , жақсы істеп көзге түсті. Ол қамтыйтын бригада егісті бірінші болып сапалы аяқтады, коммунистер түгел озаттар қатарынан саналады. Партия тобының басшылығымен бригада егін суаруды пішен шабуды едәуір жақсы жүргізуде. Бірақ оның аз да болса жақсы жұмыс тәжрибесі басқаларға үлгі етілмеді.

Аймақтағы партиялық қызметкерлер тобы, оны басқарушы секретарь Тоғызов жолдас өзі мұнда қызмет істеген жылдап аса уақытта аудандық партия комитеті бюросының алдына бірде-бір перспективалы мәселе қойған емес. Ол өзінің де, нұсқаушылардың да жұмысын жоспарламайды, істі бетімен жіберген.

Топтың және бастауыш партия ұйымның алдымен көңіл бөлетін басты мәселесі кадрлар туралы болуы керек. Істің тағдрын қай участокте болсын, сайып келген- де, жақсы іріктен алынып, дұрыс орналастырылған кадрлар шешеді. Амал қанша январь Пленумының нұсқауына сәйкес мал фермаларын жақсы ұйымдастырушылармен толықтыру ісі сөз дө болмаған, коммунистерді мал шаруашылығының шешуші участоктеріне орналастыру ісі қолға алынбаған. Мәселен, Чкалов атындағы колхоз партия ұйымындағы 26 коммунистен тікелей колхозда істейтіні 6 адам ғана.Оның колхоз председателі, екеуі ферма меңгрушісі, тікелей өндірісте істейтін үш- ақ коммунист. Үш ферма меңгерушісінің екеуі шала сауатты. Олар қызметте іс жүзінде өспейді, өндірісті ойдағыдай басқара алмайды.Олардыңң орнына комунистер мен партияда жоқ өндіріс озаттарынан білімді,іскер ұйымдастырушылар іріктеп қоюды ешкім ескермейді.Әлі де қарадүрсінді қанағат тұтынушылық бар.

Аудандық комитет бюросы, оның бірінші секретары Қасымбаев жолдас аймақтық топтың жұмысын бағыттап отырмайды, жұмысындағы кемшіліктері мен қателіктерін дер кезінде ашып, оны жоюға көмектеспейді.

Май айында бюрода МТС партия ұйымының есебі тыңдалды, оның коллектив арасындағы саяси тәрбие жұмысы қанағатанғысыз деп танылды, істі жақсарту шаралары белгіленді. Әдеттегіше, одан соң іле шала ұйымдастырушылық жұмысы жүргізілмегендіктен шаралар қағаз жүзінде қалды, жағдай сол күйінде өзгерген жоқ.

Аудандық партия комитеті нұсқаушылардың жұмысына жете мән бермейді, оларды саяси, іскерлік қабілетіне қарай дұрыс іріктеп алмайды.Бір жыл толмай жатып аймақтағы екі колхоз тобындағы нұсқаушылар түгел ауысып кетті.

Нұсқаушы Исханов жолдас жұмысты атқара алмағандықтан босатылсын. Бюро қаулысында одан басқа ешнәрсе ашық айтылмаған.

Алайда, оның қандай қате, кемшілігі болғаны маған әлі белгісіз. Оны біліп алсам, өз жұмысыма сабақ етер едім дейді жаңа келген нұсқаушы Әділбаев жолдас.

Көне әдіспен басшылық етудің салдарынан ауданда әсресе мал шаруашылығының өнімділігі мүлде қанағаттанғысыз бұрынғы жылдан да төмен. Бұл масқара олқылықтан шығудың кілті жүгеріден мол өнім алуда. Бірақ МТС, бүкіл аудан бұл егісті жаман екті, дұрыстап күтпей отыр. Тіпті алғашқы культивациялау мен суару әлі аяқталған жоқ. Жүгері жай ғана агротехника мәселесі емес, үлкен саяси және экономикалық мәселе. Солай болса да аудандық партия комитетінің секретары Тоғызов жолдас жүгері егісінің жайында білмей, жағдайды түзетпей отыр. Ол жаңалықты сезуден қалған.

Тарбағатай аудандық партия комитеті өз апаратының жұмысын қайта құрудағы кемшіліктерімен қателіктерін жедел түзетуге міндетті. Аймақтағы партиялық қызметкерлер тобы өздеріне сетябырь Пленумы жүктеген жауапты және ардақты міндет дәрежесінде жұмыс істейтін болсын. Ол колхоздағы, МТС тегі істің жайы үшін толық жауап беруге тиіс.

Сандықтас малшыларының қажеттері

Быйылғы жазда Сандықтас жайлауына Ұлан ауданының колхоздары малды өткен жылғыға қарағанда екі есе артық шығарды. Жайқалған көк, самалды ауа, сарқыраған сулар,—міне мұның бәрі қоғамдық малдың түгін тартса майы шыққандай болып семіруіне себепші. Ауылшаруашылық артельдерінің малшылары бұл қолайлы жағдайды қажырлы еңбек етіп, пайдалана білуде.

Ендігі міндет —жайлауға бөлінген адамдарға тиісті мәдени-тұрмыстық қамқорлық жасау. Бұл жөнінде аудандық мекемелер, колхоз басқармалры мен партия ұйымдары тиісті шара қолдануға тиіс. Бірақ жағдай олай болмай отыр. Жайлаудағылардың арасында социалистік жарыс ұйымдастырылмаған. Мұндағы колхозшылардың барлығы газет-журналдарға түгел жазылып еді. Алайда, іаудандық байланыс бөлімнің меңгерушісі Рыльскйй жолдас оларды жазғы жайылым участоктеріне жеткізуді ойластырмаған.

Әсресе , аудандық тұтынушылар одағы малшылардың тұрмыстық қажеттерін өтеуге немқұрайлылықпен қарауда. Мұнда керосин ,серенке,сабын,шай,темекі, және басқа қажетті заттар бір ай бойы жеткізілмеді.

Жайлаудағылар саяси жұмысты, мәдени-тұрмысытық қамтуды дереу жақсартуды талап етеді.

Ә.СЫДЫҚОВ. Абай атындағы колхоздың комсомол ұйымының секретары.

Москва. Октябрьдің X жылдығы атындағы қала маңындағы совхоздың қызметкерлері бес жылдан бері лимон ағаштарын өсіруде.Қәзір лимонарийде 10 мың өсімдік бар. Совхоз жыл сайын төрт мың лимон ағашын сатады. Ол пәтер жағдайында жақсы өседі, үш-төрт жылдан кейін ірі жеміс береді. СУРЕТТЕ: звено бастығы М. В. Дьячкова лимон ағашы жаныңда. Суретті түсірген В. Кунов. (ТАСС).

"Эмираттың Күйреуі"

Ұлы Октябрь революциясы Орта Азия республикаларының халықтарын феодалдыұһқ озбырлықтан, отаршылық құлдықтан мәңгі азат етті. Бұл тарихи жеңіске олар Коммунистик партияның даналық басшылығы, ұлы орыс және Совет Одағының мекендейтін басқа да туысқан халықтардың көмегі арқасында ие болды.

Драматург В. Крепс, режиссерлер 3. Басов, Л.Файзиев «Эмираттьң күйреуі» кинофильмінде. Бухарада Совет өкіметін орнатудағы Коммунистік партияның ұйымдастырушы және бағыттаушы ролін, бір ізгі мақсатты көздеген халықтар достығын, эмирдің қоластына қарайтын елде революцияшыл күштердің кемеліне келгендігін, зұлым жаулардың қалайша талқандалғанын бейнелейді. «Мосфильм» мен Ташкент киностудиялары 1955 жылы жасап шығарған бұл фильм кэзір облыс кинотеатрларының экрандарында зор табыспен көрсетуде.

...1920 жыл. Жас Совет республикасының армиясы аса қыйын жағдайда шетел интервенттерімен, ақгвардияшылармен кескілескен ұрыстарі жүргізді. Бірақ, Қырымда Врангель, Бухарада, эмир әлі де болса талқандалмаған еді. Фильм Қызыл Армияның шабуылымен басталады, атты әскерлердің шабуылы артиллерияның қуатты үні, революция жеңістерін баянды етуші каһарман ұлдар мен қыздардың ерлік, бейнелері көрушілерді сүйсіндіреді.

Азамат соғысы жылдрында Бухара Контр- революцияшыл элементтердің. империалистік тыңшылардың әрекет жүргізетін ұясына айналды. Сейд-Алим ханның таққа отырғанына он жыл толу мерекесін тойлаған біртоп қарақшылар эмирді мақтайды, ал американ, ағылшын, түрік тыңшылары осы ел басшыларының құттықтау сөздерін жеткізеді. Бұл кезде экраннан дәруіш киімін киген ағылшын полковнигі Пейлиді көреміз.Ол түйелерге артып,Бухараға қару-жарақ әкеле жатыр.Пейли тойда отырғандарға жағымсыз хабар жеткізеді.Совет Армиясының басшысы М.В Фрунзенің Ташкентке бет бұрғанын үрейлене баяндайды.Ол поезд эшелонына шабуыл жасап,өолбасшыны өлтірмек болады, бірақ басмашылардыі шабуылы нәтитжесіз аяқталады.

Фрунзе Келлес станциясында Куйбышевпен кездесіп,екеуі Ташкентке партия активінің жыйналысына қатысады.Полковник Пейли Фрунзені өлтірмек болып екінші рет әрекет жасағанда, қырағы қызыләскер Игнаттың оғы жаудың өзін жер жастандырады.

Түркістан орталық атқару комитетінде басшы қызметке орналасқан,бірақ әлі де әшкереленбеген сатқын,ұлтшыл Рысқұлов партия активі жыйналысында орыстарға Түркстаннан кетуді ұсынады.Залда оның бұл сөзіне ызалы қарсылық үні естіледі.Жас комунист Шерали,біз екі жыл бойы Россиядан алыста жүрсек те орыс жолдастармен ақтық патрондарды,бір тілім нанға дейін бөлістік.Сіздіңше оларға кету керек. Ал бізше олар бұдан былай да бізбен бірге күресулері керек, дейді.Залдағылар оның сөзін ду қолшапалақтап қарсы алады.Опасыз Рысқұлов кейіннен әшкереленеді.

Бухарада Совет өкметін орнату оңайлыққа түскен жоқ. Жау қатты қарсылық көрсетті. Туысқан Бухара еңбекшілерін құлдықтан азат ету күресінде Игнат сыяқты орыстың таңдаулы ұлдары өмірлерін қыйды. Ауыр ұрыс кезеңдерінде халықтар достығы ортақ мүддеде шыныға түсті. В.В.Куйбышев, М. В. Фрунзе бастаған қызыләскерлер және халық жасақтары Бухараны штурммен алады. Қала көшелерінде қызыл жалаулар желбіреп, елде бүкіл өкімет билігі еңбекшілердің қолына көшеді

Бұл фильмді жасауға Өзбекстан, Тәжікстан және Москва, Челябинск артистері қатысқан. Артист Евгений Самойлов Фрунзенің ролін ойнауда өзінің үздік талант иесі екендігін көрсетті. Ол коммунизм үшін жалынды күрескер, еңбекшілердің сүйіктісі, жауға қатал, досқа рақымшыл, халықтар достығының жарпшысы Фрунзенің образын дәлме-дәл жасайды. Челябинск драма театрының артисі В. Краснпольский Коммунистік партия мен Совет мемлекетінің аса көрнекті қайраткері В. В. Куйбышевтің образын жасауда көп еңбек сіңіргенін, соның нәтижесінде творчестволық табысқа ие болғанын байқатты. Әділдіктің салтанат құруына сенушілік, еңбек адамдарына деген сүйіспеншілік, ерлік сыяқты асыл қасиеттер оның ойнауында айқын бейнеленеді.

Ургенич драма театрының артисі С. Диванов коммунист Шералидің ролін өте жақсы шығарған. Біз оның ойнауынан мәселені тез шеше білетін, ақылды, ержүрек революционерді көреміз. Талантты артистер Г. Юматов (Игнат Н. Атауллаева (Ойгүл), А. Бакиров (эмир), В. балашов (Осипов), Р. Макогонова (Настенька), Р. Хамраев (Жапар), С.Алимов (Шежіре) жасаған образдар көрушілердің естерінде ұзақ уақыт қаларлықтай.

Артистка Н.Атауллаева өз тағдырының қожасы, кіршіксіз махаббат иесі, Шералиге деген сүйіспеншіліктен айнымайтын қарақшының Йбрагимнің шырмауына көнбеген қайратты қыздың образын нанымды жеткізе білген Р. Макогнова да Настеньканың образын ойдағыдай шығарған. К. Алимжанов қарапайым халық арасынан шыққан большевик Юлдаш Ахунбабаевтың образын есте қаларлықтай орындап, көрушіліерді сүйсіндіреді.

Мосфильм мен Ташкент киностудиялары бірігіп жасаған «Эмираттың күйреуі кинофильмі жас кинорежиссерлердің творчестволық шеберліктерінің өскендіктерін республикалық студияларда талантты артистердің көп екенендігін аңғартады. ФИЛЬМНІҢ МУЗЫкасы ,әсерлі, оқыйғалармен,үйлесіп отырады. Бұл фильмнің жоғары идеялы терең мазмұнды екендігі даусыз.Кунизм орнату жолында қажырлы еңбек етіп жатқан совет адамдары жеңістерге жетуде революция батырларының,еңбекшілердің өткендегі ерлік істерінен үйреніп отырады, демек фильмнің тәрбиеләк мәні зор.

Бұл фильмді облыс еңбекшілері зор ынтамен көруде,совет кинемотография қызметкерлерінің шеберлігіне разы болуда.

Жетісу экскаваторшыларының өндірістік табыстары

ТАЛДЫҚОРҒАН, (ҚазТАГ). Талдықорған машина-экскаватор станциясының механизаторлар коллективі жеті айлық тапсырма орындады. Ақсу, Сарқанд, Панфилов, Қаратал, Талдықорған аудандарында суару жүйесін тазарту жоспары біржаым еседен аса арттырылып орындалды.

Өнеркәсіп қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесіне қатысушылардың Үндеуін талқылап, механизаторлар барлық экскаваторларды төрт сменалық жұмысқа көшірді. Бұл—еңбек өнімділігін 25 процент арттырды. Әрбір текшеметр топырақ қазып шығарудың өзінідік құны 24 тыйын арзандады. Осының өзінен 37 мың сом қаржы үнемделді.

Социалистік жарыста аға машинист, Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысушы И. Ванюхиннің бригадасы маусымдық тапсырманы орындап, бірінші орынға ие болды. Машинисттер Г. Яковлевтің, Б. Христенконың, Б. Нестеренконың және С. Кривенченконың бригадалары одан сәл ғана кейін қалды.

Станция және оның 30 озаты Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысуда. Механизаторлар келесі жылы көрмеге қатысу правосын алу үшін күресуде. Олар маусымдық тапсырманы 1 октябрьге дейін орындауға міндеттенді.